Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының тарихи сипаты
Реферат, 03 Февраля 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Өзінің толық мәнінде экономиканы мемлекеттік реттеу орныққан саяси жүйенің ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсерін дарыту болып табылады. Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы, оның экономикаға әсерінің деңгейі туралы пайымдаулардың өзіндік ұзақ тарихы бар.
Работа содержит 1 файл
1 тарау.docx
— 43.08 Кб (Скачать)Мұндай жағдайларда мемлекет «түгел қамтитын» рөл атқарады. Ол, жоспар арқылы бүкіл экономикалық (және экономикалық емес те) үдерістерді реттеп отырады да рынокты жаншып, оның құралдарына тек қана формалды, тіпті жағымсыз сипат беруге ұмтылады. Ал, жоспар болса саяси мақсаттарға қызмет етуі тиіс. Сондықтан субъектілердің экономикалық талғауын реттеудің саяси механизмдері шаруашылық бастамашылдығын жасанды түрде алмастырады.
Өмірдің
өзі көрсеткеніндей мемлекет пен
экономиканың өзара қатынастарын реттеудің
марксистік моделі қолда бар шектеулі
ресурстарды тиімді бөлу және пайдалану
ісінде толық қабілетсіздігін танытты.
§2 Рыноктық жүйенің сипаты – аралас экономика
Экономиканы
мемлекеттік реттеудің
Бүгінгі таңда әлемдегі дамыған елдердің қайсы біреуінен де таза рыноктық қатынастарды іздеп, таба алмайсыз. Іс жүзінде ұлттық және әлемдік шаруашылықта аралас экономика қалыптасқан. Сондықтан, бүгінгі, егер әңгіме рыноктық жүйе туралы өрбитін болса, мәселе аралас экономика жайында болып отыр деп айтуға толық қақымыз бар. Мұның өзі таза күйінде рыноктық критерийлер мен механизмдер әрекет етпейді және әрекет етуі мүмкін емес деген сөз, себебі кез келген ұлттық шаруашылық меншіктің көптүрлі формалары мен кәсіпкерліктің көпқырлы қызметтерінен құралады және рыноктық, корпоративтік, мемлекеттік, халықаралық тәрізді экономикалық реттеу түрлерінің аралас әрекетінен түзіледі. Мұндай жағдайда мемлекет осы жүйенің ажырамас бір бөлігі, сонымен бірге бүкіл жүйенің өміршеңдігі мен қызмет атқаруының кепілі ретінде көрінеді.
Аралас экономика дегеніміз негізін рыноктық қатынастар және жеке кәсіпкерлік, сондай ақ басқа да көптеген институттар (қаржы өнеркәсіп топтары, трансұлттық компаниялар т.б.) құрайтын экономикалық жүйе. Бұл жүйеде шаруашылықтың ең маңызды үдерістері мен өрістерін (сфералары) мемлекет реттейді (қорғаныс өнеркәсібі, энергетика т.б.).
Теория және практикада экономиканы мемлекеттік реттеудің бірқатар анықтамалары бар. Олар:
Экономиканы мемлекетік реттеу рыноктық қатынастарды тиімді қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатындағы әлеуметтік экономикалық процестерге қажетті әдістер мен құралдарды қолдану негізінде мемлекеттің ел экономикасы болмысына қатысуы болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз мемлекеттің экономикалық өсуді ынталандыру, инфляциялық процестерді әлсірету, халықты әлеуметтік қорғау мақсатындағы салықтар, кредиттер және басқа да тетіктер арқылы ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсер етуі.
Экономиканы
мемлекеттік реттеу – бұл өкілетті
мемлекеттік органдардың
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мазмұны келесідей:
- рынок субъектілеріне зиян келтірмеуге бағытталған, сондықтан олардың құқықтары мен міндеттерін, өзара жауапкершілігін анықтау үшін қабылданған заңдардың жиынтығы;
- рынок субъектілерінің шаруашылық әрекетін қадағалауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-экономикалық құрылымдарды қалыптастыру;
- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты негізінде жасалған механизмдерді анықтап, нәтижелі қолдану.
Экономиканы
мемлекеттік реттеудің мәні әкімшілік
ресурстарды шамадан тыс
Бүгінде
Қазақстан Республикасындағы
Билік құрылымдарының реттеуші
рөлінің күшеюі уақыт белгісі
болып табылады. Қазіргі қолда
бар маңызды стратегиялық
Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдары негізінде жүзеге асады. Рыноктық қатынастар жағдайында бұл, ең алдымен сұраныс және ұсыныс заңы, құн заңы т.б. Мемлекеттік реттеудің мақсаты рыноктық жүйе қызметінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, өнімді өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар арасында заңды және тиімді өзара қатынастарды орнықтыру болып табылады. Мемлекеттік реттеу өркениетті бизнес әрекетін қалыптастырудың негізгі құралы және халықтың әлеуметтік теңсіздігін салыстырмалы түзейтін жағдайларды орнықтыратын күш болып табылады.
Аралас
экономиканы мемлекеттік
Рынокты декретпен енгізуге де тоқтатуға да болмайды. Оның қалыптасуы белгілі бір өтпелі кезеңді талап ететін тарихи үдеріс. Бүгінде экономиканы мемлекеттік реттеу барлық елдерде, соның ішінде дамыған елдерде де жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттің белсенді реттеуші рөлінсіз тиімді рыноктық экономика жасау мүмкін емес.
Дамыған
елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей әлеуметтік-экономикалық
даму мәселелерін рыноктық стихияның
шексіз еркіндігіне беріп қою
өте терең дағдарыстарға
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау үшін бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет. Олардың негізгілері мыналар:
- қаржы жүйесін сауықтыру, индикативтік әдістерге көшу, қаржылық тетіктерді пайдалану;
- бірден жойылуы мүмкін болмайтын шығынды және тиімділігі төмен кәсіпорындар үшін бейімделу және содан кейінгі даму жағдайларын жасау; Оларды жеңілдіктер мен дотациялар көмегімен қолдап рынок жағдайына лайықтау қажет. Келесі кезеңі – мемлекет меншігінен алу және мемлекетке пайдалы шарттар негізінде жекешелендіру;
- елдің бүкіл шаруашылық кешенін қажетті құрылымдық өзгерістерге ұшырату арқылы жаңа техника мен технологияларды енгізіп, ресурс сақтау шараларын жүзеге асыру. Құрылымдық өзгерістерді әдетті әдістермен, яғни капиталдарды шашырату арқылы қажетті қорлануды жасау – бұл өте ұзақ және ауыр жол. Мақсатты бағдарланған жоспарлау және сараптаумен астасқан тиімді реттеу, сондай-ақ құрылымдық өзгерістерді мемлекеттік тікелей және жанама әдістермен ынталандыру бұл процесті едәуір жеңілдетеді.
- белсенді әлеуметтік саясат жүргізу арқылы рынокқа өтудің халық үшін теріс салдарын жеңілдету, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту үшін кешенді шаралар жүйесін жүзеге асыру.
- айқын антимонополиялық саясат жүргізу, монополиялар қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту, ірі монополиялар меншігін акцияландыру кезінде ондағы мемлекеттің үлесін арттыру.
Реттеудің басты тетіктеріне құндық пропорциялар жатады. Олардың көмегімен экономика сфераларында даму және ұдайы өндіру пропорцияларын қалыптастыруға болады.
Бағалар,
салықтар, солар бойынша жеңілдіктер,
қаржылық ресурстарды бөліп беру,
кредиттік қойылымдар, ренталық төлемдер,
еңбекті төлеу, зейнетақы, жәрдемақы
мөлшері – мұның барлығы
Мемлекеттік реттеу жай ғана ұйымдастыру – басқару немесе экономикалық мәселе емес, ол әлеуметтік мәселе де болып табылады. Қазіргі кезеңнің, яғни экономикалық өсуді тұрақтандыру жағдайындағы реттеу рыноктың құндық құралдарын пайдалану принциптеріне негізделуі керек.
Өтпелі кезеңде тауар-ақша қатынастарын пайдаланудың мәні мынада:
- құндық категориялардың сандық параметрлерін жоспарлы түрде реттеуді қамтамасыз ету және оны тауар өндірісі заңдарының шарттарына сәйкестендіру қажет, яғни қоғамдық еңбек шығыны тепе-теңдігі базасындағы эквиваленттік заңына және оған қоғамдық қажеттіліктің шамасына сәйкестендіру абзал.
- Өнімге қоғамдық қажеттілік шамасының әсері арқылы құндық параметрлердің мәнін өзгерте отырып, өндірушілер мен тұтынушылардың шаруашылық мүдделеріне мақсатты әсер ету қажет. Бұл арада құндық категорияларды құрылым және өндіріс пен тұтынуды реттеу құралдары ретінде пайдалану керек.
- тауар өндірушілерге құрылым және өндіріс көлемі, өнімді бөлу және өткізу туралы орталықтандыра орнықтырылған құндық параметрлер шектеріндегі шаруашылық шешім еркіндігін бере отырып, жалпы мемлекеттік жоспарлы көрсеткіштерді орындауға кәсіби ынталандыру.
- қоғамға қажетті өнім өндіруді тауар өндіруші үшін де пайдалы ету бағытында олардың түпкі мақсаттарының жақындасуына және бір жерден шығуына қол жеткізу.
Рыноктық шаруашылық жағдайындағы өндіргіш күштер дамуының жоғары деңгейі және осы деңгейдің объективті экономикалық заңдарға сәйкестігі экономикаға мемлекеттің араласуы арқылы ғана қол жеткізуге болатын мәселе.
Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері келесідей:
- Экономиканы мемлекеттік реттеу өтпелі кезеңнің бастапқы сатысында – экономиканы ырықтандыру (либерализациялау) бағытындағы шараларды жүзеге асыру; екінші кезеңі – экономиканы тұрақтандыру бойынша шаралар жүйесін жүзеге асыру және қорытынды кезеңі – тиімділікті арттырып, тұрақты өсуді қамтамасыз ету.
- Экономиканы мемлекеттік реттеу мүдделердің тепе-теңдігіне жеткізуі тиіс, яғни бір жағынан ол экономикалық реформалардың тиімді барысын, қамтамасыз етуі тиіс, екінші жағынан табыстар мен ресурстарды әділ бөлуге қол жеткізуі қажет.
- Рыноктық еркіндікті сақтай отырып табиғи, адам, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану арқылы бюджет түсімдерін көбейтуге, құрылымдық өзгерістерге, жалпы ұлттық экономиканың дамуына жол ашуы керек.
- Реттеу арқылы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, салалық, өңірлік, сондай-ақ мақсатты бағдарламаларды жасау, инвестициялық жобаларды, қысқа және ұзақ мерзімді болжамдарды түзу жұмыстары атқарылуы тиіс.
- Мемлекеттік реттеу негізінде өңірлердің қаржылық дербестігін, олардың даму деңгейлерінің біркелкілігін және табиғи-экономикалық жағдайы төмен аймақтарды жан-жақты қолдау жүзеге асырылуы қажет.
Рыноктық
экономиканы құру жөніндегі әлемнің
басқа елдерінің тәжірибесін
қабылдай отырып Қазақстан олардың
моделдерін тікелей көшіріп ала
алмайды, оның басты себебі әлемнің
ешбір елі (ТМД елдерінен басқа)
ұзақ уақыт бойы әкімшіл-әміршіл
басқару шеңберінде болып көрген
емес. Бұл бір. Бұдан басқа әрбір
мемлекеттің өзіндік тарихы және
ұлттық ерекшеліктері және өңірлік
дамуының әртүрлі деңгейлері бар
екендігін естен шығармау қажет.
Сондықтан экономиканы
Экономиканы мемлекеттік реттеуде жоспарлы реттегіштер мен рыноктық реттегіштерді қатар қолдану тиімділігін бірқатар елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр.
Жоспарлы реттегіштер дегеніміз нақты экономикалық қызметті қалыптастыру бойынша іс-әрекеттер жиынтығы. Рыноктық реттегіштер – ол көптеген өндірушілер мен тұтынушылардың өзара іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасып, объективті түрде қызмет ететін реттегіштер болып табылады. Жоспарлы және рыноктық реттегіштерді бірін-бірі толықтыратын тетіктер деп қарастыру қажет.