Бәсеке және Монополия. Сұраныс пен ұсыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 08:48, реферат

Описание работы

Рыноктың жұмыс істеу механизмі оның сұраныс пен ұсыныстарының негізгі элементтерінің өзара қатынастарына негізделген.
Сұраныс деп адамдардың әртүрлі тауарларды тұтынушылығын, олардың қалаулары мен сатып алу мүмкіндіктерін айтамыз.

Содержание

1. Сұраныс пен ұсыныс заңдары және оларға әсер ететін факторлар.
2. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті. Нарықтық тепе-теңдік.
3. Бәсекенің мәні, оның экономикалық рөлі. Монополия теориясы. Монополиялық бәсеке.

Работа содержит 1 файл

эконом теория22.doc

— 1.19 Мб (Скачать)

     

  Бәсеке нарық субъектісінің тепе-теңдік құкықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау.

 Бәсекенің болмауы  монополизмге алып барады. Сондықтан  жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің  құқықтарын нарықта өктем жүргізеді.

 Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар.

 Батыс сарапшыларының бағалауынша, бір тауар түрін  сатушылар 4-5 тен аз болмағаны жөн, ал 8-15-тен көп болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда-саттықты бақыласа, онда нарық монополияландырылған болып  табылады.

   Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі нәрсе. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде ХVIII-ші ғасырда ХІХ-шы ғасырдың соңғы ширегіне дейін байқалды. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат, концерн) тууына дейін болған.

   Классикалық (еркін) бәсекенің  орнына еркін емес, жетілмеген бағалык  емес монополиялық бәсеке келді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі монополиялық бәсеке теориясында айқын көріңді. Оның негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастангс (1899-1967 жж.) болды.

   Ол  монополиялық бәсекенің негізгі  ережесін жасады және бәсеке күресінің  бір түрін ерекше байқады: «өнімді дифференциациялау» үшін. Ол былай деп жазған: Жіктелумен бірге монополия пайда болады және «жіктелуді ұлғаюына қарай монополия элементтері көбірек бола бастайды» барлығында, қайда болса да белгілі дәрежеде жіктелу кездеседі. Әрбір сатушы өз меншігіңдегі өнімге абсолюттік монополияға пе, бірақ оған қарамай кейбір кезде жетілмеген ауыстырушылар тарапынан бәсекеге ұшырайды. Сондықтан өз-өзімен бәсекелестік күрес тәсілі ретінде момополиялар өнімді жіктеуге ұтылады.

   Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін, батыстың экономикалық ойы, қазіргі жағдайда ірі компаниялар барын айта отырып, олардың тауарды өткізу нарығына өзара бөлісуің көрсетті. «Көптеген ірі корнорациялар олигополиялық нарық күрылымында әрекет етеді,» — деп 1975 жылы американ экономистері Роберт Хейлбронер (1919 ж.) мен Лестер Туроу (1938 ж.) жазды.

   «Олар нарықты бөледі және бір-бірімен  жарнама, өнім жіктеуді, қызмет жасауды  ұсыну т.б. арқылы бәсекелестікке түседі». Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Басты қауіп монополияда жатыр немесе жетілмеген бәсекеде. Жетілген бәсеке көптеген өндірушілердің іске тартып, бірде бір фирманың тауар бағасыпа осер етуі болмауын қадағалайды».

   Жетілмеген  бөсеке бағаға қайдағы бір бәсекелес  әсер еткенде пайда болады. Шындығына  келгенде барлык иегерлер «еркін емес босекелестікке тартыл ған». Бәсекені оның тәсіліне қарай былай білеміз: бағалалық және баға еместік немесе өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке.

   Біртекті  өнімдер түрінің  нарықтың өзінде әртүрлі  бағаларды көрсетуі бағалық бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырьп, тауарына барынша назар аудартады жөне түптеп келгенде нарықта нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады.

   Баға  еместік бәсеке ең алдымен өнім сапасын  жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің  басты қаруы —жарнама, маркетинг факторларын  және басқаларын қолдану  болмақ.

   Қазіргі нарыктар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бесеке сипатымен  де бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополмялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы. Енді осыларға толығырақ тоқталайық.

   1. Жетілген бәсеке нарығы — кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан турады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осыңдай рыноктың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын — бидай, көкөніс, жеміс-жидек ж.т.б.

   2. Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі «монос» бір, «полео» — сатамын) — көптеген сатушылардың үқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады. Өнімдері бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы өрлеуі бойынша ажыратуға болады, сондай-ақ ассортименті, қызмет көрсетуі бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы — киім, аяқ-киім, тағам өнімдері, жағар маймен жүне т.б. бөлшек сауда жасау өте жақын.

   3. Олигополия (грек сөзі «олигос» — аздау «полео» — сатамын) — бірнеше деген сатып алушылар нарығын көрсетеді, байқалатыны, тіпті, осылардың кейбіреулері нарықтың көп бөлігін бақылайды. Өнім бұл жағдайда бір текті және әр текті болуы мүмкін олигополиялық бәсекені» бірдей бір белгісі сол оған қатысушылардың бағаның толыққанды көтерілгендігінің оң нәтижесіне есеп құра алмайды.

   Себебі  бәсекелестер оны төмендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық нарық жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған (мысалы, алюминий, болат, химия өнеркәсібі өнімі) немесе жіктелтен (мысалы, автомобиль, компыотер, ауылшаруашылық инвентарь, тұрмыстық прибор ж.т.б.).

   4. Таза  монополия нарықтың сондай түрі, онда бір ғана өндіруші бір  текті өнімді 100%-ға сатуды жүзеге  асырады және ол өнімді соған  жақын ауыстырушылар жок. Таза монополияға мысал ретінде жергілікті қоғамдық қолдану кәсіпорындары қызмет жасауы мүмкін: жергілікті телефон байланысы, электрі жүйесін жөндеуші және басқада қоғамдық қызмет жасау жүйелері.

   Бәсеке-құрылымдық үғым, ол бақталастық мінез-құлықтық үғым. Оны мына кестеден байқаймыз. Төртінші (25-4) кестеден көрінгендей, жетілген бәсеке кезінде, бақталастык болмайды, ал жетілмеген бәсекеде бақталастық мінез-құлық нарықта байқалып қалады. Монополия кезіңде бақталастық жоқ. Жеке өндіруші артықгау жағдайға ие болып, ол өнімнің нарығын бақыласа, онда өңдірістің монополиялық құрылымы пайда болады. Тіпті шағын кәсіпорынның өзіде монополист болуы мүмкін, егер оның тауар өндірісіндегі үлесі жоғары болса. Ірі корпорация монополиялық жағдайға ие болмауы да мүмкін, егер оның нарыктық қорқыны басқа өнідірушілермен тепе-тең болса. Монополизмге мынандай экономикалық қатынастар типінде жатқызамыз: жекелеген шаруашылық субъектілері өзінің мүдделерін контрагентеріне, жалпы қоғамға жүктеуі мүмкін және олардың өзіне керекті тұтынысың жокқа шығарады.

   Нарық жағдайын бақылай отырьш, бәсеке жағдай жасау мен қолдау мемлекеттік  антимонополиялық органдардың ісі  болып табылады. Бәсекелестік ортаның  қалыптасуына шағын және орта кәсіпорындар кызметінің еркіндегі ерекше роль атқарады.

   Қазақстан демонополизация (монополиядан айыру) қазіргі нарықтық реформа жағдайында  нарықтық шаруашылықтың қалыптасу кезінде антимонополиялық саясатты жүзеге асырудың тарихи жаңа тәжірибесі болды.Мұндай саясатты жүзеге асырудың нормативтік актілері мыналар болып саналады:

  • Қазақстан Азаматтық кодексі, нақтылап айтқанда, 11 бабы. Кәсіпкерлік еркіндігін пайдаланып қиянат жасауға жол бермеу.
  1. Заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, негізсіз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған монополистік және қандай болса да басқа қызметке жол берілмейді.
  1. Заң құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, кәсіпкерлердің азаматтық құқықтарды бәсекелестікті шектеу мақсатында пайдалануына, соның ішінде:
  2. кәсіпкерлердің рыноктағы өздерінің үстем жағдайын пайдаланып, атап айтқанда, тауар тапшылығын жасау немесе бағаны көтеру үшін тауар өндіруді шектеу немесе өндірісті тоқтатып тастау, не айналыстан алып тастау арқылы қиянат жасауына;
  3. ұқсас кәсіпкерлік қызмет жүргізуші адамдардың баға, рыноктарды бөлісу, басқа кәсіпкерлерді аластау туралы келісімдер жасауына және олардың  орындауларына;
  4. ұқсас  кәсіпкерлік қызмет жүргізуші адамның және тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым көрсетуге, бағытталған атап айтқанда, тұтынушыларды басқа кәсіпкердің тауар дайындаушысы, дайындау мақсаты, тәсілі мен орны, сапасы және өзге де қасиеттері жөнінен шатастыру арқылы, тауарларды жарнамалық және өзге де ақпаратта әдепсіздікпен салыстыру, бөтен тауардың сыртықы безендірілуін жол берілмейді.

    Теріс пиғылды бәсекелестікке қарсы күрес жөніндегі шаралар заң құжаттарымен белгіленеді.

    • «Бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы» Заң; 11 маусым 1991ж;
    • «Табиғи монополиялар туралы» Заң; 09.07.1998 ж;
 

Бәсекені  дамыту, монополистік қызметті шектеу жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзізу үшін 1991 жылы антимонополиялық саясат жөнінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитеті құрылды.

 
 
 
 

Қазақстандағы монополиядан айырудың мысалдары.

1 мысал. Қарағанды  облыстық "Жеміс-көкөніс"  сауда бірлестігін  мононолиядан айыру

"Жеміс-көкөніс" - қүрамында 6 жеміс-көкөніс базасы  бар (83 бөлшек саудалы көкөніс  дүкендері бар) облыстық сауда  бірлестігі болатын. Ол жеміс-жидек  және көкөніс өнімдерін сатып  алып, сақтап және облыс халқына  тарататын. Жаппай жекешелендіру  формасына сай "жеміс-көкөніс" бірлестігінің құрыл-тайлық қүжаттарын қараған Қарағандының антимонополиялық комитеті оның құрылымдық бөлімшелерінің (базаларының) технологиялық жағынан өзара байланысты еместіктерін анықтаған. Сөйтіп, сол облыстағы қалалар халқын жеміс-жидек жөне көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ететін бәсекелестікті тудыру үшін, Қарағанды АМК-і осы сауда бірлестігінен занды тұлғалық қүқықтары бар төуелсіз 6 акционерлік компания құрып, дербестендіру туралы шешім қабылдап, олардың қолдарына тиісті қағаздарын берген. Сондай-ақ көкөніс бөлшек саудасы да ішінара монополиядан айырылған. Ассоциацияның 83 дүкенінің 42-сі уақталып, шағын жекешелендіру тізіміне ендірілген. Ол мынаған жеткізді:

•   жеміс-жидектер мен көкөністерді тарату жөне бөлшек сауда деңгейіндегі бәсекелестікке;

•   жеміс-жидектер мен көкөністердің жеткілікті болуларына;

•   тұтынушылардың таңдап алуларына;

•   жеміс-жидектер мен көкөністер бағаларының төмендеулеріне;

•   жеміс-жидектер мен көкөністерді бөлшек саудамен сататын дүкендер мен жеміс-көкөніс базаларында халықтың жұмыспен қамтылуына туған үлкен мүмкіндіктерге;

•   құрылған акционерлік қоғамдардың қаржылық жағдайларын жақсартуға.

 

2 мысал. Қарағанды облыстық "Қарағанды нан өнімдері" өндірістік бірлестігін (ӨБ) мононолиядан айыру

Бірлестік 17 кәсіпорыннан, астық қабылдау пункттерінен (АҚП), элева-торлардан жөне тарату базаларынан тұратын. Комитет өндірістік бірлестіктің (ОБ) құрылтайлық құжаттарын жоне монополиядан айыру жоспарларын қарап, осы ААҚ (ашық акционерлік қоғамды) уақтату мақсатында занды түлғалық мәр-тебесімен 17 акционерлік қоғам құру туралы (бәсекелестікті дамыту туралы Заң негізінде) тиісті қағазын берді. Ол мынаған жеткізді:

•   қүрылған АҚ-ның шаруашылық қызметтерінің  түрлерін кеңейтуге. Кейбір АҚП (астык қабылдау пункттері) өсімдіктер майларын шығаруды үйымдастырды;

•   облыс  халқының жұмыспен мол қамтылу мүмкіндігіне;

•  құрылған акционерлік қоғамның қаржы жағдайын жақсартуға.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  • Экономикалық теория. Оқулық/ Әубәкіров Я.Ә., Байжумаев Б.Б-Алматы, 2000.
  • Экономикалық теория.ҚЭУҚ-Қарағанды, 2005.
  • Экономикалық теория. Оқу-тәжірибелік құрал/Шумеков З.Ш., Сүйіндіков Ж.С.,-ҚЭУҚ-Қарағанды 2005.
  • Ақша, несие, банктер. Оқулық/ Ғ.С. Сейтқасымов-Алматы: Экономика, 2001.
  • Экономикалық теория.Кесте альбомы./ Сүйіндіков Ж.С.,Толпаков Ж.С-Қарағанды 2001.

Қолданылған электронды ресурстар:

  • http://www.volnakz.com/
  • http://kaz-ref.com/

Информация о работе Бәсеке және Монополия. Сұраныс пен ұсыныс