Акционерлік қоғамның нарықта қызмет көрсетуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 17:43, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда қолданылатын кеңінен таралған ұйымдық-хұқтық форма акционерлік қоғамдар болып табылады. Аймақтар экономикасында акционерлік қоғамның орын алуы 1998 жылдың 10 шілдесінде қабылданған «Акционерлік қоғам туралы» заңымен тікелей байланысты. Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айланымның орталығына айналдырды. Сондықтан да бұл шаруашылық экономикалық механизмнің құрамына еңіп, оның дамуына өз үлесін қосты. Кәсіпкерлік акционерлік формасының дамуы мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру формасы, бизнестің алуан түрлі саласында жаңадан қалыптасқан акционерлік қоғамдардың орын алуы акционерлік қоғамдардың қызмет көрсету саласыдағы ролінің зерттелуін қажет етіп отыр.

Барлық жүйелер техникалық, технологиялық, ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік жүйелер өзара байланысты, және де жоғарыда атап көрсетілгендей, бұлар біртұтас болғанда ғана кәсіпорын жүйе ретінде құрылады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………3

1 тарау

Қазақстан Республикасындағы Акционерлік қоғам жӘне оны басқару тиімділігін арттыру……………………………………….6
Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамның даму тарихы және “Эйр Астана” әуекомпаниясы…………………………………...…6
Нарықтағы акционерлік қоғамның принциптері және оны басқару қағидалары ………………………………………………………………10
Акционерлік қоғамды басқару үрдісінің тиімділігін арттыру шаралары…………………………………………………………………14

тарау

Нарықтағы “Эйр Астана” акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы жӘне оның қызметінің қолданылуын талдау……………………………………………………………………………19
“Эйр Астана” акционерлік қоғамындағы ұйымдық құрылым және оның қызметін талдау…………………………………………………...19
“Эйр Астана” акционерлік қоғамының басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы қызметін бақылау………………...28
Акционерлік қоғамның жүйесі және оның қоғамда қолданылуы………………………………………………………………34

тарау

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жӘне қызмет кӨрсету мӘселелері……………………………………..43
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында қызмет көрсету мәселесі және оның нарықтағы ролі……………………………………43
Бағалы қағаздар нарығы және дивидент саясаты……………………...50


Қорытынды……………………………………………………………………...55

Пайдаланылған Әдебиеттер……………………………………………..60

Работа содержит 1 файл

АО.doc

— 278.50 Кб (Скачать)

1. Жауапкершілік  – біз өзіміздің мінез-құлқымыз  бен əрекеттеріміз үшін жеке  жауаптымыз.

2 Шыншылдық  - шындыққа тең келер ешнəрсе  жоқ.

3 Ар-намыс  – біз істегенімізді айтамыз;  біз айтқанымызды орындаймыз.

4 Ашықтық  – бізге сұрақ қойғанда тура жəне шын жауап береміз.

5 Құрмет - біз əрбір адамды қадірлейміз  жəне оған лайықты, құрметпен  қараймыз.

Қоғам өз қызметін жүзеге асыру барысында:

1) өз  қызметін жүзеге асыратын Қазақстан  Республикасы мен шет мемлекеттердің  заңдары нормаларын қолданады;

2) адам  құқықтарын сақтау мен құрметтеуды  қамтамасыз етеді;

3) лауазымды  тұлғалар мен қызметкерлерге  əділ, құрметпен жəне этикалық  нормаларды ұстана қарайды;

4) қоршаған  ортаны қастерлейді жəне аялайды. 

     Қоғамның  этикалық нормалары іскерлік қарым-қатынастардың мынадай негізгі салаларын реттейді: Қоғамның лауазымды тұлғаларымен жəне қызметкерлерімен, акционерлерімен, мемлекеттік органдармен, іскер серіктестермен жəне жұртшылықпен қатынастарын. Жұмысты тиімді ұйымдастыру Қоғам мен барлық мүдделі тұлғалар арасындағы өзара міндеттемелерге құрылған. Өзара міндеттемелерді орындау – сындарлы жұмыстың қажетті шарты. Іскерлік қарым-қатынастардың этикалық нормалары:

1 Лауазымды  тұлғалар мен қызметкерлер;

2. Мүдделер  қақтығысы.

     Мүдделер  қақтығысы – Қоғамның лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің жеке мүдделілігі лауазымдық міндеттердің риясыз атқарылуына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін жағдай. Қоғамның ішкі саясатына сəйкес лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Қоғам тарапынан мүдделер қақтығысының шешілмей қала беруіне келісім алу жағдайларынан басқа кезде мүдделер қақтығысын шешусіз қалдырмаулары тиіс. Жекелей алғанда, ешбір жағдайда лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің жеке басының, жанұясының немесе басқа тұлғалардың игілігі үшін Қоғамдағы өз қызмет бабын пайдалануға немесе пайдалануға талаптануға құқығы жоқ [7].

Құпиялық

     Қоғам істерін жүргізу барысында лауазымды  тұлғалар мен қызметкерлер Қоғамның, оның клиенттерінің, жабдықтаушылардың  немесе Қоғам іскерлік қатынастар орнатқан басқа тұлғалардың жабық ақпараты мен коммерциялық құпиясына рұқсат алады. Қоғам мəлімдеуге рұқсат еткен немесе заң талаптарына сəйкес жариялануы міндетті жағдайдардан басқа кезде, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер өздеріне сеніп тапсырылған бүкіл ақпараттың құпиялығын сақтаулары тиіс. Қоғамның жəне онымен байланысты компаниялардың жабық ақпараты мен коммерциялық құпияларына көпшілік қолданысқа арналмаған, жариялануы Қоғамға немесе онымен байланысты компанияларға нұқсан келтіріп, бəсекелестерге пайда немесе ұтыс əкелуі мүмкін кез келген ішкі ақпарат жатады. Қоғам жеке деректердің құпиялығын құрметтейді əрі қорғайды жəне ақпараттық қауіпсіздік саясатын қолдайды. Қоғам мемлекеттік құпияны құрайтын ақпаратты қорғауға жəне ұлттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндеттенеді [8].

 

     

  1. тарау Нарықтағы “Эйр Астана”  акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы жӘне оның қызметінің қолданылуын талдау
 
    1.   “Эйр Астана”  акционерлік қоғамындағы  ұйымдық құрылым  және оның қызметін  талдау
 

    Кез-келген әлеуметтік - экономикалық жүйе біршама  дербес, бірақ өзара байланысты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару объектісі).

    Басқаларылатын  жүйе деп, ретке келтіру мақсатында баасқару ықпалын жүргізуге арналған объектіні, яғни белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму нышанын айтады. Оның өзі өндірістің алуан саласындағы процесті жүзеге асырады.

    Басқарушы жүйе-бұл техникалық құралдар көмегімен  мақсатқа сай ықпал етуді жүзеге асыратын органдар мен жеке жұмысшылар жиынтығы.

    Басқарушы жүйе-бұл «нені» немесе «кімді» басқарады, ал басқарылатыны-«не» немесе «кім» басқарады. Бұған ұқсас ұғымдар басқару субъектісі мен басқару объектісі.

     Басқарылатын  және басқарушы жүйелер субъектісімен  объектіге енетін және объектіден субъектіге шығатын тікелей ақпараттар көмегімен  тығыз байланысты болып, олардың үнемі әрекеттесуін, жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді [9].

    Сонымен қоса басқарылатын жүйе едәуір дәрежеде оған ықпал ететін заң негізінде  дамиды. Кері байланыс туралы заңға  сәйкес басқарудың мазмұнына, нышанына және тәсіліне ықпал етеді. Міне, сондықтан да белгілі бір жүйелер арасындағы өзара байланысты ретке келтіруге, олардың әрқайсысының ішкі заңдылыққа орай құрылуына және жұмыс істеуіне көңіл бөлген жөн. Басқару объектісінің басқару жүйелеріне сәйкес куелу дәрежесі неғұрлым жоғары болса, жүйенің тұтастай жүйесінің тиімділігі де соғұрлым жоғары келеді.

    Кәсіпорын өте күрделі, үлкен әрі біркелкі дамитын жүйе. Мұның өзі жекелеген  бөлімдерден (цехтардан және қызмет салаларынан) кездейсоқ ұйымдасқан бірлестік емес. Кәсіпорын дегеніміз тұтастай құрылған, оның бөлімдерінің ерекше бірлестігі.

    Тек қана осындай бірлестік мақсатқа жетуге қажетті жаңа сапаға ие болады, сол үшін кәсіпорын жүйе ретінде  құрылады.

    Кәсіпорын және оның жиынтық элементтері туралы сөз болғанда кәсіпорында немесе оның ірі бөлімдерінде(басқаратын және басқарылатын жүйелерінде), ерекше техникалық технологиялық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік жүйелер құратын  элементтер мен микроэлементтердің біркелкі топтары құрылатындығы байқалады.

    Осы жүйелердің әрқайсысы өз міндеттерін  шешеді. Мұнда мынаны ескеру қажет: кез-келген машина, ол қаншалықты жетілдірілген  болса да, технкиалық жүйе болып  саналады. Ол жабдықтардың өзара байланысты кешені болуы тиіс. Техникалардың жекелеген түрлері белгілі бір ретпен орналасуы, қуаты бойынша бірімен бірі үйлесуі тиіс. Жабдықтардың толып жатқан жекелеген түрлерінің кейбір техникалық жүйе құрады. Басқарылатын жүйеде ол сол кәсіпорынның өндірістері қуатын көрсетеді де, сол арқылы өнідіріс процесінде белгілі бір мөлшердегі және тиісті саладағы өнімдерді өндіре алады.

    Техникалық  жүйе қозғалмалы, сыртқы ортаға тез  бейімделетіндей болуы тиіс. Ғылыми-техникалық прогресс дәл осы жүйеге едәуір ықпал  ете алады. Қозғалмалылық-жабдықтардың қажалып тозып, сол себепті жаңасымен ауыстырылуы, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогресс барысында ескеруі бойынша анықталады.

    Кәсіпорында технологиялық жүйе айрықша орын алады. Технологиялық жүйе өндіріс  процесін сатыларға және процестерге бөлуге негізделген. Технологиялық жүйенің элементтеріне еңбек құралдары, жекелеген операциялар мен процестер жатады.

     «Технология» - бұл жалпы білім жиынтығын  білдіретін біртұтас термин. Бұған  өнер табысы да, тәсілдер де, аэродинамикадан  бастап зоологияға дейінгі ғаламат білім қазынасы да енеді [10].

    Технологиялық жүйе дегеніміз өндіріс процесінде операциялардың бірізділігін айқындайтын  ережелер, нормалар жиынтығы. Технологиялық  жүйелердің мәні жасалатын өнімдердің тиісті сапалық қасиеттерінің қамтамасыз етілуіне қарай анықталады. Технологиялық жүйе әсер етуге икемді, әрі төзімді. Ол өндіріске енгізілген техникалық прогреске тез икемделеді, жабдықтарды, еңбек құралдарын, адамдар ақпаратын тұтастай және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, неғұрлым прогрессивті амалдар мен тәсілдердің көмегімен өндіріс процестерін жүзеге асыруға жағдай жасайды.

    Басқарылатын  жүйенің басты элменті - адамдар. Олар бүкіл жүйенің қозғаушы күші, шешім қабылдаушысы, т.б. Бұлар тұтастай басқару аппаратын құрайды. Бұл  жүйені ұйымдық-экономикалық деп атайды, ал олардың элементтері-ұйымдастыру нышандары мен ықпал ету тәсілдері болып саналады.

    Өндіріс жұмысын қарайтын адамдар, бірлескен  еңбек процесінде белгілі бір  әлеуметтік қатынас орнатады да, өндірісті  басқарудың әлеуметтік-экономикалық жақтарын сипаттайды.

    Барлық  жүйелер техникалық, технологиялық, ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік жүйелер өзара байланысты, және де жоғарыда атап көрсетілгендей, бұлар  біртұтас болғанда ғана кәсіпорын жүйе ретінде құрылады.

    Сонымен, кәсіпорын немесе өндірістік бірлестік өндірістің өндірістік процесі өтетін басқарылатын жүйелерден және басқару процесі өтетін басқарушы жүйелерден тұрады. Олар бір-біріне байланысты және тәуелді. Бұл байланыстардың сандық сипаты болады. Басқарылатын жүйе неғұрлым көп болса, басқарушы жүйе де соғұрлым көп келеді. Алайда, бұл тура пропорционалды тәуелділік емес, өйткені басқаруға механикаландыру және ондағы жүйелердің ұйымдастыру дәрежесі ықпал етеді: басқарылатын жүйелердің әрбір бөлігінің ұйымдастыру деңгейі неғұрлым жоғары болса, басқарушы жүйе де соғұрлым аз болып, басқару жүйесі барынша жақсы ұйымдастырылады, оның аумағы да соғұрлым аз болады.

    Жүйе  құрылымы оның элементке құрамымен, олардың қасиеттерімен, сондай-ақ олардың  арасындағы байланыспен және қарым-қатынаспен сипатталады.

    Басқару және өндіріс жүйелерінің әрбір  элементін жеке дара қарастыратын болсақ, онда олардың өзіндік құрылымы болады (басқарудың  техникалық құралдар құрылымы, ақпарат құрылымы, өндірістік қорлар құрылымы т.б.). Кәсіпорын құрылымы өндіріс  және басқару құрылымдарының синтезі болып саналады.

    Басқару құрылымы дегеніміз басқармадағы буындар  мен жекелеген жұмыскерлер жиынтығы және олардың бағыныштылығы, тікелей  және көлбеу байланыстары.

    Басқару құрылымның нақты көрінісі басқару  схемасында: құрамында, өзара байланысында және бағынуында (бөлімдер, секторлар, қызметтер), штат кестесінде, буындар (звеналар) мен жұмыскерлер қызметіндегі шектеулерде басқару міндетінде (жұмысында): жекелеген секторлардағы басқару қызметкерлерінің құрамында звенолар, лауазымдық нұсқаулар туралы ережелерде байқалады. Осылардың өзара байланысты ұжымдағы адамдардың қызметін айқындайды (мұны олар жекелеген жұмыс түрлері мен басқару қызметін өзара әрекеттестіру процестерінде басшылыққа алады).

    Тікелей басшылық ету құрылымы сатыларға, ал көлбеу басшылық-звенолар жүктеледі.

    Звено белгілі бір немесе бірнеше басқару  қызметін(бөлім, қызмет т.б.) басқаратын дербес құрылымдық бөлімше.

     Басқару органдары бір-бірімен салыстырғанда  үш типке бөлінеді: жоғарыдағы, төмендегі  және қатардағы. Осының негізінде ұйымдық-құрылымдық басқару пайда болады [11]. 

    Басқару сатысы дегеніміз басқарудың белгілі  бір деңгейінде болатын звенолар жиынтығы, бұлар төменнен жоғары қарай  бағынады.

Басқару звенолары арасында әр түрлі сипаттағы  байланыстар пайда болады. Тікелей және көлбеу, тура және кері байланыстар болып бөлінеді. Құрылым типтеріне сәйкес линиялық және функционалдық байланыстар деп жіктеледі.

     Акционерлік қоғамның басқару әрекеті қоғамның арнайы заңдылықтары мен және қатысушы құжаттарымен анықталатын тәртіппен сол үшін құрылған органдармен жүзеге асырылады. Дүниежүзі бойынша В.В. Зайцев аймақтарды 3 топқа топтастырды:

  1. Басқарудың 3 буынды жүйесін қарастыратын заң жобалары бар мемлекеттер: акционерлердің жалпы жиналысы, бақылаушы кеңес және қоғамның орындаушы органы.
  2. 2 буынды басқару жүйесін қарастыратын аймақтар: акционерлердің жалпы жиналысы және басқарудың орындаушы органдары;
  3. Акционерлік қоғамға көрсетілген жүйелерді таңдауға мүмкіндік беретін мемлекеттер.

     Қазақстан Республикасы осылардың 3-ші тобына жатады. Қазақстан Республикасы кәсіпорындары ұйымды басқару құрылымын өздері таңдайды.

     Акционерлік қоғамды басқару органдарын 2 топқа  бөліп қарастыруға болады:

  1. Қоғам қызметі бойынша маңызды мәселелерді шешу туралы шешім қабылдап, қоғамды басқаруды жүзеге асыру;
  2. Акционерлік қоғамның ағымдағы қызметіне бақылау жасайды, оның атынан өкілдік етеді.

     1-ші  топқа акционерлердің жалпы жиналысы  мен директорлар кеңесін жатқызады.  Олар басқа субъектілермен қоғам  атынан байланысқа түспейді.

     2-ші  топқа акционерлік қоғамның орындаушы  органдары жатады.

     Директорлар кеңесі

     Директорлар кеңесі өз қызметтерін Жарғыға, Кодекске, Директорлар кеңесі туралы ережеге жəне Қоғамның басқа құжаттарына сəйкес жүзеге асырады. Директорлар кеңесі Қоғам қызметінің стратегиялық мақсаттарын, дамуының басым бағыттарын анықтайды жəне ұзақ мерзімді болашаққа негізгі бағдарларын белгілейді, қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті қаржылық жəне адами ресурстармен қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі Атқарушы орган қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Директорлар кеңесі нарықтағы жағдайды, Қоғамның қаржылық жағдайын жəне қоғамның қаржылық-шаруашылықтық қызметіне ықпал ететін басқа факторларды ескере отырып, бекітілген басым бағыттарды ұстануға əділ баға береді. Директорлар кеңесінің құзыретіне Қоғамның тəуекелдіктерді басқару жөніндегі ішкі рəсімдерін бекіту, осындай рəсімдердің сақталуын, сондай-ақ тиімділігін талдау мен жетілдіру жатады. Сонымен бірге бұл рəсімдер Директорлар кеңесіне тəуекелдіктерді басқару жүйесіндегі елеулі кемшіліктер туралы дер кезінде хабарлауды қарастырады. Директорлар кеңесі қажетінше, бірақ жылына бір реттен сирек емес, Қоғамның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қайта қарастыруды қамтамасыз етеді жəне атқарылған жұмыс туралы Акционерлерге есеп береді. Директорлар кеңесі Қоғамның ақпараттық саясатын белгілейді, Акционерлерге мəлімдеуге жататын жəне жатпайтын ақапараттың жіктелуіне негіздеме береді, Қоғамның ақпаратты мəлімдеуін жəне Заңнама талаптарына сəйкес Қоғам қызметін ақпараттық баяндауды қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі Акционерлермен тиісінше диалогты қамтамасыз ету үшін жауап береді. Директорлар кеңесінің Төрағасы Акционерлердің көзқарасы жалпы Директорлар кеңесіне  жеткізілуін қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесінің Төрағасына Қоғамның даму стратегиясын ірі Акционерлермен u1090 талқылау қажет. Директорлардың барлығы Қоғам мен оның Акционерлері мүдделерінде барлық қажетті ақпарат негізінде тиісті ынтамен іс-əрекет етулері жəне Қоғам мүддесінде əділ шешім қабылдаулары тиіс. Əрбір Директор Директорлар кеңесі мен өзі құрамына кіретін Комитеттің барлық мəжілістеріне қатысуға міндетті. Бұл нормадан шегінуге Директорлар кеңесі туралы ережеде ескерілген ерекше жағдайларда ғана жол беріледі. Директорлар кеңесі Директорлардың, Басқарушы органның, Директорлар кеңесі тағайындайтын немесе тағайындалуын мақұлдастыратын Қоғамның басқа қызметкерлерінің басқа ұйымдарда жұмыс істеу жəне/немесе қызметтер атқару мүмкіншілігіне қатысты келісім беру туралы шешімдер қабылдайды. Директорлар кеңесі өз қызметін жəне жекелеген Директорлардың жұмысын бағалау механизмін əзірлейді, Директорлар кеңесінің, Директорлардың, Атқарушы органның, Ішкі аудит қызметінің жəне оның басшысының қызметін бағалау əдістері мен критерийлерін құрады жəне қайта қарастырады [12].

Информация о работе Акционерлік қоғамның нарықта қызмет көрсетуі