Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:25, курсовая работа

Описание работы

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 35бет

Работа содержит 1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать)

Жетінші міндет –  атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту. 

Біз шын мәнісінде зәру адамдарға атаулы қолдау көрсету жөніндегі саясатымызды жалғастыра береміз, бірақ оны нақты нарықтық қағидаттар негізінде шешеміз, бұлар: 

қолжетімді тұрғын үй сатып алу мен жылжымайтын мүлік рыногын дамыту мәселелері. Мемлекеттік тұрғын үй салуды дамыту бағдарламасын іске асырудың екі жылында 11 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй іске қосылды. 2007 жылы 7 млн. шаршы метр іске қосылады. Үш жылдың ішінде 160 мың отбасы мен жарты миллионнан астам қазақстандық жаңа қоныстанушылар атанады. Бағдарлама 30 пайыздық озықтықпен орындалуда; 

медициналық қызметтің сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту; 

жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру және жұмыс орындарын жасақтау. 

Бұл үшін мемлекет, ең алдымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі жауапты болады. 

Сонымен қатар Үкіметке Астананың әкімдігімен бірлесіп, еліміздің бас қаласында тұрғын үй құрылыс жинақтаулары жүйесі арқылы бюджет саласының қызметкерлері үшін жедел қарқынмен тұрғын үйлер салу мәселесін пысықтап, қолға алуды тапсырамын. 

Бұл елордамызда құрылатын қуатты медициналық және білім беру кластерлерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қажет. 

Сегізінші міндет –  дамуымыздың жаңа кезеңінің ығытына сәйкес саяси жүйемізді жаңғырта жаңарту. 

2007 жылы біз жүйелі демократиялық реформаларды одан әрі іске асыруға кірісеміз. 

Демократиялық реформалар бағдарламаларын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемкомиссия саяси партиялар¬дың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылардың ұсыныстарын, еліміз азаматтарының пікірлерін қорыта келіп, мемлекеттегі алдағы саяси жаңғыртулар жайында нақты ұсыныстар дайындады. 

Маңыздысы сол, бұл ұсыныстар бөгденің тәжірибесін көшіру немесе дерексіз теорияларды қайталау емес. Олар біздің қоғамымыздың қажеттіліктерін, қазақстандық нақтылықтарды ескереді. Бізде саяси реформалардың өз моделіміз, саяси көшудің өзіндік “Қазақстан жолы” қалыптасу үстінде. 

Оның ерекшеліктері мен етене белгілері – президенттік басқару жүйесін сақтау, реформалардың кезеңдестігі, қабылданған шешімдердің екшенділігі, жалпыұлттық үнқатысу мен негізгі саяси күштердің топтасуы. 

Ұсыныстардың құқықтық ресімделуін қамтамасыз ету үшін қазірдің өзінде іске кіріскен заңгерлер тобы еліміздің Конституциясына, сондай-ақ жекелеген заңдарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуде. 

Тұтастай алғанда, демократиялық реформалардың алдағы кезеңі мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі. 

Біріншіден, Парламенттің өкілеттігін кеңейту. 

Парламенттің Конституциялық Кеңесті, Орталық сайлау комиссиясын, Есеп комитетін қалыптастырудағы, сондай-ақ, тұтастай алғанда, бюджетті бекіту мен атқарылуын бақылау мәселелеріндегі өкілеттіктері ұлғайтылады. Парламенттің Үкіметті жасақтаудағы рөлі күшейтіледі. 

Екіншіден, саяси  партиялардың рөлін арттыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады. Партиялық фракциялардың өкілеттіктерін кеңейту, саяси партияларды республикалық бюджеттен қаржыландыру ұсынылады. 

Біз Мәжілісті сайлау кезіндегі партиялық тізімді кеңейту туралы мәселені де қараудамыз. 

Үшіншіден, реформалардың аса маңызды бағыттарының бірі – сот-құқық жүйесін жетілдіру болады. Биылдан бастап біз алқа билер сотын енгіземіз. Тұтқындауға құзырлылықты соттарға беру туралы қағидаттық шешім қабылданды. Біз біртіндеп осы заманғы және ашық тұрпатты сот өндірісіне көшеміз. 

Төртіншіден, жергілікті өкілетті органдарды дамыту. Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беретін боламыз. Мәслихаттардың тексеру комиссияларын нығайтамыз. 

Информация о работе Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы