Акционерлік қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 10:47, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.

Содержание

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Акционерлік қоғамдардың мәні және түрлері...........................................4-8
1.2 Акционерлік қоғамдардың экономикадағы маңыздылығы.....................8-12
2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
2.1 Акционерлік қоғамның экономикалық тиімділін талдау.....................13-19
2.2 ҚР экономикасындағы акционерлік қоғамдардың қызметін жетілдіру мәселелері.........................................................................................................20-23

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа содержит 1 файл

Мой измененый вариант курсовой.doc

— 240.00 Кб (Скачать)

                 Акционерлік қоғамның басты қызметі- уақытша босаған ақша қорын өндірісті ұйымдастыру мен көптеген жұмыс түрлеріне жұмылдыру болып табылады. Акционерлік қоғам акцияны әр түрлі номинальді құнмен шығарады және дауыс саны да әртүрлі болады. Акция иесі акционерлік қоғамның пайшигі, ал облигация иесі- оның кредиторы(несиегері) болып табылады. Акционерлік қоғамның пайдасы акционерлер арасында табыс, дивидент түрінде бөлінеді. Акция иесі акционерлік қоғамнан өзінің салған капиталын талап етуге құқығы жоқ. Қоғам жабылғанда иегер акцияға салынған қаржыны номинальды бағамен ғана алады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Акционерлік қоғамдар

 

 

 

 

 

Артықшылығы:                                                        Олқылығы:

 

Қосымша                                                                 Басқарудың тым

капиталды тезірек және                                         күрделілігі және оның опера-

кеңірек тарту мүмкіндігі.                                      тивтілігінің төменділігі.

Корпорация қызметі әр-                                        Акционерлердің басқаруға

түрлі сала шеңберіндегі                                        қатысуы мен бақылау деңгейі

капитал қозғалысының                                         жоғары еместігі.Кәсіби құпия-

еркіндігі.Акционерлердің                                     ның ашуы мүмкіндігі.

шектеулі жауапкершілігі.

 

 

IV. Еншiлес және тәуелдi акционерлiк қоғам

 

94-бап. Еншiлес ұйым

1. Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады.

2. Еншiлес ұйым өзiнiң негiзгi ұйымының борыштары бойынша жауап бермейдi.

Еншiлес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы негiзгi ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшiн жасалған мәмiлелер бойынша еншiлес ұйыммен бiрге субсидиарлық жауапты болады.

Негiзгi ұйымның кiнәсiнен еншiлес ұйым банкрот болған жағдайда негiзгi ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады.

3. Егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, еншiлес ұйымның қатысушылары негiзгi ұйымнан оның кiнәсiнен еншiлес ұйымға келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы.

4. Еншiлес ұйымдар ережелерiнiң осы бапта көзделмеген ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалады.

Ескерту. 94-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен, өзгерту енгізілді - 2003.05.16. N 416 Заңымен.

 

95-бап. Тәуелдi акционерлiк қоғам

1. Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады.

2. Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелдi акционерлiк қоғам акцияларының тиiстi бөлiгiн сатып алғаны туралы мәлiметтi заң құжаттарында көзделген тәртiп бойынша дереу жариялауға мiндеттi.

3. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, акционерлiк қоғамдардың бiр-бiрiнiң жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбiр жарғылық капиталдың жиырма бес процентiнен аспауға тиiс. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлiк қоғамдар басқа қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында жиырма бес проценттен артық дауысты пайдалана алмайды.

4. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына тәуелдi және өзара қатысатын акционерлiк қоғамдардың осы бапта көзделмеген жағдайының ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалады.

 

 

Акционерлік қоғам – бұл акция сату мен ақшалық орталықтандыру негізінде құрылған мекемелік форма, ол жалпы акционерлік капиталға ақшалық негізде көмек беретін тұлғалардың жиынын ұсынады және ол капиталды белгілі бір нақты жеке шаруашылықта қолдану, сонымен қатар кірген кірісті, шыққан шығынды бірге алып жүреді.

              Зерттеушілер көрсеткендей, акционерлік жекеменшік – бұл заңды түрде өркендеу процесі нәтижесі және уақытша жекеменшік трансформациясы, белгілі бір өркендеу дәрежесіндегі шығару масштабы, технология дәрежесі, жүйелік мекеме қаржысы еркін кіру базасында жаңа принциптегі үлгіні ұсынады.

Акционерлік қоғамға, ұжымдық кәсіпкерліктің құқықтық нысаны ретінде, заңды тұлғаның  барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда:

1.Акционерлік қоғам – акционерлік  заңнамасымен, жарғысымен, жергілікті нормативті актілерімен бекітілген ұйымдастырушылық бірлік, оған ең аз дегенде үш элемент кіреді:

              Біріншісі: жеке субъектілер жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік мәнді өзара байланыстар жүйесінің бар болуы;

              Екіншісі: құрылу мен қызмет етудің белгілі бір мақсатының болуы. Акционерлік қоғам, кез – келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық – бұл осындай мақсат үшін адамдардың бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса да, жеке түрде оған ешкім қол жеткізе алмайды. Бірақ та бұл мақсатқа жету оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша бөлінуіне мұқтаж етеді.

              Акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуінің негізгі мақсаты болып, кез – келген коммерциялық ұйымдікі сияқты пайда табу  болып табылады. Ары қарай, бірақ та акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуіне селсоқ қарауға болмайтыны түсіндіріледі – акционерлік қоғамның дамуы акционерлік қатынастардың субъектілерінің (акционерлер, персонал, несие берушілер, мемлекет және оның органдары ретінде т.б.) әр түрлі топтарының мүдделер жүйесінің жиынтығын жүзеге асырумен анықталады.

              Үшіншісі: ішкі құрылымның және функционалды дифференциацияның бар болуы (акционерлік қоғамды ұйымдастырудың корпоративті әдісі, компанияның өндірістік – шаруашылық қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы).

2.Экономикалық белгі – жарна ретінде жарғылық капиалға акционерлермен берілген жинақталған мүлікті, сонымен қатар қызмет үрдісінде заңды негізде құрылған немесе иемденген қоғамды иелену.

              3. Материалдық – құқықтық белгі, оған екі элемент кіреді: азаматтық айналымда өз атынан жеке түрде шығу қабілеті және жеке мүліктік жауапкершілік, яғни өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иемдену және міндеттерді өз мойнына алу қабілеті.

              4. Процессуалды – құқықтық белгі – соттарда талапкер және жауапкер болу қабілеті. Заңнамаға сәйкес акционерлік қоғамдар соттарда міндеттемелерді орындау, өнімді, жұмыстарды, қызметтерді және т.б. иемдену бойынша шаруашылық субъектілер ғана емес, сонымен қатар директорлар кеңесі мүшелерінің (бақылау кеңесі), коллегиялық атқарушы органның (басқарма, дирекциялар), сонымен қатар жеке атқарушы органның (бас директор, директор) мүшелеріне, басқарып отырған ұйымға немесе басқарушыға жауапкершіліктің негізі мен өлшемдері орнатылмаған болса, шығындарды өтеу, қоғамға олардың қателі іс - әрекеттерімен (іс - әрекет етпеуі) жасалған қателері бойынша талабымен сотқа жүгіне алады.

1.2. Қазақстанда акционерлік қоғам XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында пайда болды. Бұл кезде Қазақстан өнеркәсібі өте нашар дамыды. Тек қана тау-кен өнеркәсібі алғашқы қадамдарын бастап, шетел капиталы сол салаға ұмтылды. Зырян қазба байлығы 1886 жылы француздардың қолына өтіп «Зырян тау-кен өндіруші қоғамы» құрылтайшылығы құрылды. Американдықтар «Спасс қоғамы», «Орыс-Азиат корпорациясы» акцияларын ұстап, Қазақстанда екі «балалық» құрылтайшы қоғам құрылды. Олар- Риддер полиметалдық қазба байлығы («Риддер акционерлік қоғамы») және Екібастұз көмір аумағы. Ағылшын кәсіпкерлеріне жататын-«Батыс-Орал мұнай қоғамы», «Солтүстік-Каспий мұнай компаниясы» да бізге белгілі. Сондай-ақ шетел капиталының негізінде құрылған «Нобель серіктестігі», «Колхида», «Қырғыз тау өнеркәсібі қоғамы», «Виннер» т.б. атауға болады.

Қазақстан 1899 жылы бай Көпес Деров құрған Воскресенск тау-кен өнеркәсіп қоғамы құрылды. Бұл бірінші ірі тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорына орыс капиталының негізінде құрылып, Павлодардан Балхашқа дейінгі кеңістіктегі тас көмір мен күміс-қорғасын рудасы бар көп жерді жалға алды. Сондай-ақ XIX ғасырдың 90 жылдарында Ембіде бірінші мұнай өнеркәсібі компаниясы пайда болып, оған отставкадағы штабс-капитан Ясман басшылық жасады. Орыс қоғамы «Ембі-Каспий» және «Орал-Каспий» мұнай өнеркәсібі қоғамы шетел «Орал-Каспий мұнай өнеркәсібі қоғамы» мен «Орал-Каспий мұнай корпарациясын» бақылады.

      Большевиктердің 1917 жылы үкімет басына келуіне орай және Кеңес үкіметінің құрылуымен акционерлік меншік түрі жойылды. Алайда жаңа экономикалық саясатқа көшуге байланысты акционерлік қатынастар қайта туа бастады. Қысқа мерзімде 1922-24 жылдары 120-дан астам сауду, өнеркәсіп және несие компаниялары тіркеліп үлгерді. Акционерлік механизм арқасында мемлекет жеке капиталды экономиканың қажетті саласына тарта бастада. Әміршілдік-әкімшілдік жүйенің 1929 жылдың аяғында қалыптасуы мемлекеттің экономикадағы нарықтық қатынастардан толық бас тартуына әкелді. Нәтижесінде акционерлік қоғамның тіршілігі тоқтады.

       Қазақстан Республикасында реформалық процессті жүргізудің және әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесін қайта құрудың арқасында 1991-ші жылдан бастап акционерлік процесс қолға алына бастады. Қазақстанда акционерлік қоғамның құқығын қорғайтын заң алғашқы болып қабылданды. Ол ҚазССР кезіндегі «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы заң» 1991 жылдың 21 маусымында қабылданған болатын. Осы кезден-ақ акционерлік қоғамдар құрылып бастаған. Қабылданған заңның актуальдылығы кері процестермен, экономикада болып жатқан уақытша меншіктің өркенделуімен түсіндіріледі. Ұйым халықтық және акционерлік қоғам болып бөлінеді. Дағдарыстың күшеюіне қарай бұл процесс өте ауыр өтеді. Сондай-ақ оның экономикада қалыптасуы мен қарқынды дамуы айқын байқалуда. Ең басты ассоциация құрылтайшылардың қатысу үлесіне қарай ірі кәсіпорындардан қалыптасады. Ең басты ұйымында «балалық» кәсіпорынның бақылау пакет акциясы қалады.

       Акционерлік ұйымның мұндай бірлестіге ірі өндірістік кешеннің жұмысын кепілдікпен атқарады. Бұлай атқару өз саласында бір-бірімен байланысқан дайын өнімді өткеретін, шикізітпен қамтамасыз ететін кәсіпорындар, конструкторлық және жобалық ұйымдар, зерттеу-іздеу мекемелерін т.б. тиімді тарту нәтижесінде жүзеге асады.

        Қазақстан Республикасында 1996-шы жылға дейін 48 холдингтік компания болды. Өте белгілі холдингтер-«Қамқор холдинг» (Қазақ мемлекеттік автосервис сауду холдингтік компаниясы), «Казагрореммаш»(ауыл шаруашылық машина мен автосервис акционерлік холдинг компаниясы), «Интеркаспий», «Қаратау», «Монтажспецстрой».      

 

Қазақстанда Акционерлік қоғамдардың пайда болуы мемлекеттік кәсіпкерліктерден екі бағытта тарайды.

              Ең алғашқысы өз өркендеуін «Мемлекеттену мен жекешелендіру туралы» ҚР Заңына сәйкес алды. Оның мазмұны – мемлекеттік кәсіпкерліктің қайта құрылуы және акционерлік қоғамның салым салуы. Бұл процесс жекешелендірудің алғашқы сатысы болып саналады.

              Бұл сатыда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі орган – акционерлер жиналысын жасайды, акционерлік қоғам ережесін растайды және тіркейді, басшы тағайындайды, АҚ бақылаушысы кеңес пен басқару жүйесін құрады.  Бұл уақытта АҚ үстінен мемлекеттік бақылау абсолютті болып келеді.  Мемлекеттік пакеттің кішіреюіне сәйкес жарғылық қорда акционерлік қоғамның мемлекеттік бақылауы акционерлер жиналысының есебінен шектеледі. Осылай ол өз бетімен АҚ – ның  басшысын, сонымен қатар басқару мүшелерін, бақылаушы кеңес, ревизиялық комиссияларды сайлауды шешеді. Мемлекет міндетті тұлға орган ретінде өз құқықтарын акционерлерге ұсынады.Ережеге сай, бақылау кеңесінің шекарасында мемлекеттік акция пакеттеріне сәйкес болады.

                ҚР- да 1996 – 1998 жылдары мемлекеттік жекешелендіру  программасы ретінде арнайы комиссияның мемлекеттік акция пакетін иемденген. Бұл комиссия реестр мүшелерін құрады,енгізеді және бақылау кеңесіне кандидаттар, мемлекет атынан шығатын қатысушы АҚ да, тұлғалардың дайындығы мен алдын ала дайындығын құрады. АҚ–ның  бақылау кеңесіндегі мемлекеттің қызығушылығын ұсынады. АҚ–ның жарғылық қорында мемлекеттік акция пакеттерінің қысқаруы әрқашан өз жеке шаруашылығымен айналасуға мүмкіндік бермейді. Мемлекет өз акцияларын талапқа сай, яғни АҚ мемлекеттік саяси – экономикалық программаға қатысуында сатады.

              Мемлекеттік акция пакеттерін «алтын акцияға» ауыстырылуы да бақылау болып есептеледі, ол жарғылық қордың құрылуына қатыспайды,бірақ мемлекет міндетті органдар арқылы акционерлердің ортақ шешеімін сонымен қатар атқарушы органдарды да қайтарып тастай алады.

              Мемлекеттік мүлікті қолданудың келесі бағыты – мемлекеттік АҚ мен

Мемлекеттік шаруашылықтар акционерлік компанияларға бірігуі арқылы жүзеге асырылады (ұлттық акционерлік компаниялар, мемлекеттік холдингтік, мемлекеттің қатысуындағы компаниялар). Акционерлік компанияның жарғылық қоры мемлекеттік акция пакеттерін қоса ақы құрамы мен мемлекеттік шарушылық мүліктерін құрайды. Мемлекттік пакет акциялардың көлеміне байланысты оған салымдарды ҚР –ның президенті немесе оның рұқсатымен міндетті органдар салады. Компаниялардың құрылуы халық шаруашылығындағы базалық басқарумен түсіндіріледі және бұл ҚР президентінің Жарлығымен, яғни «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға арналған мемлекеттену мен жекешелендіру» туралы заңында көрсетілген. Мемлекеттік акционерлік компанияға мемлекеттік орган жеке функцияларды орындауды береді.

Информация о работе Акционерлік қоғам