Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:25, курсовая работа

Описание работы

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 35бет

Работа содержит 1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать)

Біз бірге болған кезде табысқа жетеміз. Сондықтан сіздерге жаңа онжылдықтың стратегиясын ұсына отырып, сіздердің қолдау көрсететіндеріңізге сенемін. Және де бұл қолдау әрдайымдағыдай сенімді болатынын білемін. Демек, біз бірлесіп ойға алғанды орындап шығамыз.

Назар аударғандарыңызға рахмет. 

ІІ  бөлім 

ҚАЗАҚСТАН – 2030” СТРАТЕГИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ 

Ішкі  және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты 
 

Осыдан он жыл  бұрын – 1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін, дамуымыздың самғау сызығы қандай болуы керектігін анық білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Басым мақсатымызды дұрыс айқындап, стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныта білсек, алдымызда тұрған кез келген кедергілерді ойдағыдай еңсеретінімізге біз кәміл сендік. Біз қателескен жоқпыз. 

Біз бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты. 

Күн тәртібіне еліміз дамуының ой қисыны, сонымен қатар кең ауқымды сипаттағы терең мағынасы бар барынша байыпты түбегейлі қоғамдық міндеттер қойылып отыр. Осы заманғы қыр көрсетулер мен қатерлер әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қатынастардың бүкіл жүйесін неғұрлым серпінді жаңартуды табанды түрде қажетсінеді, мұның өзі Қазақстанның Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі кеңістіктегі әрі Орталық Азиядағы көш бастаушы тұғырын сақтап, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан мемлекетінің біріне айналуына мүмкіндік береді. 

Қазақстанды жан-жақты жаңартудың Жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары ретінде мен ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындап отырмын. 

І. Қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат 

Бірінші бағыт – Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің орнықты сипатын қамтамасыз етуге бағытталған толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру 

Әлемдік шаруашылықтың жаһандық жүйесі – өзінің ережелері бойынша жұмыс істейтін қалыптасқан әрі орнықты тетік. Біз де осы ережелерге сай жұмыс істеуіміз керек. Әлемдік рынокта бізді күтіп тұрған ешкім жоқ, бірақ біз онда қажеттігімізді танытып, іргемізді бекітіп алуымыз қажет. Ол үшін бізге мыналар қажет: 

Біріншіден, Қазақстан экономикасының сыртқы рыноктарға шығатын негізгі салаларына олардың экспорттық табыстылығының деңгейі мен соны айқындайтын факторлар тұрғысынан жүйелі талдау, мониторинг және бағалау жүргізу. Мұның өзі, ең алдымен, жоғары өнімділік, жұмсалатын шығындардың төмендігі, басқа елдердің қолы жетпейтін ресурстар мен материалдардың болуы, біліктілігі жоғары білікті жұмыс күші, дербес технологиялар және т.т. Әзірге мұндай жұмыс толық көлемінде орындалмай отыр. 

Екіншіден, басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-ақ нақ сол халықаралық рыноктарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға салыстырмалы талдау жүргізу; қазақстандық экспорттаушылар мен экономика секторларының кейіндеп қалуына әкеліп соғатын немесе, керісінше, оларға салыстырмалы артықшылықтар жасайтын факторларға баға беру. 

Үшіншіден, нақты экспорттық салалардың оң және теріс тұстарына баға беру және қолдағы артықшылықтарды қай жерде қолдану, ал керек жерінде орын алған проблемаларды жоюдың бағыттарын айқындау. 

Бұл ретте біздің келешегі зор өндірістерді, соның ішінде ішкі рынокты дамыту жөнінде жасалған іс-қимылдың тиімділігіне баға беріп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыруымыз қажет. 

Төртіншіден, осындай жүйелі талдаудың негізінде біз өнеркәсіптің құрылымын өзгертуге қабілетті әрі едәуір қосымша құнға ие еселемелі тиімділігі, экспорттық және ресурстар үнемдеуші әлеуеті бар серпінді ауқымды зор жобалар әзірлеуіміз қажет. 

Информация о работе Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы