Акша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:10, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыс кіріспеден, І бөлімде Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы және ІІ бөлім Қазақстандағы ақша реформаларынан тұрады.

Содержание

Кіріспе

І Бөлім Ақша реформасының маңыздылығы

1.1.Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы..............................5

1.2. Ақша реформасының мазмұны.....................................................................7

ІІ Бөлім Қазақстандағы ақша реформалары

2.1 1947 жылғы ақша реформасы........................................................................11

2.2 Теңге бағамының айналысқа шығуы............................................................14

2.3 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы.....................18

2.4 Қазіргі кездегі теңгенің рөлі..........................................................................23



Қорытынды............................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28

Работа содержит 1 файл

акша реформасы курсовая.doc

— 134.50 Кб (Скачать)

    Ақша  айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталықтандырып Ұлы Отан соғысында тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                         ІІ Бөлім Қазақстандағы ақша реформалары

                              2. 1. 1947 жылғы ақша реформасы 

    Ұлы Отан соғысы елге – 679 млрд рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд рубльді құрады.

    Өндіріс пен халық  тұтынатын тауарлардың  сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу үшін халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, әскери адамдарға салық және жалғыз  басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылады. Соғыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4 % шамасында қаражаттар түсті

    Бюджет  тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды. Өндіріс көлемінің қысқаруымен  айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған  нарықта бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі заттар пайдаланылды . Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе рақылы қол жеткізілді. Рубльдің сатып алу қабілеттілігі төмендей берді.

    Соғыстың  зардаптарын жою үшін экономика  облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу қабілеттілігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің  ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік  кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге ( КСРОКеңес министрлігімен БКП ( ОК қаулысына сәйкес 1947 жылдың 14 желтоқсанында «Ақша реформасын жүргізу туралы және азық түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы») мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық купюралар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1: 10 қатынаста айырбасталынды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Халықтың жинақ кассаларындағы 3000 рубльге дейінгі ақшалары қайта бағалауға ұшыраған жоқ, 3000 рубльден 10000 рубльге дейін 3:2 жеңілдік арақатынасымен 10000 жоғары 2:1 арақатынасымен қайта бағаланды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы  ақша қаражаты жеңілдік қатынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшның айырбасталуы қысқа мерзімде 15:20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пункттерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді. Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде жаңа ақшамен төленді.

    Реформаның  басты элементтернің бірі бұрынғы  шығарылған мемлекеттік займдары ( 1947 жылғы займнан басқасы) 1948 жылы біртұтас 2%-тік займға конверсиялануы болды. Барлық бұрынғы займдар облигациялары 3:1 қатынасымен айырбасталды.

    Ақша  реформасын жүргізумен қатар, барлық азық- түлік және өнеркәсіп тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендеді.

    Еркін мемлкеттік сауданың ықпалымен колхоз нарықтарындағы бағалар төмендеді. 1948 жылдың бірінші тоқсанында рубльдің сатып алу күші 1947 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 41 %-ға өсті.

    1947 жылғы ақша реформасы ақша  жүйесінің түбірімен қайта құрылуын  білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен  кейін де реформаға дейінгі  болған ақша айналысының құрылымысақталды. Бұның сәл ғана айырмсашылығы  сол , Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес рубль түрінде шығарылатын болды.

    Реформа ақша жүйесін нығайта отырып ақшаның  барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше  рет төлем қабілеті бар сұраныс  пен тұтыну саласында ұсыныс аралығындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын  төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2 Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы

    1993 жылдың қарашасында  теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды  оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы  түбегейлі әлеуметтік-экономикалық  реформаларды жүргізу үшін  қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы  жүргізіліп келе жатқан  мемлекеттің тізбекті  қаржылық саясатының арқасында  елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады. 

    Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.

    Ақша  мен экономиканың өзара байланысы  өте тығыз, олар экономикалық жүйенің  негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.

Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.

    1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта  құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады. 

    1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді. 

    Тарихи  күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды.

    Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру – ең маңызды шаруалардың бірі болды.

    1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.

    Ұлттық  валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы  екі жыл біздің еліміз үшін өте  қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.

    Ең  әуелі теңгеге байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан кейін кеден, қаржы қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.

    Теңгенің  экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету қажет  болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. Аталмыш шарадан кейін теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден екі есеге сатылап жоғарылап кетті.  

    Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ  долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9 пайыз болса 1996 жылы – 15,4 пайызға төмендеді, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17 пайыз, ал 2002 жылы – 3,25 пайыз болды.

    Ұлттық  валютаның тұрақтылығы белгілі  бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276,2 пайыздан 2005 жылы 5,9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сыртқы құндылығының тұрақтануы 1999 жылы ұлттық валютаның еркін айырбасқа жіберілуіне және экономиканың дамуына, ІЖӨ-нің өсуіне (1999-2004 жылдары – 167,4 пайызға өсуі) байланысты болды. Егер 1999 жылға дейін инфляцияның монетарлық факторы басым болса, одан кейінгі мерзімде монетарлық емес факторлар әсер етті.

    Қазақстан макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін монетарлық факторлардың арқасында  тұрақтылыққа жетті. Бұл жағдайда сыртқы және ішкі тәуекелдердің алдын алуда  Ұлттық банк жағымды саясат жүргізіп отырды.

    Президенттік  басқару институты осындай нәтижелерге жетудің бірден бір тиімді жолы болғаны айқын.

    Бірақ монетарлық емес факторлар әлі де өзекті мәселеге айналып отыр. Соның ішінде негізгісі – ауылшаруашылық, қайта өңдеу салалары сапасының төмендігінен, шығындылығынан олардың айтарлықтай тиімсіз жұмыс істеуі. Кедергі жасайтын факторларға әкімшілік-бюрократтық шаралардың салдарынан тежеліп отырған бәсекелестіктің ойдағыдай дамымауы, заңдылықтың бұзылуы жатады. Ол үшін ұлттық валютаны ел экономикасын басқаратын құрал деңгейіне жеткізу жұмыстары жүргізілді.

Теңгенің тарихын  белгілі бір кезеңдерге бөлсек, 1993-1996 жылдар инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және қаржы рыноктарының қалыптасуымен ерекшеленеді. 1991 жылдың аяғында ІЖӨ-нің 8,2 пайызға төмендеуіне қарамастан, осы кезеңнің соңында инфляцияның деңгейін 60,3 пайызға төмендетуге қол жеткізілді. 1993 жылы қарашада теңгенің енгізілу кезеңіне қарай еліміздің банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын. Екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банкке Орталық банктің бірқатар өкілеттіліктері берілді. Бұл өз валютамызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуді едәуір жеңілдетті. 1993-1996 жылдары банк секторын сауықтыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге дейін қысқарды.

    1997-1999 жылдары экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізілді және банк жүйесін жедел түрде реформалау шаралары қарастырылды.

Экономиканы реформалауды жалғастыру нәтижесінде ІЖӨ-нің 2,7 пайызға өсуін, инфляция деңгейінің 17,8-ге төмендеуін және нақты жалақы индексінің 13,1-ге жоғарылауын айта кету қажет. Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру шаралары екінші деңгейдегі банктер санының 55-ке азаюына ықпал етті. 1998 жылдан бастап нарықтық қатынастар негізінде құрылған үш деңгейлі зейнетақы жүйесі енгізілді. 2000 жыл экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауымен ерекшеленді.

    Сондықтан Ұлттық банк алдағы уақытта Қазақстанның БСҰ-ға кіруін ескере отырып, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде. 

2.3. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы

          Бір адамның ауыстырылатын ақшасының ең жоғарғы мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбасталуға рұқсат етілді. Белгіленген лимидтен жоғары соммада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.

Информация о работе Акша реформасы