Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:13, дипломная работа

Описание работы

"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.

Содержание

кіріспе……………………………………………………………………………3

1. Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері..............................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері...........7
1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі......12
1.3 Банк кызметін реттеу әдістері.................................................................20

2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін Талдау және реттеу....................................................................................27
2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы............27
2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары...........................................................................................38

3. Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметін жетілдіру жолдары………………………44
3.1 Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары....................................................................................................44
3.2 Банктік жүйелердегі бәсекелестік......................................................50

Қорытынды.......................................................................................................53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................56

Қосымшалар.........................................................................................

Работа содержит 1 файл

Дип. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ.DOC

— 627.00 Кб (Скачать)

Қаржылық талдаудың мақсаты - енді пайда болып келе жатқан мәселелерді  қаржылық түрақсыздыққа ұшырауга дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардьщ есеп беруінің мазмүны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.

Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:

1) Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру.

2) Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған үқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау./7,75-80/

Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты төмендегідей маңызды сүрақтарды камтиды:

1) капитал;

2) активтердің сапасы;

3) пайдалылық пен рентабельділік;

4) өтімділік.

Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуының мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.

Капиталды талдау.

Капитал - банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып табылады.

Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жанжақты талдау, кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіреді.

Жалпы капитал жеткіліктілігі туралы өзінің ойын қальптастыратын талдаушы мынадай сүрақтарды ескеруі қажет:

- Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?

- Ең төменгі мөлшерде асқан жағдай бар ма?

- Капитал деңгейінің банктің өзіне алған тәуекелғе қатынасы қандай?

- Ең төменгі стандарттармен  жеткіліксіз ссептеуге алынған тәуекелдер бар ма?

- Банк капиталының деңгейінің өзгеру үрдісі қандай? Оның көбеюі мен азаюының себептері неде?

- Банк капиталының сапасы қандай?

Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін түрақты қаражаттар көзі деп санамауға себептер бар ма?

Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын кайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың түрақсыздығы банк кагшталын кебейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себсптердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкіндігі туындайды.

Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ қашықтан басқарудың тиімділігі банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі. Ал активтердің сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, банкте проблемалық ссудаларды анықтауға жэне оларды тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банктердің болашақтағы активтерінің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа ссудаларға байланысты болады.

Табыстар мен шығыстарды талдау. Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғүрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғүрлым жыл сайын өзінің капиталын толыктырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан ары дамуына жағдай жасайды. Ал шығындар, банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, сонын салдарынан банк банкротқа ұшырауы мүмкін.

Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау қажет.

Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік операцияларды жүргізеді.

Операцияларды жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқа да шығындары болады. Банк осы операцияларды жүріізуге арналған ғимараттары, құрылғылары және қызметкерлері болғандықтан, оның әкімшілік шығындары да болады. Ал осы шығындарды жабу көзі банктің табысы болып табылады. Сондықтан банк өзінің табысын тиімді болу саясатына негіздеп, бос шығындарды қысқартьп, табыстын, көп бөлігін банктің дамуына, өсуіне және капиталдануына жұмсауы керек. Осы орайда банктің шығындарын талдау қашықтан талдауда маңызды орын алады.

Банктің шығындарын талдауда қарастыратын негізгі мәселелер мыналар:

- шығындардың құрылымы;

- пайыздық шығындардың көлемі;

- пайыздық емес шығындар мен басқа да шығындардың көлемі;

- әкімшілік шығындар;

Өтімділікті талдау. Банктің өтімділік жағдайы оның барлық қызметінің көрсеткіштеріне әсер етеді.

Банктің өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы банкке деген сенімінің жоғалуына өкеп соғуы мүмкін. Сондықтан өтімділікті қашықтан талдау мен қадағалауда өтімділікке әсер ететін банктің барлык көрсеткіштері мен жағдайлары ескеріліп, өтімді активтердің сомасы мен міндеттемелердің құрамы сияқты банктің өтімділігі бойынша объективті көрсеткіштерге коңіл аударылады. Сондай-ақ банктің өтімділігін кең түрде талдау қарастырылады.

Екінші деңгейдегі банктердің жағдайы туралы ақпараттарды сақтайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің электронды жүйесінің (BOSS) Ұлттық Банк алдында мынадай міндеттері болады:

- банк басшылығымен үнемі және тиімді байланыста болу;

- өз бақылауындағы банктердің жағдайы туралы банктік қадағалау департаментінің директорына жедел түрде ақпараттар беріп түру;

- банк басшылығы мен директорлар кеңесінің кемшіліктерді түзетуғе қабілеті мен ықыласына байланысты мәселелерді шешуде өздерінің шаралар жоспарын Ұлттық Банктің басшылығына қарастыруға беру;

- өзіне бекітілген банкке қатысты әсер ету шараларының орындалуын бақылау және олардың тиімділігін бағалау.

Банктердің кураторлары жаңа шарттар жоспары бойынша берілетін күнделікті баланстарға талдау жүргізеді.

Апта сайын ашық валюта позициясының лимиттері және валюталық нетто-позициясы орындалуы туралы есептерін тексереді.

Банктердің өтімділігін бақылап отыру үшін куратор банктің апта сайын берілетін ағымдағы өтімділікті орындағаны жайлы есеп беруін (талаптар мен міндеттемелердің салыстыру кестесін) тексереді.

Кураторлар банктердің қызметін реттеуде ең маңызды құралдарының бірі болып табылатын пруденциялық нормативтердің орындалуын тексеріп, олардың дүрыс есептслмеғені және орындалмағаны жағдайында банкке ескертулер мен түзетулер жасайды.

Жалпы пруденциялық реттеу тәжірибесі екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтерді сақтаумен бірғе сенімді ішкі аудит жүйесін және дұрыс несие саясатымен өтімділік саясатын жүргізуге бағытталған./8,95/

Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаментіне есеп берудің төмендегідей формаларын тапсырады:

- 700 Н формасы бойынша күнделікті балансы;

- ашық валюталық позицияның лимиттері жөнв валюталық нетто-позициясы туралы апталық есебі;

- ағымдағы өтімділікті орындалганы жайлы апта сайын есеп беру (талаптар мен міндеттемелерінің өзара салыстыру кестесі).

- пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы ай сайын есеп беруі;

-  активтердің және шартты талаптар мен міндеттемелердің ай сайын жіктелінуін;

- тоқсан сайын унемі қаржылық есеп беруі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі пруденциялық нормативтері туралы ережесіне сәйкес, кі, к2, кЗ,1, кЗ,2, к4,15 к4,2 және к5 коэффициенттерінің есептелген мәліметтерін есеп беретін айдан кейінгі айдың сегізінші күнінен кешіктірмей Қаржылық қадағалау департаментіне тапсырады. Кураторлар әр ай сайын нормативтердің дүрыс есептелгенін тексеру үшін ақпаратты-статистикалық басқармасының есептелген мәліметтерімен салыстырып отырады. Қазақстан Республикасыньщ Ұлттық Банкі ең төменгі резервтік талаптар туралы ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банк белгіленген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті. Осыган байланысты банктер банктік қадағалау департаментіне ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең төменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады. Қазіргі кезде белгіленген резервтік мөлшерлеме 6%-ға тең./9,45-52б/

Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындаудың екі әдісі бар:

1) Баламалы - ай сайын қаражаттардың резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың өрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін ең төменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.

2) Баламасыз - қаражаттарды Ұлттық банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде  есептелген  мөлшерінде  ең төменгі  резсрвтік талаптарға тең болуы қажет.

Қазақстан Республикасыньщ Ұлттық банкі белгіленген екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есеп беру туралы тәртібіне сәйкес банктер Қаржылық қадағалау департаментіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізделген қаржылық есеп береді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы накты мәліметтерді қамтитын отыз бес кестеден тұрады.

Кестеде берілген мәліметтер BOSS жүйесінің көмегімен автоматтандырылған әдіспен өнделеді және осы мәліметтердің негізінде банктің қаржылык. жағдайы туралы толық көрініс алуға болады және салыстырмалы банктердің топтарында банктің рейтингісін анықтауға болады.

Сонымен банктер мен эр түрлі есеп берулердің негізінде қашықтан қадағалаудың қызметкерлері тоқсан сайын Статус - Репорт деп аталатын қысқаша қорытынды жасайды.

Статус-Репорт - банктің ағымдағы қаржылық жагдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін құжат.

Статус-Репортты жасау  барысында қашықтан қадағалау қызметкерлері "CAEL" ("CAEL", яғни М-менеджментті қарастырмағанда, CAMEL жүйесі бойьшша) компоненттері бойынша банкке рейтинг беру жүйесін қолданады.

Берілген баға тек қана ішкі арналымдарға ғана қолданылады және банкке санкцияларды қолдануға негіз бола алмайды./10,86/

Бұл құжатты қарастыру қорытындылары банк бойынша сәйкес үсыныстар берумен қатар соңғы шешім қабыддау үшін Қаржылық қадағалау департаментінің басшылығына беріледі.

Статус-Репортта көрсетілетін негізгі қаржылық көрсеткіштер мен басқа да мәліметтерге мыналар жатады:

1) Банк туралы жалпы мәліметтер.

2) Меншікті капиталының көпемі мен құрылымы.

3) Банктің активтері.

4) Банктің міндеттемелері.

5) Банктің табысы мен шығысы.

6) Өтімділігі мен ең төменгі резервтік талаптар.

7) Қосымша акпараттар.

Сонымен қашықтан қадағалаудың талдаушысы екінші деңгейдегі банктердің банктік қадағалау департаментіне әр түрлі есеп беруін қарастырып, талдау жасау барысьнда банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін Статус-Репорт деген қысқаша қорытыңды құжат жасайды.

Қашықтан қадағалау қызметкерлері сондай-ақ жыл соңында төрт тоқсан бойынша қорытынды жасап, жылдық Статус-Репортты жасайды.

Сонымен қатар, қашықтан қадағалау талдаушысы:

- банктерді ашу үшін табыс ететін құжаттарды қарастырады;

- банктерге банктік операцияларды жұргізуге лицензия беру құжаттарын қарастырады;

- банктің басқарушы қызметкерлерінің кандидатуралары бойынша Ұлттық банктің біліктілік комиссиясында қаралатын сәйкес құжаттарды дайындайды;

- банктердің бағалы қағаздар проспектілерінің эмиссияларын сараптаудан өткізеді және оларды шығару қорытындылары мен орналастыруын қарасхырады.

- банктің қаржылық жағдайын сауықтыру бойынша сондай-ақ оларға санкциялар немесе шектелген ықпал ету шараларын қолдануға байланысты үсьшыстар жасайды және Банктік қадағалау департаментіне жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.

Қашықтан қадағалау жеке бір банктің қаржылық жағдайында баланысты мәселелердің пайда болғаны туралы қадағалау қызметкерлерін ескертетін "алдынала ескерту жүйесі" ретінде қызмет етеді. Өз кезегінде қашыктан қадағалау банктің алдында түрған тәуекелді жиі айқындай бермейді және барлық субъективтік негізгі аспектілерін жарыққа шығара алмайды.

Қашықтан қадағалаудың артықшылығы - онда банктердің жағдайы туралы мәліметтер, әсіресе капитал жеткіліктілігі, өтімділігі және табыстылығы бойынша жиі жаңартылып түрады. Соның өзінде тәуекелдің аспектілеріне жеткілікті көңіл аударуға мүмкіндік болмайды және кейбір берілген мәліметтердің дұрыстығына оның тексеруден өтпегеніне толық сенуге болмайды.

Инспекциялық қадағалау - банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жагдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.

Инспекциялау әдісінің артықшылығы - банктің барлық операциялары мен тәуекелін тиянақты тексеру, сондай-ақ банктің басқарылуы туралы нақты көрініс алуға болады. Сонымен қатар инспекциялар сирек - кейбір жағдайда бірнеше жылда біррет- жүргізіледі, сондықтан банктің жағдайының барлық жақтарына үзіліссіз бақылау кызметін жасай алмайды./11,32-51/

Инспекциялық қадағалау механизмі 2-суретте берілген.

2.сурет- Инспекциялық қадағалау механизмі

 

Инспекциялауды жүзеге асыру үшін қадағалау органдары банктік операциялар пен банктік тәуекелдерді білстін жоғары білікті мамандардан түратын топ немесе топтарды құруы қажет. Инспекциялық тексерулерді жүргізу үлкен еңбек көлемін қажет ететінін ескере отырып, қадағалау орғандары тексерулер өткізілу кезенділігін (өрбір банк кемінде жылына бір рет тексеріледі) және жүргізілетін тексерулердің көлемінің жалпы немесе шектеулілігін анықтау қажет. Банктерді инспекциялау банк тәуекелін жалпы тексеру арқылы банктің жалпы қаржылық жағдайын айқындауға, сондай-ақ кемшіліктерді жоюды. қажет ететін жақтарын ескеруге негізделеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру