Бәсеке

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2010 в 18:45, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.

Содержание

Кіріспе
1 Бәсекелестіктің теориялық негіздері 5
1.1 Бәсекелестік түсінігі, мәні, маңызы 5
1.2 Бәсекенің түрлері 6
1.3 Бәсекелестікке қабілеттілік 9
2 ҚР-да бәсекенің даму ерекшеліктері 12
2.1 Кәсіпорынның қысқаша экономикалық міңездемесі 12
2.2 Кәсіпорынның бәсекелестердің қызметін талдау 13
3 Антимонополиялық саясат 21 Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Работа содержит 1 файл

БӘСЕКЕ 333.doc

— 220.00 Кб (Скачать)
 

      3 Антимонополиялық саясат 
 

     Қазақстан нарығында 2009 жылы импорт өнімінің үлесі 50%-дан асты және Ресей мен Украинаның кондитерлік өнім өндірушілері отандық өндірушілердің негізгі бәсекелесі болды.

    Компанияның есебі бойынша «Рахат» АҚ Қазақстан  нарығының 65%-ын ұстап тұр, ал Алматы қаласында компания нарығының үлесі 75-80%-ды құрайды, мұнда әр адам 8,5 кг-ға жуық тәтті өнім тұтынады. Салыстыру үшін айтатын болсақ, АҚШ-та жан басына шаққанда әр адам 10 кг тәтті өнім тұтынады, солтүстік еуропалық елдерде бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 20 кг-ға жетеді екен.

    «Рахат» фабрикасын бәсекелестерімен салыстырып, оның күшті және нашар жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін қарастырайық.

    Компанияның ұзақ мерзімді мақсаттарын қарастыра  отырып «Рахат» АҚ қолданыстағы стратегиясына жалпы жан-жақты өсу, атап айтқанда нарықтағы жайғасымды күшейту стратегиясы деген анықтама беруге болады.

    Нәтижесінде ұсынылған әдістемелік тәсілдемені  қолданып:

    а) бәсекеге қабілеттіліктің сыртқы факторларының  дамуын сапаның бағалау арқылы сипаттауға (санын бағалау мүмкіндігі болмаған жағдайда);

    ә) болжамдық ахуалды, болжанатын объектіні  егжей-тегжей сипаттамасын әзірлеуге;

    б) бәсекеге қабілеттіліктің сыртқы және ішкі факторларын анықтап бағалауға;

    в) кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне  сыртқы ортадағы жағымсыз жағдайлардың жасайтын ықпалын анықтауға;

    г) болжанатын кезеңдегі бәсекеге қабілеттіліктің  елеулі факторларын анықтауға және шамалы өзгеретін факторларды негізге  алып (олардың маңызын есептегенде) және осының негізінде фабриканың бәсекеге қабілеттілігінің дамуындағы басымдықтарын анықтауға;  

    ғ) басқарушылық шешімдер «Рахат» АҚ дамуына  болжанатын кезеңде қаншалықты ықпал  ететіні жөніндегі сұрақтарға жауап  алуға мүмкіндік береді.

    Сөйтіп, сипатталған әдістемені қолдану  кәсіпорынның ұзақ мерзімді келешекте бәсекелестік артықшылыққа жетуге күш-жігерін бағыттау мақсатында бәсекеге қабілеттілікті дамытудың бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл үшін басымдықтарды таңдап, нарық жағдайының даму үрдістеріне барынша жоғары дәрежеде сәйкес келетін және кәсіпорын қызметінің күшті жақтарын тамаша пайдалануға мүмкіндік беретін стратегия әзірлеу қажет.

    Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне  ықпал ететін факторлардың екі тобын  жеке атауға болады:

    а) тұтынушылардың қалауына, атап айтқанда, тауардың бағасына, сапасына, инновацияға, ұйымдастыру-коммерциялық жағдайларға, сауда белгісінің имиджіне байланысты олардың өніммен қанағаттану дәрежесі;

    ә) кәсіпорынның экономикалық, қаржы, ғылыми-техникалық және қор сипатындағы факторларға байланысты бәсекелік мүмкіндіктер.

    Сондықтан келтірілген көрсеткіштер топтарының ауқымында кондитерлік өнімнің  ерекшеліктерін айқын көрсететін және кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлегенде пайдаланылатын көрсеткіштерді ұсынуды қажет деп санаймыз.

    Кездейсоқ іріктеу әдісімен Алматы қаласының 16 азық-түлік дүкені таңдалды, олардың  ішінен респонденттердің тепе-тең саны да кездейсоқ алынады. Іріктеудің ең аз көлемі сенімгерлік аралық әдісінің негізінде анықталып, 450 адам іріктелді. Зерттеу барысында 550 респондентке сұрақ қойылды.

    Сөйтіп, қазақстандық нарықта кондитерлік  өнімдерді жылжыту үшін өнім дәмінің  сапасын жақсарту, өнімнің тұтынушыға жылдам жетуді қамтамасыз ету, бағамен  айла жасау, сондай-ақ өндірушінің танымалдық дәрежесін арттыру мен оның өнімінің беделі сияқты тиімді маркетингтік іс-шаралар іске асырылады.

    Біздің  ойымызша, бәсекеге қабілеттілікті нарық  жағдайының сапа сипаттамасы ғана емес сан жағынан өлшенетін параметр ретінде қарастыруға болады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың ғылыми негізделген әдістемесін әр түрлі өлшемдерді пайдалана отырып, әр түрлі әдістермен құруға болады. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау белгіленген көрсеткіштердің жиынтығына негізделуге тиіс, ал көрсеткіштердің құрамы басқару субъектісін бағалаудың мақсаты мен қажеттілігіне орай анықталады. Қайсы бір жеке өлшемге басымдық беру қиын болғандықтан, бәсекеге қабілеттілікті кешенді бағалаған орынды.

    Бәсекеге  қабілеттілікті кәсіпорынның рейтингін  әзірлеу негізінде бәсекеге қабілеттілік факторларының жиынтық ықпалының негізіндегі бәсекеге қабілеттілік құрамдастарының жиынтық ықпалын ескере отырып бағалауға болады. Осылай бағалау міндетті түрде ресми есептілік деректеріне негізделуге тиіс. Біздің ойымызша, Қазақстанның кондитерлік өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарын рейтингтік бағалау үшін бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы рейтингтік бағалау әдістемесін ұсынуға болады.

    «Рахат» АҚ мен оның негізгі бәсекелестерінің рейтингтік сандарының мағыналары жалпы  да, сондай-ақ бәсекеге қабілеттіліктің әрбір параметрі бойынша да анықталды (7-кесте). 

7-кесте.  Қазақстанның кондитерлік саласы  кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің  интегралдық көрсеткішін аддитивтік  жиынтықтау әдісімен 2010 жылы есептелген  мағыналары

Параметр «Баян сұлу»АҚ «Рахат» АҚ «Қарағанды  кәмпиттері» АҚ «Ақтөбе тәтттілері»  АҚ
Шаруашылық  қызметтен түскен пайда 0,42 4,0 0,29 0,87
Басқарудың  тиімділігі 0,4 3,79 0,62 2,18
Іскерлік  белсенділік 6,30 4,70 4,18 3,46
Өтімділік және нарықтағы тұрақтылық 0,88 3,42 4,37 2,19
Өндірістің  көлемі мен шоғырлануы 0,98 4,49 3,87 2,27
Төлемге қабілеттілік 3,33 4,05 4,98 2,63
Бәсекеге  қабілеттіліктің интегралдық көрсеткіші 12,31 24,45 14,31 14,0
 

    Айтылғанды  көрнекі түрде көрсету үшін кәсіпорындарды саралайық, яғни оларды аддитивтік әдіс бойынша анықталған бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық көрсеткішінің мағынасына орай орындарға орналастырайық  
(8-кесте).

    Осылай  көрсетілген ақпараттан кәсіпорындар мен олардың интегралдық көрсеткіш  бойынша құрылған рейтингтегі жақын қарсыластарының жалпы деңгейі жөнінде пікір қалыптастыруға да, сонымен бірге бәсекеге қабілеттіліктің әрбір параметрі бойынша құрылған рейтингті талдау негізінде бәсекелестікке қабілеттіліктің «нашар жақтарын», сондай-ақ резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.  

8-кесте.  ҚР кондитерлік саласы кәсіпорындарының  бәсекеге қабілеттілігінің 2009 жылғы  рейтингі  

Параметр «Баян сұлу»  АҚ «Рахат» АҚ «Қарағанды  кәмпиттері» АҚ «Ақтөбе тәттілері» АҚ
Шаруашылық  қызметтен түскен пайда 3 1 4 3
Басқарудың  тиімділігі 4 1 3 2
Іскерлік  белсенділік 1 2 3 4
Өтімділік және нарықтағы тұрақтылық  
4
 
2
 
1
 
3
Өндірістің  көлемі мен шоғырлануы 4 1 2 3
Төлемге қабілеттілік 3 2 1 4
Бәсекеге  қабілеттіліктің интегралдық көрсеткіші  
4
 
1
 
2
 
3
 

    Бәсекелестік  стратегиясының тұрпаттамасын (типологиясын) пайдалана отырып, кондитерлік кәсіпорындар пайдалана алатын бәсекелестік стратегиясының келесі түрлерін жеке атауға болады:

    1) төмен шығынның есебінен нарықта  көшбасшы болу стратегиясы; 

    2) өндірісті әртараптандыру стратегиясы;

    3) жергілікті нарықты саралау стратегиясы; 

    4) нарықтың шағын сегменттеріне  қызмет көрсету стратегиясы; 

    5) интеграция мен кооперациялану стратегиясы. Осы саладағы бәсекелестік ортасы мен тауар нарығының ерекшеліктерін және кәсіпорынның экономикалық мүмкіндіктерін саралай келе атап өтілген стратегияның бірін қолдануға болады.

    Сөйтіп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен  олардың қауымдастығы тарапынан  бәсекелестік күшейген жағдайда ірі  және орташа өңірлік кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты ғылыми негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әдістемесі мен механизмін әзірлеудің елеулі ұйымдастыру-экономикалық маңызы бар ғылыми міндет қалыптастырып шешілді.

    Өнім  мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру механизмін әзірлеу ұзақ уақыт бойы (3-5 жылға) бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді  іс-шараларды ұсынуға мүмкіндік береді.

    Ұйымдастыру-экономикалық механизмін пайдаланып өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға, оның келешектегі  жай-күйін болжап, осы өнім ұйымның  бәсекеге қабілеттілігіне қалай  ықпал ететінін білуге болады. Ұйымның  өсу стратегиясы өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелеріне негізделеді.

    Осы жұмыста кондитерлік өнім нарығындағы  бәсекелік ортаны талдау орта және ірі өңірлік өндірушілер; жергілікті шағын кәсіпорындар; ірі ресейлік өндірушілер, сондай-ақ Украинаның кәсіпорындар деп аталатын шартты түрде үш негізгі топқа бөлінетін кәсіпорындардың арасында бәсекелестік қарқынның өршігенін растады. Сондай-ақ талдау шағын өндірушілер ұннан жасалған кондитерлік өнім, әсіресе бисквит-крем өнімі сегментінде өздерінің қатысуын арттырғанын байқатты. Ірі ресейлік және шетелдік өндірушілердің өңірлік нарықтарды басып алуы жалғасқан жағдайда ірі жергілікті өндірушілердің нарықтағы үлесінің одан сайын кемуіне әкеп соқтырып отыр.

    Жұмыста кондитерлік нарықтың күннен-күнге  өршіп келе жатқан бәсекелестіктің ерекшеліктері ескеріліп орта және ірі кәсіпорындардың дамуының екі жолы бар екені анықталды.

    Әзірленген  ұйымдастыру-экономикалық механизмі  «Рахат» АҚ-ның практикасында  пайдаланылды. Осы фабрикада тікелей  интеграция стратегиясын іске асыру өнім өткізуді айтарлықтай арттыруға, сондай-ақ кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштерін өсуіне мүмкіндік берді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 
 

    Курстық зерттеудің нәтижелері бойынша келесідей тұжырымдама жасауға болады.

Информация о работе Бәсеке