ҚР банк қызметін құқықтық реттеу

Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70

Работа содержит 1 файл

банк кызмет - азаматтык-диплом.doc

— 514.00 Кб (Скачать)

    Пруденциалдық нормативтер және сақталуға (орындалуға) міндетті өзге де нормалар мен лимиттер банктердің өтімділігін, сенімділігін, төлемдік қабілеттілігін, банктердің акционерлер мен клиенттерінің мүдделерін, банктік тәуекелдерді ұтымды баскаруды қамтамасыз ету мақсатында белгіленген экономикалық шектеу нормалары пруденциалдық нормалар ретінде банктік құқық нормалары қатарында көрініс табады.

    Банктердің  міндетті түрде сақтауларын көздей отырып қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау  жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі белгілейтін пруденциалдық  нормативтер (экономикалык шектеулер) құрамы:

    1) банктің жарғылыө капиталының  ен төменгі мөлшерінен;

    2)  өз капиталының жеткіліктілігі  коэффициентінен;

    3) бір карыз алушығы қатысты  жасалатын тәуекелдін ең көп  мөлшерінен;

    4)  өтімділік коэффициентінен;

    5)    ашық валюталық позиция лимиттерінен тұрады.

    Банктер тобының міндетті түрде сақтаулары үшін уәкілетті    мемлекеттік  орган Қазақстан Республикасының  Агентгігі белгілейтін пруденциалдық  нормативтер:

    1)  жарғылық капиталдын ен аз  мөлшерінен;

    2)    өз капиталының жеткіліктілігі коэффициентінен;

    3) бір карыз алушыға қатысты  жасалатын тәуекелдін ең көп  мөлшерінен құрылады.

    Сонымен бірге Қазақстан Республикасының  Агенттігі халықаралық банктік  тәжірибеде пайдаланылатын пруденциалдық  нормативтерді және өзге де орындалуға міндетті нормалар мен лимиттерді белгілей алады.

    Пруденциалдық реттеу (экономикалық шектеу қою) барысында  Агенттігі есептеу әдістемелерін, белгілі бір банктік күн ішіндегі банк және банктік топ капиталының  мөлшерін, ашық.

    • валюталық позицияларды есептеу  тәртібін және олардың лимиттерін, оларды сақтау әдістері мен есептеу әдістемесін, есептілік түрлерін және оны табыс ету мерзімдерін белгілейді.

    ■ Қазақстан Республикасынын Агенттігі  пруденциалдық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін банктерді немесе банктік холдингтерді не олардын лауазымды адамдарын тиісті банктік заңнамалық актіге сәйкес жауапқа тартады.

    Қазақстан Республикасының Агенттігі өзі  белгілеген пруденциалдық нормативтердің және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық құжаттары талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайда, банктін лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің банктің қаржылық қауіпсіздігі мен тұрақтылығына және оның депозиторларының клиенттері мен корреспонденттерінің мүдделеріне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған реттерде банкке мынадай шектеулі ықпал ету шараларынын бірін қолданады:

    а) міндеттеме жүктейді;

    ә) банкпен жазбаша келісім жасасады;

    б)    ескерту жасайды;

    в) атқарылуға міндетті жазбаша нұсқама  береді. Банктерге ықпал етудің осындай  шектеулі шараларын қолдану тәртібі  Қазақстан Республикасы Агенттігінің нормативтік құқықтық актілерімен  белгіленеді.

    Банктік қызмет процесінде орын алған кемшіліктер  мен келеңсіз жәйттер Қазақстан Республикасының Агенттігі белгілеген мерзім ішінде жойылмаған жағдайда, ол тиісті банкке оған заңға сәйкес санкция қолданылатыны жөнінде жазбаша ескерту жібереді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР

    3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар 

    Қазақстан Республикасынын Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады. Орталық банктердің кызметі туралы Н.Н. Арефьева мен К.Н. Карабанова: «РФ Орталық банкі - Ресей Банкі елдегі ақша-кредит, валюталық, қаржылық қатынастарды реттеу аясында өзінің негізгі функцияларын жүзеге асырады.8 РФ Орталық банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатын жүргізеді, банктік операцияларды жүзеге асырады және реттеу, қадағалау функцияларын жүзеге асырады» деп түйіндесе, Н.Б. Глушкова «Орталық банк кызметінін маңыздылығы мемлекет пен экономика арасындағы делдалдық және ақшалай-кредиттік ағындарды реттеу барысында көрініс табады. Орталық банк банк және мемлекеттік ведомство болып табылады» деп пайымдайды.

    Д.Г. Алексееваның тұжырымы бойынша «Орталық банк бір мезгілде мемлекеттік-құқықтық және жекеше құқықтық ұйымдардың белгілерін танытады. Орталық банк мемлекеттің акша жүйесінің қайнар көзі және қаржы жүйесінің, оның ішінде ақша-кредит жүйесінің реттеушісі, сондай-ак банк жүйесін басқару органы және банктік операцияларды жүзеге асыратын субъект болып табылады».9

    Э.Д. Соколова «Ресей Банкі Ресей Федерациясының басты банкі болып табылады. Ресей Банкіне мемлекеттің ақша-кредит жүйесін басқару жөнінде аса кең көлемді өктем өкілеттік берілген. Сонымен қатар ол азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысатын заңды тұлға болып табылады. РФ Орталық банкі мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асыратын арнаулы орган ретінде мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға өз құзыреті шегінде ат салысады» деп тұжырымдаған.

