ҚР агроөнеркәсіп кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 20:02, курсовая работа

Описание работы

Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы талдауда ауыл шаруашылығының проблемалары түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….2
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері……………………......3
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы……………………………..…5
1.3 Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру…………………..…8
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы…………………..12
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат…………………….14
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі……………………………………17
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, мәселелер және оның шешу жолдары
3.1 Агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі мәселелер және оның шешу жолдары..21
3.3 ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары ……………………..25
3.2 Ауыл шаруашылығындағы өндірісті реттеудің механизмдері мен оларды ұйымдастырудың өркендеуі………………………………………………………28
Қорытынды……………………………………………………………………….31
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………..3

Работа содержит 1 файл

агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық саясаты.doc

— 262.50 Кб (Скачать)

- Қазақстан   агроөнеркәсіп  кешенінің шикізтқа  бағытталуы  негізінен  алғанда   өндіру , ұқсату, сақтау, өткізу  кезеңдерін  қамтитын , оның  салалары  арасындағы  сақталып  келе  жатқан  тепе-теңсіздікке  байланысты.     Ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  негізгі  бөлегі ұқсатылмаған  күйінде  басқа  аймақтарға  жіберіліп ,  республикада  құралған  таза  табыстың  дені  соларда  қалып  қояды;

-  ауыл  шарушылығының  дәстүрлі  түрлері   бар, әлеуметтік  экономикалық  дамуы  жағынан  артта   қалған  көптеген  аудандардың   болуы.

    Ауыл  шаруашылығы  экономикасындағы күрделі  проблемалардың  тағы  бір  түрі- сататын  және  сатып алатын  тауарларға  бағанын тепе-теңдігін  жасау.

   Бағаның тепе-теңдігі- бұл  қаламен  ауыл  аралықтарындағы  екі жақты  айырбас  кезіндегі  ауыл  шаруашылығы  мен  өнеркәсіптің  өнімдері  құндарының  ара  қатынасы.

   Тең  бағаны  жасау  қиындықтары  барлық  елдерде  жиі  кезесіп  отырады. Ол  ең алдымен   өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығындағы  ерекшеліктер. Біріншіден, ауыл  шаруашылық  өндірісінде  өндіретін  өнімдер  маусымдық сипатта  болады, сондықтан   өнім бағалары  өзгеру  уақыты  бойынша  жалпы  баға  өзгерістерінен  қалып  отырады. Екіншіден,  фермерлер  өздеріне  керекті  өнімдерді  ірі  жеке   өнеркәсіп монополистерінен  сатып  алып  отырады,  ал  олар  болса  жоғары  бағаларды  ұсынады.  Мысалы,  астық  жинайтын  комбаиндар  Ресейде  екі жерде  ғана жасалады. Комбайндардың  бағалары  болса өте  қымбат.  Ал фермер, шаруа  өз  өнімдерін  көпшілікке  сатады,  сондықтан  жоғары  баға  сұрау  қиынға  түседі. Үшіншіден,  ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  дүние  жүзілік  нарығындағы  бәсекелік  фермерлерге  тең  бағалы өнімдерді  ұстауға  үлкен  кедергі  жасайды.

  Осының  салдарынан  өнеркәсіп  пен   ауыл  шаруашылығы   өнімдеріне  әр  уақытта “бағаның  қайшысы  ”  пайда  болады.

  Баға  қайшысы-  бағаның  тепе-теңдігі   бұзылу  дәрежесі, яғни  ауыл  шаруашылығы  өнімдері  мен  өнеркәсіп  өнімдерінің  бағаларының  өсу  қарқынының  айырмашылығы.

  Бағалар   тепе-теңдік  проблемаларын  нарықты   механизмдер  арқылы  шешу  өте  қиын,  сондықтан  көп  елдердің  үкіметтері  бұл тепе-теңдіктерді   шешу  үшін  фермерлердің  өндірген  өнімдеріне  кеткен  шығындардың  біразын  өз  мойындарына  алады.

Мысалы,  Еуропалық  экономикалық  бірлестік  дүние  жүзілік  нарықта  өз фермерлерінің  астығын  нақтылы  бағасынан 15  пайыз  төмен  бағаға  сатады. Ал, Америка  үкіметі   ферлердің өндірген астығын 50 пайыз бағамен сатады, қалған 50 пайызын үкімет өз  қалтасынан  төлейді, ол төлем фермерлерге жәрдем ақша  есебінде  болып, ауыртпалығы салық төлеушілерге  түседі.

   Жәрдем  ақша-  тауар өндірушілерге,  олардың  тауарларына  бағаны  тұрақтандыру, немесе  оларды  жұтатын  кететін  жағдайдан аман  сақтау  үшін  берілетін  мемлекеттік  қайтарылмайтын  жәрдем.

   Адамзаттың  тарихи  тәжірибесі   ауыл  шаруашылығын  өз  дәрежесінде  ұстау  үшін  ерекше  әдіс  ойлап  шығаруға  мәжбүр  болды- бұл таза  нарықты  тетіктер.  Оларға  алдымен  биржалық  сауда  жатады.

   Бірақ  биржалық  тетіктердің  саудасы  көпестер мен  тауарлар  келісімдеріне  де  бейімделген. Тауарлар  биржасында  тек  үлкен  көлемде және  кқп  уақыт  сақталатын  талапқа  сай сапасы  бар  тауар  сатылады. Бұл  талаптарға  шикізат  жатады, ал ол  шикізаттар  ауыл  шаруашылығында  өндіріледі. Мысалы: астық,  ет,  мақта, табиғи  кауччук.

   Қазіргі  дамыған  елдерде  50-ден  артық  ірі тауар  биржалары  бар.  Оларда тауарлардың 160  түрі  сатылады. Бұл  көтерме  сауда арқылы  жылына  100 трлн.  доллардың  саудасы  жүреді,  яғни  бұл  елдердің  өндірген  өнімдерінің  төрттен  бірі.  

   Көтерме сауда-  тауарларды  үлкен  партияларымен  сатудағы  келісім , мұнда  сатып  алушы  көтерме  сауда  фирмасы болып табылады,  ол бөлшек  сауда бағасымен  дүкендерді  немесе өндірістік  фирмаларды  тауарлармен  қамтамасыз етеді.

     Тауарлы биржалардың  өркендеуі   ауыл  шаруашылығы  мен  экономиканың   басқа да  салаларымен  саудалық  қарым-қатынастарды  нығайтудың  ең  қолайлы  формасы  болып  табылады. Ауыл шаруашылық  өндірісінің  маусымды  түрі күзде , әсіресе,  өнімдерді  мол  жинағанда , ұсыным сұранымнан  көп  жоғары  болғанды,  мұның  өзі  бағаның , оны-  мен  бірге  табыстың  төмендеуіне  алып  келеді. Бірақ өмір  қажетімен тұтыну  жыл бойы. Ауыл  шаруашылығы өнімдеріне   күз айларынан кейін ұсыным  күрт  төмен түседі, ал  сұрамын болса айма-ай  ұсынымнан жоғарылай береді.  Жаз айларының аяғында екеуінің  алшақтығы сонша өткен  жылдың  өнімдеріне  деген  баға  тез  жоғарылайды.

     Міне,  сұраным  ұсыным  тетіктерін  жөнге салмаған  жағдайда  бағалардың  тұрақсыздануы  шыға  келеді. Бұл  жағдай фермерлерге де, тұтынушыларға  да пайдасыз, күзде бұлардың алғашқылары  өз тауарлары өте төмен баға алатын болса, кейінгілері ауыл шаруашылық өнімдері үшін көктемде және жазда өз қалтасынан өте көп төлейді.

    Бұл жерде орынды сұрақ туады: не себепті  фермерлер өз өнімін күзде сатады? Келесі көктемде сату пайдалы емес пе?

        Бұл кеңес орындалу үшін қожалықтары ең алдымен көп айлар бойы жинаған өнімін сақтайтын қойма салуы керек, сонымен бірге сақтауға шығындар жұмсау керек. Мұнымен бірге көктемде мол табыс ала қоймайды , ал күзде де болса атқаратын жұмыстар көп, оларға кететін шығындар да мол. Бұл шығындарды жабу үшін қаржыны қайдан алады?

      Ол үшін банктен несие алуға  болады. Бұл жолдың өз кемшіліктері  бар. Біріншіден, болашақ өнімге  банк онша көп қарыз бере  қоймайды. Себебі, бұл тауар тұрақсыз  бағасымен банктен алатын несие  мен оның пайыздарын өтей ала ма? Екіншіден, банктік несие үшін үлкен өнім пайыздарын төлеу керек, ол табысты тағы азайтады. Үшіншіден, егер де банкке алған қарызын уақыттылы қайтармаса, онда шаруашылығы тұралатып, уысынан шығарып алуы мүмкін.

     Маусымдық бағаның тұрақсыздануы қоғамда жоғары бағаланады: фермер күзде өз еңбегі үшін көбірек ақша алады, тұтынушы да көктем мен жазда былтырғы өнімнен сатып алып аз төлейді. 

  Басқа  сөзбен айтқанда, биржалық сауда  қоғамға пайдалы. Ол әкімшілік-әміршілік  үстемдік ел экономикасындағы саудагерліктен мүлде бөлек. Мұндай елдерде ресурстарды тапшы тауарларға қолдары жететіндер саудагерлік жасап байитын. Олар жазасыз, қорқпай саудагерлік жасайды.

   Биржалардағы бағаның тұрақты  түрде құбылып тұруы дәлелді,  заңды себептерден болады. Сондықтан тауар биржалары дүниежүзінде болып жатқан өзгерістерді сезімтал экономикалық тетігі. Міне , бұл сезімталдығы қор биржасын тауарлы биржалармен жақындастырады.

   Әлем сатушылары мен алушыларын  байланыстырып тауарлы биржалар  нарықты өмірге әкеледі, бұл нарықта тауарларды әр уақытта белгіленген көлемде керекті түрін сатуға және сатып алуға болады. Свауда келісімі есебіне әлі өсірілмеген, жиналмаған өнімдер де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды келешекте уақыттылы жеткізіп тұруға келісім –шарт жасасады, бұл келісімді- фьючерлік келісім дейді.

   Фьючер – тауарды уақытысында  және келісім-шарт жасаған уақыттағы  бағамен жеткізуге және төлеуге  жасалған келісім.

   Фьючерлік сауда өткен ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ-та пайда  болды, қазір биржалық келісімнің ол негізгі түріне айналды, қол бар тауарлар саудасын ығыстырып, орнын басып алды.

   Бұл келіісім бойынша фермер  өзінің келешекте алар өнімін  көктемде сатуы мүмкін, Бұл келісім  фермер үшін пайдалы.         

1.3 Агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру

Машина-трактор  паркін қазіргі кездегі жағдайы.

Республикада 137,2 мың шынжыртабанды және доңғалақты тракторлар, 45,5 мың астық жинайтын комбайндар, 15,2 мың дестелегіштер, 90,7 мың тұқым сепкіштер және басқа  да ауыл шаруашылығы техникалары  бар.  
Соңғы жеті жылда (2001-2007) 26,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынған.

 Өткен жылы 4,2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы техникалары 45,0 млрд. теңгеге сатып алынды:

 тракторлар -1117 дана;

 астық жинайтын комбайндар - 1605 дана;

 тұқым сепкіштер - 819 дана;

 егіс кешендері - 394 дана;

 дестелегіштер - 308 дана.

 2007 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 22,2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары сатып алынды (бюджеттік қаражат - 8,1млрд. теңге; өз қаражаттары – 3,3 млрд. теңге; экспорттық қаражат – 10,8 млрд. теңге) оның ішінде:

тракторлар -586 дана;

 астық жинайтын комбайндар - 656 дана;

тұқым сепкіштер - 303 дана;

дестелегіштер - 140 дана.

Лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету қолда бар ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға жағдай жасады.  
Жақын және алыс шет елдерден сатып алынған жоғары өнімді, қуатты техникалар:  
- ауыл шаруашылығы өндірісін 2002 жылмен салыстырғанда энергиямен қамтамасыз етілуін 19,5 % жоғарылатуға;

 - қысқа агротехникалық мерзімде жалпы егістік техникаларының 4,9 % құрайтын егіс кешендерімен 35,2 % дәнді дақылдар егістігіне тұқым себуге;  
- жалпы астық жинайтын комбайндар санының 22,3 % құрайтын соңғы 7 жылда сатып алынған астық жинайтын комбайндармен дәнді дақылдар егісінің 40 %-ын жинауға мүмкіндік берді.

   Ауылшаруашылығы машиналарын жасаудың қазіргі кездегі жағдайы және дамуы.  
Республикамыздың өнеркәсіптік потенциалын ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы 120 кәсіпорын білдіреді. Оның ішінде 50 кәсіпорын мынадай ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады: дестелегіштер, тұқым сепкіштер, жер өңдеу құралдары (сыдыра жыртқыш, сыдыра қопсытқыш, соқалар, тырмалар), мал азығын дайындау құралдары, өсімдік қорғау машиналары (дәрі сепкіштер, тұқым улағыштар) және қосалқы бөлшектер, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешендері үшін жабдықтар. Қалған 70 кәсіпорындар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тапсырысымен қосалқы бөлшектерді дайындаумен айналысады.

 Шамамен 20 кәсіпорын соңғы өнім шығарушы болып табылады.  
Көп кәсіпорындардың қуаттылығының 10-15% ғана жүктелген. Негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларының тозуы 43-80%, ал машиналар мен жабдықтардың тозуы 40% дейін құрайды.

 Технологиялық процесстер мен жабдықтар тозып, озық технологиялар қатарынан қалып қойды. Кәсіпорындар ескірген конструкциядағы ауыл шаруашылығы машиналарын шығарады, тракторлар мен комбайндарды шығару өндірісі жоқ.

 Сонымен қатар, осы заманға сай маркетингті, сату, делдалдық және басқада қызмет көрсетулер кәсіпорындарда жоқ.

 Ауыл шаруашылығы машиналарын, тораптарын, агрегаттарын және оларға қосалқы бөлшектерді импорттау қазіргі уақытта ішкі өндіріске қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде.

 Қазақстан Республикасы аймағында импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында өндірісте жоқ техникаларды біріккен жинау кәсіпорындарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

 Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы айналым өте төмен деңгейде тұр және соңғы бес жылда 17,6 млрд. теңге көлемінде бағаланған. Оның ішінде елімізде 15,9 млрд. теңге, экспорт – 1,7 млрд. шамасында.  
2007 жылы ауыл шаруашылығы техникаларын және қосалқы бөлшектерді шығару көлемі 6,7 млрд. теңгені құрады.

  • ауыл шаруашылығы машиналарын және қосалқы бөлшектерін ішкі нарықта сату – 6,0 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 3,3 млрд. теңгеге көп);
  • экспорт – 0,7 млрд. теңге.

Ауыл  шаруашылығы тауарын өндірушілерді  жанар-жағар маймен (ЖЖМ) қамтамасыз ету.

 Маусымды жұмыстар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ЖЖМ үздіксіз уақытылы қамтамасыз ету мақсатында:  
- Ауыл шаруашылығы министрлігімен дизел отынына қажеттілігі анықталған;  
- Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен республиканың мұнай өндіруші зауыттарын қажетті мөлшерде шикі мұнаймен қамтамасыз ету және дизель отынының жеткілікті көлемін өндіру туралы шаралар жасалды;  
- облыстарды ҚР МӨЗ шартты бекіту жүргізілді;  
-   ай сайынғы дизель отынын тиеу кестесі, МӨЗ жөндеу жұмыстары жүргізу, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ жылжымалы құрамын мұнай өнімдерін құюға жіберу келісілді.

 Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу.

 2007 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін республикамыздағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) ЖЖМ қажеттілігі:  
дизель отыны - 328,0 мың тонна;

Информация о работе ҚР агроөнеркәсіп кешені