Қазақстан республикасының еңбек нарығын дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 14:56, курсовая работа

Описание работы

Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы бүгінгі күнгі ең маңызды мәселе болып отыр. Оның басты мақсаты халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек нарығы, жұмыс күші нарығы, еңбек ресурстар нарығы басқару жүйесін жетілдіру қажет.

Содержание

Кіріспе
І. Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі
1.1 Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық талдау
1.2 Еңбек нарығына сұраныс пен ұсыныс
1.3 Еңбек нарығы және еңбек биржасы
ІІ. Еңбек нарығы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері және проблемаларын талдау
2.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы
2.2 Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері, тенденциялары
ІІІ. ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру жолдары
3.1 ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру
3.2 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді дамыту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Еңбек рыногы 1.doc

— 276.50 Кб (Скачать)
  • жұмысшылар мен жұмыс берушілердің жеке және экономикалық еркіндігі, оның экономикалық негізі меншік нысандарының көптүрлілігі болып табылады;
  • жұмыс күшінің саны мен сапасы, жұмысшыларды жұмысқа алу және шығару туралы шешім қабылдауда жұмыс берушінің дербес құқығы;
  • жұмыс күшін сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынастардың басты реттегіші болып табылатын жалақының өсуіне шектеулердің болмауы;
  • кәсіби мобильділікке әкелетін жұмыс күшінің еркін қозғалысы, яғни жекелеген мамандықтарға қоғамдық қажеттіліктердің өзгеруімен байланысты біліктілікті өзгерту; көшіп – қону мобильділігі, яғни жұмыс орнын, тұрғылықты жерін ауыстыру, негізгі қызмет шеңберінен тыс еңбек ету сферасын ұлғайту.

    Еңбек нарығының классикалық анықтамасы бойынша, бұл нарықта көптеген сатушылар  мен сатып алушылар қызмет етеді, олардың әрқайсысының нарыққа енуі еркін, бірақ олардың ешқайсысы бағаға елеулі әсер ете алмайды. Алайда қазіргі рыноктық жағдайдағы рыноктар жетілмеген рыноктар ретінде қызмет етеді. Мұнда біріншіден, кәсіподақтар монопольды сатушы болса, екіншіден, фирмалар мен кәсіпорындар жалдамалы жұмысшыларға өз шарттарын қоя отырып, өз монополиясын қарсы қояды. Осыған қарамастан кәсіподақтар да, ірі фирмалар да еңбек нарығына аутсайдерлер мен шетелдіктердің, жұмыс беруші – бәсекелестердің енуін шектеу саясатын жүргізеді.

    Осыған  орай қазіргі еңбек нарығы өзін-өзі реттеу сипатынан айырылып,белсенді мемлекеттік реттеу объектісіне айналған жұмыс күшінің ұсынысымен сұранысы көп жағдайда жоспарланады және оқыту мен қайта даярлау жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі, ал еңбек бағасы шарттармен ұжымдық келісімдер негізінде анықталады және келісімге келетін жақтардың экономикалық күштеріне тәуелді. Бұл еңбек нарығында үш субъектінің: жалдамалы жұмысшылардың, жұмыс беруші – фирмалардың және мемлекеттің әрекет ететіндігін білдіреді.

    Еңбек нарығындағы мемлекеттің рөлі жалпы ұлттық экономиканы реттеудегі секілді біртекті емес. Біріншіден, мемлекеттің белсенді араласуы нарықтық механизмді бұзады және еңбектің мобильділігі мен еңбек етуге ынтаның төмендеуі секілді теріс салдарды өсіреді, мысалы, кепілдендірілген жалақы инфляциялық процестердің өсуіне әкеледі. Екіншіден, мемлекет жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысын қалыптастыру процесіне араласа отырып, жалдамалы жұмысшыларға жұмыс түрлері мен жұмыс күнінің ұзақтығын таңдау нұсқаларын ұсынады,бос уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл соңғы нәтижеде еңбек өнімділігіне қолайлы әсер етеді, Сонымен бірге кадр саясатын анықтау және жүзеге асыруда жұмыс берушілерге де үлкен еркіндік ұсынады.[ 7, 92 - 94 б]

    Еңбек нарығында жұмыс күші бір жағынан  сатылады, ал екінші жағынан оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады. Демек еңбек нарығы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату, сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ. 

    Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталады, табыс әкеледі. Жалақы еңбекке марапаттау ретінде  көрінеді. Бұл даусыз шындықты барлық зерттеушілер мойындады.

    Қазақстан тәжірибесіне келсек, Ресеймен салыстырғанда, еңбек нарығын қалыптастыруда біраз  алда болса керек. Жұмыс күшінің  жылжымалдылығы жоғары, әр түрлі кадрлар  дайындауда жеке меншіктегі оқу орындары кәдімгідей үлкен роль атқарады. Ал әлеуметтік объектілерге келсек, Қазақстанда пәтер-үй мен коммуналдық шаруашылық саласында реформа жасалғанына біраз жыл болып қалды. Сонымен қатар зейнет жүйесіндегі реформа, жалпы экономикалық реформа, Ресейге қарағанда жақсы нәтиже беріп отыр. Сондықтан екі елдегі еңбек нарығының ұқсастығынан гөрі айырмашылықтары уақыт өткен сайын көбейіп жатыр.

