Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының тарихи сипаты
Реферат, 03 Февраля 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Өзінің толық мәнінде экономиканы мемлекеттік реттеу орныққан саяси жүйенің ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсерін дарыту болып табылады. Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы, оның экономикаға әсерінің деңгейі туралы пайымдаулардың өзіндік ұзақ тарихы бар.
Работа содержит 1 файл
1 тарау.docx
— 43.08 Кб (Скачать) Мемлекет
қолданатын реттегіштер мен, тұрақтандырғыштарды
тиімді пайдалану, әлеуметтік орнын
толтыру әдістерін икемді қолдану
мемлекеттік реттеу тиімділігінің
кепілі бола алады.
§3 Аралас экономикадағы мемлекеттің негізгі функциялары.
Жоспарлы,
аралас және өтпелі экономика жағдайларындағы
мемлекеттің экономикаға
Өтпелі кезеңдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу рөлінің күшейе түсуінің бірқатар объективті себептері бар. әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей дамудың күрделі кезеңдерінде, әсіресе қоғам мен экономиканың әлеуметтік-экономикалық, технологиялық жаңғыруы кезеңінде мемлекеттің белсенді ұйымдастырушылық әрекетінің қажеттілігі арта түседі.
Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің рөлі аса зор мәнге ие болатындығын да дүниежүзілік практика көрсетіп отыр. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын едәуір кеміту ісінде, егер мемлекет жаңа өміршең формалардың бастамашысы және тірегі бола білсе елеулі нәтижелерге жету ықтималдығы да жоғарылайды.
Қазақстанда
рыноктық қатынастарға өту кезіндегі
мемлекеттік функциялардың
Соның салдарынан рыноктық реформалардың бастапқы кезеңінде бірқатар кемшіліктерге жол берілді олар:
- Меншікті жекешелендіру көбінесе өз бизнесін тиімді атқаратын меншік иелерін тауып, қалыптастыра алмады;
- Меншікті иемденіп алған шектеулі адамдар тобы табыстарының шексіз өсуі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке алып келді;
- Рыноктық жаңартулар мен жаңғыруларда әлеуметтік тұрғыдан едәуір кемшіліктер жіберілді.
- Кәсіпкерліктің мәні мен сипатында алып-сатарлық және қылмыстық әсерлер көптеп кездесті.
Біртұтас
бәсекелік күрес ережелері
Өтпелі
кезең тәжірибесі көрсеткеніндей қандай
болмасын дамудың қайсыбір дайын
теориялық моделін таңдап алып, соның
қағидаларын бұлжытпай орындау
мақсатқа жетудің ең қолайлы жолы
емес, керісінше, барынша нақты, сонымен
бірге жеткілікті мөлшерде синтезделген
конструкцияны пайдалану
Сонымен
бірге, теорияда сыннан өткен, рыноктық
экономика дамуының нақты кезеңін
сипаттайтын жалпы ұсыныс-
Өзінің объективті мәні бойынша өтпелі кезең түп-түзу даңғыл жол емес, керісінше қарама-қайшылықты, тепе-теңдіктен ада, өзінің нақты формаларын, әдістері мен жүзеге асыру механизмдерін тұрақты түрде өзгертіп отыратын процесс болып табылады.
Өтпелі
кезеңнің бастапқы кезеңінде ТМД
елдерінің барлығында дерлік басты
реттеуші ретінде өзін-өзі реттейтін
рыноктық механизм болады деген қағида
басымдыққа ие болды. Соған сәйкес негізгі
күш мемлекеттің шаруашылық рөлін
кемітуге, оны либерализациялау арқылы
реттегіш қуатын әлсіретуге бағытталды.
Мұндай саясат өз жемісін берді де.
Мемлекеттің қатаң
Жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастыру әрқашанда шығармашылық, креативтік үдеріс болып табылады, ол экономикалық дамудың тарихи тәжірибесімен есептесуді талап етеді және туындаған сұрақтарға негізделген жауаптарды қалайды. Сондықтан, қоғамдық өзгерістер қисынын түсініп, зерттеу өте маңызды. Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді реттеудің заманауи механизмдері мен құрылымын дер кезінде ұғынып, пайымдау ғана жемісті болмақ.
Қоғамдық
меншікті нақты топтардың қолына
беру (шетелдік фирмалар, жеке меншік кәсіпорындар
т.с.с.) жаңа проблемаларды туындатты,
соның ішінде әлсіз, әлжуаз реттелетін
шаруашылыққа тән стихиялы әрекеттерді
көлденең тартты; еңбек нәтижесімен
байланысты емес ресурстар мен табыстарды
ысырап етті; бастапқы ресурстар экспортының
көбеюі және өңдеу (ұқсату) көлемдерінің
қысқаруы өндіріс деңгейін құлдыратып
жіберді. Ал, басты мәселе өтпелі кезеңдегі
қоғам құрылымының өзі
Әрбір топтық мүдде өзінің мақсатын тиісті өкілеттікпен қамтамасыздандырылған қайсыбір субъектіден табуы керек. Мұндай субъектінің күш-қуаты мен ресурстары бағытталатын нақты объектісі болуы тиіс. Сонда ғана, топтық мүддені жүзеге асыру үшін кепілді мүмкіндіктер пайда болып, практикалық нәтижелерге жетуге болады. Меншіктің үш құрамдас бөлігі – иемдену, пайдалану, билеу – нақты мүдделерді жүзеге асыру ісіне жауап беретін қоғамдық немесе басқа институттардың тиісті деңгейлеріне бекітіліп берілуі тиіс. Қазіргі кезде ҚР-да көзқарастар мен пікірталастардың кейбір қайшылықтарына қарамастан мәселелерді дәл осы бағытта шешуге ұмтылыс бар. Бір жағынан заң шығарушы биліктің өкілеттік сферасы анықталып бекітілуімен бірге әртүрлі демократиялық институттарға атқарушы биліктің өкілеттіктерінің едәуір бөлігі берілу үстінде. Бұл өкілеттіктер, тұтастай алғанда заң шығармашылығы сипатын дәлелдеп, оларды қабылдау процедурасы да демократиялық мәнге ие болып отыр. Екінші жағынан, республикада рыноктық қатынастар үшін заң шығарушы база қалыптасқанына қарамастан, даму үстіндегі шаруашылық байланыстар мен қатынастар тек қана құқыққа (заңға) жүгініп отырған жоқ, сонымен бірге корпоративтік топтардың, мемлекеттік аппаратпен формалды емес байланыстарға арқа сүйеп отырғаны да бүгінгі күннің шындығы болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық даму сферасында мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде меншіктің жаңа формаларын орайластыруды қалыптастыру процесі қарастырылады. Меншік қатынастарын жаңғыртумен қатар елде әртүрлі меншік иелерінің өзара әрекетінің институционалдық жүйесін құру процесі жүргені белгілі. Бұл жердегі әңгіме шаруашылық субъектілерінің әрекет ережесі, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарды (институттарды) орнықтыру негізінде рыноктық өзара әрекеттесу процесіне қосылған барлық сфералар мен субъектілердің қалыпты қызметін қамтамасыз етуде болып отыр.
Осы
шақта мемлекеттің қызметі
Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамудың институционалдық негіздерін тереңдете түсу, олардың қаржылық қамтамасыз етілуін және тұрақтылығын орнықтыру міндеттері алдыңғы қатарға шығып отыр. Осыған байланысты қазіргі күннің өзекті мәселесі қоғамда жүріп жатқан реформаларды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге жұмылдыру өзекті болып отыр. Сондықтан, мемлекеттің рөлі әлеуметтік-экономикалық дамуда теріс үрдістердің етек алып кетуіне қарсы шараларды дер кезінде қабылдап, жүзеге асыруда болса керек.
Қазақстан – 2030 даму стратегиясы бойынша – бұл әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикасы бар құқықтық мемлекетті қалыптастыру болып табылады.
Ендеше, аралас экономика жағдайындағы мемлекеттің негізгі функцияларын атап өтейік:
- Экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық негіздер қалыптастырады мемлекет жеке және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың әрекетін кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдарды талдап жасайды және қабылдайды; азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
- Экономиканы тұрақтандырады; Үкімет бюджеттік-салықтық және кредиттік-ақшалай саясатты қолдану арқылы өндірістің құлдырауын тоқтатады, инфляцияны тежейді, жұмыссыздықты төмендетеді, баға деңгейі мен ұлттық валюта бағамын орнықтырады.
- Макроэкономикалық және құрылымдық тепе-теңдікті қолдайды; аталмыш тепе-теңдікті қамтамасыз ете алатындай рыноктық механизмді қалыптастырады.
- Даму стратегиясын талдап қабылдайды, қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалды қалыптастырады, сондай-ақ ұлттық стратегияны жүзеге асыру мақсаттары мен мұраттарын қамтамасыз етуді қосқандағы экономиканың қалыпты қызметі үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасайды.
- Ресурстарды үйлесімді бөледі, мемлекет жеке сектордың қызығушылығын туғызбайтын тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін өндіруді ұйымдастырады. Ол ауыл шаруашылығын, байланысты, транспортты дамыту шараларын қарастырады, қорғанысқа, ғылымға қажетті шығындарды анықтайды, білім беру, денсаулық сақтау бағдарламаларын қалыптастырып, жүзеге асырады т.с.с.
- Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кемшіліктерді қамтамасыз етеді, мемлекет минималды еңбекақыға, қарттыққа байланысты зейнетақыға, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға кепілдіктер береді.
- Шетелдегі ұлттық бизнесті қолдайды; мемлекет әлемдік шаруашылықта отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұлттық бизнес қызметін үйлестіреді.
- Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; мемлекет тұрақсыздық қауіп-қатерлері мен факторларына қарсы шаралар қолданады.
- Елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде ұстайды.
Мемлекеттің жоғарыда аталған негізгі функцияларынан басқа нақты сфераларда, салаларда және өңірлерде атқаратын реттеуші функциялары да баршылық.
Бұрынырақ
айтып кеткеніміздей
ҚР үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатының ұзақ мерзімді мақсаты әрбір азаматтың өз мүмкіндіктерін пайдалануына, әлеуметтік теңсіздікті төмендетуге, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мәдени құндылықтарын сақтауға, дүниежүзілік қоғамдастықтағы елдің экономикалық және саяси рөлін күшейтуге алғышарттар жасауға арналуы тиіс.
Мемлекеттің
саяси мақсаттарына оның іс-әрекеті
негізін құрайтын құндылықтар жүйесі
сәйкес болуы керек. Біздің қоғамға
Қазақстандық дәстүрлерге сай жаңғыртылған
құндылықтар жүйесі қажет. Сонымен
бірге қазіргі жалпыадамзаттық
құндылықтар – еркіндік, жауапкершілік,
сенім, адам өмірі мен еңбегінің
құндылықтарын асқақтату
Қоғамда
азаматтар мен мемлекет, азаматтар
мен бизнес, бизнес пен билік арасындағы
өзара сенімділік нығайып, дамыған
сайын мақсаттар бірыңғайлығы да
арта түседі. Сонда ғана мемлекеттік
реттеудің де түпкі мақсаты қоғамдық
мақсаттарға толықтай сәйкестеніп
мүдделер үйлесімдігіне қол жеткізіледі.
§4 Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері
Мемлекеттік
реттеудің методологиялық негізін
ұзақ мерзімді болжамдар мен әлеуметтік-
- Экономиканы дамытудың жаңа концепциясы адам факторын алдыңғы қатарға шығарады. Адами әлеуетті қалыптастыру ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. «Адами дамытуды қаржыландыру ұзақ мерзімді инвестициялардың ең тиімдісі екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл стратегияны жүзеге асыру Қазақстанның демографиялық дамуымен тікелей байланысты. ҚР Президентінің 2015 жылға қарай Қазақстан халқының санын 20 миллион адамға жеткізу туралы бастамасы адам факторының ұлттық экономиканы дамытудың негізгі ұстанымдарының біріне айналғандығының айғағы болып табылады.
- Экономикалық өсу – ол ғылыми-техникалық прогресс, инновациялар (жаңалықтар), өндірістің негізгі факторларының ғылыми сыйымдылығын арттыру. Дамыған елдердегі жаңа технологияларға енгізілген жаңалықтар үлесіне ішкі жиынтық өнім (і. ж. ө.) өсімінің 70 тен 85% дейінгісі тиетін көрінеді. XXI ғасыр ғылым мен жоғары технологиялардың, қатаң халықаралық технологиялық бәсекелестік ғасыры болмақ. Әлемдік рыноктағы ғылыми сыйымды өнімдегі өнеркәсібі дамыған жеті елдің үлесі 80-90% болып отыр және сол өнімдердің экспорты да өсіп өркендеген мемлекеттердің құзырында қалған жайы бар. Ал, Қазақстанның ғылымды қажетсінетін өнімдегі үлесі жоққа тән. Еліміздің индустриялық инновациялық даму стратегиясына сәйкес, сондай-ақ өндірістік және шикізаттық базасы мен кәсіби деңгейі өсу үстіндегі кадрлардың болуын ескере отырып, әлемдік деңгейдегі, яғни бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру біз үшін де жақын болашақтың ісі болуы тиіс.
- Өндіргіш күштерді орналастыру. Мұның өзі ұзақ мерзімге арналған мемлекеттік реттеуді қалайтын стратегиялық мәселелердің ең маңызды дегендерінің бірі болып табылады. Аумақтық-шаруашылық үдерістерді реттеудің маңызды құралына өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың мақсатты бағдарламалары жатады. Өңірлерді (аймақтарды) дамыту бағдарламалары орталыққа проблемалық аумақтар мәселесіне арнайы жобалар жасауға көмектеседі де ағымдағы міндеттерді стратегиялық мақсаттар аясында қарастыруға мүмкіндік береді.
- Экологиялық фактор-өңірлік және стратегиялық экономикалық шешімдер қабылдау үдерісінің маңыздыларының бірінен саналады. Әлемнің көптеген елдерінде экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікпен қатар қойылып, стратегиялық мәнге ие болып отыр. Ресурстық әлеуетті тиімді пайдалану үшін экономикалық дамудың ресурс сақтаушы типіне көшу қажеттілігі туындайды. Қазақстанның қуатты ресурстық әлеуеті өсу үстіндегі экономиканы мейлінше тұрақтандырудың кепілі болып табылады. Экономикалық дамудың жаңа стратегиясы Қазақстанды дамушы мемлекеттер қатарынан дамыған мемлекеттер қатарына қосудың жасампаз жобасы екендігіне мемлекеттің қазіргі ұстанымдары мен шаралары кепіл бола алады.