Бәсеке және Монополия. Сұраныс пен ұсыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 08:48, реферат

Описание работы

Рыноктың жұмыс істеу механизмі оның сұраныс пен ұсыныстарының негізгі элементтерінің өзара қатынастарына негізделген.
Сұраныс деп адамдардың әртүрлі тауарларды тұтынушылығын, олардың қалаулары мен сатып алу мүмкіндіктерін айтамыз.

Содержание

1. Сұраныс пен ұсыныс заңдары және оларға әсер ететін факторлар.
2. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті. Нарықтық тепе-теңдік.
3. Бәсекенің мәні, оның экономикалық рөлі. Монополия теориясы. Монополиялық бәсеке.

Работа содержит 1 файл

эконом теория22.doc

— 1.19 Мб (Скачать)
 

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
     

                    

                                                                Кафедра: Экономикалық теория және халықаралық экономика

Пән: Экономикалық теория негіздері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Тақырыбы:  
 
 
 
 
 

Орындаған:.

                                                          Тексерген:  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қарағанды-2009. 

Жоспар: 

  1. Сұраныс пен  ұсыныс заңдары және оларға әсер ететін факторлар.
  2. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті. Нарықтық тепе-теңдік.
  3. Бәсекенің мәні, оның экономикалық рөлі. Монополия теориясы. Монополиялық бәсеке.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 1. Сұраныс пен ұсыныс  заңдары және оларға  әсер ететін факторлар.

 Рыноктың  жұмыс істеу механизмі оның сұраныс  пен ұсыныстарының негізгі элементтерінің өзара қатынастарына негізделген.

 Сұраныс деп адамдардың әртүрлі тауарларды тұтынушылығын, олардың қалаулары мен сатып алу мүмкіндіктерін айтамыз.

 Жеке  сұраныс - жекелеген сатып алушылардың не ана, не мына тауарларға ақша түріндегі қажеттіліктері.

 Нарықтык сұраныс -жеке сатып алушылардың қосынды сұранымдары.

 Жиынтық немесе ризалықпен қабылдау сұранымы ұлттық деңгейде қалыптасады және тауарлар мен игі қызметтердің шынайы ауқымын  көрсетеді, ол бағаның белгілі бір  деңгейінде барлық экономикалық субъектілерді сатып алуға дайын тұрады.

 Тұтынушының пәтер сатып алу жолы неден  басталады? Бәрінен бұрын бағасын  ойласады. Болашақ сатып алушы  әртүрлі аудандардағы әртүрлі пәтерлердің  бағасын сұрастырады, оларды салыстырып көреді, мұның сыртында оны жөндеудің қаншаға түсетіндігін есептейді. Бұдан кейін өзінің табысы мен пәтер бағасын мөлшерлейді, сонан соң барып тиісті шешім қабыл дайды.

 Талдау жүргізілген  экономика деңгейіне байланысты мынадай сүраным түрлері оқшауланады.

 

 Тұтынушылрдың әр түрлі тауарларға деген сұранымдары көптеген факторларға байланысты:

  • Тауардың бағасы
  • Басқа тауардың бағасы
  • Тұтынушының табысы
  • Тұтынушының тұрмыс деңгейі
  • Тауар қанағаттандыратын қажетттіліктің маусымдылығы
  • Үкіметтің экономикалық саясаты
 

 Экономистер "сұраныс", туралы немесе "сұраныс функциясы" туралы айтқан кезде, олар сатып алушылардың өртүрлі (баламалы) баға деңгейімен сатып алатын тауарлар санын немесе игі қызметтер көлемін көрсететін сұраным графигін анықтайды. Бір адам сатып алатын белгілі бір тауардың санын сол тауардың бағасын есепке алмай анықтау мүмкін емес, сұраным әлдебір жылжымайтын, қатып қалған мөлшер секілді сипатталынбауы керек. Керісінше, белгілі бір өнімге деген сүраныс баламалы өнімдер санының жиынтығын қамтыйды. Әр жағдайдағы мүмкін болған бағаның өзінде сұраным туатын әр қалай бағалар мен тауар санының арасындағы қатынас сұраным графигін жасайды.

 Сұраным графигі  немесе қисық сызық (сұраныс көрсеткіші) кез келген тауарлар үшін суретте  көрсетілгендей баға мен тауар санының  ара қатынасын қарапайым екіөлшемді графикпен беруге болады.

 

 Байқаңыздар, сұраным көрсеткіші (қисық сызық) құнның құлдырау заңын айқындап, төмен  қарай бағытталған. Басқаша айтқанда, бұл тәртіп бір текті тауар  адамда көп болған сайын, сол тауардың құндылығы ("жеке орнын басу" құндылығы) ол үшін азая береді. Сол тауардың келесі бірлігінде түтынушы беретін құндылық тұтынушының сол тауарға қажеттілігінің жал-пы ұлғаюына орай кішірейе түседі. (Басқа барлық тауарларға деген тұтынушылық өзгеріссіз қалған жағдайда). Мысалы балмұздақты ұнататын бала екі сағат ішінде шоколадты балмұздақтың бесеуін жеген соң, оған оның зауқы бұрынғыдай болмай қалатыны секілді.

 Мынаны ескеру керек, керісінше, тауардың салыстырмалы бағасы жоғары болған сайын, оның тұтынылу деңгейі төмен келеді. Белгілі  бір тауардың бағасы көтерілген кезде тұтынушы оны аз мөлшерде сатып алады (немесе көп мөлшерде, егер бағасы төмендесе), бұл дегеніңіз баға теориясының негізін түсіну үшін және антитрестік заңнама маңызды экономикалық постулат болып саналады. Бұл пікір әртүрлі тәсілдермен тұжырымдалынуы мүмкін: техникалық жағынан бағасына кері пропорцианальдық сұраным бар тауарлардың са-ны, графикалық жағынан сұранымның қисық сызығы (көрсеткіші) теріс немесе төмендеу еңкейісте болады; тауарың көп болған сайын, оны алғың да келмейді. Сұранымның қисық сызығы барлық тауарлар үшін теріс құлдыйлау негізінде жүріп, немесе бағаның төмеңдеуіне орай тұтыну деңгейі өсіп, немесе бір отырғанда балмұздақтың бірнешеуін жеген адамның одан әрі оған ақша шығаруға құлықсыздануы сияқты сұранымның негізгі заңының есте қалуы маңызды емес, негізгі идеяның түсінікті болғандығы маңызды.

 Байқалған қарекет  сұраным заңы қандай болуы керек  деген негізгі теореманы дөлелдейді, өйткені ол тұтынушылардың тілек-тері туралы және олардың рыноктағы қарекеттері  туралы жалпы шындықты баяндайды. Мысалы, 70-ші жылдардың басыңда бензиннің қымбаттауына, сондай-ақ басқа да факторларға орай тұтынушылардың автомобиль сатып алу кезіндегі бұрыннан қалыптасқан әдеттері түбегейлі өзгереді, сөйтіп бензинді мейлінше үнемді шығындайтын шағын автомобильдерге деген сұраным күрт өсті. Бағаның төмендеуі түтыну деңгейін көтереді, сондықтанда ағымдық пайдалануда тауар көптеп тұтынылады, сол себепті тауарды пайдалану үшін жаңа ынта қалыптасады (олар бұрынғы, едәуір жоғары бағасын төлеу үшін өте төмен бағаланып келген), сондықтанда мөлшерлі тиімділік деңгейі немесе бұры-нырақ табысы төмен болған түтынушылар арасында жаңа пай-даланушылар дараланады. Өте жоғары баға жағдайында да дөл осылай болады тек кері белгімен. Осы факторлардың бәрі тауар-дың бағадағы өзгерістерінің не себепті сұраным санының өзгерісіне жеткізетіндігін түсіндіреді. 

 

  

 Өз иегерлерінің (акционерлерінің) байлығын арттыруға барлық фермерлер бір деңгейлі ынталы емес. Таза табысты молайтудың қарапайым моделінің пайымдауынша менеджерлерді қадағалау жөніндегі акционерлердің шығындары және олардың тиімді қызметтері үшін жүмсалатын ынталандыру шаралары ескерілмеуі мүмкін. Сол секілді шығындар іс жүзінде айтарлықтай болған жағдайда, менеджерлер ең алдымен таза табысты көбейтуден өз-гешеленетін өз мақсаттарын қуалай алады (мысалы, өздеріне өз-дері шамадан тыс жоғары жалақы төлеу сияқты) немесе ұйым-дасқан әрекетсіздікке жол беруі мүмкін. Алайда қызметтеріне деген қадағалаудың және ынталандыру жүйесіндегі кемшіліктер нәти-желерінде туындаған менеджердің билігі шектеусіз болып саналмайды.

 Менеджерлердің  еңбекақылары фирма қызметінің нәтижелеріне байланысты, олар еңбек ететін фирма қызметінің нәтижелерін оның бәсекелестерінің қызмет нәтижелерімен салыстыру арқылы  олардың біліктіліктері  мен іскерліктерін мөлшерлеуге болады, ал бірлескен тексеру рыногы немқұрайдылау менеджерді ол жүмыс істеп журген фирманы бөсекелес фирма сатып алып, жаңа менеджер тағайындайтын жағдайға үшыратады.

 Ф.М. Шерер жене Дэвид  Росс былай қоры тындылайды: "Таза табысты ұлғайту туралы жорамал, кем деген де алғашқы жақындасудың іскерлік қарекетін сипаттап береді. Әдейілеп немесе әдейілеп етпей-ақ ауытқу, сөз жоқ, баршылықта байқалады, бірақ олар бәсекелестер жағынан болатын қысымға байланысты үлкендеу немесе кішілеу шектеуге, менеджерлердің өздерінің мүдделеріне, фирма акционерлерінің немесе жаңа қожайыңдарының талаптары бойынша менеджерлерді ауыстыру қаупіне ілігеді. Мұндағы ереже "бас бармақтың" қарапайым ережесінен күрделі емес, — рынок неғүрлым бәсекелі болған сайын, таза табысты үлғайту қаре-кетінен ауытқу соғұрлым аздау болады.

 Түтынушының жеке сүранымына айналасыңдағьшардың  қа рекеттері айтарлықтай ықпал  етеді.

 Біріншіден, жаппай еліктеу эффектісі. Әр түтынушының  қа-тардан қалмау ниеті, модамен ундес болуға ұмтылуы.

 Екіншіден —  көрсеқызарлық эффектісі. Елдің  бөрі сатып алып жатқанды сатып алмаймын жөне қолданбаймын.

 Үшіншіден —  беделді сұраным эффектісі немесе белгілі аме-рикан экономисі және социологы Веблен есімімен аталатын Веблен эффектісі. Ол дегеніңіз - сатып алушының мәртебесі мен оның жоғары лауазымдылығына куәлік ететіңдей ерекше жоғары бағадағы ерекше аталатын тауарларды сатып алу болып табы-лады.

 Мөртебелі тауарлар тобына әдетте аса қымбатты тауарлар, әйгілі фирмалардың бүйымдары жатады

     Еңді  біз "ұсыныс" деген ұғымды қарап көреміз. Ұсыныс, ол -рынокта тұрған немесе оған әкелінетін тауарлар... Экономикалық категориялардың көмегімен - үсыным - ондіруші өңдіргісі келетін және сата алатын тауарлар мөлшерінің сол енім қүнына және басқа факторларға байланысын көрсетеді.

     Әрбір сәтте өз тауарларын рынокқа үсынушы өндірушілердің жағдайлары әрқилы болып келеді. Олардың бір бөлігі тауарды көп өңдіріп, рынокқа көп әкеледі, басқалары аз өндіріп, аз әкеледі. Олардың бәрі де өз тауарларын мейлінше жоғары баға мен сатуға тырысады. Оның өзінде тауарларының бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым белсенді түрде көбірек сатуға, яғни оның ұсынымын ұлғайтуға (бәсекелестер бар жағдайда) тырысады.

 Сонымең, ұсынымға ықпал етуші ең басты фактор баға болып шығады.

 Ұсыным заңы деп ұсыным мен бағаның арасындағы тура пропорцианальды тәуелділікті айтады. Оны ұсыным шкаласында (1 кесте) және қисық сызықпен ұсыным графигінде (2 сурет) көрнекілікпен көрсетуге  болады.

 

 

 Ұсыным шкаласы  тауар ұсынымның ауқымы мен және оның бағасы арасындағы байланысты көрсетеді.

 Қисық сызықты  ұсыным өндірушілердің өндіруге жөне сатуға дайын екендіктерін білдіріп, нарықтық бағалар мен сол өнімдер  санының фунциональды байланыстылықтарын дәйектейді. Ұсы ным деп ұсынымның  барлық қисық сызығын түсінген жөн.

 Ұсынымның қисық  сызығы белгілі бір факторлардың әсе рімен ығысып орналасуы мумкін.

 Бағаға  ықпал ететін бағалық  емес факторлар:

 1. Ресурстарға  қойылған баға. Оның өсуі кезінде  ұсынымның қысқартылуы басталады.  Графикте ол қисық сызықты ұсыным ның солға қарай жылжуымен көрсетілген.

 2.  Жаңа  тенологиялар. Олар шығындарды қысқартып,ұсы-ным  көлемін ұлғайтады. Графикте ол  қисық сызықты ұсы-нымның оңға  қарай орналасуымен көрсетілген.

 3.  Өндірушілерге  салынатын салықты көбейту. Олар  шығын-дардың көбеюін тудырады, сондықтан да ұсынымның қысқаруы байқалады.

 Өндірушілерге мемлекеттік жәрдемнің өсуі, ұсыным көлемін керісінше ұлғайтады.

 4.  Басқа  рыноктардағы баға деңгейі.

 5.  Өнімдерді  мөлшерлеу.

 Мысалы, өндірушіде сатылатын нақтылы бір тауар бар, бірақ ол оны өзірше сатқысы жоқ, себебі оған оны санап ғана береді немесе ол тауарға үкімет төмен баға белгілеген. Сатушының ол тауарды әзірше сатпай, қолайлы бір жағдайды күтуі немесе өнімді мөлшерлеу жағдайында тәуекелге басып, рынокта оған жоғары баға сүрап, жасырын ымыраға баруы орынды.

 6.  Өндірушілердің  күтуі. Егер өндіруші дәл осы  рынокта бағаның көтерілуін, салықтың  төмендеуін, сүранымның өсуін, өнім  таратудың кеңеюін, сыртқы өндірушілер  жағынан бәсекелестіктің жөне  т.б. азаюын күтіп жүрсе, ұсыным көбейетін болады. Бүл қисық сызықтың оңға қарай ойысуына әкеп согады.

 7.  Рынокта  жүмыс істейтін фирмалар саны. Салаға жаңа фир-малар енген  кезде үсыным кеңейеді, ал саладан  фирмалар шыққан кезде ұсыным  қысқарады.

 Тауар жеткізуші  сатып алушы секілді еркін рынок жүйесінде өзінің шектеулі ресурстарын тиімді пайдалану үшін ол не істеу керектігін тандауда еркін болуы тиіс. Әйтпесе, жабдықтау ая-сында келеңсіздік болуы мүмкін. Ал, бұл өз кезегінде түтынуға және толайым экономикаға әсер етеді.

 Тауар бағасының өзгеруіне байланысты тауар ұсынымы көле мінің өзгеру дәрежесі баға жөніндегі ұсынымның оралымды лығымен сипатталынады. Басқаша айтқанда, ұсынымның баға лық оралымдылығы болып шығады.

 Ұсынымның бағалық оралымдылығы мынадай типтерде болады:

 1.  Оралымсыз ұсыным. Бұл жағдайда ұсыным ауқымы баға өзгерісін нашар сезінеді, яғни қаңдай бағамен болсын сатып алып, қайта сату үшін тауардың ұсынылған саны өзгермейді.

 2.  Абсалютті  оралымды ұсыным. Тауар бағасының  болымсыз ғана азаюы ұсынымды  нөлге дейін қысқартуға апарады, ал бағаның кішкене ғана көтерілуі ұсынымның ұлғаюына себепші болады.

 Ұсыньшның оралымдылығына мынадай факторлар ықпал етеді: 1. Уақытша фактор өндірушінің баға өзгерісіне көңіл аудару мүмкіндігін  анықтайды. Уақытша фактордың ықпалын  А.Мар-шалл зерттеген. Ұсынымның оралымдылығы аз мерзімге қара-ғанда, әдетте ұзақ уақыт ішінде көбірек болады. Бұл өндіру-шілердің өте жоғары бағаға бейімделулерінен туады. Ұсынымның оралымдылығына өндірісте пайдаланылатын және мейлінше ұзақ уақытты талап ететін техникалық прогресс, жетілдірілген техно-логияны қолдану, ресурстар құрамының сапалық және сандық өзгерістері ықпал етеді.

Информация о работе Бәсеке және Монополия. Сұраныс пен ұсыныс