Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:33, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Мұнда ақшаның 5 түрі қызметі көрсетіледі, сонымен ақша түрлері де берілді.
Ал екінші бөлімде қарастырылып отыған ақшаның айналысына бет бұрдық. Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән берілген. Ақша көрсеткішінің негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша мпссасы мен ақша базасы туралы жазылған.

Содержание

Кіріспе
I. Ақшаның мәні мен қызметтері
Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі
Ақша түрлері
Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы
II. Ақша айналысы
2.1. Ақша айналысы мен заңы
2.2. Ақшаның метеалдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы
2.4. Ақшаның базасы мен ақша массасы
III. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік
3.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: қызметтері мен операциялары
3.4. Инфляция туралы түсінік
3.5. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта

Работа содержит 1 файл

Ақша айналысы.doc

— 260.00 Кб (Скачать)

  Монета  –  ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.

  Монета  бет жағы – аверс, келесі жағы –  реверс, кесіндісі – гурт болып  ажыратылады.

  Егер  монетаның номиналды құны құрамындағы  металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері - биллонды ақшалар деп аталады.

  Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай  түсініктемелер бар:

  Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент рөлін  екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс  монеталар пайдаланылады.

  Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде  бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.

  Түрікше “акче” сөзі, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзінен, күміс монетаның түсіне қарап шыққан.

  Капиталистік  таурлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда бола бастады. Олар айналыста алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгі сынамасы бар металдан жасайды.

  2.3. Ақшаның номиналистік  теориясы және  қағаз ақша айналысы

  Ақшаның номиналистік теориясы мерконтилистердің  металлизмге қарсы іс-әрекеті  болып табылады. Тауар өндірісі мен  айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнота түріндегі  несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстырубіртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдыққұрамын белгіледі.

  Номинализмнің негізгі ережесі төмендегідей:      

  ақша  идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен тауарлардың  айырбас құны анықталады;

  Бұл бірлік ешқандай да ішкі  құнға ие емес;

  Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын  толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырылады. Адам Смиттің айтуынша, ақша – бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екі жақты мәнге ие деп санайды:     

  қандай-да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;

  басқа тауар сатып алу мүмкіндігі.

  Номинализмнің мәні неміс экономисі Кнапптың еңбегінде  жақсы берілген. Оның негізгі ережелері  төмендегідей құрылды:    

  ақша  – құқық тәртіптің өнімі, мемлекеттік  бтліктің туындысы;

  ақша  – мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады;

  ақша  негізгі қызметі – төлем құралы.

  Кнапп ақшаның мәні оның материалдық белгісінде емес, оларды пайдалану барысын реттейтін  құқықтық нормасында деп жазады.

  1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрі қарай дами түседі. Сөйтіп, Дж. М. Кейнс алтын ақшаларды “жабайылық сарқыншағы”, “арбаның бесінші дөңгелегі” деп хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуін үнемі қамтамасыз етіп отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Ол қағаз ақшалардың алтынды айналыстан шығарылуын, Кнапп теориясының жеңісі деп қарастырды. Кейнс барлық өркениетті ақшалар пайда болуы металл айналысының объективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттіліктерімен байланысты.

  Сырттай қарағанда, қағаз белгілері мемлекет тарапынан жасалған – толық құнды  ақшаның орнын алмастырушылар  тәрізді әсер етеді деген ой туады. Шынында олар металл ақшаның номиналды  құнының нақты құнынан ауытқуының көбеюі есебінен пайда болды.

  Металл  ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:

  Металл  ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына деген шаруашылықтық  қажеттілігінен әлде қайда төмен.

  Монеталардың  тозуы және бүлінуі.

  Мемлекеттік билік пен жалған монеталарды  жасаушылардың монеталарды бұзуы.

  Мемлекет  шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшін шығарды. Осылайша, Солтүстік Америка  өзінің тәелсіздігі үшін соғыста  қаржыландыру көптеген мөлшерде “континентальдық ақшалар” шығарды.

  Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының  нақты құрамынан біртіндеп бөлінуі  нетижесінде пайда болған құн  белгісінің ақырғы формасы.

  Қағаз ақша – мемлекетің өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі. Тарихта олар алтын және күмістің белгілері ретінде пайда болды.

  Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себебі, өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды  төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін сақтайды.

    Егер нағыз ақшалар айналыста  өзінің меншікті құнының арқасында  жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс  процесінде нарықтық құнға ие  болады. Мемлекет сол елдің шеңберінле  ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез-келген купюрды шығаруы мүмкін. Осылайша, Қазақстанда 1993 жылы ең ірі купюрда 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелік купюрлар шығарылған болатын

  Алтынның белгілері ретінде қағаз ақшалар пайда болды.Ақша бірлігінің ресми алтындық құрамы мемлекетпен ерікті түрде белгіленіп, бірақ оның құны көрсетілмеді.

  Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.

  Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы  ақшаның қызметтерін толық құнды  ақшаларыдң қызметтері арқылы атқарады.алтын  стандартын алып тастағаннан кейін қағаз ақшалар қорлану қызметін де атқара бастады.

  Қағаз ақшалардың меншікті құндарының болмауына  байланысты олар өздерінің жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемді келеді. Ақшаның құнсыздануы әр түрлі  себептерге байланысты болады:бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндірістік емес щығыстарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтік төлем балансының салдарынын алтынға дүниежұзілік ақша ретінде сұраныстың ұлғаюы; еңбек өнімділігінің төмендеуі және тауао массасының қысқаруы, т.б.

  Мұның бәрі бағаның өсуіне әкеліп соғады. Халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зейнет ақыны, жәрдем ақыны көтеріп  отырады. Халық тұтынатын тауарлар өндірісі өспейінше баға өсе береді. Баға – жалақы – баға  деген  тізбек айнала береді.

  Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы  бұл тұрақсыз экономикаға тән  нәрсе.                       

  2.4. Ақша массасы және  ақша базасы

  Ақша  айналысының негізі сандық көрсеткіштерінің біріне ақщша массасы мен ақша базасы жатады.

  Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

  Белгілі бір күндегі және белгілі бір  кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агреттары деп атайды.

  Өнеркәсіп жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау  барысында мынадай ақша агрегаттарын қолданылады:

  М1 агрегеты, яғни ол айналыстағы нақты  ақшаларды (бакноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

  М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ  салымдарынан тұрады;

  М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын құрайды;

  М4 агрегаты, М3 агрегаты қосылған ірі  коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

  Қазақстан Респуликасында ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамының айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы депозиттері жатады.

  Ақша  базасы (МВ) – бұл міндеттемелерге  жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол мынадай формуламен есептеледі:

  МВ = СIC + RR + DCB,

  мұндағы CIC – айналыстағы нақты ақшалар;

  RR – міндетті резервтер;

  DCB – екінші деңгейдегі банктердің  Ұлттық банктегі қор, шоттағы  қаражаттары.

  CIC = L ( H + C ),

  мұндағы Н – айналысқа шығарылған банктік билеттер;

  С – айналысқа шығарылған монеталар.

  Қазақстандағы ақша агрегаттарының жағдайы туралы соңғы жылдардағы көрсеткіш.

  Ақша  агрегаттары

                                                                                                                   млн.Теңге кезеңнің соңына  

   

  Ақша  агрегаттары

  12.00

  12.01

  12.02

  1 
 
 
 
 
 

  2 

  3 
 
 
 
 
 

  4 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  5

  

  Ақша  базасы (резервтік ақша) оның ішінде:

  Ұлттық  банктен тыс қолма-қол ақша

  ЕДБ-дің  және басқа ұйымдардың Ұлттық банктегі депозиттері

  М0 (айналыстағы қолма-қол ақша)

  М1 

  оның  ішінде:

  3.1. халықтың теңгедегі аудармалы  дипозиттері 

  3.2. бакнтік емес заңды тұлғалардың  аудармалы дипозиттері   

  М2

  оның  ішінде:

  4.1. халықтың теңгедегі басқа да  дипозиттері және шетел валютасындағы аудармалы дипозиттер

  4.2. банктік емес заңды тұлғалардың  теңгедегі басқа да дипозиттері  және шетел валютасындағы аудармылы  дипозиттер 

  М3

  оның  ішінде:

  халықтың  шетел валютасындағы басқа да дипозиттері

  бакнтік емес заңды тұлғалардың шетел  валютасындағы басқа да депозиттері

 

  134416 

  116335 
 

  18081 

  106428

  195442 
 

  15245 
 

  73769

  290643 
 
 
 

  21662 
 
 
 

  73539

  397015 
 
 

  51573 
 
 

  54999

  
 

  174959 

  145477 
 

  29482 

  131175

  224234 
 

  1912 
 

  91148

  337980 
 
 
 

  48876 
 
 
 

  64870

  576023 
 
 

  134077 
 
 

  103967 

  
 

  208171 

  177899 
 

  30272 

  161701

  287293 
 

  17799 
 

  107792

  498071 
 
 
 

  61442 
 
 
 

  149336

  764954 
 
 

  171439 
 
 

  95443

  

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі