Қазақстан Республикасындағы акциз салығын салу: мәселелері мен негізгі бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 19:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауарларды шығаратын, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын, Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай - ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен, Қазақстан Республикасы аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын (бұл тауарларға бұрын акциз төленбесе), Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар және резидент емес заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілер болып табылады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3

1 Акциз салығын салудың теориялық негіздері......................................................5

1.1 Акциз салығының дамуы.....................................................................................5

1.2 Акциз салығының мәні және экономикалық мазмұны....................................9

2 Акцизді есептеу ерекшеліктері және тәжірибеде қолдану жағдайына сипаттама....................................................................................................................17

2.1 Акциз салығының есептеу механизімі..............................................................17

Қазақстан Республикасында 2001 – 2004 жылдары акциз салығының мемлекеттік бюджетке түсуін талдау......................................................................21
2.3 Қазақстан Республикасында акциздердің түсуіне бақылау жүргізу

жағдайына баға беру.................................................................................................27

3 Қазақстан Республикасындағы акциз салығын салу: мәселелері мен негізгі бағыттары..................................................................................................................31

3.1 Қазақстан Республикасындағы акциздік салық салудың мәселелері...........31

3.2 Акциз салығын жетілдірудің негізгі бағыттары.............................................32

Қорытынды................................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Акциздер экономикалық мазмұны және оларды есептеу ерекшеліктері.doc

— 332.50 Кб (Скачать)

      Бірақ бұл болжам оң нәтиже әкелген жоқ, сонымен қатар 2001 жылдың екінші жартысында осы салада бюджет түсімінің төмендегені байқалды.

      Мұнай өңдеуші зауыттарынан алынатын акциз  салығының төмендеуіне келесідей  екі фактор әсер етуде:

  • импортталған мұнай өнімдеріне акциздік нөлдік ставканы енгізу ішкі мұнай өндіруші зауыттарға кері әсерін тигізді;
  • мұнай өндіруші зауыттар мұнай өнімін отандық мұнай өндіруші зауыттарға емес экспортқа тиеп жөнелтіп отырды.
 

Кесте 2.

     Мемлекеттік бюджетке 2002-2004 жылдарға акциз салығы бойынша түсімдер динамикасы. 

Көрсеткіш 2002 жыл 2003 жыл 2004 жыл
Мемлекеттік бюджетке түскен барлық салық сомасы  
752784922
 
947250780
 
1186137423
Акциздер 25442690 26986266 29913102
Барлығы, (%) 100 100 100
Акциздер, (%) 3,38 2,85 2,52
Барлығы, (%) 96,62 97,15 97,48
 

     Кестеге қарай отырып, келесідей қорытынды  шығаруға болады. 2003 жылы салық түсімдері 2002 жылмен салыстырғанда 194465858 теңгеге немесе 125,8%-ға жоғарылады. Барлық салық түсімдері ішінен акциз 3,38%, 2003 жылы ол 2,85%, ал 2004 жылы 2,52%-ды құрады. Сонымен қатар 2003 жылы акциз 25442690 теңгеден 26986266 теңгеге жоғарылады, 1543576 теңгеге түсім көлемі өзгерді. Оны сурет 1-ден көруге болады. 

                 2002 жыл                                        2003 жыл

                                               2004 жыл

                          

Сурет 1.  2002 – 2004 ж.ж. акциз салығының басқа салықтардағы алатын үлесі.

Жалпы акциз  өнімін тауарлар бойынша түсім көлемін  кесте 3-тен көруге болады. 

Кесте – 3.

           2002-2004 ж.ж. Қазақстан Республикасына  акциздік салықтардың түсімі 

Атауы 2002 жыл 2003 жыл 2004 жыл
Барлық  салықтық түсімдер 752784922 947250780 1186137423
Акциздер, оның ішінде: 25442690 26986266 29913102
Қ.Р.-да өндірілетін: 10474628 11404272 10910773
Спирттің  барлық түрлері 1038275 531150 599664
Арақ 3332588 2979781 2319248
Ликерлі арақ  өнімдері (12%-30%) 122597 187635 65758
Шарап 349912 223035 131595
Коньяк 38939 75249 81994
Шампан  шараптары 47156 26424 39620
Сыра 1191388 1579326 1921231
Алкоголі  аз сусындар

(1,5%-12%)

205568 227580 95866
Бекіре  және қызыл балық уылдырығы 23440 39972 23564
Фильтірі  бар темекі бұйымдары 2667814 3596113 4185238
Фильтрсіз темекі бұйымдары 444407 524996 276785
Зергерлік бұйымдар 38150 32573 0
Ойын  бизнесі 168745 303848 415963
Лотореяны ұйымдастыру және өткізу 82871 107115 89367
Газ конденсатын  қоса алғанда, шикі мұнай 455330 792606 401580
Жеңіл автомобильдер 0 9 1
Шарап өнімдері 261851 172785 174957
Атыс  және газ қарулары -9 26 27
Басқа да алкоголь өнімдері 5606 4049 88315
ҚР-на импортталатын өнімдер: 14968062 15581994 19002329
Спирттің  барлық түрлері 37135 49342 32875
Арақ 69866 116310 305137
Ликерлі арақ  өнімдері (12%-30%) 13475 40636 6674
Шарап 74062 85674 115250
Коньяк 30962 42216 45342
Шампан  шараптары 1212 4515 3550
Сыра 521205 974668 1623833
Алкоголі  аз сусындар

(1,5%-12%)

17768 14689 88
Бекіре  және қызыл балық уылдырығы 2123 2122 7409
Темекі  бұйымдары 228024 220482 187135
Жеңіл автомобильдер 412499 903128 1713230
Зергерлік бұйымдар 47981 66519 0
Шарап өнімдері 0 350 3
Дизель отыны 0 243 17
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) 2177510 2704972 3890600
Атыс  және газ қарулары 1 604 40
Бензинді  бөлшек саудада өткізу 8320595 7802683 8327542
Дизель  отынын көтерме саудада өткізу 245896 228361 257103
Бензинді  көтерме саудада өткізу 1374088 1002631 1048802
Дизель  отынын бөлшек саудада өткізу 1393660 1321849 1437699
 
 

     Енді  осы түсімдер бойынша кейбір акцизделетін тауар түріне талдау жұмыстарын жасайық.

     Бюджеттің кіріс көздерін қалыптастырудың  негізгі көздері ретінде табылатын өнімдердің бірі болып алкоголь өнімі табылады. Себебі, бұл өнімді өндіру жеңіл және оған деген сұраныс өте жоғары болғандықтан табысты тез жоғарылату көзі болып табылады. Әр дамыған елде мемлекеттік бюджетті дамытуда спирт және алкоголь өнімін өндіруші ұйымдар бар деп қарастырылуда.

     2002 жылы 2001 жылмен салыстырғанда арақ  өнімін өндіру көлемі Қазақстанның  көптеген облыстары бойынша жоғарылады. Алматы облысында өндірістің  өсуі «Wimpex» ЖШС-ң пайда болуымен  байланысты. Павлодар облыстарында  жаңа технологиялық қосымша аппараттар құрылуы, арақ өнімдеріне қосымша өзгерістер әкелді. Жылдық өндіріс қуаттылығы 620 мың доллардан 981,5 мыңға дейін жоғарылады, сәйкесінше арақ өнімдерін өндіру көлемі кем дегенде 3 есеге жоғарылады.

     Сонымен қатар 2002 жылдың қараша айынан бастап арақ өнімдерінің көлемі кері әсерін тигізді. Бұл акциз ставкаларының жоғарылауына қолайлы жағдай болды. Араққа ставка көлемі 1 литріне 40 теңге болғанда тұрақты өндіріс көлемі жоғарылай түсті, ол ставканың жоғарылау нәтижесінде өндіріс көлемі күрт төмендей бастады. Мысалы, 2001 жылдың қаңтар айында 254,7 мың доллар арақ өндірілсе (100 теңге/литр) қарашада ол ставканың төмендеуімен байланысты 654,5 мың (40 теңге/литр), ал 2002 жылдың желтоқсан айында (100 теңге/литріне) ставкаға байланысты өндіріс көлемінің төмендеуі 377,8 мың долларға дейін кетті.

     2003 жылы Қазақстан Республикасында  өндірілген арақ бойынша акциз  34511391 теңгеге болжамданғанымен, нақты  бюджеттік түсімі 2003 жылы 2979781 теңгені  құрады. Ол 2002 жылы 3332588 теңге акциз  төленді және ол бойынша 2003 жылы 352807 теңгеге төмен. 2003 жылы салық түсімінің төмендеуіне өнім бойынша өндіріс көлемінің төмендеуі әсер етті. 2002 жылға қарағанда 2003 жылы 13,7%-ға төмен. Сонымен қатар арақ бойынша акциздің үлес салмағы барлық акциздік  түсімдерден жоғары, яғни бұл өнім бойынша үлес салмағы 2002 жылы 13,1%  болса, 2003 жылы 11,04%-ды құрады.

     2004 жылдың акциз салығының түсімі 2319248 теңгені құрап, ол 2003 жылмен  салыстырғанда 660533 теңгеге төмен  және 2003 жылға қарағанда түсім  22,17%-ға төмендегені байқалады.

     Жоғарыда  көрсетілген  талдауды  сурет  2   көруге  болады. 
 

   Сурет 2.  2002-2004 жылдары мемлекеттік бюджетке арақ бойынша

     болжамдалған  және нақты түсім көлемі.

     2001 – 2002 жылдары салыстырмалы кезеңге  қарағанда ликерлі арақ өнімі бойынша да жалпы алкоголь өнімінің үлес салмағы да төмендеуде. Мысалы 2001 жылмен салыстырғанда күштілігі 12-30% саналатын ликерлі – арақ өнімдерінің түсімі ликерлі – арақ өнімін өндіруге қарағанда рентабельді. Сол себептен кәсіпорындар шығарылатын ликерлі – арақ өнімінің ассортиментін қысқартып, өзгертілетін рецепт есебіне арақтың түрлілігі бойынша өндірісті енгізеді. Сонымен қатар бұл өнімге деген сұраныс барған сайын қысқаруда, себебі әртүрлі 38% шарап өнімдері пайда болып, оларға деген арақпен оның түрлеріне қарағанда жоғарылауда. Республика бойынша алкоголь нарығы арақ және ликерлі арақ өнімдерін өндіруші Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының өндіруші компаниялары есебінен құрылады.

     Енді  акцизделетін тауарлардың тағы бір түрі Қазақстан Республикасында өндірілген шампанның салық сомасының мөлшерін қарастырайық. Бұл өнім бойынша түсім көлемі 2003 жылы төмендеп кетті. Мысалы, шампан бойынша 2002 жылы салық сомасы 47156 теңгені құраса, ал 2003 жылы ол 20732 мың теңгеге түсті. Сонда 2002 жылмен салыстырғанда 26424 теңгеге төмен төленді, ал ол сома 2004 жылы 39620 теңгеге дейін жоғарылады. 2003 жылмен салыстырғанда жоспар 149,94%-ға орындалды. Бұл өнім бойынша ірі өндірушілердің бірі ретінде әлі күнге дейін ААҚ «Бахус» саналады.

     Сонымен қатар ойын бизнесінің де пайдалану  көрсеткіші өсуде. Ойын бизнесі –  құмар ойындарды ұйымдастырып, өткізуге және табыс табу мақсатымен бас тігуге байланысты кәсіпкерлік қызмет, ал ойын мекемесі – құмар ойындар  өткізілетін және бас тігуге ставкалар қолданылатын орын, казино, тотализатор, букмекерлік кеңсе, ақшалай ұтыстары бар ойын автоматтары залы және одан өзге де ойын үйлері. Ойын бизнесі бойынша 2004 жылы 415963 теңге түсім түсті. 2003 жылмен салыстырғанда ол 112115 теңгеге немесе 136,9% жоғары, себебі қаламызда ойын бизнесі жыл сайын дамуда.

     Республикада  сыра өндіру, сату көлемдері артуда. Нарықта сыраның  сапалы өндіріс  түрі көбеюде және ол жыл сайын  өзгеріп отырады. Ақырғы жылдары  алкоголь ішімдіктеріне деген сұраныс  бара-бара төмендеу үстіде, оған себеп болып қазіргі кездегі алкоголь ішімдіктерінің танымал түрі сыраға сұраныстың артуы табылады. Мысал ретінде Оңтүстік Қазақстан Облысының «Шымкент сыра» атты кәсіпорынын қарастырсақ, ол құйылған сыраға байланысты есептеледі. Сыра бойынша төленген салық сомасы 16048000 теңгені құрады. Ол 2001 жылмен екі есеге артық деп айтуға болады. Сыраны тұтынушылар көлемі жыл сайын жоғарылай түсуде. Жалпы қолданылатын алкоголь өнімін тұтыну көлемі бойынша сыраны тұтыну 35% - дан 5% - ға жоғарылады. Сыра өндіру 2001 жылмен салыстырғанда 17,0% -ға жоғарылап, ол 20219,2 мың долларды құрады. Бюджетке акциз бойынша түсім 2002 жылы 1191,4 млн. теңгені құрайды. Ол алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2,8 есе жоғары.

     Қазақстан Республикасында өндірілген сыра бойынша 2004 жылы мемлекеттік бюджетке түсетін түсім 1921231 теңгені құрады. 2003 жылмен салыстырғанда акциз 341905 теңгеге жоғары және ол 121,65%-ке өсті. Бұл өнім бойынша салық сомасының артық болуына осы өнімге халықтың сұранысы артуда.

     Қазіргі кезде Республика бойынша ірі сыра өндіруші зауыттар жыл сайын дамуда. Осыған байланысты оның сапасы мен ассортименті де түрлі болып келеді. Оны сурет  3  көруге болады.

 

     

     Сурет 3.   Республика бойынша ірі кәсіпорындардың  сыра өндіру динамикасы. 

     Бұл диаграммаға қарап, Қазақстан Республикасында  ірі кәсіпорындардың «№1 Алматы сыра зауыты», «Эфес Қарағанды», «Сусындар» АҚ, «Шымкент сыра зауыты» мемлекеттік бюджеттегі үлесін көруге болады.

     Қазіргі кезде акциздік салық салуда бірқатар қиыншылықтар әлі де кездесіп жатыр, бірақ уақыт өте келе олар өз шешімдерін тауып келе жатқаны белгілі. Соның  нәтижесінде де акцизден түсетін  салықтың түсімдер көлемі өсе түседі деген сенімдеміз. 

      2.3 Қазақстан Республикасында акциздердің  түсуіне бақылау жүргізу

      жағдайына баға беру 

     Бүгінгі күнде акциздік өнім бюджеттік түсімнің бірқатар бөлігін құрайтын салық  салу объектісінің маңызды бөлігі болып  табылады. Сәйкесінше, акциздік өнімге мемлекет тарапынан бақылау қажет.

      Акциздік  тауарлардың және қызмет түрлерінің тізімі, акциздерді есептеу мен төлеу  тәртібі Салық кодексінде нақты  бекітілген. Бірақ салық төлеушілер мен мемлекеттік органның арасындағы салықтық мәдениеттің дамуы кезінде бірқатар мәселелер туындайды. Оларды шешу ішкі нарықтың тұрақтылығын, отандық тауарларға сұраныстың өсуін және олардың сапасын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу механизмдер жүйесін құру қажет.

      Салық органдарының қызметкерлері бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің толық түсуіне, есептеудің  дұрыстығын, оларды алудың толымдылығы мен уақытылы аударылуы жөніндегі мәселелер бойынша уәкілетті органдар бақылау жасауды жүзеге асырады. Осы бақылау жүзеге асыру барысында заңда бекітілген салықтық тексерулер мен бақылау негізінде ұйымдастырады.

      Салықтық  тексеру – салық қызметі органдары  жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетілген салық  қызметі органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы акциз салығын салу: мәселелері мен негізгі бағыттары