Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:25, курсовая работа

Описание работы

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 35бет

Работа содержит 1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать)

Олар бүкіл Қазақстан бизнесі үшін корпоративтік басқарылымның үлгі-қалыбына айналуы тиіс. 

Біріншіден, мемхолдингтердің жұмысы Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес құрылуы қажет. 

Екіншіден, мемхолдингтер қызметінің ашықтығын арттыра берген жөн. Қоғам бұл компаниялардың стратегиясы, олардың меншіктік құрылымы, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері және тағы басқалары жөніндегі ақпаратқа қанық болуы керек. 

Үшіншіден, мемхолдингтердің шаруашылық қызметі, жеке құрамды іріктеуі және басқалары ашық конкурстық ресімдер негізінде жүзеге асырылуға тиіс. 

Төртіншіден, стратегияны жүргізу үшін басқару, қаржы мен қызмет нәтижелеріне тиімді бақылауды жүзеге асыру үшін Директорлар кеңесінің ұтымды жұмысын қамтамасыз еткен жөн. 

Бесіншіден, біздің ойымызша, мінсіз беделге ие тәуелсіз аудитордың тартылуы арқылы мемхолдингтер жұмысының қорытындылары бойынша жүргізілетін жыл сайынғы аудит аталған холдингтер қызметіне айқын, ашық жүйелілікті қамтамасыз етуге және осы жария түрде олардың қызметіне баға беруге жәрдемдесетін болады. 

Мұндай қағидаттар барлық мемхолдингтер жұмысын айқындауға тиіс. 

Мемхолдингтер басшыларына 2007 жылғы тамыздан кешіктірмей, Президенттің бекітуі үшін өздерінің дамуы мен жаңа құрылымының тұжырымдамасын ұсынуды тапсырамын. Стратегиялары мен құрылымдары бекітілгеннен кейін “Самұрық”, “Қазына”, “ҚазАгро” алдарына қойған міндеттерді іске асыруға кірісулері керек, ал басшылары олардың жұмыс нәтижелері үшін дербес жауап береді. 

Бесінші бағыт – Өндіруші сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық қайтарымдылығын едәуір арттыру 

Біз алдағы уақытта да жауапты әрі өзара тиімді энергетикалық саясат жүргізуге ниеттіміз. 

Көмірсутегі секторын одан әрі дамытуды, шетелдік және жергілікті инвесторларды тартуды экономиканы әртараптандырумен тікелей байланыстырып, осы арқылы жаңа, келешегі зор өндірістер құру жөніндегі маңызды міндеттерді шешу керек. 

Үкімет тиісті заң жобасының қажеттігін қаперге ала отырып біздің табиғи ресурстарымызбен жұмыс істейтін ірі инвесторлардың алдына Қазақстанды индустрия¬лан¬дыруға үлкен әрі нақтылы үлес қосуы жайында мәселе қоюы керек. 

Біз, ең әуелі, Қазақстанның ұлттық басымдықтарын негізге аламыз. Бұл ретте біз көршілеріміз бен халықаралық әріптестеріміздің тұрақтылығын, болжампаздығын және ұзақ мерзімді мүдделестігін қамтамасыз етеміз. 

Қазақстанның өңірлік энергетикалық кеңістіктегі тұғырын одан әрі нығайтудың тұтастай стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті. 

Біріншіден, Үкімет мемхолдингтермен бірлесіп, қазақстандық энергияны экспортқа шығарушылардың халықаралық рыноктардағы қолжетімділігін қамтамасыз ету және ынталандыру жөнінде нақты шаралар қолдануға тиіс. 

Екіншіден, Үкімет газ өндіру саласының жаңа стратегиясын тұжырымдауы және оны іске асырудың заңнамалық негізін жасауы тиіс. 

Үшіншіден, энергетиканы үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін өз көршілерімізбен келелі келіссөздер жүргізіп, олардың көздерін Орталық Азияда өңір мемлекеттерінің энергетикалық желілерінің кешенді жүйесін жасақтау тиімді болатынына, сондай-ақ өңірлік және халықаралық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нарықтық жүйе қалыптастыруға жәрдемдесетін Энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құрудың да маңызды екеніне көз жеткізуіміз керек. Мұның өзі өңірдегі барлық елдердің мүддесіне сай келеді. 

Төртіншіден, өзіміздің табиғи ресурстарымызды ұқыптылықпен пайдалану және қоршаған ортаның ластануы, ескірген әрі “лас” технологияларды бақылаусыз әкелу, қалпына келетін ресурстарды тиімсіз пайдалану секілді және басқа да проблемаларды шешу үшін ықпалды заңнамалық негіз қалыптастыру қажет. 

Каспий қайраңындағы мұнай өндірілетін кен орындарын игеру барысында табиғатты қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту қажет. Үкімет көмірсутегін өндіру кезінде “Жасыл мұнай” қағидаты бойынша экологиялық стандарттарды қатаң сақтауға міндеттейтін халықаралық сертификаттар енгізу мәселесін қаперге алуы тиіс. 

Информация о работе Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы