Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:13, дипломная работа

Описание работы

"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.

Содержание

кіріспе……………………………………………………………………………3

1. Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері..............................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері...........7
1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі......12
1.3 Банк кызметін реттеу әдістері.................................................................20

2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін Талдау және реттеу....................................................................................27
2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы............27
2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары...........................................................................................38

3. Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметін жетілдіру жолдары………………………44
3.1 Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары....................................................................................................44
3.2 Банктік жүйелердегі бәсекелестік......................................................50

Қорытынды.......................................................................................................53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................56

Қосымшалар.........................................................................................

Работа содержит 1 файл

Дип. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ.DOC

— 627.00 Кб (Скачать)

Пайыздық тәуекелділік, қарыздар мен тартылған қаражаттардың қайтару мерзімдері сәйкес келмесе немесе активтік және пассивтік операциялар бойынша мөлшерлемелер әр түрлі тәсілдермен белгіленген жағдайда пайда болады. Соңғысын мысал ретінде, Ұлттық банк ресурстарды жоғары пайыздық жеңілдікпен несиеге берген жағдайдан коруге болады.

Пайыз тәуекелділігін келесідей тәсілдер көмегімен; төмендетуге болады.

- пайыз  тәуекелдігін  сақтандыру -  несиелік  тәуекелдіктен сақтану сияқты тәуекелділікті толығымен сактандыру үйымына беруді білдіреді;

- өзгермелі  пайыз  мөлшерлшесімен  несиені беру  - банкке шарт өзгерген жағдайда,  соған  сәйкесі пайыз мөлшерлемесін өзгертуге мүмкіндік береді;

- мерзімді келісімдер - банк пен қарыз алушының арасында арнайы форвард келісімін жасау, яғни қарызды келісілген  мерзімде  белгілі  бір  сомадан  және  белгіленген мерзімге беру туралы келісім жасаумін байланысты тәуекелден қорғану әдісі;

- пайыздық  фючерстік (болашақ) контрактілер. Олар пайыз мөлшерлемесіндегі  ойындар  үшін  пайдаланылатын мерзімді контрактілерді білдіреді. Шарт бойынша құжатты (қарыз немесе депозитті) белгілі бір мерзім өткеннен кейін, келісілген уақытта болашақтағы тұрақты бағада сатып алады;

- пайыздық опциондар — опцион ұстаушыға қысқа мерзімді қарыз немесе депозитті тұрақты бағада мерзімді қарыз  белгілі  бір  күн  жеткенге  дейін  сатып  алуға немесе сатуға құқық беретін келісімді білдіреді;

- пайыздық своптар - бұл белгілі бір сомаға, бірақ әр түрлі шартпен жасалатын несиелік міндеттеме бойынша пайыздық төлемдердің айырбасын (мысалға, пайыз мөлшерлемесі әр түрлі қарыздық капиталдар нарығындағы  мөлшерлемелерге  бағытталған  немесе  тұрақты, өзгермелі болуы мүмкін) түсінідіреді.

Валюталық тәуекелдік - ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының бағамдарының өзгерісімен байланысты. валюталық (бағамдық) зиян шегу қаупі. Валюталық тәуекел бір валюта бағамдарының әр түрлі валюта нарықтарында сәйкес келмеуінен немесе эр түрлі уақыт кезеңінде валюта бағамдарының айырмашылығынан түзілетін алып-сатарлық табыс алуға тырысатын банктерде өте жоғары келеді.

Валюталық тәуекелдікті төмендету мақсатында көбіне пайыздық тәуекелдік қолданылатын әдістер пайдаланылады: валюталық фьючерс контрактілері, валюталық опциондар, валюталық своптар. Сонымен қатар, несиелік келісім-шарттағы ақшалай міндеттемелердің валюта бағамдарының өзгеруіне байланысты өзгерісінің алдын алу үшін төлем қүралы ретінде тұрақты валютаны таңцау әдісі (әрине, ұлітық валютаны таңдауға болады егер американ доллары тұрақты пайдаланыланатын болса) қолданылады. Сондай-ақ, мүнда үшінші бір ел валютасы немесе халықаралық ақша бірліктері (СДР, ЭКЮ) де пайдаланылады.

Банктік тәжірибе валютаның тәуекелдігін төмендету үшін шетел валюталары бағамдарының ауытқуын үнемі бақылау (диверсификация), сақтандыру, форвард контрактілерін жасау және басқа да әдістер қолданылуда.

Сонымен, біз қай тәуекелдіктің банктік қызметте болатыны және оны төмендетудің негізгі әдістерін қарастырдық. Мұндай шараларды жасау тәуекелдік шеңберіндегі банк стратегиясының маңызды компоненті болып табылады.

Демек, нарық шаруашылығындағы банктік қызметтің басты тәуекелдікті және банкротты төмендету арқылы операциялардан түсетін пайданы барынша жоғарлатудан тұрады./34,77б/

Банк стратегиясы төмендегідей қағидалардан қүралады:

- қалай да арзанға сатып алу;

- рентабельдік мөлшерлеме бойынша оны және көрсетілген қызметтерді сату;

- келесідей жолдармен тәуекелдік зияндарын төмендету: сенімді клиенттер таңдау және кепілдемелер алу, операцияларды диверсификациялау және әр түрлі  қарыздық капиталдар нарығын игеру./35/

 

3.2 Банктік жүйелердегі бәсекелестік

 

Әдетте бәсеке деп белгілі бір нарықтағы занды тұлғалар арасындағы қарсыластықты айтады. Теорияға сәйкес ол - қарсыластың сол нарықтағы сатып алушылар мен сатушылардың санына, сондай-ақ олардың операцияларының ауқымына байланысты анықталады. Егер де біз банктік бәсеке туралы айтсақ, онда оның еркін нарықтағы бірқатар белгілерін қарастыруға болады.

Бірінші белгісі - капиталдар нарығында қаржылай қызмет көрсететін көптеген қаржылық институттардың болуы.

Екінші белгісі - әрбір нарыққа қатысушыларда толық ақпараггар көлемінің болуы. Онсыз ол әрекетін дүрыс таңдай алмайды.

Үшінші белгісі - барлық қатысушылардыц нарыкка шығарылатын қаржылық өнімдерінің (депозиттер, несиелер және басқа да қызметтер) бірыңғайлығы.

Тортінші белгісі - ешбір қатысушы басқа қатысушылардың қабылдаған шешімдеріне ықпал ете алмайды./36,56б/

Бәсекелестік кез келген істе керек және ол еркін нарықта тиімді. Бәсекелестік бар жерде кез келген қызмет тиімді болады, өнімге немесе қызметке деген баға темен және тұтынушыларға тиімді. Осыған байланысты банктік капиталы неғұрлым мол шоғырланған ақша нарығындағы қарыздар бойынша пайыздар, аз шоғырланған нарыққа қарағанда, жоғары болуы тиіс; сөйтіп тиісінше, банктің табысы да соғұрлым жоғары болады деген қорытынды туады. Әйтсе де, банк ісіндегі бәсекелестікті зерттеу нәтижесі мұндай болжамдардың болу мүмкіндігін сөзсіз құптамайды.

Зерттеулердің біреуі банктердің көп болған сайын пайыз деңгейі соған сәйкес төмендейтінін көрсетсе, басқалары - керісінше, яғни банктердің шоғырлануымен несие үшін пайыздық мөлшерлеме деңгейі арасындағы байланыс әлсіз екенін көрсетеді.

Тәжірбиеде ірі банктер майдаларға қарағанада жинақ салымдары бойынша жоғарырақ пайыз төлейді, қарыз бойынша төменірек пайыз алады.

Ірі банктердің ірі клиенттерге қарыз беруі кішігірім банктердің ұсақ-түйек қарыз берулеріне қарағанда азырақ тәуекелге барып, әрі елеусіз шығындар жұмсауымен байланысты болады. Сонымен қатар, ірі банктерде мерзімді салымдардың салмақты бөлігі ірі депозиттік сертификат нысанында болып табылады, олар бойынша басқарушылық шығындар колемі шамалы және салыстырмалы түрде жоғары пайыздар төлейді. Ірі банктер ынталылырақ болады және олар банк қызметінің жаңа салаларында жаңашылдар болып шығады өз активтерінің көп бөлігін несиелік операцияларға бағыттайды.

Әлемдік банктік индустрия 60-жылдардың соңынан бастап біршама өзгерістерді басынан өткізді. 70-80 жылдары белсенділік көрсеткен бәсекелестік бірқатар факторлармен ш арттастырыл ады./37,8102б/

Біріншіден, банктік индустрия интернационалдану тенденциясына ие болды. Бұл шетелдік бәсекелестік нарықтарға өзара енуіне әкелді, нәтижесінде жалпы нарықта ерекше көрінген ақшалай банктермен болады. Осында пайда болған шетелдік банктер жаңа банктік қызметгер, жаңа мәдениет, т.б. тәрізді клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыруға қатысы қызметтердің түрлерін өздерімен бірге ала келді.

Екіншіден, салымдардың салықтық жүйесін өзгертетін дәстүрлі капиталдардың жаңа нарықтары ашылды. Банктердің пассивтерінің үлкен бөлігі дамып келе жатқан банкаралық нарық, багалы қағаздардың әр түрлерін шығару мен сатудың және сол сияқтылардың арқасында басқа банктердің қаражаттары есебінен құрыла бастады.

Үшіншіден, банктік индустрия оны банктік заңдылықтар тарапынан тежеуге қарамастан көптеген елдерде диверсификациялана бастады. Банктер - бантік емес операциялар сферасына еніп, маңызы бойынша әмбебап несиелік мекемелер болды. Банктердің бөлек типтері арасындағы шекараның шайылуы - банктер арасында ықпал ету сферасы үшін бәсекелестікті нығайтты.

Төртіншіден, өткір бәсекелестіктің көрінісінің бірі болып ақша нарығына жұмыс істеп тұрған қаржылық мекелердің акцияларын құру, не сатып алу жолымен өзіне жаңа несиелік және есеп айырушылық, инвестициялық, т.б. операцияларды игерген банктік емес қаржылықнесиелік мекемелер мен ірі қаржылық корпорациялардың басып кіруін атауға болады.

Бесіншіден, бәсекелестік банктік қызметтегі жеке түлғаларға қызмет көрсету бойынша да өсе түсті. Жинақ және қарыздық банктердің ынтасы бойынша жүргізілетін салымшылардың қаражаітарын тиімді тарту олардың коммерциялық банктермен бәсекестігін шиеленістіре түсті. Олар салымшылардан лсауап алу үшін халық қолма-қол бөлшекті қаржылық қызметтері әлде қайда кеңейтгі, олардың сапасын жоғарылатты - бұл дегеніміз түлғалық зайымдар, несиелік қаржыландыру, сақтандыру алғашқы және қайталанбалы кепілге салулармен операциялар, т.б. Көптеген банктердің депозиттік қоймасының негізін, олар үшін басқа қаржылық институттармен қатал күрес жүріп жатқан клиенттердің аз табысты контингенті қүрайды.

Сонымен, қазіргі кезде банктік индустрия көбірек бәсе келестік қабілетгі болды.

Әр түрлі қаржылық институттар арасындағы болған дәсі түрлі ерекшеліктер тез өшірілуде. Бәсекелестердің көбі өз қызметін Ұлттық шекара шеңберінен тыс жерлерге таратыц глобальды көлемде қызмет ете алды. Бұдан басқа заң жағынан қойылатын шектеулермен үсталынбайтын көптеген нарық субъектілері пайда болды, бұл бұларға бәсекелестік күресте сөзсіз артықшылық берді.

Біздің елде банктік жүйедегі өткір бәсекелестік туралы айту әлі ерте. Бізде банктер саны көп, бірақ олар әлі де бәсекелестікке қабілетсіз./38/

 

Қорытынды

 

Банктік жүйенің ел экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан несие-бактік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқыктық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақсган Республикасының банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезендік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы   ұсынылады.

Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық, мемлекеттік, аудиториялық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.

Республикада банктер үстінен халықаралық бақылауды Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюталық қор, т.б. жүзеге асырады. Олар республикаға өз несиелері мен экономикасын нарыққа көшіру барысында қаржылық және ғылыми-техникалық көмек көрсете отырып, белгілі бір талаптар мен шарттар қояды. Мысалы, елде инфляцияны белгілі бір шекке төмендету, банктік реформа бойынша олардың ұсыныстарын есепке алу, т.о. Сонымен қатар, елдегі экономикалық жағдайдың дамуымен бірге - банктік жүйенің жұмысы мен жеке банктердің қызметін де бақылап отырады.

Мемлекеттік бақылау ведомствадан тыс және ішкі ведомоствалық болады.

Банктер үстінен ведомоствадан тыс бақылауды Президент жанындағы Қаржылық бақылау Комитеті, Жоғары Кеңестік бақылау палатасы, бас салықтық инспекция, құқық қорғаушы органдар жүзеге асырады.

Олар банктік қызметі әр түрлі бағыттар бойынша тексереді: шаруашылық және операциялық, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жағдайын, заңдық және нормативтік талаптардың сақталуы, клиенттер мүдделерінің қорғалуы, ақша-несие саясатының дұрыс жүргізілуі және т.б.

Банктер қызметіне қадағалау және ішкі ведмоствалық бақылауды банк жүйесінің жоғары буыны - Ұлттық банк өзінің Қадағалау департамент арқылы жүзеге асырады. Бақылау қызметі туралы VI тарауда толығырақ берілген.

Аудиторлык бақылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлык мекемелер, бақылау палаталары, ассоциациялар жүзеге асырады. Аудит өз алдына банктердің қызметіне бақылаудың тәуелсіз нысаны болып табыла отырып, ол ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Банк қызметінің сыртқы аудиті лицензиясы бар арнайы тәуелсіз аудиторлық ұйымдармен немесе лицензиясы бар тәуелсіз жеке аудитормен ақы төлеу келісім-шарты негізінде жүргізіледі.

Аудиторлық ұйымдар және аудиторлар бухгалтерлік есеп пен есеп берудің нақтылығын тексере отырып, қаржы-шаруашылық операциялардың заңдарға сәйкестігі мен олардың мәліметінің растығын бекітеді; іс жүрғізу дұрыстығын, құжат айналымының үйымдастыруылуын келісім-шарт жасау шарттары мен несиенің қамтамасыз етілуін бақылайды; төлемдердің уақтылы төленуін, кассалық тәртіптің сақталуын, т.б. жағдайларды тексереді.

Өз қорытындысында аудиторлар жіберілген қателер мен кемшіліктер бойынша кеңестер мен үсыныстар береді.

Ішкі аудит жетекші бақылау формасын білдіреді және оны жүзеге асыруы үшін банкте арнайы ішкі бақылау бөлімі қүрылады. Оның негізгі міндеті: бөлімшелерге берғен банк жетекшілерінің нұсқауларын дұрыс орындалғанына, банктік қызмет және оның жеке қызмет пен бөлімдердің әлсіз жерлерін анықтау, материалдық және қаржылық құндылықтарының сақталу қауіпсіздігін тексеру және қамтамасыз ету, т.б. жатады.

Банк қызметіне құрылтайшылық бақылау бірнеше формада жүргізіледі: басқарма қызметіне бақылау кеңесінің жүргізетін; ревизиялық комиссия; акционерлерінің бақылауы.

Акционерлер банк жетекшісімен өткен қаржылық жылдағы, оның қызметінің нәтижелері жайлы қажетгі мәліметгерді алуға, қорытындыланатын банк қызметіне тікелей бақылау жасауға қүқылы және олар бақылау қорытындысын акционерлердің жиналысында жариялайды.

Бақылауды жүргізу үшін акционерлер сараптамашыларды, аудиторларды, т.б. шақыра алады.

Шет елдерде әрбір жеке елде, тарихи даму мен әр түрлі саяси экономикалық факторлар әсерінен қалыптасқан банқтердің қызметіне бақылау мен қадағалаудың өзіндік жүйесі бар.

Мысалы, Англияда соңғы кезге дейін банктің жұмысын реттейтін арнайы заңдар болған жоқ, ал оларға жасалатын бақылау жасырын және қағаз жүзіндеғі сипатта болды.

Бұл елдегі банктер акционерлік компаниялар туралы жалпы Заңмен реттеліп отырды. 1979 ж. заң бойынша банктік қызметті міндетгі түрде лицензиялау және жалпы ұлттық сақтандыру қоры қүрылды.  1987 ж. банктік заң ірі қарызды беру ережесін, банктердің бірігу тәртібін, аудиторлық тексерілулерді анықтады. Дегенмен де Ұлыбританиядағы банктік қызметке жасалатын бақылау бүгінгі танда да басқа елдерге қарағанда формалды және онша қатаң емес.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қызметін жетілдіру