Акша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:10, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыс кіріспеден, І бөлімде Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы және ІІ бөлім Қазақстандағы ақша реформаларынан тұрады.

Содержание

Кіріспе

І Бөлім Ақша реформасының маңыздылығы

1.1.Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы..............................5

1.2. Ақша реформасының мазмұны.....................................................................7

ІІ Бөлім Қазақстандағы ақша реформалары

2.1 1947 жылғы ақша реформасы........................................................................11

2.2 Теңге бағамының айналысқа шығуы............................................................14

2.3 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы.....................18

2.4 Қазіргі кездегі теңгенің рөлі..........................................................................23



Қорытынды............................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28

Работа содержит 1 файл

акша реформасы курсовая.doc

— 134.50 Кб (Скачать)

    1991 жылы 23 қаңтардан бастап бір уақытта  салымдарды беруге де шек қою  енгізілді. Салымдарды тек қана  жинақ банктері арқылы тұрғылықты  жеріне байланысты айна 500 рубльден  аспайтын соммада беріле отырып, ол туралы төлқұжаттарына белгі қойылды.

    «Павловск»  реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып, оның иелік  ету заңдылығы дәлелденбеген  болатын.

    Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің  ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшаның ұстамсыз өсуінде байқалды.

    Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық –түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсті: 1989 жылы 300 тенге, 1990 жылы 234 теңге.

    1990 жылы нақты ақшаның эмиссиясы  25 млрд рубльді қрады, бұл 1981-1985жылдарды қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.

    1991 жылы қаңтарда «1961 жылғы 50 және 100рубльдік ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде  төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма қол ақша беруді шектеу туралы» Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.

    КСРО  ыдыраған соң кеңес валтасы –  рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса лағанда , тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әртүрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелдікке ұмтылуы, сондай-ақтез қалыптасып үлгерген заңдармен экономикалық социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.

    КСРО  ыдрған соң ақшаны дизинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің  меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.

    КСРО  республикалырының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір біріне тәуелсіз түрде орталық банктер рөлін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жаты. Мысалы, Украина ұлттық банкі 1992 жылы маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындарды міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталанды. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан «қорғау» мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды. 1992 жылы айында рталық банктердің  корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және Ресей мен бұрыңғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырды. Келесі қадам меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 жылы маусым шілде айларындаЭстония, Латвия; 1992 жылы қазанда Литва, 1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғыстан, тамызда Грузия өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. Бұл жерде соңғы болып енгізілгендер қатарына (1995 жлы Тәжікстанды қоспағанда) Түркіменстан, Өзбекстан, Армения, молдова және Қазақстан (1993ж қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 жылы рубльдік банкноталарды жаңартуларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің оның қатарында Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деген ұтылысынан еш нәтиже шықпады.

    1992 жылы 9 қазанда ТМД елдерімен қол  қойылған «Рубльді ресми төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі мен келісім ақша-несие және валюта саясаты туралы» соңынан 1993 жылы қыркүйекте алты мемекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қана қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.

    1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан  кейін Қазақстан ТМД-ның басқа да елдерімен бірге «рубль аумағында» қала берді. 1992 жылы айналысқа 200,500,1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетілді. 1992 жылдың маусымында алғаш рет Ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралыры шығарылды.

    Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі: 1961-1991 жылдары кеңес ақшалары, 1992 жылы кеңес үлгісіндегі (200,500,1000 рубль) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жарытысында шығарылған реселік ақшалар жүрді.

    1993 жылы 23 шілдеде Ресейдің Орталық  банкі 1961-1991 ж.ж Кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 жылы 5000 және  1000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын соммалар жатты.

    Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен екі күн өткен соң айырбас  мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына дейін  ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

    Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды  ТМД елдеріне оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.

    1992 жылдың бірінші жарытысында Қазақстан  Республикасының жетекшілері ендігі  жерде рубльден күдер үзіп, өз  валютасын шығаруға бетбұрыс  жасаған болатын. Жаңа ақшаларды  шығаруға ағылшынның «харрисон» фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1,3,5,10,20,50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғалатын 18 дәрежесі бар.

    1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының  президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан  Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарғыға қол  қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қаршада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта теңге енгізілді.

    КСРО  Мембанкінің және 1992-1993 ж.ж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қаршада сағат 18-де аяқталды.

    Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдары және міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.

    Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегінде  ақша айырбастай алды. Айырбас бір рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Лимидтен асқан қаражаттың шығу тегінің заңдылығын арнайы ұрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімінен бұрын босатылады.

    15 қарашадан 18 қаршаға дейін аралықта  халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алады. Сондықтан заңды тұлғалар мен сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсеттетін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданады: теңгеде – шексіз, 1961-1993 ж.ж. 1,3,5,10,20,50,100,200,500 рубльдегі ақшаларды 1993 жылы шілдедегі ақшалай түсімдердің орташа шамасынан аспайтын соммада, 1,3 коэффициентке түзілетін шамада қабылдады.

      Кәсіпорындардың баланстарындағы  рубльмен берілген активтер мен  пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептелінеді. Қолма-қол ақшаларды айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар=4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.

    Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200,500,100 және 2000 купюрадағы  ақшалар айналысқа шығарылады.1995 жылы ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығыпқалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1,3,5,10,20 теңгедегі монеталар шығарыла бастады. Сонымен қатар Абай құнанбайұлының жүз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталары шығарылды. Жалпы салмағы 57,54 г құрайтын жиынтығына 1,2,5 және 10 мың теңгелік алтын монеталр кірді. 1995 жылдың аяғында «Жібек жолы» жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жиынтық 816 доллар трды.Сонымен Қазақстан Теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады.және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.

    Қазақстанға ұлттық валютаның сәтті енгізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді. 

    2.4. Қазіргі кездегі теңгенің рөлі.

    Бүгінгі күндері біздегі банк жүйесі ТМД-дағы ең жедел дамыған жүйе болып табылады. Банктердің жиынтық меншік капиталының баламасы шамамен 1,4 миллиард АҚШ долларына, жиынтық активтері 10,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Банк активтерінің 60 пайызы экономикаға кредиттер түрінде орналастырылады. 2003 жылдан бастап барлық банктер қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді. 

    Елімізде  дамыған кредиттік және депозиттік рыноктар бар. Резиденттердің теңгелей түрде депозиттерінің жалпы көлемі 2005 жылдың 1 шілдесінде 847,4 миллиард теңге болды. Жалпы депозиттердің ішінде теңгелік депозиттер өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 56,8 пайыздан 58,7 пайызға өсіп отыр.

    Бұлардың бәрі теңгенің тұрақты валютаға айналғанының айқын дәлелі. Қаржы секторының барлық бөліктерінде құрылымдық реформа жүзеге асырылды. Қазір Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 36 банктің 25 банкі депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірді. Осы шаралардың бәрі халықтың банк жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Салымдардың мөлшері бойынша халықтың жан басына шаққанда 142 АҚШ доллары болып, Ресейден кейін ТМД елдері ішінде екінші орында тұр. Банк кредиттеріне балама кредиттеу де дамып келе жатыр. Микрокредиттік ұйымдардың, пошталық жинақ ақша, тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінді.

    Сондай-ақ 2000 жылы іске қосылған вексельдік қайта  қаржыландыру жүйесі банктік кредиттеудің баламасы бола алды. “Инвестициялық қорлар туралы” Заңның қабылдануына байланысты халықтың ішкі жинақ ақшасын жұмылдырудың және қайта бөлудің тиімді тетіктері акционерлік инвестициялық және пай қорларының институты болды.

    Қазіргі уақытта құрылып отырған кредиттеудің үш деңгейлі жүйесі елдің түрлі аймақтарында адамдардың неғұрлым басым көпшілігіне және ұйымдарға қаржылық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ол екінші деңгейдегі банктерден, банктік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұрады. Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлікті қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік беретін микрокредиттік ұйымдарды дамыту ерекше маңызды.

    Қаржылық  қызмет көрсетуді аймақтық қамтуды  кеңейтуге сондай-ақ пошта-жинақ  жүйесі де ықпал етті.

    Халықтың  әлеуметтік проблемаларын шешу үшін Қазақстанда 2001 жылдан бастап ипотекалық кредиттеудің екі деңгейлі жүйесі енгізілді. Оның бірінші деңгейі банктер және ипотекалық кредиттер беретін банктік емес ұйымдар, ал жоғары деңгейі – басты міндеті қайталама рынокта ипотекалық кредиттеуді жүзеге асыратын банктерді қайта қаржыландыру болып табылатын Қазақстан Ипотекалық компаниясы.

    Ең  қысқа мерзімде құрылған және 1998 жылдан жұмыс істеп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықты әлеуметтік қорғауға барынша үлес қосуда. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының саны 2005 жылғы қаңтарда 6 миллион адам болды. Бұл — экономикалық белсенді халықтың 80 пайызы.

    Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қорлары  ірі институттық инвесторларға  жатады. Зейнетақы активтерінің жалпы  көлемі 540,8 млрд. теңге. Бұл ІЖӨ-нің 8 пайызын құрайды. Барлық инвестицияланған зейнетақы активтері отандық компаниялардың бағалы қағаздарына және банктік депозиттерге орналастырылады.  

    Ақиқаты сол, Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның  басқа елдерімен салыстырғанда  әлдеқайда дамыған, айқын және мемлекеттің араласуынан қорғалған. Қаржы секторын дамытудың жемісті болуы елдің кредиттік рейтингін жоғарылатады.

    Ел  экономикасының стратегиялық даму көрсеткіштеріне  болжам жасала отырып, 2006-2007 жылдары  теңгені еркін айырбасқа жіберу туралы мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Осыған орай теңге барлық экономикалық кеңістіктерге АҚШ доллары сияқты еркін айырбасталатын валютаға айналады.

    Қаржы рыногының ең дамыған сегменті мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы болып табылады. Қазіргі жағдайда айналымда 58 мемлекеттік облигациялардың эмиссиясы қызмет істейді және олардың номиналдық бағасы 116,9 миллиард теңге, немесе ІЖӨ-нің 3 пайызын құрап отыр.

Сақтандыру рыногы дамып келе жатыр, дегенмен оның деңгейі  экономика қажеттілігін өтей алмай отыр. 32 сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін іске асыру лицензиясы бар, соның ішінде 7-еуі шет ел компанияларының қатысуымен жұмыс істейді, ал 1-еуі адам өмірін сақтандырумен айналысады. Сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 24,4 миллиард теңге, жиынтық меншік капиталы 7,8 миллиард теңге болып отыр.

    Қаржы рыногының инфрақұрылымына мыналар  кіреді: төлем жүйелері, Қазақстан  қор биржасы, Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы, Бағалы қағаздардың  орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасы, Теңге сарайы, құндылықтарды сақтау орталығы.

    Қазақстанның  төлем жүйесінің негізі – банкаралық ақша аудару жүйесі және автоматтандырылған бөлшек төлемдер жүйесі болып табылады. Ел банктерінің шығарған пластикалық карточкалары 1,8 миллион данаға жетті, яғни экономикалық белсенді халықтың төрттен бірінің төлем карточкалары бар. Ұлттық банкаралық төлем карточкалар жүйесін құру бағдарламасы қабылданды және ол халыққа қызмет көрсетуде электрондық ақша қолдану арқылы біркелкі төлем кеңістігін құруға жағдай жасайды. Осындай межелі нәтижеге жеткізген қаржы секторындағы реформалар мемлекеттік саясаттың дұрыстығын айғақтайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Акша реформасы