Бәсекелестік және монополия

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 22:34, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға өту жолында көптеген қиындықтар мен кедергiлерге тап болуда. Оның объектiвтiк және субъективтiк себептерi бар. Солардан туындап отырған қазiргi дағдарыс кезеңiнен тез шығудағы маңызды шарттардың бiрi — экономикалық бiлiм берудi осы замандық деңгейге көтерiп, жоғарғы бiлiктi кадрлар даярлау. Менiң ойымша,ол үшiн дамыған Батыс елдерiнiң тәжiрибелерi мен экономикалық ой-пiкiрлерiн оқып-үйрену қажеттiлiгi даусыз.

Содержание

Кiрiспе 2
1. Бәсеке – нарықтың негізгі элементі 3
2. Нарықтық бәсекенің әртүрлi құрылымдарының салыстырмалы сипаттамасы 4
3 Монополиялық бәсеке 13
4 Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері 13
5. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі жұмысын талдау 14
4. Монополиялық бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік кезеңі 15
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер 18

Работа содержит 1 файл

Бәсекелестік және монополия.docx

— 54.99 Кб (Скачать)

Конгломерат қосылуды жақтайтындар әр түрлi үлкен фирмалардың бiр-бiрiмен  қосылғанынан ешқандай жамандық болуы  мүмкiн емес дейдi. Егер балмұздақ  шығаратын үлкен зауытты мұнай  өндiретiн үлкен компания сатып  алатын болса, оларды өз салаларындағы  нарыққа әсерi нелiктен өзгерiп кетуi мүмкiн деп таң қалады олар. Бұл  екi компанияда қосылғаннан кейiн, конгломератқа  қосылғанға дейiнгiсiнен артық нарықты  бақылау мүмкiндiгi болмайды дейдi. Конгломерат  қосылудың қарсыластары, мұндай конгломеративтiк  корпорациялардың орасан зор көлемiнiң  өзi-ақ оларға нарықта басым болуға мүмкiндiк бередi. Олардың ойынша, екi iрi компания бiрiккенде, олар әдетте, екi жақтың капиталын бiр саладағы нарықты жаулап алу үшiн нәтижелi пайдалануына болатындығын түсiндiредi. Ал жаулап алғаннан кейiн бағаны қайта өсiру мүмкiндiгi туады.

 

3 Монополиялық бәсеке

 

«Микроэкономиканың» бұл бөлімі нарықтың монополиялық бәсеке моделіне арналады. Нарықтың осы құрылымы нақты өмірде жиі кездеседі. Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері  жетілген бәсеке мен монополияға  тән кейбір қасиеттерге сәйкес келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз  жасау, кітап басып шығару, қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері  монополиялық бәсеке нарығының іс-әрекеті.

Нарық құрылымының бұл  моделін қарастырғанда фирмалардың  ұзақ және қысқа мерзім кезеңдерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және тауарлар мен қызметтердің бағасын  қалай белгілейтінін талдап түсіндіреміз. Соның нәтижесінде монополиялық бәсеке нарығындағы фирма жұмысының  тиімділігін анықтап бағалауға  болады.

4 Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері

 

Монополиялық  бәсеке нарығы төмендегідей негізгі  ерекшеліктермен сипатталады:

1. Нарықта  тауарды сатушылар мен сатып  алушылар саны көп болады. Тауарды  өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ  фирмалар жұмыс істейді, тіпті  ірі фирмалар жоқ деп айтуға  да болады. Болған күнде де  ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі  келтірмейді:

а) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл  саладан шығып кету де оңай. Мысалы, шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын  шеберхана салуға өте көп қаражат  қажет емес, сондықтан бұндай кәсіпкерлікпен кез келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.

б) нарықтағы  өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар  туралы деректер ашық белгілі болады:

в) өндірілетін  тауарлар біртектес емес, олардың  әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері  болады. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады.  Бірақ әр фирма өзінің тауарына  ерекшелік  беруге  тырысады, мысалы тіс жуғыш пасталардың  дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері  және т.б. Сонымен қатар фирмалардың  сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына  өзгешелік қасиет береді.

5. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі жұмысын талдау

 

Бірінші көңіл  аударатын жағдай, монополиялық бәсекелес  фирманың сұраныс қисығы (D). Бұл қисық бәсекелес фирмалардың сұраныс қисығы сияқты абсолютті икемді болмайды. Басқаша айтқанда, абцисса өсіне параллельді емес, теріс көлбеулі болады. Бұның басты себебі монополиялық бәсекелес фирманың тауарларының өзіндік қасиеттері болуы. Монополия кезіндегі фирманың сұраныс қисығы саладағы сұраныс қисығымен бірдей дедік, себебі осы тауарды өндіру саласында фирма - тек бір ғана өндіруші болады. Ал, монополиялық бәсеке кезінде фирма тауарының өзіндік қасиетіне байланысты нарықтағы өз сегментінде ғана монополист больт есептеледі. Сондықтан оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады: баға төмендеген сайын сату көлемі көбейеді.

 

1 сурет  Монополиялық бөсекелес фирманың қысқа мерзімдегі кезең

 А. Фирманың пайдасын барынша көбейту жағдайы. Б. Фирманың шығынын төмендету жайдайы.

Екіншіден, фирманың ұтымды өнім өндіру механизмі  белгілі. Басқа нарықтық құрылымдардағы сияқты монополиялық бәсекелес фирма  пайдасын мейлінше арттыру мақсатында шекті шығын шекті түсімге  тең болғанға сәйкес келетін өнім мөлшерін шығарады. Бұл шарт төмендегідей болып жазылады.

МС = MR.

Басқаша айтқанда, өнімнің тағы бір қосымша бірлігін өндіруге жұмсалатын шекті шығын  осы өнімді сатқанда түсетін шекті  түсімнен артық болғанша фирма өнім өндіруін жалғастырады. Графиктен Л/Спен MR-дің қиылысу нүктесі Q өнім көлеміне сәйкес келіп тұр. Фирма pq бағасын тағайындай отырып, өз пайдасын барынша көбейтеді немесе Графиктен көріп тұрғанымыз Q2 > Qj.

Егер дәл  осы баға Р0 таза бәсекелес жағдайында қалыптасса, фирма онда Q2 өнімі көлемін өндірер еді.

Қорыта айтқанда, қысқа мерзім кезеңіндегі монополистік бәсеке фирмасының іс-әрекетін талдау жасағанда, басқа бәсекелес емес нарықтық құрылымдармен ұқсастықтары байқалады.

4. Монополиялық  бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік  кезеңі

 

Монополиялық  бәсеке нарығының ұзақ мерзімді кезеңін  талдағанда, бұл нарықтық құрылымның ерекшеліктері айқын көрінеді.

Материалды  түсіндіруге ыңғайлы бояу үшін шығындар қисығы өзгермейді деп жорамалдайық. D/ сұраныс қисығы ЛС қисығының ең төменгі деңгейінен жоғары орналасқан. Осы жағдайда фирма экономикалық пайда алады деп жорамалдаймыз. Егер бұл жағдай монополия жағдайында қалыптасса, монополист басқа фирмалардың нарыққа кіруіне мүмкіндік бермей, осы жағдайды ұзақ мерзімді қезенде ұстап тұруға тырысар еді.

Ал монополиялық бәсеке нарығына кіруге тосқауыл қойылмайды. Сондықтан фирмалардың алатын экономикалық пайдасы ұзақ мерзімде осы нарыққа  басқа фирмалардың кіруіне себеп  болады. Жаңа келген фирмалар саладағы бұрынғы фирмалардың өнімдеріне ұқсас және оларды алмастыратын өнімдер  өндіре бастайды.

Бұның нәтижесінде  ескі фирмалардың сұраныс қисықтары  төмендейді, өйткені тұтынушылардың кейбір бөлігі жаңа фирмалардың тауарын  ала бастайды, сондықтан ескі фирмалардың  нарықтағы үлесі азаяды. Бұл жағдай экономикалық пайда азайып, сұраныс  қисығының D3 жағдайына келіп, орташа жалпы шығынды жанап өткенге дейін жалғасады.

Жетілген  бәсеке нарығындағы фирмалар сияқты ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелес  фирмалардың экономикалық пайдалары  нольге тең болады (суретте О нүктесі).

Екі фирманың бұл қасиетінің ортақтығы фирмалардың  салаға жеңіл кіріп, одан шыға алатындығының  нәтижесінде болып отыр.

Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік нүктесінің (О нүктесі) тағы бір ерекшелігі ол AC ең төменгі нүктесінен жоғары орналасқан. Дәл осы ерекшелік монополиялық бәсеке нарығы мен толық бәсеке нарығының айырма-шылығын анық көрсетеді. Here бұл екі нүкте бір-біріне дәл келмейді? Өйткені AC ең төменгі нүктесін жанап өту үшін сұраныс қисығы горизонталъды болуы керек. Бұл шарт жетілген бәсеке нарығында орындалады да, монополияльгқ бәсеке нарығында орындалмайды. (Монополиялық бәсеке нарығының сұраныс қисығы өте икемді емес екенін еске түсіру керек). Егер сұраныс қисығы орташа шығын қисығына жанама болып өтпей, оның ең төменгі нүктесін қиып өтетін болса, онда сұраныс қисығының белгілі бір бөлігі шығын қисығынан жоғары орналасады. Бұл кезде экономикалық пайда болатын аудан болады. 9.2-суретте орташа шығын қисығының ең төменгі нүктесін қиып өтетін D2 сұраныс қисығы көрсетілген. Бұл қисықты сұраныстың яғни тұрақты жағдайға дейін жылжығандағы арадағы тұрақсыздықты түсіндіру үшін сызып көрсеттік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Тәуелсiздiкке қол жетуi Қазақстанның көптеген дамыған және дамушы мемлекеттермен экономикалық байланыстарын  жолға қоюға, бұрынғы әрiптестермен қарым-қатынастары қайта құруға, дүниежүзiлiк рынокқа кiру жолымен iлгерi басуға мүмкiндiк бередi. Сыртқы экономиалық қызметтi ырықтандыру  мемлекеттiң бұл саладағы монополиясын жойды, кәсiпорындардың, фирмалардың  және жеке тұлғалардың шетелдiк әрiптестерiмен  емiн-еркiн байланыстар орнатуына  мүмкiндiк бередi, осы қызмет саласында  бәсекелiк негiздер қалады. Қазiргi кезде  республикада бiрлескен кәсiпорындар саны күрт көбеюде, дүниежүзiндегi аса iрi компаниялардың өкiлдерi ашылуда, табиғи ресурстарды бiрлесе пайдалану, шикiзат пен материалдарды өндеу жобалары жүзеге асырылуда, аграрлық сала прогресстi технологиялар енгiзiлуде және т.т.

Мен өз жұмысымды қорытындылай келе айтарым, нарық құрылымы нарықтағы  сатып алушылардың және сатушылардың санымен және мүмкiндiктерiмен сипатталады. Нарық құрылымы көп сатып алушы  мен сатушысы бар жетiлмеген бәсекелестiктен монополиялық бәсекелестiк, олигополия арқылы тек бiр сатушысы болатын  монополияға дейiн түрленедi. Көптеген монополияларды заңды түрде құруға болмайтындығына қарамастан, бiрнеше ресми монополиялар бар. Соңғыларына, үй-жай қызметi және әрекеттерi патенттермен және авторлық құқықтарымен қорғалған фирмалар жатады. АҚШ-тың көптеген кәсiпорындары жетiлмеген бәсекелестiк жағдайында жұмыс iстейдi. Жетiлмеген бәсекелестiкте монополиялық бәсекелестiк пен олигополия элементтерi қатар кездеседi. Монополиялық бәсекелестiкте көп сатушылар нарыққа бiр-бiрiмен жеке сипаттамалары бойынша айырмашылықтары тауар шығарады. Олигополия жағдайында, бiрнеше iрi фирмалар белгiлi бiр тауарлар мен қызмет көрсетулердiң нарығын бақылайды.

Федералдық үкiмет монополияға  қарсы заңдар арқылы бәсекелестiктi қолданып, сауданы шектеулерден қорғауға ынталы. Ол заңдардың iшiндегi ең маңыздылары: Шерман заңы, Клейтон заңы, үкiметтiң сауда комиссиясының заңы және Селлер-Кефовер заңы болды. Осыған қарамай, көптеген фирмалар бiр-бiрiмен қосылып, iрi корпорацияларға айналды. Көлбей бағытта қосылулар тектес кәсiпорындарды бiрiктiредi. Тiк бағытта қосылулар бiр технологиялық тiзбектегi кәсiпорындарды бiрiктiредi. Конгломерат қосылулар әр түрлi салалардағы компанияларды бiрiктiредi.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

    1. Я. Әубәкiров, К.Нәрiбаев, М. Есқалиев. Экономикалық теория негiздерi. Алматы, 1998ж.

 

    1. Т.Р.Ермеков. Қолданбалы экономика. Талдықорған, 1997ж.

 

    1. Я.А.Аубакиров, Д.К.Кадиев, В.К.Доскалиева. Экономикс. Алматы1995ж.

 

    1. Г.Самуэльсон, В.Нордхауз. Экономикс.

 

    1. Э.Долсон, Д.Линдей. Микроэкономическая модель.

 

    1. Д.Кабдиев, С.Доскалиев. Грани сотрудничества.Алматы 1986ж.

 

    1. Н.Назарбаев. Қазақстан егемендi мемлекет болып қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы1992ж.

 

    1. Айғақ. Журналы. Алматы 2000ж.

 




Информация о работе Бәсекелестік және монополия