ҚР банк қызметін құқықтық реттеу

Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70

Работа содержит 1 файл

банк кызмет - азаматтык-диплом.doc

— 514.00 Кб (Скачать)

    Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында клирингтік операцияларды жүзеге асырумен байланысты шарттарды да еске салған жөн.

    Аталған шарттардың кейбіреулерін кейінірек  қарастырамыз. Төлем айналымына әсер ететін банкті қызмет көрсету туралы жалпы ережелер біздің курс заңнама құрылымына негізделетіндіктен қарастырылады. Осы орайда банк пен клеинттің әрекеттестігі жүзеге асырылатын түпкілікті мәселелерді айқындау орынды болып табылады.

    Азаматтық-құқықтық және есеп айырысу көзделген өзге де қатынастардың әртүрлі субъектілері арасында есеп айырысуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғыза отырып, банктер банктік қызмет көрсету туралы шарттар бекітілген тұлғалардың мүдделерін сақтауға тиіс. Банктер клиенттердің шарттарындағы ақша қаражаттарына иелік етуді тек қылмыстық іс жүргізушілік және азаматтық іс жүргізушілік заңнаманың нормаларына сәйкес сот шешімі, тергеу, анықтау органдарының және сот шешімдерін атқаратын органдардың қаулылары бойынша ғана шектей алады. Ақша қаражаттарына иелік етуге тыйым салуды шектеу мерзімдері қылмыстық іс жүргізушілік және азаматтық іс жүргізушілік заңнамамен көзделген мерзімдерден аспауға тиіс. Тергеу мен анықтау органдарының клиенттің ақшасына тыйым салу туралы шешімдеріне заң актілерінде белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.

    Заңды тұлғалар мен азаматтардың ақша қаражаттарын олардың келісімінсіз алып қоюға тек соттың заңды күшіне енген үкімнің немесе шешімнің немесе сот бұйрығының негізінде ғана жол беріледі.

    Банк  қандай да бір негіздер бойынша ақша қаражаттарьгн аудара отырып, төлеу жөніндегі барлық талаптарды қанағаттандыру үшін клиенттердің шоттарындағы қаражаттардың жеткілікгігін ескеруге міндетті. Клиенттің немесе өзге тұлғалардың төлеу жөніндегі өкімдерін атқара отырып, банк олардың келу кезектілігін (күнтізбелік кезектілігін) басшылыққа алады. Клиенттің банктегі ақшасы клиентке қойылған кезекті талапты қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, банк аталған талапты қанағаттандыруға жеткілікті соманы клиенттің пайдасына түсетін ақша есебінен жинақтайды. Егер клиентке бірнеше талап қойылса, банк оларды қанағаттандырудың тиісті кезектілігін сақтайды. Бұл жағдайда банктік есеп айырысуды реттейтін нормалар заңды тұлғалар мүмкін, олар таратылған кезде, өндіруге жүгіну кезектілігін белгілейтін Азаматтық кодекстің жалпы бөлімнің нормаларына сәйкестендірілген.

    Бірінші кезекте адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өтеу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүзеге асырылады.

    Екінші  кезекте еңбек шарты бойынша, оның ішінде келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін адамдармен демалыс жәрдемақылары мен еңбекақы төлеу бойынша, авторлық шарт жөніндегі сыйақы төлеу бойынша есеп айырысу үшін ақша алуды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргізіледі.

    Үшінші  кезекте клиенттің бюджет алдындағы міндеттемелері бойынша ақша алу жүргізіледі.

    Төртінші  кезекте басқа да ақшалай талаптарды қанағаттандыру көзделген атқарушы құжаттар бойынша ақша беру жүргізіледі.

    Бесінші кезекте клиентке қойылған басқа  да талаптарды қанағаттандыру үшін күнтізбелік кезектілік тәртібімен ақша алу жүргізіледі. Осылайша атқарушылық күші бар құжаттарға негізделген талаптарға азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша несие берушілерден және клиенттердің өздерінен шыгатын төлеу туралы өкімдер алдында басымдық берілген.

    Бір кезектілікке жататын талаптар бойынша ақша алу атқарушы құжаттардың (төлеу туралы өзге де өкімдердің) түсу уақыты бойынша кезектілікпен жүзеге асырылады.

    Клиент  болып табылатын заңды тұлға тараған кезде кредит берушілердің талабын қанағаттандыру ҚР АК-ң 51-бабында тікелей көзделген кезектілікпен жүргізіледі (ҚР АК-ң 742-6 Зт.).

    Банк  құпиясын жария етпеуге банк кепілдік береді. Банк құпиясы - бұл банк депозиторлары, клиенттері мен корреспондеттері шоттарының бар-жоғы, олардың иелері мен нөмірлері туралы, сол шоттар мен банктің өз шоттарындағы ақшалай қаражаттың қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ клиенттердің банктің сейф жәшіктерінде шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің бар - жоғы, олардың иелері, сипаты мен құны туралы мәліметтердің қатаң құпиялығының режимі. Тарату процесіндегі банкпен берілген несиелер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.

    Банк  құпиясын құрайтын міндеттерді беру тәртібі, сондай-ақ олар берілуі мүмкін субъектілер аясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы" Заңының 50-бабына сәйкес анықталады.

    Банктік қызмет көрсетудің кейбір түрлерін банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізуге құқылы, мысалы олар клиринг операцияларын жүргізе алады. Осындай ұйымдармен банктік қызметтердің жекелеген түрлерін көрсету Азаматтық кодекспен және банктік заңнамамен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

    Азаматтық кодекстің 746-бабында банктік қызмет көрсету бойынша барлық жекелеген шарттар үшін маңызды болатын шартты тиісті түрде атқармағаны үшін жауапкершілік туралы норма көзделген. Ол банк жауапкершілігіне қатысты. Банк клиенттің шотына оның атына түскен ақшаны дер кезінде қабылдамаса, не оларды шоттан заңсыз алып тастаса, сондай-ақ клиенттің шоттан ақшаны аудару туралы, не шоттан беру туралы нұсқауларын тиісті түрде орындамаса немесе мүлдем орындамаса, банк әрбір кешіктірілгені күн үшін осы сомалардың 0,5 пайызын төлеуге және пайыздармен жабылмаған шығын бөлігін өтеуге міндетті.

    Клиенттің жауапкершілігі азаматтық құқықтағы жауапкершілік туралы жалпы ережелерге, арнайы заңнамаға, сондай-ақ нақты шарттық нормаларға сәйкес анықталатын болады. 
 

    1.3 Банктік шот шарты 

    Банктік шот шарты бұл - кешенді есеп айырысу міндеттемелерінің құрамына кіретін құқықтық қатынас. Онда осы шарттық қатынаспен қатар әрқашан да төлемдерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық қатынастар да туындайды. Яғни, есеп айырысу міндеттемелерін жүзеге асыру әрқашан осы қатынастардың орын алуына тәуелді болады.

    Қазақстан Республикасының "Төлемдер және ақша аударулары туралы" Заңында банктік шот банк пен клиент арасында салым (депозитті) қабылдау бойынша шарттық қатынастарды көрсететін тәсіл ретінде және банктің төменде корсетілген операцияларды жүзеге асыруымен байланысты анықталады:

    1) Клиентке тиесілі ақшалардың болуы мен пайдалануын банктің қамтамасыз етуімен байланысты;

    2) Клиент пайдасына ақшаны қабылдаумен байланысты;

    3) Банктік шот шартымен немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте ақшаны үшінші тұлғалардың пайдасына аудару туралы клиенттің өкімін орындаумен байланысты;

    4)  Егер бұл банк салымы не банктік шот шартымен көзделмесе, клиент ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындаумен байланысты;

    5) Банктік шот немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте қолма-қол ақшаны клиенттен қабылдауды және оған беруді жүзеге асырумен байланысты;

    6) Банктік шот немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте, банктегі клиенттің ақша сомасы және жүргізілген операциялар туралы ақпаратты клиенттің талап етуі бойынша берумен байланысты;

    7)  банктік шот немесе банк салымы шартымен анықталатын мөлшер мен тәртіпте сыйақыны төлеумен байланысты;

    8) Клиентке шартта, заңнамада немесе банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты. Банктік шоттар банк пен клиент банктік шот немесе банк салымы шартын бекіткен кезде ашылады.

    Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы" Заңының 20-бабында көрсетілгендей заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу мен жүргізу банктердің операцияларына жатқызылады.

    Банктік шот шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру) туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

    Банктік шот шарты консенсуалды сипатқа  ие. Ол оның барлық мәнді жағдайлары бойынша тараптар келісімге келген кезде жасалды деп есептеледі. Банктік шот шартының мәнді жағдайларына мыналар жатады: пәні туралы, банкте орналасқан ақшаны басқару тәртібі туралы, банкпен қызмет көрсету және оларға ақы төлеу тәртібі туралы жағдайлар. Банктік шот шартының қосымша жағдайлары заңнамада көзделуі мүмкін. Банктік қызмет көрсету аясында бекітілетін шарттардың ерекшелігі - оның жағдайлары, соның ішінде банктік шот жүргізу жағдайында, банк заңнамаларымен анықталатындығында. Бұған қоса, банктер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес сол бір немесе өзге операцияларды тек оларды жүргізудің жалпы ережелерін анықтайтын ережелер және ішкі ережелер болған кезде ғана жүзеге асыруға құқылы.

    Бірақ бұл айтылған сөз клиенттер таңдау мүмкіндігінен айырылады дегенді білдірмейді. Банктер клиенттің бірінші талабы бойынша операци-яларды жүргізудің жалпы жағдайлары туралы Ережелерді беруге міндетті. Тиісінше болашақ клиент ең алдымен банктің шотты жүргізу жағдайла-рымен танысуға тиіс және алдағы уақытта олар банк пен клиент келісімінің аясымен қамтылатын болады. Шартпен және банк клиент келісімінің аясымен қамтылатын тараптардың құқықтары мен міндеттері азаматтық және банк заңнамасына сәйкес анықталады. Мәселен, банктік шот операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 2 маусым 2000 жылғы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаумен реттеледі. Занды тұлғалар мен азаматтар қызмет көрсету үшін банкті өздері дербес таңдайды және банктік шот шарттарын бір және бірнеше банктермен бекітуге құқылы. Банктік шот шарттында құқықтар мен міндеттер шарттың екі тарабында да туындайды, сондықтан ол екі жақты шарт ретінде қарастырылады. Банктік шот шарты банктік қызмет көрсету шарттарына жататын болғандықтан, ол, жалпы ереже бойынша шот иесі (клиент) үшін ақылы болып табылады. Клиенттің ақша қаражаттарын пайдаланғаны үшін сыйақыны банк төлейді. ҚР Азаматтық кодексінің 751 -бабына сәйкес банк шартпен анықталады, бірақ сыйақыны төлеу күнінде ҚР Ұлттық банктің қайта қаржыландыруының ресми ставкасынан кем емес мөлшер мен тәртіпте сыйақы төлейді.

    Банктік шот шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Банктік шот шартының жазбаша нысанын сақтамау осы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

    Шарт  элементтері. Шарт тараптары: банк және клиент - бұл кез келген заңды немесе жеке тұлға. Банк салымдарын енгізу кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігімен қамтылатын болғандықтан. Банктік шот шарты бойынша шот иелері ретінде кәмелетке толмағандар да бола алады. Әрекет етуші заңнамада жеке және заңды тұлғалар шоттарының режимі арасында түпкілікті айырмашылық көрсетілмеген, тек осы шоттарды ашу тәртібінде ғана айырмашылық байқалады. Операцияларды жүргізу клиенттің кұқық, әрекет қабілеттілігінің көлеміне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

    Шарт  пәнін (ақша қаражаттарын) ақша (теңге немесе шетел валютасы) құрайды.

    Бантік  шот шарты бойынша банк тиісті шот ашуға тиіс. Жеке және заңды  түұғалардың ағымдағы шоттары, сондай-ақ банктердің корреспонденттік шоттары көзделеді. Жоғарыда аталған операциялар жүзеге асырыла алмайтын шоттар, сондай-ақ банктерде бухгалтерлік есептің бағыттарын шоттар, баланстық шоттың бөліктері болып табылатын дербес шоттар, (суббағыттар) соның ішінде ссудалық шоттар банктік болып табылмайды. Банктегі ақшасын өндіріп алуға жүгінгенде мұндай өндіріп алу клиенттердің банктік шоттарынан ғана жүргізіледі (29 наурыз 2000 жылғы басылымдағы ҚР-ң "Төлемдер және ақша аударулары туралы" Заңының 6-бабы).

    Банктік шот шарты бойынша клиентке немесе ол көрсеткен тұлғаға ақшаны есепке алу мақсаттары үшін, тараптардың келісімге келуі жағдайында, бір ізге түсірілген дербес код беріледі. Банк клиенттің шоттарындағы ақшаның есебін жүргізуге міндетті. Код беру мен ақша есебін жүргізудің тәртібі банк заңнамасымен анықталады.

    Банк  шарт жағдайларына, заңнама талабына және іскерлік айналым дағдыларына сәйкес жоғарыда аталған операцияларды атқаруға міндетті.

    Банк  клиенттің пайдасына келіп түскен ақшаны қабылдауға, сондай-ақ клиенттің  ақшасын алып қоюды немесе оның ақшасын беруді, егер заң актілерінде және соларға сәйкес Қазақстан Республикасьшың Ұлттық Банкі шығарған нормативтік құқықтық актілерде өзге мерзімдер көзделмесе, оның бір ізге түсірілген дербес коды бойынша тиісті нұсқаумен банкке келіп түскен күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, сондай операцияларды көрсете отырып жүргізуге міндетті.

    Банктік шоттар бойынша көшірмелер беруді банктер шартқа сәйкес жүргізеді. Банк клиенттерге олардың шоттары бойынша көшірмені элек-электрондық тәсілмен не, егер ол шартта көзделсе, қолма-қол беру (жеткізу) бойынша қызмет көрсетуге құқылы.

Информация о работе ҚР банк қызметін құқықтық реттеу