    Демек, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіретін Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне тән функцияларын, өкілеттігі мен құқықтарын және басқа да қызметін жүзеге асыруы барысында қоғам мен мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, ҚР басқа да заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарды басшылыққа алады10.

    Қазақстан Ұлттык Банкі өзіне жүктелген негізгі мақсат пен міндеттерді орындау барысында:

    - Қазақстан  Республикасында айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу жолымен мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізеді, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір эмитенті болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды;

    - Қазақстан Ұлттық Банкі эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнінде Қазақстан Ұлттык Банкі міндеттемелер алады;

    -  Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық  Банкінің   мемлекеттік қарыздарына   қызмет көрсетеді;

    -  банктерге, сондай-ақ Қазақстан  Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттык Банкінде есепшоттарын ашқан занды тұлғаларға кредит береді. Банктер үшін сонғы сатыдағы кредитор болып табылады;

    -   Қазақстан Ұлттық Банкінің басқармасы белгілейтін тәртіппен және шартпен банктердің және баска ұйымдардың алған кредиттері бойынша Қазақстанның Ұлттык Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдайды;

    - банктік операциялардың мынадай түрлерін жургізу: банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу жөне жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мелшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсыруы бойынша олардың банк шотгары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралык клиринг; сейфтік операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас  операцияларын  ұйымдастыру;  чек кітапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау тәртібін айқындайды;

    - Қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етуді жүзеге асырады;

    -   Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерге ақша-кредит әдістерімен реттеу аркылы бакылау жасау мүмкін болмаған жағдайларда, Қазақстан Ұлттык Банкі кредиттер көлемін және сыйакының банктік ставкаларын шектейді;

    - Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, жүйесі мен нысанын белгілейді, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарының уақтылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін төлем жүйелерінін, жұмыс істеуін    Ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенімді, қауіпсіз болуын қамтамасыз ету жөніндегі ен төменгі талаптарын белгілейді;

    - валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге лицензиялар береді;

    - банк қызметі, ақша телемдері мен аударымдары, заң актілерімен белгіленген өкілеттік шегінде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша барлык банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардын клиенттерінің міндетті түрде орындауына жататын нормативті құқықтық актілер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

    -    барлық қаржылық ұйымдар орындауға міндетті бухгалтерлік есепке алу және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді өзірлейді және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңдарының талаптары мен бухгалтерлік есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

    - бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жүйелерін реттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін мәселелер бойынша бухгалтерлік есептілік стандарттарын, сондай-ақ әдістемелік ұсыныстарды әзірлейді және бекітеді;

    -  уәкілетті органмен келісім бойынша барлық қаржы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда олардың аффилиирленген тұлғалары қаржылық есептілігінін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тізбесі мен нысандарын, сондай-ақ табыс ету мерзімдері мен тәртібін белгілейді;                                                                                                                                                                          

    - валюталық реттеу мен бақылау мәселелері бойынша, есептілік тәртібін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін белгілейді;

    - Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша, ақша төлемдері мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жөне барлык шаруашылық жүргізуші субъектілердің банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезегін белгілейді;

    - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетеді;

    -     Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес вексельдерді қайта есептеуді жүзеге асырады;

    -  Қазакстанның Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенімгерлікпен басқару туралы шарттын негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырады;

    -    банктік шоттардың режимін белгілейді;

    -  банктер беретін кредиттердін көлемін реттеу мақсаттары үшін, банктердің өз міндеттемелері бойынша төлем жасамау қаупін азайту, сондай-ақ банк салымшылары мен акционерлерінің мүдделерін қорғау үшін банктердің қаражатын резервте ұстайды;11

    Қазакстан Ұлттық Банкінің осындай құзыреті шегінде жүзеге асырылатын басқарушы, реттеуші қызметі, көсіпкерлік субъектісі ретінде жүргізетін түрлі банктік операциялары процесінде туындайтын банктік құқықтық қатынастар қаржылық құқықтық аспектілі қатынастар болып табылады.

    Осындай банктік құқықтық қатынастардың ішінен, әсіресе, ақша-кредит саясатын жүргізуге байланысты операцияларға:

    1) қарыздар беруге;

    2) депозиттер қабылдауға;

    3) валюталық интервенцияларға;

    4) Қазақстан Ұлттык Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығаруға;

    5) мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға, оның ішінде кері сатып алу кұқығымен;

    6) коммерциялық вексельдерді кайта есепке алуға;

    7) Қазақстан Ұлттық Банкі басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларға орай қалыптасатын банктік құқықтық қатынастардың қоғам мен мемлекет болмысы үшін маңызы өте зор деп есептейміз.

Информация о работе ҚР банк қызметін құқықтық реттеу