Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:25, курсовая работа

Описание работы

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 35бет

Работа содержит 1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать)

Алтыншыдан, автокөлік инфрақұрылымын дамыту. Өткен жылы Автомобиль жолдары саласын 2012 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру қолға алынды. Автожол саласын қаржыландыруға мемлекет тұңғыш рет 10 млрд.-қа жуық АҚШ долларын бөліп отыр. Бұл инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, жолдағы жарақаттану қатерін азайтады. 

Үкімет жарты жылдың ішінде халықаралық маңызы бар негізгі автожолдарды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге қажетті стратегия әзірлеуі керек. Сонымен қатар, көлік-логистикалық кластерді дамыту ауқымында Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен жалғастыратын Қазақстанның аумағы арқылы өтетін автомобиль жолы салынуға тиіс. 

Сонымен бірге, Қазақстанның ең шалғай елді мекендеріне жетуімізді жеңілдететін жергілікті маңызы бар жолдар желісін жедел кеңейтуіміз қажет. 

Он екінші бағыт – Электрэнергетикалық ресурстарды дамыту және атом энергетикасының негіздерін жасау 

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Алматы қаласын электр қуатымен қамтамасыз ету аса өзекті мәселе болып тұр. 

Біріншіден, көршілес елдердің қуаттарын тарту арқылы өзіміздің энергиясы мол және энергиясы тапшы өңірлеріміздің арасында электр қуатын бөлу мәселесін теңдестіре шешіп, энергия үнемдейтін технологияларға көшуіміз қажет. 

Екіншіден, электр энергетикасы саласын дәйекті түрде жаңарту, қуаттардың тозуы мен жетімсіздігі проблемасын шешу, жаңа өндірістерді дамыту, жұмыс істеп тұрған жабдықтар мен электр энергиясын беретін желілерді кеңейту мен қайта жаңғырту үшін жағдай туғызу қажет. 

Үшіншіден, энергия көздерін әртараптандыру еліміздің бүкіл аумағындағы тұрақты дамуды ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында атом энергетикасын дамытуды талап етеді. Сөйтіп, Қазақстанда атом электр стансасы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау қажеттігі туып отыр. 

Төртіншіден, Норвегия мен Швецияның үлгісі бойынша энергетикалық одақ шеңберінде іргелес жатқан мемлекеттермен энергетикалық биржа құру мүмкіндігін де қарастыру қажет. 

Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2007 жылдың соңына дейін өңірлердің энергетикалық қажеттіліктерін шешу үшін жұмыс істеп тұрған электр стансаларының қуаттарын ұлғайту, жаңа ұқсатушы қуаттар салу мен электр өткізетін желілерді оңтайландыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын. Еліміздің оңтүстігін энергиямен жабдықтауда жүйелі әрі нақты қадамдар жасайтын уақыт жетті. 

Сонымен қатар, электр энергиясын тиімді пайдалануды ынталандыруға, сондай-ақ энергетика саласына энергия үнемдейтін, соның ішінде ғылыми технологияларды енгізу тетіктерін әзірлеуге бағытталған экономикалық және әкімшілік шаралар да жұмысымыздың маңызды бағыттары болуы керек. 

Он үшінші бағыт – Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимыл 

Біріншіден, Үкімет іскерлік бастамашылық жолында заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілердің қашан және қалай пайда болатынын анықтап алуға, оларды барынша қысқартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнес құрылымдарының мемлекет алдында қандай да бір негізсіз есепті болуына жол бермеуге тиіс. Сонымен қатар, салық заңнамасының кәсіпкерліктің дамуын толығымен ынталандыратындай, сондай-ақ бизнестің “көлеңкеден” шығуына жәрдемдесетіндей етіп одан әрі жетілдіре түсу қажет. 

Екіншіден, біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. Үкіметке антимонополиялық заңнамаға кешенді тексеріс жүргізіп, бәсекені шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраластығы фактілерін анықтаудың, экономикамыздың іргелі салаларын “жасырын” монополияландыруға жол бермеудің айқын тетіктерін жасауды, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану туралы тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. 

Үшіншіден, біз табиғи монополиялар аясын барынша қысқартуға тиіспіз, біздің тиісті салалардағы бәсекелестік қатынастарды қайта құрылымдау мен дамытудың жаңа бағдарламаларын жасап, қолданылып жүргендерін жаңалауымыз керек. Экономиканың табиғи монополиялар сақталып қалған телекоммуникациялар мен аэронавигация, темір жол көлігі мен порттар, электр энергетикасы, мұнай мен газ құбыры көлігі, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы сияқты секторларын реттеу мен бақылау мақсатында тәуелсіз салалық реттегіштер жасақтауымыз керек. Алқалы органдар басқаратын бұл құрылымдар тарифтік және техникалық реттеу функцияларын қоса атқаратын болады. 

Информация о работе Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы