Экология ғылымының қалыптасу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 18:33, дипломная работа

Описание работы

Адам қоғамының прогресі индустрияның дамуын қажет етеді. Индустрия дамыған сайын өнеркәсіп қалдықтары көбейе түседі. Қазіргі кезде айналамыздағы бүкіл табиғат - ауа, су, топырақ бәрі де белгілі дәрежеде ластанған.
Ағзалар мен айналадағы орта арасындағы күрделі байланыстардың бүкіл жиынтығын зерттеу экология пәнінің міндеті болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ ----------------------------------------------------------------------------------3
1. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ.----------------------6
1.1.ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБИҒАТ ПЕН
ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.---------------------------------11
1.2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ.--------------------------------------------------15
2. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РОЛІ. --------------------------22
2.1 ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ.--------------------------------------------------------31
2.2 ГЕОГРАФ-ЭКОЛОГ ҒАЛЫМ, ПРОФЕССОР
А.С.БЕЙСЕНОВАНЫҢ ЗЕРТТЕУДЕГІ ЕҢБЕГІНІҢ РОЛІ.---------------------38
ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------------------49
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР --------------------------------------------------52

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМ ЭКОЛОГИЯ.doc

— 264.00 Кб (Скачать)

          Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:

1.  Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты және қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістер әкелуі мүмкін. Сондықтан адам баласы әрбір табиғат құрауыштарының орта мен табиғи экожүйедегі рөлін білуі тиіс.

2.  Табиғатта ешбір  зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Ол зат табиғи айналымға түсуі тиіс. Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент (бактерия) жоқ. Осыдан барып жер бетінде қоқсықтар көбеюде.

3. Заттардағы барлық өзгерістер энергия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді. Сол үшін адам баласы табиғатты пайдаланған кезде оны өндіру мен қайта түлетуді үйлестіре отырып, адам мен табиғаттың қауіпсіздігін сақтауы керек.

4.  Табиғаттағы экожуйелер  мен ондағы қарым-қатынастар ұзақ жылғы тұрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі мүмкін. Осыған орай табиғат қорғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр:

а)  өндірісті, өнеркәсіпті және агрокешендерді игеру кезінде табиғатқа түсетін салмақ ең аз мөлшерде болуы керек;

ә) өндіріс пен өнеркәсіп салаларын ұйымдастыру кезінде адам баласы мен табиғат арасында экологиялық қауіпсіздік сақталуы тиіс;

б) табиғат, ресурстарын игеру кезінде оның қоршаған ортаға пайдалы әсеріне көңіл бөлінуі керек;

в)  табиғат ресурстарын сол қалпыпда сақтау үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар мен басқа да ерекше қорғалатын объектілерді көбейту қажет;

г)  қоршаған орта мен адам баласының денсаулығын сақтау үшін экологиялық қауіпсіздік шаралары қадағаланып отырады.

         Табиғат міндеттері мен ұстанымдарын жүзеге асыру алдын ала ескерту және нақты шешім қабылдау арқылы анықталады.

       Алдын ала ескерту шаралары белгілі бір аймақтағы табиғат объектілерін анықтап, оны қорғау мен қалпына келтіруді жоспарлап отырады.

         Нақты шешім қабылдау шаралары - табиғаттағы адамның іс-әрекетінен бүлінген немесе ластанған, жарамсызданған объектіні қалпына келтіру немесе жою жұмыстары. Мысалы, ауаның ластануы, топырақ эрозиясы, орманның қырқылуы, т.б.

       Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты - экологиялык кауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтеншс апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы және табиғат қорғау заңдары.

      Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Табиғат қорғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастырамыз.

1. Жекелеген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерді, агроэкологиялық кешендерді игеруде қазіргі заманғы ғылым мен техника  жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу.

2.  Экологиялық  заңдардың орындалуын үнемі қадағалау.

3. Ірі құрылыстарды, өнеркәсіп кешендерін т.б. объектілерді салуда экологиялық сараптама жасау.

4. Табиғи биоценоздарды  сақтап қалу үшін қорықтар, корыққорлар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, т.б. ұйымдастыру.

5. Табиғат қорғау  мәселелері бойынша халықаралық, мемлекеттік денгейлерде ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастыру.

6.  Көпшілікке  үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық әдеп пен мәдениетті қалыптастыру.

7. Табиғат қорғау мәселелерін шешу жолдары, оның барысы туралы үнемі үгіт-насихат және ақпарат жүйесін ұйымдастыру.

8.  Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті мен борышы болып саналады. Сонда ғана біз туған өлкеміздің табиғатын өз қалпында сақтап қалуға немесе қайта түлетуге үлес қоса аламыз.

       Қорыта айтқанда, табиғат қорғау және экология ғылымдарының түпкі мақсаты - табиғатты қорғау. Табиғат қорғаудың алдына қойған мақсаты мен міндеттері айқын. Табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарын білу әрбір азаматтың борышы болып саналады. Біздің елімізде табиғат қорғау мемлекеттік заңдармен қорғалады.

 

2.2 Географ-эколог  ғалым, профессор  А.С.Бейсенованың  зерттеудегі  еңбегінің ролі.

 

    Әлия Сәрсенқызы экология ғылымын дамытудағы Э.Геккельдің сол кезеңдегі анықтамасына тоқтала келіп, оның бүгінгі таңдағы өресі кеңіп жаратылыстану ғылымдарының ғылыми деңгейіне көтерілгені туралы  баға бергені де есімде. Мәселен Қазақстан табиғатын зерттеуші көрнекті ғалымдар Н.Л.Корженевский, Н.Г.Герасимов, Л.С.Берг, Н.Г.Кассин, Қ.И.Сатпаев, А.А.Григорьев, Ш.Уәлиханов, Х.Досмұхамедов, Ж.Кудерин өздерінің зерттеу еңбектерінде экология ғылымын дамытуға қыруар үлес қосқан жандар еді. Олардың ізін жалғастырушы Әлия Сәрсенқызының географиялық зерттеулері табиғатпен тікелей байланысты. Қазақстан табиғатының зерттеу тарихын алғаш рет кең көлемде әрі жан-жақты қарастырған ғалым Әлия Бейсенова екені даусыз шындық. Ғалым өз еңбегінде Қазақстан табиғаты туралы деректерді шет елдерден  саяхатшылардың еңбектерін терең зерттей келіп, орыс ғалымдарының қосқан үлесіне лайықты баға берді. Осы бағытта ғалымның 1979 жылы жарық көрген «Қазақстан табиғатын зерттеу» атты еңбегінің маңызы зор. Бұл еңбекті   кезінде атақты географтар, МГУ ғалымдары А.Н.Соловьев, А.А.Григорьев, В.А.Есаков өте жоғары бағалады. Осы еңбек негізінде Ә.Сәрсенқызы 1984 жылы «Қазақстан табиғатын зерттеу және физика-географиялық идеялардың даму» тақырыбында  докторлық диссертация қорғады.

        Сол кездегі СССР бойынша география ғылымының атасы атанған академик Н.А.Гвоздецкий – «....бұл зерттеуді Орта Азия мен Қазақстан ғылымы тарихы бұрын соңды болмаған баға жетпес еңбек деп санаймын» деп пікір айтты. Бұл еңбек тек Қазақстан ғалымдары үшін ғана емес, кейіннен Орта Азия республикаларының  зерттеу салаларында баға беруші маңызға ие болды. Еңбек жаратылыстану ғалымдары жүргізген қызу пікірталас, жаға идеялардың  қозғаушы күшіне айналды. Көпшілік қауымның көңілінен шыққан еңбектің нәтижесінде Ә.Бейсенованың қаламынан 1981 жылы «Табиғатты жаңадан ашушылар» («Первоткрытователи») және «Қазақстан табиғатын зерттеу және физика-географиялық идеялардың дамуы» атты ммонографиялары жарық көрді.

       Соңғы он жыл бойы Ә.Бейсенова өзінің бар күш жігерін егемендік алған еліміздің табиғи ресурстарын пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіру мен оны қорғаудың актуалды мәселелеріне арнап келеді. Ғалым алдымен Ұлы Жібек  жолындағы орыс-қазақ зерттеулерінің өзара байланысын, ықпалын саяси-әлеуметтік және саяси-тарихи  деңгейде көтере білді. Ол XIX ғасырдың екінші жартысынан бастаған тарихи зерттеулерді қорытындылап, жаңа талапқа сай Қазақстан табиғатының қалыптасу жолдарын  зерттей бастады. Әлемдік деңгейдегі географтар П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің, Н.А.Северцовтың, Н.В.Мушкетовтың, А.С.Бергтің қазақ жеріндегі іргелі зерттеулеріне талдау жасап, орыс географиялық қоғамының толық мүшесі Ш.Уәлихановтың мұрасын зерттеуге,  оны орыс ғалымдарының деңгейіне көтеруге өзінің бар ынта-жігерін салды. Оның «Қазақстандағы география мен зерттеушілердің тарихы негізі» атты монографиясын жоғары бағалаған Қазақстан Ренспубликасының Білім және Ғылым министрлігі Әлия  Сәрсенқызы  Ш.Уәлихановтан кейінгі Ресей географиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақтың ғалым қызы екенін біз ерекше мақтан етеміз.

          Әрине, Ә.Сәрсенқызының ғылымдағы жолы үнемі теп-тегіс, даңғыл бола қойған жоқ. Көпшіліктің экологиялық білімі мен мәдениетін көтеру қажеттігі толғандырып жүрген кездерінде  Ә.Сәрсенқызы көп кедергілерге кездесті. Бірақ өжет те өр мінезді қазақтың ғалым қызы барлық қиындықтарға қарсы тұрып, өзінің көздеген мақсаттарына жетті.

     Сол кездегі партократтың тосқауылдар мен ғылымдағы демологияны жеңе білді. Ә.Сәрсенқызы СССР және жоғары арнаулы орта білім министрі Ягодинге дейін барлық жастарға экологиялық білім беру туралы идеяларын жүзеге асыруға кірісті. Экологиялық білім беру жүйесіндегі МГУ мен Қазан университетінің  тәжірибесіне ден  қойды.

        Экология дегенде ойына қазақтың кең жазира даласы есіне түседі. Қазіргі кезде оның байлығы тоналған, ауасы мен суы, жері ластанған, табиғаты тозған. Бұл өзекті өртер шындық. Осыны білгендей ана бір жылдары ғұлама  ғалым, ұстазы академик А.Машанов бірде ғылыми кеңес отырысында «Әлия, экологиялық жағдай бәрімізді толғандырып жүрген ауыр мәселе. Ендігі жерде қазақтың  табиғатын зерттеп жүрген саған бұл мәселені биігірек көтеру керек», - деп үлкен сенім жүктеді. Ұстазы жүктеген осы міндетті онсыз да табиғат үшін күресіп жүрген ғалымды жаңа биіктерге жігерлендірді.

       Жасыратыны жоқ, бұл кезеңде Қазақстан эколоиясы апатты жағдайға жеткен еді. Аңыраған Арал, Тойсойған, Нарын полигондары көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақтың түн ұйқысын төрт бөлетін. Осыны сезінген ғалым енді экология кадрларын дайындауға қызу кірісті.

      Бұл ойын Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің ректоры, профессор Т.Садықовқа айтты. Ректор ғалымның бұл идеясын қуана қарсы алды. Сөйтіп, 1987 жылы Білім министрілігінің бұйрығымен «Ландшафттар экологиясы және табиғат қорғау» лабораториясы ашылып, ол  1991 жылы республикамызда тұңғыш рет «география-экология» факультеті құрылды. Осы аталған жоғарғы оқу орны Одақ бойынша экологтар дайындайтын алғашқы жоғары оқу орны болды. Кейін мұны Елбасы  Н.Назарбаев та қолдап облыстардағы жоғары оқу орындарында да экологтар дайындау үшін оның оқу жоспарын, оқу-әдістемелік бағдарламаларын жасау мен үйлестіру бағытында бар күш жігерін жұмсады.

    Ал бұл кезең елімізде экология мамандарын дайындау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының институттарымен тығыз байланыс жасады. Кафедра мұғалімдерін сабақ берумен қатар ғылыми-зерттеу жүргізуге жұмылдандырды. Мәселен, «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми-педагогикалық негіздері», «Республикада эколог мамандар дайындау проблемалары», «Кәсіптік және жалпы білім беретін оқу жүйелерінде экологиялық білім беруді жақсарту жолдары», «Жезқазған облысында ерекше қорғалатын территорияларды қорғау және ұйымдастыру мәселелері», «Қызылорда қаласының экологиялық жағдайы және табиғатты қорғау», «Қазақстанның аймақтық экологиялық  ақпараттық картасын жасау»  сияқты мемлекеттік тапсырыс бойынша ғылыми зертеу жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттар бойынша бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалып (А.Белый, Ф.Темреева, З.Ахметжанова, З.Абишева, Г.Сабденалиева, А.Баймолдаева т.б.) экологтардың саны сапа  жағынан жақсартылды. Осы жұмыстардың бәрі профессор Ә.Сәрсенқызының тікелей басшылығымен жүзеге асырылды.

       Соңғы жылдары Ә.Сәрсенқызы жоғары оқу орнымен қатар мектеп өміріне де араласып, болашақ жасөспірімдерге экологиялық білім беру сапасын жақсартуға көңіл аударып келеді. Кафедраға қарасты «Экология» оқу-әдістемелік лабораториясының жұмысын мектеппен байланыс жасауға тиімді пайдалану жүзеге асты. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің тапсырысымен «Экологиялық білім тұжырымдамасы», және «Экологиялық білім бағдарламасы» туралы арнайы комиссия құрылған еді. Бұл қажетті құжаттарды жазуға Ә.Бейсенованың 1987 жылғы экологиялық тұжырымдамасы алынды. Онда Әлия Сәрсенқызы экологиялық білім берудің түр негізі отбасынан басталатынын дәлелдеді.

       Ол үшін ғалым 1987-1999 жылдар аралығында республикамыздың Алматы, Семей, Орал, Петропавл, Жамбыл қалаларындағы жоғары оқу орындарында «Экологиялық  білім беруді жақсату жолдары туралы» бірнеше ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырды. 1992 жылы Алматыда «Көпшілікке үздіксіз экологиядық білім беру және мамандар дайындау мәселелері» атты ғылыми конференция өткізді. Онда сөйлеген сөзінде «Экология – қазақ үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған табиғаты қорғап қастерлеуге негізделген ғылыми»,- деп атап көрсетті. Шын мәнінде көшіп-қонып өмір сүрген қазақ халқы табиғатпен етене араласып, оның қыр-сырын жетік білген.

        Жылдың  төрт маусымын шебер пайдаланған дана халқымыз көшкен жұртына бір түйір зат көлденең тастамай, ошағын  тегістеп, қазығын қалдырмай кетпейтін бе еді?

        Әлия Сәрсенқызы үнемі «Экологиялық білім тәрбиемен келеді, ол тәрбие ана сүтімен беріледі» деп отырады. Оның жетекшілігімен  шәкірті А.Манкеш «Бала бақшада экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері туралы», ал Д.Жанкелдина мен Г.Сабденалиева оқушыларға  экологиялық білм мен тәрбие беру тақырыбында диссертация қорғады.

        1991 жылдан бастап  Ә.Сәрсенқызы экологиялық білім беруде Қазақстанның экология саласында еңбек етіп жүрген білікті ғалымдарды   профессорлар А.Биғалиев, Ж.Жатқанбаев, А.Чигаркин, Қ.Сағынбаев, В.Фурсов, А.Сармурзиналармен пікір алыса отырып, көптеген мемлекеттік деңгейдегі еліміздің  экологиялық мәселелерін шешуге атсалысты.

         Қазақстан табиғатының тарихын зерттеу, оның бұрынғысы мен болашағына көз жіберу, бүгігі таңдағы геоэкологиядық жағдайларға баға беру Ә.Сәрсенқызының күнделікті жұмысы. Әсіресе, ғалым Қазақстанда  жастарға   экологиялық білім мен тәрбие беруді жақсарту жолында аянбай еңбек етіп келеді.

       Бүгінгі таңда Ә.Сәрсенқызының өмір жолы, жұмыс істеу стилі, ғаламдық зерттеушілік ұстанымдары шәкірттері  үшін үлгі-өнеге болса, ал әріптестері үшін көрнекті және қоғам қайраткері ретінде танылып отыр.

      Өзінің ғылыми еңбегімен көзге түскен қазақтың талантты да ғалым қызының еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланып келеді.

       Қазақстан географиясының талантты да көрнекті өкілдерінің арасынан  ерекше дараланып көзге түсетін ғалымдардыі біреуі – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, география ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым академиясының мүше корреспонденті Бейсенова Әлия Сәрсенқызы. Ә.С.Бейсенованың Қазақстанның физикалық географиясы мен экологиясын зерттеу саласындағы ғылыми еңбектері еліміз шеңберінен асып, алыс және жақын шет елдерде де өз сұранысын тауып, қолданбалы мәнге ие болуда. Ғылымның асқар шыңына талмай ұмтылған, география ғылымының дәрежесін көтеру мен қолданбалы мәнін арттыру  мақсатында үлкен үлес қосқан озық  ойлы ғалымның қаламынан 350-ге жуық ғылыми еңбек жарық көрген. Оның 15-і өте толымды монографиялар мен оқулықтардан тұрады.

Информация о работе Экология ғылымының қалыптасу тарихы