Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 07:39, курсовая работа

Описание работы

Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы

1.1 Несие теориясы және оның дамуы, Несие түрлері…………………..8

1.2 Несие қызметінің түсінігі.......................................................................20

1.3 Несие мен ақшаның өзара әрекеті..........................................................21

1.4 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері............23

ІІ. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары



2.1 Банк жүйесінің даму тарихы.................................................................26

2.2 Банк жүйесінің құрылымы...................................................................30

ІІІ. Қазақстан Республика банк жүйесінің дамуын талдау және оны жетілдіру жолдары

3.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау.....................................33



3.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау..........................39

Қорытынды..........................................................................................................



Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................

Работа содержит 1 файл

эконом теория.doc

— 350.00 Кб (Скачать)

     Дегенмен  осы декектерге сүйене отырып, банктердің  пайда болуының  екі мың  жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.

     Банк  италян сөзiнен Bank –  орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас  орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны  туарлармен сауда  жасалатын алаңдарда  құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың  жекелеген  тұлғалардың  әртүрлі  монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың  біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың  сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монетаар кедескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының  өкілдері саудагерлердің  ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің  ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің  ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртінде, банкирлерге айналды,

     Біздің  түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың  және олардың  айырбас орындарының  болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің  Италияда пайда болу себебі, оның  сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің  ақшалары мен тауарларының  сол елге қарай ағылып, банкирлердің  сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың  пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің  сауда компаниялары пайда болып, оар өздерінің  тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіпи отырған.

     Тарихшылардың  пайымдауынша алғашқы  банктік операцияларды  жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен.

     Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын  ең сенімді орындар  болған. Сол уақыттары  елгілі гректің  шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид  шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің  салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық Грецияның  бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.

     Сөйтіп, алғашқы банктер  жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз  жатуға болмайтындығын, оарды уақытша  пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.

     Банктер несиелік оерациялар жүргізумен қатар, салым  иелеріне біртіндеп  есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің  бір шотынан басқа  бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.

     Есеп  айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің  банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.

     Мұның  өзі алғашқы бактердің  капитализмнің  мануфакиура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда блғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың  болуы банктердің  пайда болуының  тек алғышарттарын ғана сипаттайды.

     Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме»  ретінде сипатталады. Несиелік істің  даму денгейіне байланысты және несие берушілердің  несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің  несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың  қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің  клиентінің  тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының  осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін бітұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің  мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің  құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың  құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.

     Қазақстанда банктердің  дамуына  кееті болсақ, Қазақстанда  банк жүйесінің  дамуы  келесі кезеңдерден  тұрды:

     Бірінші кезең; 1917 ж.мен 1930 жылдар араығында патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан  қалыптастыру, бұл  кезде әртүрлі  меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

     Екінші  кезең:  1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы  елде КСРО Мемлекеттік  банкі әмбебеп  қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің  Орталық  банкі ретінде  эмиссиялау және несие  беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсеті.

     Үшінші  кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік  мамандандырылған банктердің  құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік  банкі банктердің  банкісі ретінде  эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың  әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басыда кооперативтік әне коммерциялық банктер де құрыла бастады.

     Төртінші  кезең, 1991 жылдан қазірі уақытқа дейін  нарықтық банк жүйесінің  қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың  нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі денгейлік банк жүйесінің  пайда болуы және дамуы.

     Осы кезеңдерді сипаттаманы  келе келесі кестеден көруімізге болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кесте 1

     Қазақстанда банк жүйесінің  қалыптасу  және даму кезеңдері 

1930 жылға дейінгі банк жүйесі 1930-1987 жылдар (одақтық бір  денгейлі банк  жүйесі) 1988-1990 жылдар (одақтық бірденгейлі  маманданған банктер  жүйесі) 1991 жылдан бастап (дербес  екі денгейі банк  жүйесі)
Ресей Мемлекеттік банкі  және көптеген несие  банк мекемелері 1КСРО  Мембанкі (оның  ішінде  КСРО мемлекеттік  еңбек жинақ кассалары  жүйесі).

2КСРО  Мемлекеттік Құрылыс  банкі.

3 КСРО Сыртқы сауда  банкі.

1банк  жүйесін қайта  ұйымдаст-ыру:КСРО  Мем-банкі және  маманданды-рылған  банктер: КСРО  Өнеркәсіп құрылыс  банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі, КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы экономика банкі.

2 Жаңадан кооперативтік  және коммерциялық  банктердің  құрыла  бастауы. 

Егемен  Қазақстанда өзінің  банк жүйесінің  құрылуы. Екі денгейлі банк жүйесі Ұлттық банк және коммерциялық банктер.
 

     Қазіргі уақытта экономикасы  нарықтық типпен дамыға мемлекеттердің  барлығында дерлік екі  денгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Оның  бірінші денгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету тағы басқа  қызметтер, ал екінші денгейіне клиентерге қызмет көрсету негізделген. Бұл елдердің  тәжірибесі дәлелдегендей олардың  арлық жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.

     Банктерді эмиссиялық және коммерциялық деп бөлу Қазақстан мемлекеттінің  жаңа экономикалық механизімін құруға септігін тигізеді 

     2.2 Банк жүйесінің құрылымы   

      «Қазақсатн  республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің  Жарлығында 1995 жылғы  31 тамыздағы заң күші бар жарлығындағы  «Қазақстанда екі денгейлі банк жйесі бар» деліген. Ұлттық банк –мемлекеттің  орталық банкі, ол банк жүйесінің  жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банк. Басқа банктердің  барлығы банк жүйесінің төмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.

      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында  нарықтық банк жүйесінде әр түрлі  меншік формасындағы банктер мен  несие мекемелері қызмет істеуде. Олардың  ішінде:

      Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның  жарғылық қорының иеленушісі үкімет.

      Инвестициялық банк – негізінен тікелей және порфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші енгейлі банк.

      5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған  акцияларының үштен бiрiнен астамы:  
     а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;  
     б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;  
     в) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.  
      Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк. 
 Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің  лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.      

 Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн  жүзеге асыруға құқылы коммерциялық  ұйым болып табылатын заңды  тұлға.  
      Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.  
     Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды. 
      Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

      Коммерциялық  банктер – кәсіорындармен ұйымдарға, ондай ақ халыққа тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің  негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу.

      Банктің  жарғылық қоры оның  міндеттемелерін  қамтамасыз етіп, банктік опреациялар  жүргізудің  негізгі көзі олып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың  жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің  құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің  акциясын төлеуге оның  несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің  акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның  көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің  оның  құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының  елу процентін акционерлері банк тіркеден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен басап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет /10/.

      Жарғылық  қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:

      Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның  ішінде банктің  пайдасын капталдандыру және банктің  облигациясын оның  акциясына айырбастау есебінен.

     Жалпы банктердің  қызметтерi:

  • уақытша бос ақша қаражатын тарту жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
  • кәсiпорындарға мемлекетке жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен операция жүргiзу;
  • ақша айналымын реттеу;
  • айналымға несие құралын шығару;
  • экономикалық, қаржылық кеңес беру;
  • эмиссиялық қызмет атқару.

     Банк  өзiнiң жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан әкiмет иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың  басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың  акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет iстейдi.

     Екіншіден акцияның  көрсетілген құнын өсіру  жолымен.

      Банктің  жоғары асқаушы органы акционерлердің  жалпы жиналысы, оның  ағымдағы қызметін банктің  басқармасы жүргізеді. Банктің  басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің  төрағасы және оның  мүшелері, Басқарманың  төрсағасы және оның  орынбасарлары, банктің  бас бухгалтері және оның  орынбасарлары, банк бөлімшесінің  бірінші басшысы және басбугалтері мен олардың  орыбасарлары саналады. Банктің  заңға сәйкес банктің  Басқармасының  төрағасы және оның  орынбасарлары, банк бөлімшесінің  бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің  келісімімен тағайындалады. әдетте оладың  банк үйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың  орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық бактің  келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.

Информация о работе Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы ролі