Қазақстан республикасының еңбек нарығын дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 14:56, курсовая работа

Описание работы

Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы бүгінгі күнгі ең маңызды мәселе болып отыр. Оның басты мақсаты халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек нарығы, жұмыс күші нарығы, еңбек ресурстар нарығы басқару жүйесін жетілдіру қажет.

Содержание

Кіріспе
І. Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі
1.1 Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық талдау
1.2 Еңбек нарығына сұраныс пен ұсыныс
1.3 Еңбек нарығы және еңбек биржасы
ІІ. Еңбек нарығы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері және проблемаларын талдау
2.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы
2.2 Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері, тенденциялары
ІІІ. ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру жолдары
3.1 ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру
3.2 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді дамыту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Еңбек рыногы 1.doc

— 276.50 Кб (Скачать)

    Сонымен қатар 2008 жылы экономиканың нақты секторындағы салаларда алдыңғы жылмен салыстырғанда жұмысшылар саны кеміді. Әсіресе ауыл шаруашылығында жұмысшыларды еңбек жағдайы, еңбекақы көлемі қанағаттандырмағандықтан, кадрлардың тұрақтамауы, сондай-ақ бірқатар ұйымдардағы (“Алтай” ЖШС, Гагарин атындағы ААҚ, “Пржевальский” атындағы ЖШС және басқалары) жұмыскерлердің келісім шарт мерзімі аяқталуына байланысты ол 1,1 пайызға кеміді. Ауыл шаруашылығындағы еңбекақы 2006 жылы ең төмендердің бірі болды (10310 теңге).

      Өнеркәсіпте жұмыскерлер саны 3,1 пайызға қысқарды. Сонымен бірге тау-кен өнеркәсібінде талданып отырған кезеңде 6,8 пайызға кеміді, бұған аталған қызмет түріндегі көптеген ұйымдардағы (“Миготэкс” ЖАҚ, “УкрКазуголь” ЖШС, “Трансэнерго” ЖШС) жұмыс көлемінің қысқаруы, сондай-ақ “ГРК АБС-Балқаш” ААҚ-дағы бірқатар кендердің жабылуы әсер етті.

    Өңдеуші өнеркәсібінде жұмыскерлердің саны 2,5 пайызға кеміді. Бұған РГП “Еңбек-Қарағанды” филиалдарындағы қылмыстық түзеу жүйесіндегі мекемелерде жұмыс көлемінің болмауы, “Испат-Кармет” ААҚ-дағы зейнетке шыққан жұмыскерлер орнының толмауы, “Каргормаш” ААҚ және “Қазақмыс корпорациясы” ААҚ-дарын қайта ұйымдастыру әсер етті (әлеуметтік сала объектілерін қайта ұйымдастыруға және т.б. байланысты).

    Құрылыста жұмыскерлер саны 2008 ж. 5,2 пайызға кеміді, бұл Алматы-Астана жолдарының учаскесіндегі құрылыс жұмыстарының аяқталуына (“JRDO” ЖАҚ ҚФ) және “Ақшатау-Қарағанды” жолдары учаскесін жөндеудің аяқталуына (“Тодини” ҚФ), сондай-ақ “Шахтопроходка” ЖАҚ құрылыс фирмасының жойылу деңгейінде тұруына, “Шахтостроймонтаж-сервис” ЖШС және “Агат” ЖШС-да жұмыс жасайтындар санының кемуіне және басқаларға байланысты.

    Сонымен, жұмыспен қамтылғандар санының өзгеру қарқыны материалдық өнімді шығаруға қарағанда қызмет көрсетуде айтарлықтай  маңызды болып отыр. Экономиканың бұрынғы қызмет түрінде жұмыспен қамтылған адамдардың айтарлықтай шамасы еңбек нарығынан ығыстырылып, өзге салаға ауысып, қайта оқу немесе өз өндірісін ашу қажеттілігі туындайды.

    Өткен жылы облыста жұмыскерлер санының  қысқаруына әкелетін кәсіпорындарды қайта  құрылымдау, қайта ұйымдастыру, банкроттық және жойылу үдерістері өтіп жатты, бірақ олар жұмысшылар санын өсірген кәсіпорындар санымен жабылды. Сонымен 2008 жылы жұмыспен қамтылғандар санын өсірген кәсіпорындар саны жұмысшылар санын қысқартқан 1026-ға қарсы 1562-ні құрады. Сонымен бірге жұмысшылар санын өсірген кәсіпорындармен бірге оны кеміткен кәсіпорындар санының өсу қарқыны байқалады, бұл жұмысшылар санын өсіру қарқынын жоғарылатуды бәсеңдететін фактор болып отыр (кесте 3).

    Кесте 2 - 2008-2010 жж. жұмыскерлерлер санын өсірген және кеміткен кәсіпорындар саны

Кәсіпорындар  саны 2008 ж. 2009 ж.    2010 ж. Алдыңғы жылға  % -  бен                                                                                             
  Жұмыскерлер санын өсірген кәсіпорындар  саны, бірлік 1254 1271 1562 122,9

Жұмыскерлер санын кеміткен

кәсіпорындар  саны, бірлік

729 797 1026 128,7

 

    Жалдамалы жұмыскерлердің айтарлықтай саны қалалық  елді мекенде шоғырланған. 2008 жылы, кәсіпорындардың талданып отырған  шеңбері бойынша, қалалық кенттерде 307,6 мың адам немесе жұмыс жасайтындардың жалпы санының 93,3 пайызы, ауылды елді мекендерде 22,1 мың адам (6,7%) еңбек етті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қалалық елді мекенде жұмыс жасайтындардың саны 2,4 мың адамға (0,8%) өсті, ауылда1,5 мың адамға (6,5%) кеміді [18].

    2008 ж. облыстың 18 аймағының 8-інде жұмысшылар санының өсуі, 10ында төмендегені байқалады, ал 2006 және 2007 жж. Жұмысшылар санын өсірген қалалар мен аудандар саны басым болды (кәсіпорындардың қарастырылып отырған шеңбері бойынша).

    Жұмыспен  қамтылғандардың өсу қарқынының айтарлықтай жоғарысы 2008 жылы Осакаров ауданында байқалған (алдыңғы жылға-123,3%). Сонымен бірге серіктестер бойынша жұмыс жасайтындар саны Алматы (100,3%), Теміртау (101,2%), Сәтбаев (103,6%) қалаларында өсті. Ал жұмысшылар санының өсуі Шет (104,4%), Ұлытау (104,1%), Қарқаралы (100,6%) аудандарында байқалады. Жаңаарқа ауданында жұмыс жасайтындардың саны алдыңғы жылғы деңгейде қалды. Жұмыспен қамтылғандар санының айтарлықтай төмендеуі Ақтоғай ауданы (6,98%) мен Приозерск (5,8%) қаласында тіркелген.

    2008 жылы облыстың ірі және орта кәсіпорындарында 299,2 мың дам жұмыс жасады, бұл 2007 жылға қарағанда 0,2 пайызға аз.

    Жұмыскерлердің  жалпы санындағы 152,7 мың адамды немесе 46,3 пайызды әйелдер құрайды (2007 ж.-45,6%). 2007 жылмен салыстырғанда олардың саны 1,8 пайызға өсті. Жұмыс жасайтын әйелдер санының айтарлықтай өсімі мемлекеттік басқармада (9,5%), ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығында (5,6%), сауда, автомобильдер мен үйде пайдаланатын заттарды жөндеуде (4,7%) байқалады (кесте 4).  

Кесте 3 - Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс жасайтын әйелдердің саны  (ірі, орта және шағын кәсіпорындар шеңбері бойынша), адам

Экономикалық  қызмет түрлері   2009 ж.     2010 ж. Алдыңғы жылға %- бен Жұмысшылар  санындағы әйелдердің үлес салмағы
Облыс бойынша

барлығы

149 961 152 717     101,8       46,3
Ауыл, орман,

балық шаруашылығы

    2564      2705      105,5       36,6
Өнеркәсіп және

құрылыс

48 999     48 387      98,6       28,5
Қызмет  саласы 98 398 101 625      103,3       60,6

 

      Облыс бойынша 2010 ж. кәсіпорындар мен ұйымдардағы 85,4 мың адам немесе жұмысшылардың тізімдік санының 25,9 пайызы жұмысқа қабылданған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қабылданған жұмысшылардың саны 11,3 мың адамға немесе 11,7 пайызға кеміді.Оның ішінде қайта құрылған жұмыс орындарына 3892 адам қабылданған, бұл жұмысқа қабылданған жұмыскерлердің жалпы санының 4,6 пайызы (кесте 5).

    Жұмыстан  шығудың негізгі себебі кадрлар  тұрақтамауы болып отыр. 2008 ж. 62,4 мың адам өз еркімен жұмыстан шыққан, бұл барлық жұмыстан шыққандар санының 71 пайызын құрайды. Өз еркімен жұмыстан  шыққандардың айтарлықтай саны өнеркәсіпке (41,3%) келеді.

    Сонымен қатар жұмыстан шығу өнеркәсіпте 87,2 пайызға, ауыл шаруашылығында-79,1, қызмет саласында 114,4 пайызға жұмыскерлерді  қабылдаумен толықтырылды.  
 
 
 
 
 
 
 

3.  ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары 

    3.1 ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру 

    Басты мақсат: адамның өз қабiлетiн iске  асыру және дамыту үшін құқықтар мен  мүмкіндіктерге ие болатындай лайықты  өмір сүруi үшiн жағдай туғызу. 
     Жұмыспен қамту саласындағы негiзгi мақсат халықты неғұрлым толық түрде өнiмдi жұмыспен қамту болып табылады. Бұл мақсат екi қосымша мақсатқа қол жеткiзудi: жұмыстан шығып қалу деңгейiн азайтуды; жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру деңгейiн арттыруды көздейдi.[1,352б]. 
        Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы негiзгi мақсат халықтың кедейлiк деңгейiн азайтуға, қайыршылықты жоюға бағдарланған халықты әлеуметтiк жағынан қамтамасыз етудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн құру болып табылады. Қосымша мақсаттар:

    - экономикалық қызметтiң барлық  түрлерi бойынша жалдамалы қызметкерлердiң  еңбекақы төлеу деңгейiн көтеру;                         

    - әлеуметтiк сақтандырудың сан  алуан түрлерiн енгiзу арқылы  туындауы мүмкiн қатерден өзiн-өзi қамтамасыз етудiң қол жететiндей тетiгiн жасау;

       - көп жағдайда мемлекет есебiнен жүзеге асырылатын әлеуметтiк қамтамасыз ету жүйесiнен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне көшу, ол мемлекеттiң немесе жұмыс берушiнiң ғана емес, әрбiр жеке адамның да қатысуын көздейдi;

    Елдегi экономикалық өзгерiстер, бiр жағынан, мүгедектiк, маскүнемдік, нашақорлық, жарақаттану сияқты әлеуметтiк құбылыстардың проблемаларын тереңдеттi және екiншi жағынан, әлеуметтiк қамсыздандыруға мұқтаж халық санының тұрақты өсуiне алып келетiн кедейлiктi, жұмыссыздықты, балалар қаңғыбастығын туындатты.

    Республикада  кедейлiктiң өсуi экономиканың нақты  секторында өндiрiстiң құлдырауына  орай жұмыссыздықтың едәуiр өсуiне, экономикалық қызметтiң жекелеген  түрлерiнде, атап айтқанда, денсаулық  сақтауда, бiлiм беруде және ауыл шаруашылығында еңбекақы төлеу деңгейiнiң төмендеуiне, қызметкерлерге еңбекақы төлеудiң ұзақ кiдiруiне, халықтың нақты табысының төмендеуiне байланысты.

    Экономикалық  жағынан  белсендi 7 миллионнан асатын халықтың 13,5%-ы жұмыссыз болып табылады. Алайда 6,1 млн. адамның жұмысқа қамтылуы әрдайым жеткiлiктi табыс деңгейi дегендi бiлдiре бермейдi. Жұмыспен қамтылған халықтың едәуiр бөлiгiн, әсiресе бюджеттiк саладағыларды, табысы аздар деп батыл айтуға болады. Бюджеттiк саладағы қызметкерлердің еңбекақы мөлшерi, әдетте, жұмыспен қамтылған халықтың еңбекақысының республикалық орташа деңгейiнiң 75%-ынан аспайды. 
       Жұмыссыздардың арасында әйелдер басым, оларды жұмысқа орналастыру проблемасы өткiр қойылып отыр. Жұмыспен қамту қызметiне өтiнiш жасаған жұмыссыз әйелдердiң әрбiр алтыншысы ғана жұмысқа ие болады. Жоғары және орта арнаулы бiлiмi бар 45 және одан жоғары жастағы әйелдердiң жұмысқа орналасу мүмкiндiгi өте төмен.[2,24-26б].

    1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада  әрбiр жұмыс iстейтiн азамат өзiнiң қарттығын материалдық қамтамасыз етуге өзi қам жасайтын дербес зейнетақы жинақтау принципiне негiзделген жаңа зейнетақы жүйесi енгiзiлдi. Реформаны жүргiзу процесiнде қол жеткiзiлген едәуiр нәтижелерге қарамастан, болашақта әлеуметтiк қорғаудың бүкiл жүйесiне едәуiр әсер етуге қабiлеттi негiзгi проблемалардың бiрi, оның еңбекке қабiлеттi халықты толық қамти алмауы болып табылады. Экономикалық жағынан белсендi 7 млн. халықтың 3,6 млн. адамы ғана жинақтаушы зейнетақы қорларына жарна аударады. Жүйеде жұмыссыздар, ауыл еңбеккерлерi мен бейресми сектор аз қамтылған. 
     Бұл жағдай салық салынбайтын және барлық деңгейдегi бюджеттердi қалыптастыруға қатыспайтын жасырын (көлеңкелi) еңбекақы төлеудiң бар екендiгi туралы болжауға негiз қалайды. Өзiнiң қарттығын материалдық қамтамасыз етуге нақты қаражат салмайтын, қазiргi кезде экономикалық жағынан белсендi халықтың осы бөлiгi болашақта өзiнiң еңбегi үшiн жинақтаушы жүйеден барабар өтемақы алуға мүмкiндiгi жоқ кедейлер қатарына қосылуы мүмкiн.

    Ең  төменгi күнкөрiс мөлшерiнен де табысы төмен халықтың үлесi өсiп келедi, мұны адам дамуы туралы ұлттық есеп растап отыр: 1996 жылғы 34,6%-дан 1998 жылы 43,4%-ға дейiн өскен. Бiр тұрғынның орташа жалақысының ең төменгі күнкөрiс мөлшерiне қатынасы 1998 жылы 44,7%-ды құрады, оның үстiне республиканың бүкiл халқының 4%-ы ғана күнкөрiс құнының ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 75%-ынан жоғары жалақы деңгейiне ие. Облыстар арасында жалақы деңгейiнiң күнкөрiс құнына барабарлығына қатысты едәуiр айырмашылықтар бар.

    Халықтың  әлеуметтiк жағынан осал жiктерiне көрсетiлетiн көмек мөлшерi көп жағдайда нақты күнкөрiстiң ең төменгi мөлшерiн қамтамасыз ете алмайды, сондықтан осындай мемлекеттiк шығындардың тиiмдiлiгi төмендейдi. Мысалы, республиканың жекелеген облыстарында жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен төленетiн балалар жәрдемақысының мөлшерi 1000 теңгеден аспайды.

    Тұтас алғанда халықтың табысында зейнетақы  мен жәрдемақы үлесi артуының қауiптi үрдiсi қылаң бердi. Бұл бiреудiң  асырауындағы еңбекке қабiлеттi жастағылар санының өскендiгiн бiлдiредi. Сонымен, еңбек нарығы әлеуетiнiң бiршама жоғары деңгейiне қарамастан, Қазақстан еңбек нарығының төмен тиiмдiлiгiне ие.

    Жұмыссыздық өсуде, онымен бiрге кедейлiк те өз позициясын нығайтып келедi. Және әсiресе: жұмыссыздар мен кедейлер арасында жұмыссыздығының созылмалы сипаты салдарынан бiлiктiлiгiнен толық немесе iшiнара айрылған адамдар санының басымдығы алаңдатады.

    Қоғам еңбек әлеуетi мен жұмыссыздардың бiлiктiлiгiн пайдаланудан бас тартып отыр. Халықтың едәуiр бөлiгiнiң кәсiби және еңбек тұрғысынан құлдырау процесi ырық берместен жүрiп жатыр. Жастар арасындағы жұмыссыздық айрықша алаңдаушылық туғызады. Қазіргi кезде бiз уақытша жұмыссыздықтан гөрi циклды және құрылымды жұмыссыздыққа жиi тап болып отырмыз.

    Жұмыссыздық - нарықтық экономика жұмыс iстеп тұрған жағдайдағы әбден үйреншiктi құбылыс. Алайда мәселе адамның жұмыссыздық қамытын киюiнiң қашанға дейiн созылатындығында. Өркениеттi дүниеде, бiр адамның жұмыссыздығының ұзақтығы жарты жылдан аспайды. Бiзде жұмыссыз статусында бiр жылдан аса жүруi қалыпты болып табылады, бұл ретте жұмысқа орналасу мүмкiндiгi де өте төмен. Егер жұмыс ұсынылса, көбiне табыс деңгейi отбасы мұқтажын барабар қамтамасыз ете алмайтын төмен бiлiктiлiктi жұмыс ұсынылады.

    Жұмыспен  қамту және еңбек мәселелерiнде  заң жүзiнде бекiтiлген тұжырымды қағидаттардың болуы. Халықты жұмыспен қамтуды реттеу мен қамтамасыз ету проблемаларын орталықсыздандыру. Жұмыспен қамту саясатын жандандыру. Республиканың жекелеген облыстарындағы халықтың неғұрлым тұрмысы төмен жiктерiне шағын кредит беру тәжiрибесi.

Информация о работе Қазақстан республикасының еңбек нарығын дамыту