ҚР банк қызметін құқықтық реттеу

Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70

Работа содержит 1 файл

банк кызмет - азаматтык-диплом.doc

— 514.00 Кб (Скачать)

    Біздің  ойымызша заңнамада бұл шарттың жария сипатқа ие екендігін көрсетпеу жіберілген олқылық болып табылады. Оған жариялылық сипатты беру қажеттілігі банктік шот шартының субъектілік құрамының ерекшеліктерінен туындайды. Жоғарыда айтканымыздай, бұл қатынас-тардың субъектілері болып өте жиі кәсіпкер еместер табылады. Аталған ережелердің 2-тармағына сәйкес заңды тұлғалар мен олардың бөлімшелерімен (кейбір ерекшеліктерді қоспаганда) жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударулары олар банктік шот ашқанда ғана жүргізіледі. Азаматтар осы қызмет түрін еш кедергісіз пай-далану мүмкіндігіне ие болуға тиіс, ал банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын шарттық басқа тарабы (банктер мен ұйымдар) осы қызметті олардың міндетті түрде көрсетуіне заңнамамен мәжбүрленуге тиіс.

    Заңнамада белгілі бір шамада несие беруші тарап жағында басым жағдайда тұтынушы тұратыны ескеріледі. Банк ақша жөнелтушіні төлемді жүзеге асыру тәртібімен, осы қызмет түрін көрсету бойынша өзінің тарифтері мен банктің белгіленген ережелерімен таныстыруға міндетті. Бұдан акция аудару туралы шарт қосылу шарты болып табылатындығы туындайды.

    Ақша аудару туралы шарт ауызша нысанда бекітіледі.

    Аударулар ұлттық та, шетелдік валютада да жүзеге асырылуы мүмкін. Клиент төлем қағаздарын беруге міндетті. Оларға түбіртектер, қолма-қол ақшаны енгізу туралы хабарландырулар, хабарландырушы - шоттар және қолма-қол ақшаны қабылдау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар жатады. Коммуналдық кызметке ақы төлеу жөніндегі хабарландырушы - шоттардан басқа барлық төлем қағаздары заңнамамен көзделген міндетті реквизиттерді қамтуға тиіс. Төлем қағаздарының нысанына байланысты өзге талаптар алушы банктің өзінен қойьшады немесе іскерлік айналым дағдыларымен анықталады.

    Жеке  тұлғалардың төлем қағаздары мынадай міндетті реквизиттерді қамтуға тиіс:

    1)  Төлем қағазының атауы;

    2)      Төлем қағазының нөмірі, оны толтырудың күні, айы, жылы;

    3)   ақша жөнелтуші - жеке тұлғаның  және (немесе) бенефициардың аты-жөні;

    4) ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың бірыңғайландырылған жеке коды. Егер жеке тұлғада бірыңғайландырылған жеке код болмаса, онда оның жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері, сондай-ақ почталық мекен-жайы (мемлекет, қала, индекс, көше, үй мен пәтер нөмірі) көрсетіледі;

    5) банк жөнелтуші мен банк бенефициардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен қоса толық атауы, олардың банктік бірыңғайландырылған кодтары;

    6) ақша жөнелтушінің коды "КОД", бенефициардың коды "КБЕ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің нормативті-құқықтық актілерімен белгіленетін төлем мақсаты мен оның кодтық белгісі;

    7) Егер аудару олардың жеке бірыңғайландырылған кодын көрсетумен жүзеге асырылса, ақша жөнелтуші немесе бенефициар - салық төлеушінің нөмірі (РНН).

    Коммуналық  қызметке ақы төлеу жөніндегі хабарландырушы шоттардан басқа телем қағаздарында ақша жөнелтуші валюталандыру уақытын көрсетуге құқылы. Сонымен қатар, төлем қағаздарын толтыру кезінде ол өзінің орналасқан жері мен бенефициардың орналасқан жеріне (телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық почта нөмірі және басқа да мәліметтер) қатысты қосымша мәліметтерді көрсетуге құқылы.

    Алушы - банк ақша жөнелтушіден төлем қағазын алған кезде оған қол қояды және оны қолма-қол ақшасыз тәртіпте төлеу тәртібін анықтайтын заңды актілерде белгіленген мерзімде орындайды. Төлем қағазына қол қоя отырып, алушы-банк бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыру міндеттемесін қабылдайды. Ақша жөнелту шіден төлем қағазын қабылдай отырып алушы-банк ақша жөнелтушіге қолма-қол ақшаны қабылдағаны туралы тиісті растау қағазын береді.

    Ақша  жөнелтушінің төлем қағаздарына сәйкес ақша аудару мына сәттердің бірінде аяқталды деп есептеледі:

    а) бенефициардың банктің шоты бойынша оның пайдасына ақша түскен кезде бухгалтерлік жазуды жүзеге асыру;

    б) Егер бенефициарда банктік шот болмаса - оған оның банкі іс жүзінде ақша беруі кезінде.

    Ақша  аудару туралы шарт белгілі бір міндеттерді  бенефициардың банкіне де жүктейді. Банктік шоты жоқ бенефициардың  пайдасына ақша қабылдағанда, бенефициардың банкі бенефициарды оның пайдасына ақша алғандығы туралы хабарландыруға тиіс.

    Ақша  аудару туралы шарт үшін міндеттеменің атқарылуын куәландырудың ерекше гәртібі көзделген. Бұл ақша аудару туралы шарттың үшінші тұлғаның (бенефициардың) пайдасына жасалатындығымен байланысты. Соның салдарынан борышқор (алушы-банк) оның құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жэне бенефициарға төлем шарттарын растайтын және ақша төлеушінің төлем тапсырысының жағдайларын қамтыған кұжатты беруге міндетті.

    Сонымен бірге, қолма-кол ақшаны алу кезінде  міндеттемені атқаруды қабылдайтын кез келген несие беруші сияқты бенефициар да банктің тиісті құжатына аты-жөнін, тегін (егер болса), жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, сондай-ақ алынған ақша сомасын, төлем валютасын міндетті түрде көрсете отырып қол қоюға міндетті.

    Ақша  аудару бойынша қызмет көрсеткені үшін банк клиенттерден комиссиялық сыйақы алуға құқылы, оның мөлшерін, төлеу тәртібі мен мерзімдерін банктің өзі дербес белгілейді.

    Егер  ақша аударуды жүзеге асыру мүмкін болмаса, онда жөнелтушінің банкі және бенефициар банкі оны ақша жөнелтушіге қайтару жөнінде қажетті шараларды қолдануға тиіс. Егер қате нұсқауды атқару фактісі анықталса, онда аударылған сома осы факті анықталған күннен кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірілмей, қайтару себептері көрсетіле отырып, ақша жөнелтушінің банкіне қайтарылды.

    Жөнелтушінің  банкіне акша қайтарылғанда бүл сома банктік шот болған жағдайда осы шотқа қабылданады. Егер жөнелтушіде банктік шот болмаса, онда қайтарылған сома алушы банкте екінші деңгейлі банктер үшін бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарымен көзделетін шоттарда ескеріледі.

    Бенефициардың банкі ақшаны қайтарғаннан кейін  ақша жөнелтушінің банкі қайтарылған  ақша түскен күннен бастап үш банктік  күн ішінде осы жайлы женелтушіні хабарландыруға тиіс. Хабарландыру тэртібі ақша аудару туралы шартпен көзделеді.

    Егер  ақшаны қайтару ақша аудару туралы нұсқаудың қателігінен болса, ақша жөнелтушінің банкі ақша жөнелтушіні төлемнің қайтарылғандығы туралы хабарландырмауға және ақша қайтарылған күннен бастап үш банктік күн ішінде бенифициардың банкі орналасқан мекен-жайға тиісті реквизиттері бар төлем құжатын жіберуге құқылы.

    Қайтару орын алған жағдайда, ақша жөнелтушіде банктік шот болмаған кезде, қайтарылған ақшаны беру ақша жөнелтушінің банкі кассасы арқылы жүзеге асырылады. Жөнелтуші бұл жағдайда банктің ақшасы қабылдағандығын растайтын банктің белгілері бар тиісті құжатты көрсетуге міндетті.

    Шарт  бойынша тараптардың жауапкершілігі жалпы ережелер бойынша анықталады. Алушы банкке ақша жөнелтушінің төлем қағазын қате орындағаны үшін, егер бұл қателік оның кінәсінен болса, заңнамамен және ақша аудару туралы шартпен көзделген жауапкершілік жүктеледі. Төлем қағазындағы қателік ақша жөнелтушімен жасалған болса, онда банк қате орындалған төлем қағазы бойынша жауапты болмайды.

    Банк  салымы шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуіа, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.

    Бұл шарт банктермен салымшыларды несиелеуді қамтамасыз етеді. Ол заем шартына ұқсас, алайда, ол үшін 38-тараудың § 4 екі тараптың құқықтары мен міндеттерін көздейтін арнайы нормалар белгіленген. Банктер кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде банктік салым шартын орындаумен байланысты қауіптерді толығымен көтереді, олар салым сомасына оны ақша капиталы ретінде пайдаланғаны үшін есептелетін сыйақыны төлеуді қамтамасыз етуге міндетті. Бұл тұрғындардың, заңды тұлғалардың бос ақшаларын пайдаланудың тиімділік дәрежесін арттырады, олар өз кезегінде елеулі кауіпсіз тұрақты табыс алу мүмкіндігіне ие болады.

    Келтірілген тұжырымдамаға сәйкес банк салымы шарты консенсуалды, алайда іс жүзінде ол реалды болып табылады, өйткені банктік салым шартының аясындағы құқықтық қатынастар, осының алдында қарастырылған шарт бойынша сияқты, салымшы жүгінген кезде туындайды және ақшаны ашық жинақтаушы шотқа қабылдауды талап етеді. Банктік салым шарты біржақты шарт болып табылады.

    Жинақтаушы  шот ашылатын болғандықтан (жеке бірыңғайландырылған  код беріледі), бантік салым шарты басқа да міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мәселен, шартпен оған жол берілетін жағдайларда жинақтаушы шоттың көмегімен сол бір немесе өзге тұлғалармен есеп айырысуды да жүзеге асыруға болады. Бұл Қазақстан Республикасының банктерінде банктік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаудың 1-тармағының ережесіне негізделген, онда банктің банктік салым шартында көзделген басқа қызметтерді көрсету міндеті туралы айтылған.

    Банктік салым шартының нысанына қойылатын талаптар ҚР АК-ң 758-бабына белгіленеді. Ол жазбаша нысанда жасалуға тиіс.

    Оған  қойылатын нақты талаптар банк заңнамасымен де анықталады, соның ішінде "Қазақстан Республикасының банктерінде банктік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы" аталған нұсқаумен анықталады. Банктік салым шартының нысанына қойылатын талапгар, сондай-ақ, банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік айналым дағдылармен де анықталады. Банктік салым шарты салымшының (банк клиентінің) атына рәсімделетін салымшының салым жасағанын куәландыратын (салым құжатын) құжатты шарт бекіткіннен кейін берумен рәсімделеді. Салым құжаттары болып депозиттік сертификат немесе салымшының кітапшасы (жинақтаушы кітапшасы) табылады. Салымшының талап етуі бойынша салымның жасалғанын куәландыратын құжат не оның атына, не белгілі бір үшінші тұлғаның атына рәсімделуі мүмкін. Салымшы-азаматтың ол қайтыс болган жағдайда салым берілуі тиіс адамдарды көрсетуге құқығы бар.

    Аталған нұсқаудың 14-тармағына сәйкес салымның мәнді жағдайлары болып мыналар табылады: 1) шарт пәні; 2) банктің қызмет көрсету жағдайы және оған ақы төлеу тәртібі. Шартта тараптармен келісілген (қосымша жағдайлар) басқа да жагдайлар болуы мүмкін. Онда сондай-ақ, заңнамамен белгіленетін қосымша талаптар да болуға тиіс.

    Салымдар  және соған сәйкес, банктік салым  шарттары бірнеше түрге бөлінеді. Бөлу белгілі болып салымдарды қайтару  жағдайы табылады. Сонымен салымның мынадай үш түрі бар:

    -   талап етілмелі салым;

     - мерзімді салым;

    -    шартты салым;

    Талап етілмелі салым салымшының бірінші талап етуі бойынша толығымен немесе ішінара қайтарылуға жататындығымен сипатталады.

    Мерзімді  салым белгілі бір мерзімге, әдетте, бір жылға дейін салынады. Шартты салым шартпен көзделген белгілі бір жағдайлардың туындауына дейін салынады. Ол сол бір немесе өзге кездейсоқ жағдайларда ақша қаражатын іздеп табуға мүмкіндік беретіндігімен ыңғайлы, өйткені біркатар жағдайларда олар банктік салым шартында туындайтын шарттар түрінде қамтылатын больш табылады. Заңдық табиғаты жағынан шартты салымның өзі шартты мәміле болып табылады.

    Шарт  мерзімі. Банк салымы шарты салым  сомасы банкке келіп түскен күннен бастап жасалған болып саналады. Мерзімді салымдар бойынша шарттың әрекет ету мерзімін ақшаны іс жүзінде салу сәтіне ұштасатын уақыт кезеңінің басталуы құрайды. Бұл мерзім ақша салынған күннен кейінгі келесі күннен бастап жүреді. Шартты салымдар бойынша шарттың әрекет ету мерзімін аяқталуы сөзсіз болуға тиіс. Мысалы, баланың мектептегі оқуының аяқталуы, еңбек демалысы және т.б. қандай да бір жағдаймен ұштасатын уақыт кезеңі құрайды. Талап етілмелі банктік салым шарты мерзімсіз болып табылады. Егер салымшы мерзімді салымның сомасын оның мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ шартты салымның сомасын банк салымы шарты салымның қайтарылуын байланыстыратын мәнжайлар пайда болғаннан кейін талап етпесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, банк салымы шарты талап етілмелі салым шарттарымен ұлартылған болып саналады.

    Банк  салымы шартының элементтері болып объект, тараптар, мазмұны табылады. Оның объектісі (пәні) ақша (ұлттық та және шетелдік те валюта) болып табылады. Банк салымы шартының субъектілік құрамы бір жағынан әркашан банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым шығатындығымен сипатталады. Екінші (салымшы) жақтан шартқа және заңды тұлғалар да қатыса алады. Заңнамада тікелей көрсету немесе шектеу болмаса да, салымшылар болып басымды түрде коммерциялық емес заңды тұлғалар шығатын болады, өйткені дәл соларда ақша қаражаттарын пайдаланудың басымды шығыс сипаты көрінеді. Яғни олардың ақша қаражаттары тұрақты коммерциялық айналымда емес, керісінше салыстырмалы тыныштық жағдайында болады, сондықтан банк салымы шарты оларға қысқа уақыт аралығында белгілі бір қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.

Информация о работе ҚР банк қызметін құқықтық реттеу