ТМД және Қазақстан елдеріндегі туризмнің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 20:32, курсовая работа

Содержание

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I бөлім. Туристік қызметтің әлемдік экономикалық негіздері
Туризмнің экономикалық мазмұны
1.2. Туристік нарық әлемдік экономикалық қатынастың көрсеткіш саласы ретінде
II бөлім. Қазіргі туризм әлемдік экономиканың басты дамытушы факторы
2.1. Қазіргі туризмнің экономикадағы ролі
2.2. Туризм қызметінің Қазақстан экономикасына әсері 2.3. Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері
III бөлім. Туризмнің экономикалық даму болжамдары
3.1. Әлемдік нарықтық технологиялар эволюциясы
3.2. Қоршаған орта және оның туристік нарықтың дамуына әсері
3.3. Халықаралық туризмдегі ақпарат көздері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

әлемдік экономикадағы қазіргі туризм.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым министрлігі

Қазақ экономика, қаржы  және халықаралық  сауда университеті

«Экономика  және бизнес» факультеті

«Экономика  кафедрасы» 
 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «Халықаралық туризм тарихы»

Тақырыбы: “ТМД және Қазақстан елдеріндегі туризмнің дамуы” 
 
 
 
 
 
 

                       Жетекші: Аға-оқытушы

                                                                                                      Оразаева З.А.

                      

                                                                                 Орындаған: ЭБ-203 тобының студенті Мухамеджанов Е.Т

                              
 

Астана 2009

ЖОСПАР 

КІРІСПЕ                                                                                                                                                                                                              

     

I бөлім. Туристік қызметтің әлемдік экономикалық негіздері

    1. Туризмнің  экономикалық мазмұны                                                                            

1.2.     Туристік нарық әлемдік экономикалық қатынастың көрсеткіш саласы ретінде                                                                                                                     

  II бөлім. Қазіргі туризм әлемдік экономиканың басты дамытушы факторы

2.1.  Қазіргі туризмнің экономикадағы ролі                                                              

2.2. Туризм қызметінің Қазақстан экономикасына әсері                                     2.3. Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері                                      

III бөлім. Туризмнің экономикалық даму  болжамдары

3.1. Әлемдік нарықтық технологиялар эволюциясы                                        

3.2. Қоршаған орта және оның туристік нарықтың дамуына әсері              

3.3. Халықаралық туризмдегі ақпарат көздері                                                     

Қорытынды                                                                                          

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                                          
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

     Туризм  қазіргі қоғамдағы бүкіл инфрақұрылымның  дамуын ынталандырады: экономика, мәдениет, әлеуметтік сала және коммуникациялар. Туризм қоғамдық құбылыс ретінде  экономикамен, экономика ғылымымен байланысты. Себебі туризмнің өзі шаруашылықтың, экономиканың бір саласы болып есептеледі. Туризммен ақша, өндіріс, сауда қатынастары байланысты. Туризм арқылы мемлекеттік бюджетке ақша түседі, бағаның қалыптасуы жүреді. Туристік сфера бойынша жарнамалық қызмет жүзеге асады және туристік фирмалар, туристік операторлар, туристік агенттер жұмыс атқаратын өзіндік кәсіпорындар болады.

    Туризм  бұл қазіргі кездегі экономиканың басты дамытушы фактор болып есептеледі. Жәй қарасақ, туризм аса күрделі  немесе инновациялық экономика саласы емес, бірақ, осы туризм саласында қазіргі таңда ең көп инвестициялар құйылып жатыр және ең бастысы, халықтың қызығушылығы да осы салада. Көп адамдардың ойы бойынша машина жасау немесе мұнай өндіру салалары  экономиканың ең маңызды салалары салалар болып табылады. Бірақ қазіргі жиырма бірінші ғасырда туризм саласы ең маңызды сала болып табылады. Дүниежүзілік туризм ұйымының мәлімдеуінше, әлемдік экономиканың бір саласы туризм жалпы ұллтық өнімнің 10 пайызын, халықаралық инвестицияның 12 пайызын береді.   Туристік саланы дамыту әжептеуір қаржыны қажет етеді. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 миллион бірлік құрайды.Әлемдік экономикаға ( қызмет көрсетудің жалпы өндірісі ) қосқан үлесі 3,5 трлн долл. 2008ж бағаланады.

    Қандай  мемлекеттің болмасын бюджеттік  қаражатын толықтыруға ауқымды  үлес қосатын сала – туризмді дамыту және бұл бағыттағы жұмыстың пәрменділігін арттырудың маңыздылығы жоғары екені белгілі. Сондықтан да,  ұлттық туризм саясаты, оның экономикалық-әлеуметтік дамудағы орны сияқты мәселелер назардан тыс қалмауы керек. Туризм саласы қарыштап дамыған елдер тәжірибесін үйрене отырып, республикада бұл бағыттағы іс-шаралардың одан әрі жетілдірудің қажеттілігі зор. Көпшілікке белгілі бүгінгі жаппай жаһандану дәуірінде туризм – халықаралық ауқымдағы бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылысқа айналды. Тарихы терең, ұлан-байтақ жері көркем біздің елде туризмнің сан алуан түрін дамытуға мүмкіндік мол. Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметі бойынша туризм – әлемдік экономикадағы түсімі мол ырғақты ірі сала. Негізгі мәселе – іс тетігін тауып, іскерлікті арттыруда екендігі сөзсіз.

    Осы таңда Қазақстан Республикасында  туризм индустриясын өркендету жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі қалыптаспаған кезде бүтін индустрия туралы не айтуға болады?

      Қоғам бұл мәселені айтып, жоғары деңгейге дейін сұрақ көтеруі тиіс.

      Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын,  жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің  өсуіне әсер ететін,  жергілікті халықтың  тұрмысын көтеретін  экономикалық құбылыс.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I бөлім. Туристік  қызметтің әлемдік экономикалық негіздері

    1. Туризмнің  экономикалық мазмұны

    Қазіргі таңдағы туризм – бұл көптеген елдерде қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік-экономикалық кешеннің саласы. Қазіргі кезде әлемдегі әрбір  жетінші орын   туристік бизнеске келеді. Туризм бұл қазіргі кездегі экономиканың басты дамытушы фактор болып есептеледі. Жәй қарасақ, туризм аса күрделі немесе инновациялық экономика саласы емес, бірақ, осы туризм саласында қазіргі таңда ең көп инвестициялар құйылып жатыр және ең бастысы, халықтың қызығушылығы да осы салада. Көп адамдардың ойы бойынша машина жасау немесе мұнай өндіру салалары  экономиканың ең маңызды салалары салалар болып табылады. Бірақ қазіргі жиырма бірінші ғасырда туризм саласы ең маңызды сала болып табылады.

  Туризмнің екі тенденциясы бар: сыртқы экономикалық және саяси факторлардың ықпалына шалдыққыш және қолайлы емес жағдайда өзін тез қалпына келтіру. 

  Туризм  экономикасы туризм сферасында өндіру, тарату, айырбастау және туристік қызметті тұтыну процесі кезінде пайда  болатын қарым-қатынас жүйесі. Туристік фирманың экономикасы – туристік өнімді жүзеге асыру нәтижесінде табыс, кіріс, өндіріс факторларының жиынтығы.  Туристік фирманың кірісінің құны оның даму деңгейімен сипатталады.  Туризмнің сала ретінде дамуы  және қалыптасуы,   туристік қызметтерді жүзеге асыратын  сандық көлемін және сапасын көрсететін белгілі бір экономикалық жүйенің көрсеткіштерімен  сипатталады.  Туризм елге шет ел валютасының ағуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, инфрақұрылымның жақсаруына  көмектесіп, аймақтың экономикасына және дамуына зор ықпал етеді. Туризмнен максималды пайда табу үшін әр ел өздерінің туристік саясатын құрады. Бұл мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының бір түрі болып табылады.

  Мемлекеттің туристік саясаты – бұл  туризм дамуына  мемлекеттің ықпал ету форма, әдіс және бағыттардың жиынтығы. Негізгі туристік саясат бағыттары: саяхатшылардың құқығын қорғау, турөнімді өндірушілердің құқығын қорғау,  кіру және шығу туризміне халықаралық қолдау көрсету.  Туристік саясат  туристік тактика және стратегия негізінде құрылады.  Туристік стратегия – жүзеге асыру үшін  уақыт және үлкен қаржылық ресурстар   қажетті  мақсатты бағдарламалар құру.  Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 231 Жарлығыь бойынша, 

Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк  бағдарламасы  құрылған.  Туристік тактика – қойылған нақты мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістер. 

           Сонымен, туризмді  дамытып жатқан кез-келген мемлекет  одан максималды экономикалық тиімділік табуға тырысады. Туризмнің экономикалық тиімділігі дегеніміз – мемлекет масштабында туризмді дамытудан  алынатын табыс.  Туризмді қызмет сатушы ретінде әлемдік нарықтағы көрінбейтін экспорт деп атауға болады.  Туризмнің мемлекет экономикасына тура әсері – бұл туристің  туризм қызмет және тауарды сатып алатын туристің табысының нәтижесі. Тура әсер туристердің туристік кәсіпорындарға жұмсайтын қаржысы, туризм қызметкерлерін материалдық қамтамасыздандыру және жаңа жұмыс орындарын құру  деп түсіндіріледі. Аймақтың дамуына тура әсерден басқа,  қосымша әсер, немесе «мультипликатор әсері» деген  бар. Мультипликатор (латынның – көбейтетін) анықтамасы экономика ғылымына 1931 жылы ағылшын экономисті Ричар Канмен енгізілген. Туризмнің табысының мультипликатор әсерін келесі мысал бойынша түсіндіруге болады. Шет ел туристерінің тобы белгілі бір аймақта туристік тауар және қызметтерге анықталған қаржы жұмсайды. Туристік кәсіпорын табысы – бұл олардың туристік тауар және қызмет сатудан түскен пайдасы. Аймақтың табысы- осы кәсіпорынға түскен пайдадан алынған салықтар. Экономиканың дамыту  кезеңіне  де  жағдай     жасауға  болады.  Осындай  мәселелермен  де   байланыстыруға  болады .  Туризм  тек   қана      индустрия  мен  бизнестік  түрі  ған  емес  сонымен  қатар  ол  қоғамдағы      адамдардың  еңбеке     жарамдылығы  мен  өмір  сүру  жасында    ұзартуға   жағдай      жасай  алады . Халқаралық  туризмнің  жақсы  жақтарында  елдегі  экономика  мен  саяси  жағдайларына     сыртқы   және  ішкі  жағдайларына   осындай жақтарымен  де       әсерін      тигізеді  деп айтуға болады.

    Туристік фирма жергілікті тауар және қызметті сатып алғанда  туристердің ақшасы аймақ экономикасына жұмыс істейді. Осы тауарлар мен қызметтердің сатушылары туристерден ақша алып, өздерінің қызметкерлеріне айлық ақшаларын төлейді. Олар өз кезегінде ақшаларын тауар сатып алуғыа, қызмет төлеуге және т.б. қажеттіліктеріне жұмсайды. Дегенмен, қызметкерлер ақшаларын шетелде демалуға және шетел тауарларын сатып алуға жұмсаса, аймақтан ақша қаражаты ағып кетеді.  Ақша қаражатының сыртқа ағуы – бұл сақталған ақша мен импорттың комбинациясы. Тура және қосымша әсердің жиынтығы  жергілікті экономика әсеріне анықтайды.  Аймақ сыртына жұмсалған ақша  неғұрлым көбірек болса, соғұрлым мультипликатор әсері көбірек. Сонымен, мультипликатор әсері – бұл жергілікті экономикаға туристердің жұмсаған ақшасы, жергілікті тұрғындармен қанша рет жұмсалған санын көрсетеді.   
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2. Туристік нарық әлемдік экономикалық қатынастың  көрсеткіш саласы ретінде 

  Туристік  нарық – бұл туристік – экскурсиялық қызметтің ақшаға және керісінше  ақшаның туристік – экскурсиялық қызметке айналу процесі жүретін  әлемдік шаруашылық байланыстың  жүйесі. Басқа сөзбен айтқанда, туристік нарық –  туристік өнімді өндірушілер  мен  тұтынушылар арасындағы экономикалық қатынастрдың көрсеткіш саласы.  Егер, туристік өнімді өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық көзқарастары  сәйкес болса,  туристік өнімді сату-сатып алу акті жүреді.  

  Нарық көптеген функциялар атқарады: ақпараттық, делдалдық, реттеуші, баға құрастырғыш, ынталандырушы, дифференциалды. Бірақ, туристік нарықтын негіз салушы функциясы ретінде келесілерді көрсетуге болады:

  1. Тутынушылық құнды жүзеге асыру;
  2. Туристік өнімді өндірушіден  тұтынушыға жеткізу процесін ұйымдастыру;
  3. Еңбекке  материалдық ынталауды экономикалық қамсыздандыру.

Туристік  нарық бірінші функцияны атқару процесінде құн құру жүреді. Бұл  айырбастау негізінде көрінеді: ақша ↔ туристік өнім. Бұл айырбастың аяқталуы тауарлық – ақшалық қатынастың аяқталуын білдіреді.

      Туристік  өнімді өндірушіден  тұтынушыға жеткізу  процесін ұйымдастыру функциясы  турагенттіктер мен туроператорлар жүйелерін құру арқылы жүзеге асады.

      Еңбекке  материалдық ынталауды экономикалық қамсыздандыру функциясы  «ақша-туристік өнім» айырбасы процесінде  анықталады. Өздерінің қызметтері үшін ақша табатын туристік фирма қызметкерлерінде  туристік өнімнің сапасы мен санын өсіру деген материалды ынта туады. Олар туристік өнімді сатып алушылардың қалауы бойынша өндіруге тырысады. . Сондықтан туристік фирмалар барлық клиенттердің сұранысын қанағаттандыру мақсатында өздерінің күш – қуатын кең көлемде пайдалана алмайды. Тиімді және пайдалы іс – әрекет үшін мақсатты маркетинг концепциясын қолданады. Яғни негізінен төрт іс-әрекет қолдануды қажет етеді:

  1. Нарықты сегменттеу – сегменттеу принциптерін анықтау, алынған сегменттердің қыр –сырын құрастыру.
  2. Нарықтың мақсатты сегментін анықтау  немесе алынған сегменттердің тартымдылық деңгейін бағалау. Бір немесе бірнеще сегмент таңдау.
  3. Нарықта тауарды ұстаным жасау – әрбір мақсатты сегментте тауардың ұстану жолында шешім қабылдау.
  4. Әр мақсатты сегментке макетинг кешенін жасау.

Информация о работе ТМД және Қазақстан елдеріндегі туризмнің дамуы