Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:25, курсовая работа

Описание работы

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 35бет

Работа содержит 1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать)

Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады. 

Саяси өзгерістердің біз үшін басты мақсаты – биліктің бір мезгілде елде саяси тұрақтылықты сақтап, біздің азаматтардың барлық Конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ете отырып, қоғам мен мемлекетті басқарудың барынша тиімді жүйесін қамтамасыз ете алатын осы заманғы демократиялық пішініне қарай қадам басу. 

Қуатты мемлекеттік билік пен демократия – бір-біріне кереғар емес. Демократия тек заңдылық қатаң сақталатын жерде ғана дамиды. 

Мен Парламентті, Үкіметті және азаматтық қоғамның барлық институттарын осынау басты мақсатқа қол жеткізуге шақырамын. 

Тоғызыншы міндет – халықаралық іс-тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. 

Біз мемлекеттік  басқарудың корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілігі қағидаттарын арқау ететін сапалық жаңа моделін түзудеміз. 

Біздің мақсат – Үкіметті жаңғырта жаңарту, жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын жасақтау. Олар болса, мемлекет көрсететін қызметтің басты тұтынушылары – барлық азаматтар мен бизнестің тікелей талаптарына бағынуға тиіс. 

Осынау міндетті шешудің жауапкершілігін тұтастай Үкіметке жүктеймін. 

Оныншы міндет –  жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ілгерілету. 

Бүгін біз басқа елдермен көкейкесті проблемалардың кең ауқымын шешуде ынтымақтасып отырмыз. Бұл энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету де, өмірлік маңызы бар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу де, лаңкестікпен күрес те, індеттер мен экологиялық апаттарға қарсы күрес те. Біз алдағы уақытта да өңірлік ынтымақтастық пен халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретіндегі өзіміздің рөліміз бен беделімізді нығайта беретін боламыз. 

Бұл – барлық саяси, экономикалық және қоғамдық басшылардың, алайда, ең алдымен, біздің сыртқы саяси ведомствоның жауапкершілігі. 

Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз. 

Сондықтан да Үкіметке 2030 Стратегиясының негізгі қағидаларын Жаңа Кезеңде дамытатын барлық жоғарыда аталған міндеттерді дәйектілікпен шешуді тапсырамын. 

Оларды орындау үшін мен біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындадым, бұл – Қазақстанның жаңа кезеңдегі даму стратегиясы. 

Ол менің Жолдауымның екінші бөлімінде баяндалды. 

Бізге табысты билік  тармақтарының, бизнес-қауымдастықтың, академиялық және қолданбалы ғылымның, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тардың жұмысын осы заманғы ұйымдастыру және іс-әрекетін нақты үйлестіру және, әлбетте, отандастарымыздың қолдауы қамтамасыз ететін болады. 

VІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕР – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУДЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЛАРЫ 
 
 

Біз осы таяуда ғана тәуелсіздігіміздің он бес жылдығын атап өттік. Өткен жолымыз лайықты жол болды, ал біздің бірлескен шешімдеріміз бен тындырған ісіміздің нәтижелері таңданарлықтай болды. 

Мұның бәрі де, жаңа жалпықазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімділікті туындатады. 

Тарих халық өзінің ерік-жігерін тарихи ауқымдағы жобаларды іске асыру үшін жұмылдырған кезде жаңа даму деңгейіне көтерілетінінің жарқын мысалын аз білмейді. 
 
 
 

Информация о работе Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы