Бәсекелестік және монополия

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 22:34, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға өту жолында көптеген қиындықтар мен кедергiлерге тап болуда. Оның объектiвтiк және субъективтiк себептерi бар. Солардан туындап отырған қазiргi дағдарыс кезеңiнен тез шығудағы маңызды шарттардың бiрi — экономикалық бiлiм берудi осы замандық деңгейге көтерiп, жоғарғы бiлiктi кадрлар даярлау. Менiң ойымша,ол үшiн дамыған Батыс елдерiнiң тәжiрибелерi мен экономикалық ой-пiкiрлерiн оқып-үйрену қажеттiлiгi даусыз.

Содержание

Кiрiспе 2
1. Бәсеке – нарықтың негізгі элементі 3
2. Нарықтық бәсекенің әртүрлi құрылымдарының салыстырмалы сипаттамасы 4
3 Монополиялық бәсеке 13
4 Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері 13
5. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі жұмысын талдау 14
4. Монополиялық бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік кезеңі 15
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер 18

Работа содержит 1 файл

Бәсекелестік және монополия.docx

— 54.99 Кб (Скачать)

 ЖОСПАР

Кiрiспе 2

1. Бәсеке – нарықтың негізгі элементі 3

2. Нарықтық бәсекенің  әртүрлi құрылымдарының салыстырмалы сипаттамасы 4

3 Монополиялық бәсеке 13

4 Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері 13

5. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі жұмысын талдау 14

4. Монополиялық бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік кезеңі 15

Қорытынды 17

Қолданылған әдебиеттер 18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

        

Қазақстан  Республикасы   нарықтық экономикаға  өту жолында көптеген қиындықтар мен кедергiлерге тап болуда.  Оның объектiвтiк және субъективтiк  себептерi бар. Солардан туындап отырған  қазiргi дағдарыс кезеңiнен тез шығудағы маңызды шарттардың бiрi — экономикалық бiлiм берудi осы замандық деңгейге көтерiп, жоғарғы бiлiктi кадрлар даярлау. Менiң ойымша,ол үшiн дамыған Батыс елдерiнiң тәжiрибелерi мен экономикалық ой-пiкiрлерiн оқып-үйрену  қажеттiлiгi даусыз.

   Нарық механизмiнде жеке-дара адам ұйымдар “ненi”, “қалай”, және “кiм үшiн” деген үш экономикалық проблеманы шешу үшiн  өндiрушiлер мен тұтынушылар рынокта өз еркiмен кездесiп, баға мен өндiрiстiң көлемiн анықтайды.

Бұл фактiнi бағалау үшiн нарықтық экономиканы қалыптасқан мысал ретiнде алайық. Шеттен тауарлар тұрақты түрде әкелiнбесе, бұл қала аштыққа ұшырар едi, бiрақта жан-жақтан, тiптi шет, шалғай елдерден тауарлар тоқтаусыз әкелiнедi. Сөйтiп, қала тұрғындары өмiр сүруге қажеттi шаруашылық процестерiнiң тоқтамайтынына кәмiл сенедi.

Тәуелсіздiкке қол жетуi Қазақстанның көптеген дамыған және дамушы мемлекеттермен экономикалық байланыстарын жолға қоюға,бұрынғы әрiптестерiмен қарым-қатынастарды қайта құруға, дүние жүзiлiк рынокқа кiру жолымен iлгерi басуға мүмкiндiк бередi. Сыртқы экономикалық қызметтi ырықтандыру мемлекеттiң бұл саладағы монополиясын жойды, кәсiпорындардың, фирмалардың және жеке тұлғалардың шетелдiк әрiптестерiмен емiн-еркiн байланыстар орнатуына мүмкiндiк бередi, қызмет саласында бәсекелiк негiздер қалады. Қазiргi кезде республикада бiрлескен кәсiпорындар саны күрт көбеюде, дүние жүзiндегi аса iрi компаниялардың өкiлдерi ашылуда, табиғи ресурстарды бiрлесе пайдалану, шикiзат пен материалдарды өңдеу жобалары жүзеге асырылуда, аграрлық салада прогрестi технологиялар енгiзуде және  тағы басқа. Менiң ойымша бәсекелестiк нарыққа қажеттi. Ендi осынған тоқталайық. Бәсеке сөзi қақтығысу, жарыс  деген сөздi бiлдiретiн  латынның  «concurrentia»  деген сөзiнен шыққан.  Экономикалық  тiлмен айтқанда, бәсеке - бұл олжалы мәміле үшiн, барынша  көп тиiм алу үшiн нарықтық қатынастарға  қатысушылар  арасындағы күрес.

  

 

 

 

 

 

 

1. Бәсеке  – нарықтың негізгі элементі

 

 Бәсекелестiк бар  нарықта, пайдасын көбейту үшiн  өндiрушiлер өзiнiң өндiрiс шығындарын мүмкiндiгiнше төмендетуге тырысады. Осының нәтижесiнде өнiмдiлiк артып, шығындар кемiп, компания өзiнiң бөлшек саудадағы бағасын түсiруге мүмкiндiк туады. Сонымен бәсекелестiктiң арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi артып, баға төмендейдi. Бәсекелестiк, сонымен бiрге, өндiрушiлердi тауардың сапасын жақсартып, ұсынылатын тауар мен қызмет көрсету түрлерiн тұрақты көбейтiп отыруға итермелейдi.

Бәсекенiң  түрлерiне тоқталатын болсақ, бәсеке екiге бөлiнедi:

  • жетiлген бәсеке, яғни таза бәсеке;
  • жетiлмеген бәсеке.

Жетiлген бәсеке дегенiмiз  – фирма рыноктық бағаға әсер ете  алмайды. Сатылатын тауарға баға деңгейiн рынок белгiлейдi. Осы жағдайда фирма өз пайдасын бағамен айлалы әрекет жасау жолымен емес, жиынтық шығындары барынша аз болатын өндiрiс көлемiн iздеу арқылы көбейте алады.

Қарастырылып отырған  бәсеке көңiл бөлуiмiздiң екi себебi бар: бiрiншiден, белгiлi жағдайларда жетiлген бәсеке ресурстарды бөлуде тиiмдiлiкке жеткiзедi, қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн қоғамның шектелген ресурстарын сүлiктей сорады. Екiншiден, бәсекелi экономика талдауға оңтайлы, демек түсiнуге оңай. Бiрақ нақты дүниеде “жетiлмеген” бәсеке басым, яғни ол жетiлдiрiлген бәсеке де емес, жетелдiрiлмеген монополистiк те емес. Мұндай бәсеке тек қана бiрнеше фирманың ағымдағы баға ерекше тауарларды ұсынулары кезiнде болады. Сала бойынша шоғырлануды қалай өлшейдi? Бұл үшiн “төрт iрi фирманың үлесi” көрсеткiшiн қолданады. Ол жалпы сала өндiрiс көлемiнде сол төрт iрi фирманың үлесiне тиетiн процентін есептейдi. 1987 жылы өңдеушi өнеркәсiпте жалпы өндiрiс көлемiнiң 1/5-i жоғары шоғырланған салада өндiрiлдi, ал мұндағы төрт iрi фирманың үлесi 60 процентке тең.

Бәсекедегi iркiлiс, бөгелiс  заңдар мен психологиялық факторлардың әрекетiнен болады да, бәсекелестердiң  санын, күшiн азайтады немесе бәсеке күшi табиғи деңгейден төмен жағдайда кездеседi.

Бәсекенiң  ең елеулi кедергiлерiне, бөгелiстерiне заңға байланысты шектеулер мен  өнiмдердi саралау жатады. Бiрiншiсiне патенттер, яғни саладағы жаңа фирмалар мен сыртқы сауданы тежейтiн заңдар енедi. Патенттер өнертапқыштарға  жаңа тауар шығыруға, енгiзуге немесе процесске ерекше, яғни монопольдiк  құқық бередi, сөйтiп мемлекет өнер тапқыш қызметi ынталандырады, әсiресе, iрi көлемдегi жаңалық жақтарына көңiл бөледi. Салада жаңа фирмалардың құрылуын суды, электр энергиясын, табиғи газдарды, телефон байланысын пайдалануға артықшылық беру арқылы да шектейдi. Сыртқы сауданы шектеу үкiметтiң шетел фирмалары өнiмдерiне жоғары кеден тарифын немесе квота енгiзуiне негiзделген.

Әрбiр тауарлардың  өзiнiң орнын босатып, бәсекелестi тауар – субститут болатынын  куәландырады. Нақтылап айтқанда, фирманың белгiлi тауарлары сол саланың  басқа тауарларынан сараланып бөлектелген, себебi тең баға жағдайында тұтынушылар  басқалардан оларды артық бағалайды  немесе керiсiнше, елемеуi мүмкiн. Айталық, пепси-кола мен кока-кола бiрдей бағамен  сатылуы мүмкiн, бiрақ тұтынушылардың белгiлi тобы бұл сусындардын бiрiне ғана көңiл бөледi.

2. Нарықтық бәсекенің  әртүрлi құрылымдарының салыстырмалы сипаттамасы

 

Жетiлмеген бәсекелестiк жағдайында монополистың бағаға белгiлi бiр билiгi бар. Баға деңгейiне бақылаудың көлемi жетiлмеген бәсекенiң  фирмаларына байланысты әр түрлi. Бастысы  монополист сапалы түрде пайда ең жоғары болатын баға деңгейiн iздейдi және соны белгiлейдi. Яғни  монополист өзi өзгерте алмайды.

           Жетiлмеген  бәсекенiң үш үлгiсiн ерекше  атап көрсеткен.   Олар –  монополия, олигополия, өнiмдердi  дифференциялау.

Монополя - өзiнiң саласындағы бiрден-бiр  өндiрушi және сол маңайда ондай  тауар субституттарды өндiретi басқа  салалар жоқ.

            Монополия сөзi екi грек сөзiнен  шыққан —“монос”— бiр және  “полео”— сатамын. Нарықтық  қатынастарға қатысушылардың қайсыбiрi  толығымен нарықты өзiне бағындырады  (монополияндырады).

            Олигополия —  екi түрге бөлiнедi: бiрiншi түрдегi олигополия — кiлең  бiр тектi өнiмдерi бар базаның  салалары және олардың кәсiпорындарының  көлемi де үлкен. Екiншi түрдегi олигополия — сараланған (ұқсас  емес) тауарларды сататын бiрнеше  сатушы болғандағы жағдай.

             Сараланған (дифференциаланған) өнiмдер  бар кезде сатып алушылар тауарлардың  белгiлi түрiн артық көредi: дүкеннiң  үйге жақын болуы яғни, жұмыс  орнының,  тауардың сорты, сауда  маркiсi немесе  сыртқы безендiрулерi, сатушылардың сүйкiмдiлiгi де мәндi рөл атқарады. Егер ұнаған тауардың  бағасы тауар — субституттың бағасынан жоғары болса, сатып алушы екеуiнiң бiреуiн алады.

            Өнеркәсiптi ұйымдастырудың оңды  жақтары – монополия мен жетiлген  бәсеке. Мұнда көптеген фирмалар  бiр тектес тауарлар өндiредi  және олардың  бiрде-бiрi нарықтық  бағаны белгiлемейдi.

        Екi полюстың арасында жетiлмеген бәсекенiң аралық түрлерi жатыр: бiрнеше фирмалардың басымдылығы айқын олигополиямен  монополистiк бәсеке. Мұндай жағдайда аздаған айырмашылығы бар тауарлар өндiретiн фирмалар саны көп болады. Басымдылық жағдайда үш немесе төрт фирмалар болады. әдетте мұндай салаларда өндiрiстiң тиiмдiлiк көлемi жалпы нарықтық сұраныспен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Олигополиялық салаларда өнiмнiң жалпы көлемiнiң 20, 30 немесе 40 пайызын өндiретiн фирмалар ғана ең тиiмдi. Өйткенi тараулардағы көрсетiлген бәсекенiң кедергiлерi олигополистiк  құрылымдардың паида болуына әкелiп соғады.

                Одан әрi талдаудың бел ортасында  олигополия мiнездiк үш басты  типi тұрады: құпия олигополия, басым олигополия  және монополистiк бәсеке. Бiрiншi жағдайда олигополистер түгелдей келiсiп жұмыс iстейдi немесе өзара тәуелдiлiктi жақсы түседi, нарықтық баға және өткiзiлетiн өнiмнiң саны жалғыз ғана монополистiк жағдайға сәйкес келедi.

             Саладағы өткiзу көлемiнiң  60-70 процентiн iрi компаниялары бар  рынокта бiрнеше стратегиялық  мүмкiндiктер қалыптасады. Ммұнда  рыногтың бiр бөлiгiн бәсекелестерге  беру керек, содан кейiн өзiңдi нарықтық 60-80 процентiн бақылайтын  фирма — монополист ретiнде ұстауға болады. Мұндай нарық олигополияның басымдылығы  деп аталады.

Монополистiк бәсеке ұқсас  емес, бiрақ бiр-бiрiмен байланыстысы тауарларды сататын көп сатушылар  бар жерден көрiнедi. Бұл құрылымды  алғаш рет Э.Чемберлин талдады. Жетiлген бәсеке жағдайындағы сияқты, мұнда көптеген сатушылар мен  сатып алушылар, фирманың салаға кiруi мен шығуы еркiн болады және әрбiр  фирма басқаларының бағаларына тiкелей  әсер етпейдi. Монополистiк бәсекеде айырмашылық тауарларды дифференциалау орын алады, ол сатушыларды төмендеген сұраныс жағдайына әкеледi. Дифференциалдаудың қарсыластары тауардың түрлiлiгiн, стандарттаудың қажеттiлiгiн айтады. Дифференцалдауды жақтаушылар көп түрлiлiктi қалап, тауарлардың ұқсастығына қарсы  тұрады.

Монополиялық  бәсеке жағдайында әжептәуiр көлiмдегi бәсекенiң монополиялық қысымының  қосымның кiшкене қосымшасымен симбиозы жүредi. Осыдан барып монополиялық бәсекенiң  қайсы бiр ретте таза күйдегi бәсеке мен монополияның ”қорытпасынан” туған ерекше белгiлерi бар. Оларды қарастырайық:

Нарықта әрекет ететiн кәсiпорындардың саны көп, бiрақ та ол таза бәсеке жағдайларында нарықтың қатынастарға қатысушы фирмалардың санынан бiршама аз. Көбiнесе, бұл 20-70 фирмалар. Фирмалардың саны монополиялық бәсекенiң негiзгi белгiлерiн қалыптастыруда анықтағыш болып табылады. Монополиялық бәсекенiң белгiлерi:

    • жалпы нарық көлемiндегi әр кайсысының  үлесi шамалы ғана болатындай, фирмалар едәуiр көп, осыған орай әрбiр фирманың бағаға бақылауы да шамалы;
    • өндiрiс көлемдерiн шектеу мен бағаларды реттеу жөнiнде фирмалардың жасырын келiсiм жасауы мүмкiн емес дерлiк;
    • Көбiнесе фирма өзiнiң қаржы-экономика саясатын, бәсекелестердiң жаубын ескерместен құрады, себебi бәсекелес фирмалар әжептәуiр көп.

 

  1. Нарықта фирмалар шығаратын өнiмнiң дифференциациясы келесi нысандардан көрiнедi:
    • сапасы бойынша қызмет көрсету параметрлерi мен ерекшелiктерi, материалдар, жекелеген детальдар, жасалу дизайны, жалпы жұмыс және кейбiр бөлiктер мен түйiндердiң жасалу сапасы бойынша, берiктiк пен мәңгiлiк дәрежесi, жұмыстың сенiмдiлiгi бойынша ерекшелiктер;
    • сату жағдайлары мен сол кезде көрсететiн қызметтер бойынша ерекшелiктер: қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығы, бағдарламалы сервис;
    • өнiмнiң орналасуы мен олардың сатып алушыларға қол жетерлiк дәрежесi бойынша ерекшелiктер: бұл дүкеннiң немесе сауда орталығының орналасу орны бойынша, мысалы, тәулiк бойы, үзiлiс кезiнiң, демалыс күнiнiң болуы немесе, болмауы ерекшелiктерi;
    • соны орауышты қолдану белгiлi сауда белгiлерi мен маркаларын пайдалану, жарнаманың көмегiмен өткiзудi ынталандырудың көмегiмен жасалған тауардың алдамшы ерекшелiктерi.

 

  1. Бағаны бақылау дәрежесi монополиялық бәсекеге қатысушы фирмалардың бiршама көп санымен шектелген.
  2. Монополиялық бәсекелi салаға ену, көбiнесе өте жеңiл жүзеге асады. Бiрашама iрi капиталда қажеттiлiк жоқ. Алайда қаржы шығындары таза бәсекеге қарағанда көбiрек, себебi өнiмнiң өзiндiк түрiн жасап шығаруға ақша жұмсауы қажет.
  3. Бағалық және бағасыз бәсеке бiр-бiрiне iлесiп жүредi. Бағасыз бәсекеде өзiнiң сауда белгiсiн, маркасын, таңбасын iздеу жарнамалау ерекше орын алады.
  4. Монополистiк бәсекенiң белгiлерi ең таза түрде бөлшек саудада, жеңiл өнеркәсiпте байқалады.

Егер қандайда бiр өнiмнiң  барлық өндiрiсi бiрнеше кәсiпорындарда шоғырланса, онда төртiншi нарық үлесi олигополия – туралы айтуға болады. Оған келесi белгiлер тән:

      1. фирмалар саны екi қиыр шет: таза монополия мен монополиялық бәсеке арасында қобалжып турады, демек, фирмалардың саны екi мен жиырманың арасында өзгерiп отырады.
      2. олигополиялар шығыратын өнiмдер стандартты және дифференциалды болуы мүмкiн. Көбiнесе, өнеркәсiптiк сұраныс тауарлары (шикiзат, өнеркәсiп үшiн материалдар, машиналар, қондырғылар) стандартталған, ал тұтыну тауарлары дифференциалданған.
      3. бағаны бағылау деңгейi жоғары. Бақылау әр алуан түрлерде жүзеге асырылады:
        • сұраныстың сынық қисығы. Олигополиялық фирмалар бiр-бiрiмен бәсекелес, олардың iшiнде баға жөнiнде келiсiм жоқ. Нәтиже олигополиялық нарыққа қатысушылардың бiрi бағаны өзгерткен кездегi бәсекелес фирмалардың  мiнез-құлықтарымен анықталады.

Айталық, нарықта  үш фирма әрекет ететiн болсын. Графиктерде (1-сурет) олардың бiрiнiң баға жағдайы бейнеленген. Қазiргi кезде фирма өнiмнiң бағасы ОР деңгейiнде қалыптасқан болсын. Осы фирманың өнiмiне сұраныс қисығы қандай түрде болады? Бұл бiрiншi фирманың iстеген баға өзгерiсiне баға олигополистердiң жауабына байланысты болады.

Бұл жағдайда, көбiнесе екi жауап болуы мүмкiн:

  • iлесу – олигополистер бiрiншi фирманың кез келген баға өзгерiсiне iлеседi, оның баға әрекетiн қайталайды.
  • Елемеу – егер олигополистер бiрiншi фирманың баға өзгерiсiне ешқандай жауап қайтармаса.


Р

Р

Д2  Д2 бәсекелесулер

Р Д1 бәсеклестер  iлесуде

Д1 ескермеуде

Д2                                                        Д1 

Информация о работе Бәсекелестік және монополия