ҚР агроөнеркәсіп кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 20:02, курсовая работа

Описание работы

Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы талдауда ауыл шаруашылығының проблемалары түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….2
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері……………………......3
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы……………………………..…5
1.3 Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру…………………..…8
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы…………………..12
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат…………………….14
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі……………………………………17
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, мәселелер және оның шешу жолдары
3.1 Агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі мәселелер және оның шешу жолдары..21
3.3 ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары ……………………..25
3.2 Ауыл шаруашылығындағы өндірісті реттеудің механизмдері мен оларды ұйымдастырудың өркендеуі………………………………………………………28
Қорытынды……………………………………………………………………….31
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………..3

Работа содержит 1 файл

агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық саясаты.doc

— 262.50 Кб (Скачать)

   Ресей, Өзбекстандағыдай өнім арқылы лизингтік несиемен есеп айырысу үрдісі бізге әлі енгізіле қойған жоқ. Бір айта кетер жайт – лизингтік несиеге қол қойған шаруа банктердегідей ай сайын емес, жылына бір рет, өзіне қолайлы мерзімде есеп айырыса алады. Банктер ауыл шаруашылығы үшін консервативті жүйе болса, лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл шаруашылығына жақындау. Банктік несие мен лизингтік несие арасындағы бәсеке Қазақстанда ғана емес, барлық елде бар. Меніңше, ерте ме, кеш пе, банктер лизинг компанияларын дербес құрылым ретінде «жеке отау» етіп бөлек шығарады. Өйткені лизинг жүргізуге арнай рұқсаты бар кейбір екінші деңгейдегі банктер әрбір жоба үшін лицензиялап отыруы қажет. Ал бұл міндет лизинг компаниясының тікелей құзырында болғандықтан, лицензияның қажеті жоқ, лизинг алу үшін компания көмегіне жүгінген кәсіпкер қалтасынан қосымша шығын шығармайды. Бұл – екі жақ үшін де уақыт та, қаржы да үнемделеді деген сөз.

     Салалық лизингтердің ерекшеліктері ең алдымен лизинг техникасының өтімділігінде дер едім. Егер транспорт немесе жылжымалы мүліктің өтімділігі жоғары болса, дефольт жағдайында компания өз өнімін қайтарып алып, қайталама нарықта қайта сата алады.

   Айта кету керек, лизинг жобасындағы  техникалардың өтімділігі жоғары  болған сайын оның бастапқы  жарнасы да қомақты болады. Бұл – компанияның дефольт жағдайынан өзін-өзі сақтандыруы.       Енді   мемлекет  тарапынан  лизингтің  дамуына  қосып  жатқан  үлесі  жайлы  айтып  кетейін.  Мемлекеттің  жасап  жатқан  іс –шаралары  өте  ауқымды. Бұның  дәлелі  ретінде “ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы «Қазақстанның Даму Банкінің» еншілес ұйымы болып табылады және «Қазына» Тұрақты даму қоры» АҚ жүйесіне кіретін компанияны  айтын кетуге  болады. Компания Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде «Қазақстанның Даму Банкі» ұсынған инвестициялық жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту мақсатында 2005 жылдың 6 қыркүйегінде құрылды.

    Өкімет басшылығымен   құрылған   компания қызметі – Қазақстан  Республикасы кәсіпорындарының  негізгі қорларын жаңарту үшін  қажетті жағдайлар туғызу, жаңа өндіріс орындарын құру үшін инвестициялау саясатын қарқынды дамыту.

  Мақсаттары:

-  лизинг  саласындағы мемлекеттік инвестициялық  саясатты жетілдіру және оның  тиімділігін арттыру; 

-  өңдеуші  өнеркәсіпті, өндіруші және көлік  инфрақұрылымын дамыту;

- ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту мен орналастыру кезінде даму институттарымен өзара бірлесіп жұмыс істеу.

     Міндеттері:

-     инвестициялық жобаларды орташа  және ұзақ мерзімді лизингілік  қаржыландыру;

-  Қазақстан Республикасы экономикасының өндіруші секторын басқа қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру жолымен лизингілік қаржыландыруды ынталандыру;

-  ірі  инвестициялық жобаларды іске  асыру үшін лизингілік қаржыландыру  механизмін қолдану. 

-   жабдықтардың жекелеген түрлерінің импортын қосылған құн салығынан босату.  
    «ҚДБ- Лизингтегі» лизингілік қаржыландырудың негізгі шарттары:

-     Лизингінің ең төменгі сомасы 1 млн. АҚШ доллары 

-     Лизингінің мерзімі 3 жылдан 20 жылға  дейін 

-  Лизингінің  пайыздық ставкасын жобаның тәуекелдік деңгейіне сәйкес белгілеу

-    Инвестициялық басымдықтарға сәйкес  болу.

   Қалай  дегенмен,  лизингтік   қаржыландыру   біздің  еліміздің   ауылшаруашылығының “ локомативтерінің”   бірі .  Сондықтан,  лизингтік   қаржыландыруды   дамыту  біздің  міндетіміз. 

                      2.3 Ауыл  шаруашылығын несиелеу  жүйесі. 

    Агроөнеркәсіптік өндірісті қаржымен қамтамасыз етуде несиелік механизмнің орны бөлек екені мәлім. Соған қарамастан, осы күнге дейін экономиканың аграрлық секторындағы қаржы-экономикалық қатынас жүйесінде ауыл шаруашылығын несиелеу өзектілігін жоймай келеді. Ол ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуді және оны ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарастыруды талап етеді.

   Аграрлық бизнестің шағын субъектілерін кең көлемде қамту және ресурстық базаны кеңейту үшін банк жүйесінің немесе басқа да ортадағы делдалдық ұйымдардың (микронесие берушілер, несиелік серіктестіктер, т.б.) ауылдық несие кооперативтерімен бірлесе әрекет етуі қажет деп ойлаймын.. Бұл кооператив пайшыларының жәрдем беру жауапкершілігі негізінде несиеге берілетін қаражатқа шағын және орта кәсіпкерлік пен қосалқы шаруашылық субъектілерінің қолын жеткізуге жол ашады. Яғни жеке-жеке несие алуға мүмкіндігі жоқ шағын кәсіпкер өзі секілді өзгелермен бірлесіп, қолдарындағы дүниесін қосып, кепілдікке қойып, несие алады да, алынған несиені әркім өз қосқан үлесіне байланысты бөлісетін болады. Яғни бұлар кооператив пайшылары болып есептеліп, бірлесе әрекет ету арқылы қолы қысқа өнім өндірушілердің несиеге қаржы алуына жол ашады.  
    Несие кооперативтерін басқарудың демократиялық формасы, кооператив мүшелерінің жұмысы нәтижесі үшін бір-біріне жәрдем беру жауапкершілігін жете сезінуі ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру және меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қаржы жағдайын жақсартудың негізгі факторының бірі болып табылады. Оған экономикалық және құқықтық жағдайдың әлі де болса дайын еместігіне қарамастан, несие кооперативі жүйесін кезең-кезеңімен жүзеге асыруға болады. Ол үшін ауыл тұрғындары сұраныстарына толық жауап бере алатын «Несие кооперативтері туралы» Заң жобасын дайындау қажет.

    Ал бүгінгі орын алып отырған банк несиелеріне қол жеткізудің күрделілігі жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің кең көлемде дамуы теориялық жағынан да, практикалық тұрғыда да мүмкін емес. Менің ойымша, жалпы, несие беруде қазіргі таңдалып алынған схема ауыл шаруашылығын дамыту операцияларын жүргізудің заманауи талаптарына жауап бере алмайды. Бұл схема, әсіресе, дәл бүгінгі таңда отандық ауыл шаруашылығы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған мәселе бойынша, Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне жетуге ұмтылуға бет бұрған кезде өзін ақтамайды. Шығыс Еуропа елдерінің ауыл шаруашылығын реформалау кезіндегі тәжірибесін еске алудың өзі жетіп жатыр. Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік елдерінен айырмашылығымыз, бізде күні бүгінге дейін республика аграрлық секторын мемлекеттік реттеудің күшті және белсенді саясаты қажет екендігін ҚР Үкіметі түсінбей келеді. Ауыл шаруашылығы халықаралық қаржы құрылымдарының айтуымен мемлекеттің монетарлық саясатының нысаны күйінде қалып отыр. Осылай отандық ауыл шаруашылығының несие және инвестиция тартуға тартымдылығын қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Бұл проблеманы шешуді мемлекеттің белсенді түрде араласуынсыз бірде-бір ел шеше алмаған. Мемлекеттің аграрлық секторға несие-қаржы механизмі арқылы қолдау көрсетуге ұмтылысында жүйелілік сипаттың жоқ болып тұрғаны да сол себепті. Өйткені оның көптеген элементтері заң жүзінде бекітілмеген, сондықтан да тауар өндірушілер үшін ол болашақтың айқын бағдары бола алмайды.. Сонымен қатар қолдау шаралары мемлекеттік реттеудің басқа формаларынан тыс та (мысалы, монополияға қарсы) қолданылады. Оларды қолдану нәтижесінің негізгі пайдасы көбіне ауыл емес, сонымен аралас монополияландырылған салаларға (минералдық тыңайтқыштарға дотация, тауарлық несие, т.б.) тиіп жатады. Яғни тиімсіз болып отырған қолдау көрсету формасының өзі емес, оны басқа да проблемалар шешімін таппай тұрған жағдайда жүзеге асыру әдісі. Бұдан келіп шығатын түйін – Қазақстан Республикасында бірінші кезекте «Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу туралы» Заң қабылдау керек.  
   Әлемнің дамыған мемлекеттерінде халықты азық-түлікпен толыққанды қамтамасыз ету және фермерлердің табысты болуына қолдау көрсету мәселелерін шешу мақсатында олардың үкіметі ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға жәрдем бере отырып, жанды көмек көрсетеді. Еуропалық Одаққа біріккен Батыс Еуропа елдерінде ауыл шаруашылығына қауымдастық бюджетінің 65% жұмсалып, оны басқару ауыл шаруашылығының өнімділігін көбейтуге, рыноктарды тұрақтандыруға бағытталып, орталықтандырылған.  
    Енді статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметтері бойынша, фермерлер табысындағы мемлекеттік көмек үлесі Австралияда – 15, АҚШ-та – 30, Канадада – 45, Австрияда – 52, Швецияда – 59, Жапонияда – 66, Финляндияда – 71, Норвегияда – 77, Швейцарияда – 80 пайыз екен. Ал Қазақстанда ауыл шаруашылығына жұмсалған мемлекет бюджетінің шығыны 2002 жылы 28 770 миллион теңгені құрапты. Немесе ол жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде 5,1 пайызды құраған. Агроөнеркәсіп секторының нарықтық қатынастарға өтуі институттық ұйымдар құруды қажет етеді. Институттық ұйымдардың дамуы мен өркендеуі әр елде әр түрлі болғанымен, оның ауыл шаруашылығын қаржыландыру-несие беруде мемлекеттік реттеуді құрылымдауы, қызмет көрсетуі және басты бағыттары бірдей. Олардың жұмыстарының негізгі бағыттары – агроөнеркәсіптік секторын қаржыландыру-несие беру жүйесі, ішкі ауыл шаруашылығы рыногын, ауыл шаруашылығындағы өндірістік-құрылымдық қайта құрылуды реттеу.

      Енді Елбасының нұсқауы бойынша елімізде ауыл шаруашылығында мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі “Агрохолдинг” компанияның құрылғандығы жайлы айтып кетуді жөн көріп отырмын. Осы құрылған Ұлттық компания жұмысының тиімділігі алдымен мемлекеттегі мемлекеттік ақша-несие саясаты құралдарына тікелей байланысты болатыны белгілі. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруды ынталандыруға бағытталған қаржыландыру және несиелеуге. Өйтпеген күнде бұл құрылымдық қайта құру Ауыл шаруашылығы министрлігі мен құрылатын “Агрохолдинг” арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді қарапайым ғана бөлісу болып шығады. Сондықтан менің ойымша, мемлекеттік компанияны (Агрохолдинг) құрумен қатар және оның жұмысының тиімділігін арттыру үшін ауылға арналған барлық ақша ағыны шоғырланатын Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы банкін құру мәселесін де қарастырған жөн. Қазіргі ауыл шаруашылығын несиелеудің басты кемшіліктері: 
   1. Қолданыстағы коммерциялық несиелеу жүйесі жоғары айналымды капиталға қатысты салалардағы табыстылыққа бағытталған. Оның пайыздық ставкалары және талабы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге несие ресурстары рыногына тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік бермейді.

  2. Ауыл шаруашылығы үшін несие ресурстарын тарту проблемасы шешімін таппаған күйінде қалуда. Қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі төңірегінде құрылған барлық қаржы институттары қаржы ресурстарын тартумен емес, ауылды дамытуға бөлінген бюджеттік қаражатты қайта бөлумен айналысып отыр. Қаражат тартпай нарықтық жағдайда ауылда жұмыс істеу дегеніміз ақылға сыймайды және тиімсіз. Дамыған экономикасы бар барлық мемлекеттерде ауыл шаруашылығы өндірісін нарықтық жағдайдағы ерекшелігін есепке ала отырып құрылған ауыл шаруашылығы несиесінің мамандандырылған жүйесі бар. Біздің республикамызда осындай қаржы институтының жоқтығынан ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген орасан бюджеттік қаражат жыл сайын белгілі бір уақытқа дейін жекелеген коммерциялық банктердің айналымында жүреді. Бұл бөлінген бюджеттік қаражат пен оны мақсатты пайдалану алдындағы жауапкершілікті мойындамауға жайлы ахуал тудырады.

   3. Қолданыстағы ауыл шаруашылығын несиелеудің жүйелі сипаты жоқ. Ең алдымен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін көктемгі егіс және оны жинау жұмыстарына несие беру жобасы жыл сайын өзгертулерге ұшырайды. Нәтижесінде ауылды несиелеу механизмін жүзеге асыру үшін ғылыми негізделген нормативтік және әдістемелік база жоқ болып тұр. Және бұл болашақта бюджет қаражатының қайтарымына өзінің жағымсыз ықпалын тигізбей қоймайтын болады. Солай, ауыл шаруашылығындағы қаржы саясаты реформа басталғалы бері ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға еш мүмкіндік бермейтін, тек «жыртықты жамау» саясаты болып келеді.

    4. Елімізде ауыл шаруашылығы жерлерінің ипотека механизмі (кепілдік) жоқтың қасы. Жерді кепілдікке алып, берілетін жер-ипотекалық несиесі ауыл шаруашылығының ірі ұйымдарымен қоса, шағын және орта агробизнесті де дамыту және оларға қолдау көрсету үшін ауылға бюджеттен тыс қосымша қаржы ресурстарын тарту мен құрудың маңызды қаржы механизмі болып табылады. Сонымен бірге, басқа механизмдерді қолдану заңдық тұрғыда мүмкін болмаған және экономикалық жағынан тиімсіз болған жағдай да ипотека жерді қайта бөлу мен айналымның қосымша, әрі жеткілікті түрде тиімді құралы болып табылады. Жер реформасының негізгі идеясы ауыл шаруашылығы жерлерін рыноктық айналымға ендіру болғанына қарамастан бұл мәселені қазіргі қаржы институттары шеше алмайды.

   Ауыл шаруашылығынын несиелеу  жүйесімен қатар, лизингтік қаржыландыру да қазіргі таңда ауқымды мәселелердің біріне айналып отыр. 
 
 

   
 
 
 
 

ІІІ. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, мәселелер және оның шешу жолдары 

     3.1 Агроөнеркәсіп кешеніндегі  негізгі мәселелер  және оның шешу  жолдары 

       Қазақстан жер ресурстарына бай. Алдын ала  суландырмай-ақ егiн шаруашылығына  жаратуға болатын алқап 39 млн. гектарды құрайды. Табиғи жайылым алқабы мұнан  да көп, 179 млн. гектардан астам. 

       Елдiң  астық өсiретiн белдеуi бидайдың әлемдiк  нарықта сұраныспен пайдаланылатын қатты және күштi сортты дәндерiн өндiруге мүмкiндiк бередi. 

       Аграрлық  өндiрiстiң көп салалы құрылымы, жоғары ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-экспериментальдық  әлеует қалыптастырылды. Салада ауыл шаруашылығы  өнiмдерiн дайындау, ұқсату және сақтау жөнiнде жеткiлiктi қуаттар бар. Бiлiктi және арзан жұмыс күшiнiң болуы аса маңызды бәсекелестiк артықшылық болып табылады. 

       Iлгергi  жылдарда аграрлық секторда бағаны  ырықтандыру және жер реформасы  жүргiзiлдi, мемлекеттiк және ұжымдық  меншiк жекешелендiрiлдi және ауыл шаруашылығы кәсiпорындары қайта ұйымдастырылды. Нәтижесiнде, жерде шаруашылық жүргiзудiң көпукладты нысаны құрылды және ауылда нарықтық қатынастар дамыды. Өндiрiстiң жаңа нарықтық инфрақұрылымы пайда болып, нығая түстi. Осының бәрi аграрлық өндiрiстi тиiмдi жүргiзуге жағдай туғызады. 

       Шұғыл континенталдық климат және шектен тыс  құрғақшылық, сумен қамтамасыз етудiң  нашарлығы, әсiресе оңтүстiк аймақтарда, аграрлық өндiрiстiң тәуекелдiлiгiн  күшейте түседi. 

Информация о работе ҚР агроөнеркәсіп кешені