Экологиялық фактор

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:36, реферат

Описание работы

Белуга шыңы Шығыс Қазақстан облысында Қытай, Монғолия және Ресей шекараларының қиылысында орналасқан. Аймақ территориясының көп бөлігін Рудалық және Оңтүстік Алтай, Қалба және Саур Тарбағатай тауларының тізбегі алады. Таулар шыңының биіктігі 800-ден 1500 м жетеді, ал Алтайдың шығыс бөлігіндегі шыңдар 3000-4000 м (Белуга шыңы).
Негізгі өзендер қатарын Ертіс және оның салалары:Үлбі, Үбі және Бұқтырма құрайды. Ең үлкен көлдері Марқакөл, Зайсан, Рамановское, Сасықкөл, Алакөл және Маралды. Ауа райы өте континенталды, күндізгі уақыты ұзақ, жылдық температура ауспалы.

Содержание

Жоспар
Кіріспе
І. Шығыс Қазақстан тарихи ескерткіштері
1.1. Белуга шыңы
1.2 Марқакөл қорығы
1.3. Алакөл көлі
1.4. Рахманов Ыстық Көзі
1.5. Киін-Кіріш
1.6. Бұқтырма көлі
1.7. Қозы Көрпеш және Баян Сұлу мавзолейі
ІІ. Жадына қайта жаңғыртып, санаға сәуле түсірер
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

экология.docx

— 81.74 Кб (Скачать)

Шығыс Қазақстан  тарихи ескерткіштері

Жоспар 
Кіріспе 
І. Шығыс Қазақстан тарихи ескерткіштері 
1.1. Белуга шыңы 
1.2 Марқакөл қорығы 
1.3. Алакөл көлі 
1.4. Рахманов Ыстық Көзі 
1.5. Киін-Кіріш 
1.6. Бұқтырма көлі 
1.7. Қозы Көрпеш және Баян Сұлу мавзолейі 
ІІ. Жадына қайта жаңғыртып, санаға сәуле түсірер 
Қорытынды. 
Әдебиеттер тізімі. 

Кіріспе 
    Белуга шыңы Шығыс Қазақстан облысында Қытай, Монғолия және Ресей шекараларының қиылысында орналасқан.  Аймақ территориясының көп бөлігін Рудалық және Оңтүстік Алтай, Қалба және Саур Тарбағатай тауларының тізбегі алады. Таулар шыңының биіктігі 800-ден 1500 м жетеді, ал Алтайдың шығыс бөлігіндегі шыңдар 3000-4000 м (Белуга шыңы). 
Негізгі өзендер қатарын Ертіс және оның салалары:Үлбі, Үбі және Бұқтырма құрайды. Ең үлкен көлдері Марқакөл, Зайсан, Рамановское, Сасықкөл, Алакөл және Маралды. Ауа райы өте континенталды, күндізгі уақыты ұзақ, жылдық температура ауспалы. 
    Шығыс Қазақстан түрлі табиғи климаттық аймақтармен сипатталады. 
Шығыс Қазақстан табиғаты таңқаларлық: Азияның жазығы мен жартылай шөлейттері Сібірдің таулы ормандарымен қиылысуының нәтижесінде бірегей ландшафт түрлерін, яғни шөлді, жазықтарды, ормандарды және тауларындағы тұрақты мұздықтар мен өзендерді, көлдерді көруге болады.

 
Белуга шыңы

 
    Белуга шыңы ақ қармен жамылған солтүстік шығыстағы Сібір және Алтайдың ең биік нүктесі. Бұл қардың, мұздың, ақырған қар көшкіндерінің, жарқыраған сарқырамаларының отаны. Ол Солтүстік Алтайдағы биіктігі 3,373м атақты екінші шың Бүркітауыл шыңымен көршілес орналасқан. 
Марқакөл қорығы 
Шығыс Қазақстанда Қазақстанның тамаша жерлерінің қатарына жататын Марқакөл Ұлттық Қорығы бар. Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады. Марқакөл суы мұнтаздай таза және жұмсақ болғанымен балыққа бай. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы балық түрлерінің отаны деуге әбден болады. Жартасты тауларда негізінен жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты таулардың көп бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т.б.). Фаунасы түрлі және мол. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге болады. 
Алакөл көлі 
Алакөл Қазақстанның көз жауын алатын көлдерінің бірі. Жоңғар Алатауының солтүстік шығысында жатқан тұзды көл миниралды тұздар мен күкіртті батпаққа бай. Соынмен қатар, Сіз көл бойында 35 км созылып жатқан Құстар Аралынана Фламинго құстары мен басқа да 40 түрлі құстарды көре аласыз. 
Рахманов Ыстық Көзі 
Осы жердің астында ағып жатқан өзендердің құрамында , көпшіліктің ойынша, емдік қасиеті бар радон, яғни өте сирек кездесетін гранит миниралдарының ұсақ бөлшектерге бөлінуінің құрамдасы бар. Термалды сулар буындардың, омыртқа сүйектерін, жүйке жүйесін және тері ауруларын емдеуде қолданылады. Шаруа Рахманов 1763 жылы ыстық көзді тауып алған. Аңызға сәйкес, ол маралды жаралайды, жаралы жануар осы ыстық көздерге келіп шомылып аман-сау шығады. 
Киін-Кіріш 
Жазықтар, биіктіктер және қабырғалардың арасында көк аспан астында қалалар мен сарайлар жатыр… Бұл сағым емес, бұл табиғи Эолия қаласы, кейде «Рухтар қаласы» деп те аталатын Киін-Кіріш. Саздан таңқаларлық орында салынған бірегей қызыл, ақ және сарғылт ғимараттар. Қашықтықтан Киін-Кіріштің саз жартастары және түпсіздері желдегі оттың жалыны тәрізді көрінеді. Сондықтан бұл жартастар «Жанған Жартастар» деген атауға ие болған. Киін-Кіріштің таптырмас байлығы — құм мен саздың арасында өсетін тропикалық уақыттан қалған көк шөптер (пальмалар, магнолиялар, араукария және т.б.) және омыртқалы жануарлардың қалдықтары (мүйізтұмсық, қалтырауын, тасбақа және кесірткелер). 
Бұқтырма көлі 
Бұл жердің табиғаты керемет. Бұқтырма көлінің маржан суы өзінің тамаша көріністерімен және балық аулау орындарымен белгілі. Көптеген өзендер мен жауын сулары тау шатқалынан көлге құйылғандықтан әдемі сарқырамалар көп. Тек Шанды Бұлақ қана көлден ағады. 
Қозы Көрпеш және Баян Сұлу мавзолейі 
Аягөз өзенінің жағалауында орналасқан тарихи ескерткіштердің бірі. Бұл Қозы Көрпеш және Баян Сұлу мавзолейі (X – XI ғ.ғ.). Ұлттық жырдың кейіпкерлері қыз бен жігіт арасындағы махабаттың бейнесі болып табылатын Қозы көрпеш және Баян Сұлу қазақтың Ромео және Джулиеттасы тәріздес.

ЖАДЫНЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫП, САНАҒА СӘУЛЕ ТҮСІРЕР 
“Мәдени мұра” ұлттық жобасының маңызына осындай баға беруге болады 
Осыдан үш-төрт жыл бұрын кәрі Мысыр елінде болғанымызда төрт құбыласын қалың шөл қоршаған үлкен елге жер шарының әр түкпірінен ағылып келіп жатқан халықты көрдік. Олар мұнда аты әлемге аңыз болған перғауындар пирамидаларын тамашалау үшін келеді. 
Сөйтіп, осыдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген перғауындардың тарихы Египеттің қазіргі халқының тұрмыс-тіршілігінің басты көзіне айналып отыр. Ел орталығы Каир қаласында келіп жатқан туристерге қызмет көрсету үшін көптеген қонақ үйлер, мейрамханалар, сауда дүкендері, басқа да қажеттіліктер салынған. Көшелерде таксилерден көп дүние жоқ. Міне, осы қызмет орындары мен қызмет көрсетушілердің барлығы туристердің есебінен күндерін көріп, өмір сүріп жатыр. 
Тек Египетте ғана емес, қазір әлемнің көп¬теген елдерінде өздерінің тарихтарын, сұлу табиғаттарын, ата-бабаларынан қалған түрлі мәдени мәні бар ескерткіштер мен басқа да құндылықтарды тіршілік-тұрмыстары үшін пайдаланып жатқан елдер аз емес. Мәселен, басқаны былай қойғанның өзінде, біздің мұсылман қауымында Аллаға құлшылық етіп, мұсылмандық парыздарын орындау үшін Сауд Арабиясындағы Мекке қаласына қаншама адамдар барып жатыр. Израильдегі Иерусалим қаласы да адамдар табынатын қасиетті мекендердің бірі ретінде өте үлкен тартымдылыққа ие болып отырғандығы газетіміздің басшысы Сауытбек Абдрахмановтың жуықтағы нөмірлердің бірінде жарық көрген мақаласында жақсы жазылған болатын. Әлемнің Париж, Лондон, Пекин, Ыстамбұл, Мәскеу секілді қалаларындағы тарихи ескерткіштерді тамашалау үшін де жылына қаншама туристер ағылып жатады. 
Сонымен соңғы уақыттары тарихи ескерткіштер, ұлттық мәдени мұраларға деген ынта-ықылас ерекше артып келе жатыр деп айта аламыз. Олар біріншіден, ата-бабаларымыздың көзбен көріп, қолымен ұстаған дүниелері ретінде ерекше киелі болып табылса, екіншіден, өзіңнің төл тарихыңды біліп, халықтық қалпыңды тану үшін де маңызы ерекше. Енді осыған қосымша мұндай мәдени мұралар мен ескерткіштердің экономикалық тиімділігі де туризмнің нығаюына сәйкес арта түскендігін жоғарыда келтірдік. 
Біз, қазақ халқы осынау Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан алып өңірде соңғы мыңжылдықта болған ересен оқи¬ғалардың салдарынан (моңғол, жоңғар шапқыншылықтары, Алтын орда мемлекеттігінің пайда болуы мен күйреуі, біртұтас түркі халықтарының ыдырау үрдістері, патшалық Ресейдің отарлау саясаты) көптеген қиыншылықтарды бастан кешіріп, қоғамдық-саяси, әлеуметтік тұрғыдан елеулі өзгерістерді бастан кешірген халықпыз. Соңғы екі-үш ғасырдың өзінде сырттан болған жойқын шапқыншылықтарды бастан кешіруіміз, бодан елге айналуымыз, одан бергі де тіршілік пен тұрмысымызда болған жағымды-жағымсыз өзгерістер кәрі тарихымыздан көз жазып қалуға дейін әкелді. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өз бетімізбен қайтадан ел болып, тарихи бастауларымызға құрметпен қарап, оны қайта шынайы жағдайда зерттеу ісіне кірістік. 
Міне, осы тұрғыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы сәуірдегі Қазақстан халқына Жолдауында “Мәдени мұра” орта мерзімді мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды Үкіметке тапсыруының маңызы тарихи тұрғыдан ерекше болды деп айта аламыз. Бұл тапсырма орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік мәні бар асыл қазынамызды халық көзіне қайта жарқыратып көрсету, осы арқылы ұлттың өз тарихына деген құрметі мен болашағына деген сенімін арттыру мақсаттарын көздеді. 
2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының сәтті қорытындылануына байланысты Елбасы осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру жөнінде тапсырмалар берген болатын. Сөйтіп, соңғы төрт жылдың ішінде аталған бағдарламаның аясында 51 тарихи және мәдени ескерткіштерге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Үкіметі мен Сирия, Египет үкіметтері арасында үкіметаралық келісімдер жасалып, осы елдерде орналасқан Әл-Фараби, Сұлтан Бейбарыс кесенелері мен Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін жөндеу жұмыстары басталды. Қазақстан аумағындағы 39 қала мен елді мекен, қорымдар мен қорғандарға археологиялық зерттеулер жасалынды. Қытайға, Түркияға, Моңғолия мен Ресейге, Жапония мен Египетке, Өзбекстан мен Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне арнайы ғылыми іздестіру экспедициялары аттандырылып, осының нәтижесінде қазақ халқының тарихына қатысты 5 мыңға жуық қолжазбалар мен өнер және этнографиялық бұйымдар бар екендігі анықталды. 350-ден астам кітаптар жа¬рық көрді. Шығыс Қазақстан облысындағы “Берел” қорымы мен Алматы облысындағы “Есік” қорғанында тарихи-мәдени қорық мұражайлар ұйымдастырылды. Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізбесіне жаңадан 218 нысан енгізілді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Осы тектес басқа да көптеген жұмыстар жүргізілді. 
Үстіміздегі жылдың 4 қараша күні өткен Үкімет отырысында “Мәдени мұра” бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарының барысы мен оны одан әрі жалғастыру мәселесі арнайы қаралған болатын. Сол отырыста баяндама жасаған Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бұл бағдарламаның маңызы мен қол жеткізген жетістіктерін жан-жақты түйіндеп айта келе, осы бағдарламаны 2009-2011 жылдар аясында жалғастырудың ұлттық стратегиялық жобасының жаңа тұжырымдамасын ортаға салған болатын. Онда Мұхтар Абрарұлы жинақталған тарихи-мәдени мұраларды зерттеу және сақтау саласында жаңа бағыттардың қалыптасқандығын, Елбасының тапсырмасымен жобаны жүзеге асырудың жаңа басымдықтары белгіленгендігін баян етті. “Бірінші бағыт ұлттық рәміздерді қалыптастыруды қамтиды. Бұл бағыттың шеңберінде өзінің бірегейлігінің арқасында ұлттық рәміздер болатын және халықты біріктіру функциясын жүзеге асыратын мемлекеттігіміздің асыл қазыналарын қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Олар – Есік, Берел қорғандары және Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштер. Екінші бағыт Ұлы Жібек жолының тарихи орындарының негізінде мәдени туризмді дамытуды көздейді. Осы бағытта Ұлы Жібек жолының магистральді учаскелеріндегі қорық-мұражайлардың дамуын анықтайтын бас жоспар құру ұйғарылды. Сонымен қатар, барлық тарихи орындарды мұражайландыру жүзеге асырылады. Үшінші бағыт ұлттық тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау жөніндегі жұмыстарды қамтиды. Мұнда Берел мен Есік қорғандары, Түркістан мен Отырар қалашығының ескерткіштері, өзге де тарихи орындар туралы халықаралық талаптарға сай, терең мазмұнды, жоғары сапалы деректі фильмдер жасалып, оларды “Би-Би-Си”, “Дискавери” секілді әйгілі әлем¬дік телеарналардан көрсетуді ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сол сияқты бұл бағыттың шеңберінде еліміздің тарихи-мәдени мұраларын насихаттауға бағытталған халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар, көрмелер ұйымдастырылатын болады. Атақты зерттеушілермен іргелі ғылыми орталықтармен бірге жалпыәлемдік мәдени құндылықтар тұрғысынан ұлттық мұрамызды зерделеу жүзеге асырылады. Төртінші бағыт өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеуді көздейді. Ірі тарихи қалашықтар мен құрылыстарда археологиялық зерттеулер жүргізу, мәдени мұра мәселелері бойынша мемлекеттік тілдегі кітаптардың жаңа серияларын әзірлеп шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бесінші бағыт жүйеленген білімді оқу үдерісіне енгізуді көздейді. Бұл ең алдымен, жас қазақстандықтарды патриоттық рухта, халқына деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу қажеттігіне негізделген. Алтыншы бағыт саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретінде кадр саясатын іске асыруды қарастырады. Саланың жоғары деңгейлі аудармашы, тарихшы, этнографтар және басқа мамандарды қажет ететіндігі жасырын емес. Осыған байланысты тиісті мамандарды даярлауды, олардың жас халықаралық оқыту бағдарламаларына қатысуларын қамтамасыз ету, мәдениет қызметкерлерінің еліміздің және шетелдердің үздік мәдениет мекемелерінде біліктілік мектебінен өтуін ұйымдастыру жөніндегі бірқатар шараларды қарастырып отырмыз” деген болатын министр. 
Сонымен қорыта айтқанда, “Мәдени мұра” стратегиялық бағдарламасы осы уақытқа дейін терең тамырлы тарихымызда қалыптасқан ақтаңдақтарды аршып, асыл қазыналарымызды халқымызға қайтадан таныстыру бағытында бүгінгі ғана емес, болашақ ұрпақтар үшін де өлшеусіз қызмет етпек. Жаңадан қалыптасып отырған тәуелсіз мемлекетіміздің саяси-қоғамдық, тарихи әлеуметтік, экономикалық қырлары үшін бұл мәселенің маңызы өте зор.

Қазақстан табиғат  ескерткіштер тізімі


Атауы

Көлемі, га

Орналасқан жері

«Қара май шоқысы»

1

Ақмола облысы

«„Қашқын“ шоқысы»

1,3

Ақмола облысы

«Көк мүйіс»

1,2

Ақмола облысы

«Көне ағашты тоған»

1

Ақмола облысы

«Қызыл күрең мүйісі»

0,5

Ақмола облысы

«Малта тасты шоқы»

2

Ақмола облысы

«„Өрт байқау“ шоқысы»

1

Ақмола облысы

«Баум тоғайы»

130

Алматы қаласы

«Айғай құм»

240

Алматы облысы

«Шарын шетен тоғайы»

5014

Алматы облысы

«Шынтүрген шыршалары»

900

Алматы облысы

«Қаз қайтуы»

2

Павлодар  облысы

«Айыртау шоқысы»

2

Солтүстік Қазақстан облысы

«„Бүркіттау“ шоқысы“ және „Қайнар көз“»

3

Солтүстік Қазақстан облысы

«Жаңажол»

9

Солтүстік Қазақстан облысы

«Имантау көлінің аралы»

34,4

Солтүстік Қазақстан облысы

«„Қазан“ жартасы шөгінділері»

3,9

Солтүстік Қазақстан облысы

«Қарағайлы орман»

26

Солтүстік Қазақстан облысы

«„Қостау“ шоқысы»

10,5

Солтүстік Қазақстан облысы

«Көне алап»

2

Солтүстік Қазақстан облысы

«Күміс қарағайлы орман»

83

Солтүстік Қазақстан облысы

«Сүйір шоқы»

3

Солтүстік Қазақстан облысы

«Үңгірлі сарқырама»

0,5

Солтүстік Қазақстан облысы

«„Шолғыншы“ шоқысы»

3,8

Солтүстік Қазақстан облысы

«Көкшілтау самырсын тоғайы»

137

Шығыс Қазақстан  облысы

     

Қазақстан Республикасының қорықтары

 

Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған табиғат кешенін (эталондық табиғи экожүйелерді), сондай-ақ, осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. ҚазақстандаАқсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы,Алакөл, Батыс Алтай қорықтары бар; қ. Биосфералық қорық.[1]

Ұлттық парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе Ақсу өзені өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300-500 метрге дейін) ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік-батыс шатқалы мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді. Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Мінезді тіршілік иелері - сібір тауешкілері, еліктер, малар, қабан, аққұлақ, грифтер, сирек кездесетін қар барысы, түркістан сілеусіні, арқар, тянь-шань аюы, бүркіт, балобан, улы жыландар. Қорықтың Қаратау тауларының еңісінде Қарабастау және Ақбастау палеонтологиялық қабірлері бар. Онда осыдан 120 млн. жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін түрлі балықтар,, моллюска, тасбақа, юр кезеңінің жәндіктерінің іздері бар. 
 

Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Нааурызым қарағайлы орманын, және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған. Аумағы - 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады. 
 

Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған. Қызғылт фламингоның ең солтүстік отаны Теңіз көлінда. Қорықтың жалпы ауданы – 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипун-аққуы жатады.

Тенгіз-Қорғалжын көлі – көктемгі ұшып келу кезеңінде суда жүзетін құстардың мыңдаған санының бірігетін орны, соның арқасында қорық дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша қорғалатын батпақты-көл ландшафт есебінде кірді. 
 

Алматы (Алматы облысы). 1961 жылы құрылды. Аумағы 73,3 га құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге жуық құстың түрлері бар. Сирек кездесетіндердің қатарына тянь-шань қоңыр аюы, қар барысы, түркістан сілеусіні кіреді.

Қорыққа Іле өзені жазығының бос бөлігі қызықты табиғи нысаны – 150 метрлік «Ән салғыш құмдар» құмды төбе жатады, оның ерекшелігі құмдық еңістермен қозғалғанда қатты дыбыс береді. Табиғаты өте көркем. Мұнда мұздар, қарлар мен құздар да бар. 
 

Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар. Негізгі түрлері – марал, аю.

Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық танытады: теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін сиг-ускуч балығы тіршілік етеді. 
 

Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған. Аумағы - 223 га. Үстірт шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Тұрақты ағынсуы жоқ. Ағынсыз ойыстар бар, олардың ең ірісі – Барсакелмес, өлшемі 70x30 км. Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және бауырымен жорғалаушылардың -27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл кітапқа енгізілген. Сирек кездесетіндер қатарына үстірт муфлоны, ұзынаяқты кірпі, жайран, қарақал, бүркіт, улы жылан, құзғын, балобан жатады. 
 

Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы).  
1992 жылы құрылған. Жалпы ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар түрлері, 120 құстың түрлері бар. Ондағы жарыққылқанды (сібір балқарағайы) және қараңғықылқанды (шырша және пихта) тайга табиғи кешені ерекше назар аударады. 
 

Барса-Келмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің біратаулы аралында орналасқан. Аумағы – 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері – құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар.

Сонымен қатар, 1997 жылы Баян-ауыл табиғи бағы ұйымдастырылды. Оның аумағы – 45 мың га жуық. Оны «жазық дала араындағы таулы-орманды оазис» деп аталады. Гранитті, желді, қарағай мен қайың орманымен көмкерілген Баянауыл таулары Қазақ ұсаққұмды жартылайқуаң жазықтармен биіктейді, олардың арасында Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері жатыр.  
Бұдан басқа, Қазақстанда табиғат ресурстарының бөліктерін шектеулі шаруашылыққа пайдалану қарастырылған режимдегі жалпы ауданы 4600 га 83 кіші қорықтар бар. Аң аулау орындары, геологиялық, ботаникалық, зоологиялық, көлді, батпақты, ландшафты кіші қорықтар да бар.

 

 

 

 

 


Информация о работе Экологиялық фактор