Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:33, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Мұнда ақшаның 5 түрі қызметі көрсетіледі, сонымен ақша түрлері де берілді.
Ал екінші бөлімде қарастырылып отыған ақшаның айналысына бет бұрдық. Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән берілген. Ақша көрсеткішінің негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша мпссасы мен ақша базасы туралы жазылған.

Содержание

Кіріспе
I. Ақшаның мәні мен қызметтері
Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі
Ақша түрлері
Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы
II. Ақша айналысы
2.1. Ақша айналысы мен заңы
2.2. Ақшаның метеалдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы
2.4. Ақшаның базасы мен ақша массасы
III. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік
3.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: қызметтері мен операциялары
3.4. Инфляция туралы түсінік
3.5. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта

Работа содержит 1 файл

Ақша айналысы.doc

— 260.00 Кб (Скачать)

  Егер  де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен  заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі  формаыснда қызмет ететін болса, ал елімізден  тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді» - деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретіндегі алтынның қызмет етуі сипатталады.

  Алтын монеат стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.

  Қазіргі дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ –  доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі  валютасы – еуро, сол сияқты Халықаралық валюталық қордың  СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.

  1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық  қауымдастық елдерінде жаңа валюта  «Еуро» енгізілген. Еуропалық валюталық  Одаққа бастапқыда он бір ел  қатысқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың  1 қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 жылы 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.                                                              

      

    

  II. АҚША АЙНАЛЫСЫ

  2.1.Ақша  айналысының сипаттамасы

  Қайта кезеңіне дейін “ақша айналымы”  мен “ақша айналысы”үғымдары  арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз тұрғындардың ақшалай табыстарының

  бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

  Ақша  айналысының объективті негізі –  тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауар өндірісі тұсында  тауарлар әлемі: тауар және ақша бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің теңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы ары қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитализм айналымына қызмет ете отырып, барлық жиыптық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады.

  Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып  алу үшін қолдануы, ақшаның әрдайым  қозғалыста, яғни айналыста болуына  мүмкіндік жасайды.

  Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.

  Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мұмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу  ұшін қолданылуы мүмкін.

  Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының  соммасынан әрдаым артық болады. Ақшаның тек  сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, бакнтен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

  Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауар айналысы, сондай-ақ  несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

  Ақша  айналысының құрылымына қолма-қол  ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.

  Қолма-қол  ақшалар айналысы нақты ақшалар  қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолиа-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қолақшаның қолдануын шектеу, есеп айырылысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі. 

  Банк  жүйесін реформалау және ақша банкнотасын  өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолиа-қол  ақшамен байланысты жағдайды түбірімен  өзгертті.Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген дерективті саясаттың орнына республыкамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғы шарттары жасалынды.

     Дамыған елдерде нақты ақшалар  айналысының едәір бөлігін орталық банктерден шығарылған бакнтік билеттер құрайды.Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді

  Қолма-қолсыз ақшалар айналысы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының  қозғалысы.

  Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық  карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

  Қолма-қол  ақща мен қолма-қолсыз ақщалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отруынан байқалады.

  Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:

  өнімді  өндіру және сату процесін, яғни таурлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

  таурлы  емес сипаттағы есеп айырысулармен  байланысты ақша айналымы;

  ақша  айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден  өтті және металл, қағаз, несие ақшалар  көмегімен жүзеге асырылды.

  Құн заңы және оның айналыс аясында пайда  болу формасы, яғни ақша айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан барлық қоғамдық формацияға тән болып келеді. Құн формаларының дамуына талдау жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.

  Оның  пікірінше, ақша айналысының заңының  мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын таурлар бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті бейнелейді.

  Ақша  айналысы заңы – тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын  анықтайды            

  Тауарлардың бағаларының сомасы

                   Ата =

  Ақша  айналымының саны

  Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның  төлем құралы қызметін атқаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап  етуде.

  Айналысқа қажетті ақша санын мынадай бейнелеуге болады:

  СТБ – НТБ + МТС - ӨТС

                               АҚ =

  АОС

мұндағы А – айналысқа қажетті ақша саны;

  Стб – сатылатын тауарлар бағасының  сомасы;

  Нтб – несиеге сатылған тауарлар бағаларының  сомасы;

  Мтс – міндеттемеоер бойынша төлемдер сомасы;

  Өтс - өзара өтелетін төлемдер сомасы;

  Аос – айналыс және төлем құралы ретіндегі  ақша айналымының орташа саны.  

    Осындай жағдайларда айналысқа  қажетті ақша санына өндірістің  дамуының шарттарына тәуелді  болып келетін әр алуан факторлар  ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сонлай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілген қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.

  Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:  

  несиенің  даму дәрежесіне, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;

  қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;

  ақша  айналысының жылдамдығы.

  Металл  ақша айналысы тұсында айналыстағы  ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік үлғайса, онда айналысқа қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.

  Егер  де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын  банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық  билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда қолма-қол ақшалар айналысы қағаз  ақшалар айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.

  Ақша  айналысын қолдап отыру шарттары мен заңдары мынадай екі фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.                       

  2.2. Ақшаның металдық  теориясы және  металл ақша айналысы

    Ақшаның металлдық теориясы. Бұл  теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлануы кезеңіндегі мерконтилистер жатады. Оларға қағамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металлдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмісяғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның рөлінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөніндегі хабарсыз.

  Ресейде металлдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский болып табылады. Ақша туралы оның теориясының  барлық пайымдауларының негізі –  ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген қөзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы – күміс деп санады. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді.

  Неміс экономистері ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Ррталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисі Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейган саулау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады.Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қарымен жасанды түрде үйлестіру – натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеліп соқтырып,қасиетінің  жоғалуы т.б. пайда болды.

  Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны бағалы металдың N мөлшеріне берілген құжат ретінде біртіндеп иелерінің эмиссиялық орталыққа, Оның ішінде мемлекетке деген сенімі ауысады. Үкіметке деген сенімсіздік, соғыстар және басқа да жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуіне әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.

  Қазіргі жағдайдағы алтынның негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан  сақтау құралы ретінлегі қызмет етуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.

  Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басына өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі  тауарлар қолданысынан кейін, адамзат  металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен барып одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады.

  Көпестер  классының бөлінуімен алғашқы монеталар  пайда болды. Олардың пайда болуы  ақшаның қалыптасуындағы соңғы  кезеңді сипаттайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі