Бәсеке

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2010 в 18:45, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.

Содержание

Кіріспе
1 Бәсекелестіктің теориялық негіздері 5
1.1 Бәсекелестік түсінігі, мәні, маңызы 5
1.2 Бәсекенің түрлері 6
1.3 Бәсекелестікке қабілеттілік 9
2 ҚР-да бәсекенің даму ерекшеліктері 12
2.1 Кәсіпорынның қысқаша экономикалық міңездемесі 12
2.2 Кәсіпорынның бәсекелестердің қызметін талдау 13
3 Антимонополиялық саясат 21 Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Работа содержит 1 файл

БӘСЕКЕ 333.doc

— 220.00 Кб (Скачать)

      Өндірістің  жан-жақты сипаты, ауқымдылығы және какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша жеке өз желілерінің болуы компанияның отандық өндірушілер арасында кондитер өнімдерінің кең көлемдегі сұрыпталымына ие болуына мүмкіндік береді. Қазіргі күні «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 250-ден астам атауға ие, 10 түрлі топқа жататын әр алуан кондитер өнімдеріне толы.

      «Рахат» АҚ - диабетпен ауыратын адамдарға  арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген  Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл  сұрыпталымға калориясы төмен және табиғи шикізатпен тең қант алмастырғышы бар шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атаулары кіреді.

      Кондитер  өнімдерін шығаратын өндірушілер  арасында «Рахат» АҚ өнімінің айрықша  ерекшелігі - әр алуандығымен ажыратылатын шоколад өнімдерін шығарудың  басымдығы.

      Кәсіпорында сапаны бақылаудың кешенді жүйесі және бірыңғай жауапкершілікке негізделген ішкі сапа жүйесі ұйымдастырылған және іске асуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылауға негізделген. Кәсіпорында ҚР СТ ИСО 9001 – 2001 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі енгізілген және қолданылуда.

      Біздің  өнім отандық нарықтағыдай жақын  және алыс шет елдер нарығында  да белгілі.»Рахат» АҚ өз өнімін ішкі нарықта жоғары деңгейде жеткілікті ету саясатын жүзеге асырады. «Рахат»  АҚ сату ауқымы бүкіл Қазақстанды  қамтиды, компанияның 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесі бар. Алматы қаласы бойынша өнім ірі көтермемен сатып алушылар арқылы, сонымен бірге фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы таратылады. Республиканың басқа аймақтарына «Рахат» АҚ өнімін жеткізу фирмалық сапалы өнім сатуды жүзеге асыратын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорындар) құрумен қамтамасыз етіледі. Осылайша «Рахат» АҚ-ның сату ауқымы бүкіл Қазақстанды және компанияның еншілес сауда ұйымы бар көрші Қырғызстанды қамтиды. Өнімді сыртқа шығару жоғары бәсекелестік жоқ және саяси-экономикалық жағдайлар ішкі саудаға кедергі келтірмейтін орталық-азия өңірлеріндегі елдермен (Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан) жүргізіледі. ТМД-ның басқа республикалары және алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өніміне деген қызығушылыққа байланысты келешекте компания өндіріс көлемін арттыруды және экспорт көлемін ұлғайту жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр.

      Компания  тұтынушылардың мүддесін ғана емес, өз қызметкерлері туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін өнімді және қанағаттанарлық тұрғыда еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды. Бірінші және екінші ауысым қызметкерлері үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді, жоғары санатты дәрігерлер қызмет істейтін санитарлық бөлім бар, сауна мен жаттығу залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі сала мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жүйелі сабақтар жүргізілетін оқу класы бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған.

      Біздің  мақсатымыз – өзіміздің дәмді  өнімдерімізбен адамдарға қуаныш сыйлау. Біздің қызметіміз көне дәстүрді сақтай отырып, қазіргі заманның талабына сай барынша көп адамның қажеттілігін жоғары сапалы кондитер өнімдерімен жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған. Біз керемет кондитер өнімдерін қалай шығаруды білеміз және сол мақсатта қорды арттырамыз. Қазақстан мен оның шет аймақтарындағы әр адамға өз еліміздің байлығы пен қонақжайлылығын бейнелей отырып, Қазақстандағы және Орталық Азия нарығындағы № 1 компания болуға ұмтыламыз.  
Біз өз қызметкерлерімізге серіктес болғымыз келеді, сол себепті әр қызметкерімізді бағалаймыз, жұмысқа әлеуметтік бағытта жағдайлар жасаймыз, компанияның толық қанағаттанарлық әрі беделді жұмыс орны болуын қалаймыз.

      Тұтынушыларға: қазақстандық және шетелдік тұтынушылардың кең шоғырының қажеттілігін сапалы тауарлармен (көтерме, бөлшек) қанағаттандыру.

      Акционерлерге: бизнестің тұрақты, ашық түрде дамуын қамтамасыз ету және табыс табу үшін компанияны бірлесіп және қаржылық басқарудың тиімді механизмін құру.

      Қызметкерлерге: нақты қойылған міндеттер мен жауапкершілікті бөліп беру арқылы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру. Қызметкерлердің алға қойған міндеттерін орындауы мен компанияның жұмыс нәтижесіне байланысты оларға ынталандыру жүйесін енгізу. Бірыңғай мәдениет қалыптастыру.  
 

     2.2 Кәсіпорынның бәсекелестердің қызметін талдау  

    Бәсекелік ортаны зерттегенде маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, кәсіпорындардың өндірістік қызметі осы нәтижелерге негізделеді.

    Нарық сарапшыларының көпшілігі, әсіресе  отандық өндірушілердің кондитерлік өнімдерінің сапасының жақсаратынын болжайды. Қазірдің өзінде тұтынушылардың отандық өнімді таңдайтыны байқалады. Кондитерлік өнімді өндірушілердің маркетингтік белсенділігі де дамып келеді.

    Батыс компаниялары негізінен шоколад  шығаруға (карамельден немесе печеньеден қымбат әрі пайдалы) басымдық береді, сондай-ақ өздерінің белгілерін жылжытуға инвестиция салуды дұрыс деп санайды. Осы тұрғыдан «Рахат» кондитерлік фабрикасының стратегиясы қызығушылық тудырады. Аталмыш фабрика ұлттық кондитерлік белгі жасауды жоспарлап отыр. Компанияның осы стратегиясы оған келешекте нарықтың көшбасшысы Nestle-ге жетуге мүмкіндік беруі ықтимал. Өнім өндіру мен оны сату бойынша «Рахат» кондитерлік фабрикасы көп жылдар бойы көш бастап келеді. Ол жылына 52 мың тонна тәтті тағам шығарады, екінші орында «Баян сұлу» фабрикасы – 23 мың тонна, Қарағанды фабрикасы – 11 мың тонна және Ақтөбе кондитерлік фабрикасы – жылына 3 мыңға жуық тәтті өнім шығарады.

    Тамақ өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін бағалағанда Қазақстанда тамақ  өнімін өндіруге жұмсалатын шығын осы өнімді әлемдік өндірушілердің жұмсайтын шығынымен салыстырылып талданды. Кондитерлік өнім өндірісі секторында жұмсалатын шығынды салыстырғанда Қазақстанның кондитерлік өнім өндірушілері арзан жұмыс күшін пайдаланатыны және олардың қосалқы шығысы да төмен екені байқалды. Отандық кәсіпорындардың өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсайтын шығынының жоғары болу себептерін кәсіпорын деңгейінде толық талдап анықтау қажет.

    2008 жылы кондитерлік өнім өндірісі 2003 жылмен салыстырғанда 54%-ға ұлғайды. Жетістік нарықта бұрынғыдай импорт өнімдерінің үлесі өте жоғары болып сақталса да, тұтынушылар отандық өнімдерге сұранысының артуымен байланысты. Осыдан отандық компаниялардың өндірістік әлеуетінің жоғары екені көрінеді. Пайдаланылатын шикізаттың 60%-ы импорттық болуы кондитерлік саланың жағдайын күрделендіреді. Осы кезеңде теңгенің құнсыздануына байланысты кәсіпорындардың айналым қаражаты бірнеше есеге қысқарды, сондай-ақ кәсіпорындар шетелдік жеткізушілерге шикізат үшін берешек болып қалды, шикізатты кредитке жеткізу де тоқтатылды.

    Кондитерлік өнім ең қажетті тауар болмаса  да халықтың кірісінің деңгейі мен  экономиканың ахуалына қарамастан оны  тұтыну көлемі белгіленген аз мөлшерден  төмендемейді. Халықтың кірісінің артуы  тұтыну құрылымына ғана ықпал етеді, табысы молайған адамдар арзан кондитерлік өнімді тұтынудан гөрі қымбат өнімді көп сатып ала бастайды. Сондықтан кондитерлік өнімнің әр алуан түрін шығаруға маманданған кондитерлік кәсіпорындар тиімді жұмыс істейді. Шығарылатын өнім көлемінің өсу қарқынының біршама бәсеңдегенін ескере отырып, авторлар кондитерлік нарық монополистіктен олигополистікке қарай жылжитынын, сондай-ақ нарықтың молығатынын, оған жаңа өндірушілердің кіруі шектелетінін болжайды. Бәсекелестіктің монополиялық сипаты кәсіпорынды тиісті таңдау жасауға мәжбүрлейді, яғни ол жаңа өнім жасауға немесе нарыққа бейімделуге тиіс болады. Осы мәселеге қатысты келесі үш нұсқаны қарастыруға болады:

    а) жаңа өнім, технология, өткізу, қызмет көрсету, жарнама әдісін құру;

    ә) жаңа өнім жасағандардың нәтижелерін барынша аз мерзімде және барынша аз шығынмен көшірмелеу;

    б) қол жеткен жетістіктерді өнімнің  сапасын жақсарту, өнімнің түрін  өзгерту және т.б. арқылы барынша  ұзақ уақыт бойы қолдап сақтау.

    Кәсіпорын нарықтың түрі мен өзінің бәсекелік жағдайына орай даму стратегиясын таңдайды. Ол келесі ықтимал стратегиялардың келесі түрлерін қолдана алады:

    а) тұрақтылық стратегиясы (ірі кәсіпорындарға қолдануға болады, бизнестің қазіргі  кезде қолданылатын бағыттарын ұстануды, мемлекеттің қысымын төмендетуді  және т.б. білдіреді);

    ә) өсу стратегиясы (кәсіпорынның көбінесе жаңа нарықты басып алу арқылы дамуы, сатылас және деңгейлес стратегия кіреді);

    б) фирманың тіршілік етуіне қауіп төнгенде қолданылатын қысқарту стратегиясы. Осы  стратегияның түрлеріне – өркендеу стратегиясы (пайдасыз өнім шығарудан  бас тарту, кадр саясатындағы өзгерістер, ресурстарды пайдалануда тиімді жолдарды іздестіру және т.б.), бөліну стратегиясы (қайсы бір іскерлік бірліктен бас тарту немесе оны бөлу), тарату стратегиясы (банкрот болғанда құрту және арзанға сату).  

3-кесте. Кондитер өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестердің қызметін талдау

Компаниялар Қызмет көрсету  ауданы Бәсекелік артықшылық Осал тұстары
«Қарағанды  кәмпиттері» АҚ Негізінен Орталық  Қазақстан Танымал сауда  маркасы.

Карамель үшін полимерлік орама енгізілді. Осы  заманғы экструдерлік цех іске қосылды

Сапаның нашарлауы.

Айрықша маркетингтік саясат.

 

«Рахат» АҚ Бүкіл Қазақстан, негізінен Оңтүстік Қазақстан Танымал сауда  маркасы. Осы заманғы технология.

Бәсекеге жарамды  маркетингтік саясат.

Өнімнің жоғары сапасы.  
Кең дистрибьюторлік желі

Осы заманғы  орама материалдарды жеткілікті пайдаланбау.

Едәуір жоғары баға.

«Баян-

сұлу» АҚ

Солтүстік Қазақстан  және өзге облыстар Түрлі-түсті  орама.

Ликерлік карамельдің, вафлидің жоғары сапасы.

Өзіндік полиграфиялық  цехының болуы.

Шоколад сапасының  төмендігі. Сауда маркасының белгісіздігі. Маркетинг деңгейінің төмендігі.
«Ақтөбе тәтті тағамдары» Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстары Карамель мен  печеньенің салыстырмалы төмен бағасы Сапасы жоғары емес өнім.  
Тұрақсыз өндіріс.
Мәскеулік өндірушілер Қазақстанның  барлық аймағы Жоғары имидж, жақсы безендірілген қанық түсті  орама. Сапасы жақсы өнім.

Озық технология.

Шоколад өнімдері сапасының нашарлауы.  
Жоғары баға.
«Сладко» (Ресей) кондитер бірлестігі Қазақстанның  шекаралас аудандары. Ресей Жақсы сапа, өндірушінің  жақсы беделі. Салыстырмалы түрде төмен баға, реттелген делдалдық желі. Сапасы нашар  шоколад.
 

    Біздіңше, фирмалардың бәсекелік артықшылықтарға  қол жеткізу отандық нарықта  өршіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында олардың негізгі міндеті болуы  тиіс. Алайда, іс жүзінде бұл проблеманың теориялық негіздерін зерделеуге мән бермейді. Мақсатқа қол жеткізу үшін бәсекелік артықшылықтардың көзін тауып, оларды талдау қажет.

    Бұл үшін бәсекелестердің өнім өндірісіне және оны өткізу арналарына қатысты  стратегиясын, баға саясатындағы, жарнама саласындағы стратегияларын әрі сатып алу жағдайы мен өндіріс жағдайын зерделеу қажет.

    Батыс компаниялары осы заманғы маркетингтік зерттеу әдісін қолдана отырып, тұтынушылар, нарық, сұраныс және оның параметрлері туралы білу жолымен елеулі бәсекелік артықшылыққа ие болуды дәстүрге айналдырған.

    Қазақстанның  кондитер кәсіпорындарының және бәсекелестерінің қызметін талдау олардың бәсекелік  артықшылықтары мен осал жақтарын сипаттауға мүмкіндік берді (3-кесте).

    Талдау  жүргізілген барлық кәсіпорында қуаттылығы шамамен бірдей (қуаттылығы 20 пайызға артық қарағандылық кәсіпорыннан өзгесі) ұқсас жабдықтар бар, негізінен бірдей өнім өндіреді. Осы аталған кәсіпорындар бұрын мемлекеттің қарауында болса, қазіргі уақытта меншік түрін өзгертіп, жекеше кәсіпорынға айналған. Кәсіпорындар қаражаттың жетіспеушілігінен техникалық жағынан жеткілікті жарақтандырылмай әрі жаңғыртылмай отыр.

    Негізгі бәсекелестері – ресейлік өндірушілер: олар өндірген тауар жергілікті кәсіпорындармен  салыстырғанда сапасы мен бағасы жағынан және орамы бойынша әлдеқайда бәсекеге жарамды. Олардың негізгілері: Мәскеу – «Красный Октябрь» ОДО, «Рот-Фронт» ААҚ, «Бабаевский» концерні, Санкт-Петербург – «Азарт» ААҚ, құрамына «Конфи» (Екатеринбург), «Волжанка» (Ульяновск) ашық акционерлік қоғамдары және «Кондитер» (Новосибирск) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кіретін «Сладко» кондитерлік бірлестігі.

    Сондай-ақ еліміздегі нарықта Түркиядан, Германиядан, Швейцариядан, Финляндиядан, Австриядан әкелінген, мүлдем жаңа технология бойынша өндірілген тауарлар да бәсекелестікке түсіп отыр.

    Қазіргі уақытта «Рахат» АҚ-ның позициясы  мықты, ол бәсекелестерінің алдында бірқатар бәсекелік артықшылықтарға ие. Отандық кәсіпорындардың ішінде онымен иық теңестіре алатындай кәсіпорын жоқ десе де болады, өйткені өзінің бұрыннан қалыптасқан өткізу нарығы бар. Басқаларынан айрықша жері – «Рахат» АҚ импорттық тауарлардың тек жақсы жақтарын ғана алады және жергілікті шикізат пен материалдарды пайдаланады. Бұл оның кондитерлік өнімдерінің сапасын жақсартып отыр. Оның сауда маркалары тұтынушыларға кеңінен танымал, кәсіпорынның іскерлік беделі тұрақты және дестрибьютерлік желісі кең.

Информация о работе Бәсеке