    Нарықтың  даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты  және де басқа қолданылатын критерийлер  бойынша нарықты әр түрлі сегменттерге бөлуге болады. Мысалы, еңбек қатынасының  тұрақтылығына қарай еңбек нарығын үш секторға бөледі:

    - бірінші сектор. Бұл секторда  еңбеккерлер  тұрақты және  толық уақыт жұмыс істейді,  олардың жалақысы жоғары болып  келеді. Қызметкерлердің шеберлігін  арттыруға, өндірісті басқаруға  қатысуына жағдай жасалынады. Жұмыс орнында озық технология қолданылады, кәсіподақ рөлі күшті болып келеді;

    - екінші секторда адам жартылай  жұмыспен қамтылады, маусымдық  жұмыс тараған, жұмыс орындары  қарапайым және мәртебесі төмен,  еңбек ақы мардымсыз, әлеуметтік  қорғау жүйесі жете дамымаған, кәсіподақ орын теппеген;

    - үшінші сектор жұмыссыздарды  біріктіреді. Мемлекеттің еңбек  нарығына ықпал жасау дәрежесіне  қарай екі сегментті айыруға  болады;

    - мемлекет жұмыспен қамту жөніндегі  қызмет орындары реттейтін нарық.  Сан тұрғысынан оған ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыс іздеп жүргендер және кәсіптік бейімделуге  дайындауға және қайта дайындауға құштар жұмыссыздар жатады. Осы контингент жұмыс күшінің ұсынысын қалыптастырады;

    - бақылаудан тыс қалған жұмыс  күші нарығы. Бұған жұмысқа орналасумен айналысатын ресми органдарының бақылауынан тыс қалған жұмыс күшінің ұсынысының бір бөлегі және бос жұмыс пен оқу орындары жатады. Олар жұмысқа жұмыс берушілермен тікелей түйісу арқылы орналасады. [5, 45-50 б]

    Еңбек нарығының өзгеше сегменті ретінде жасырын еңбек нарығын атауға болады. Бұл нарыққа ресми секторда жұмыс істеп жатқан адамдар жатады, бірақ олар толық жұмыс уақытын әр себеппен пайдаланбайды.

    Жұмыспен  қамту жеке тұлғалардың олардың  жеке және қоғамдық сұраныстарын қанағаттандыруымен байланысты, оларға еңбекақы немесе еңбек табыстарын әкелетін, заңға қайшы келетін іс-әрекеттері сондай-ақ осыған байланысты пайда болатын еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың теңестіру дәрежесінің сипаты ретіндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Жұмыспен қамтудың формаларын зерттеу осынау аса күрделі әлеуметтік-экономикалық категорияның мазмұнын толығырақ ашуға мүмкіндік береді. Тек осы проблемалардың барлық аспектілеріне жан-жақты зерттеудің негізінде ғана жұмыспен қамту саясатының басымдылықтарын таңдап оларды жүзеге асырудың пәрменді стратегиясын құруға болады.  [8, 45-50 б] 

1.2 Еңбек нарығына  сұраныс пен ұсыныс 

       Жұмыс күші болашақ тауар ретінде  өзін еңбек нарығына өткізеді, өзінің әлеуметтік – экономикалық  қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы  және  жұмыс беруші мен жұмыс  күші арасындағы пайдалануды көрсетеді. Нарықта еңбекақы мөлшері және жұмыспен қамтылу – бұл еңбекақы алу (еңбек табысы) негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты  адамдардың іс - әрекеттері. еңбек нарығының мөлшері қалай еңбек ресурстары, солай өндіріс күшінің даму ауқымы арқылы анықталады.

       Жұмыс күші нарығы инерциялық  және қағида бойынша ол өндіріс  сияқтанған жылдамдықпен қайта   құрылуға қабілетсіз. Кәсіпкерлік құрылымы, сыныптаманың деңгейі және еңбек нарығының басқа да сипаттамасы біршама баяу өзгереді, өндірістің қажеттілігінен артта қалады. Осының нәтижесінде институционалдық  жұмыссыздықтың ерекше алуан түрлілігі байқалады. Институционалдық бос  жұмыс орындары жөнінде жетілдірілмеген ақпараттың болуынан пайда болған жұмыссыздықты айтуға болады.

     Еңбек нарығы кез келген тауарлы  нарық  сияқты сұраныс пен  ұсынысқа  негізделген. Сұраныс – бұл жағдайда қажеттілік нысаны ретінде бос жұмыс орындары мен жұмыстың  орындалуында  бой  көтереді, ал ұсыныс қамтылмаған жұмыс күшінің немесе жұмыс орнын өзгерту тілектерінің болуы.

      Сұраныс пен ұсыныс қызметкерлер  арасында осы немесе  басқа   да жұмыс істейтін жұмыс орындары  және жұмыстарды орындау, сол  сияқты жұмыс  берушілердің арасында керекті жұмыс  күштерін жұмылдыру, қалай  өзінің сандық, солай сапалық құрамы жағынан бәсекелестік күрес арқылы іске асады. 

      Қазақстан Республикасының «Халықты  жұмыспен қамту туралы» Заңына  сәйкес, жұмыстан босап қалып  жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы жұмыс орнындағы негізгі жалақысының 50 проценттен кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім сүру минимуміне төмен болмайтын жәрдем  ақша  беруге кепілдік беріледі.       

    Нарық қатынастары дамыған көп елдерде  еңбек  нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен  қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің  қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді, және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойынына алады.

        Еңбек нарығы  барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің  тұратын қала шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі.

        Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе – теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті  ұсыным  қисығы қызметкердің (жұмысшының) тілегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы, әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді. 
 

      
 
 
 
 

 
 
 
 

                                    

                           

                               Q4                             еңбектің саны 

            Сурет № 2.  Жекеленген еңбек нарығы. 

        2 – ші суретте еңбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе – теңдік  деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының ауытқуы SS және ДД қисық сызықтарының  жылжуына және жалақының тепе – теңдік мөлшерінің  өзгеруіне әкеліп соқтырады (W/P).

       Еңбекті  ұсыным  жалақы  динамикасына  кері  пропорционалды тәуелділікпен  әсер етеді. Басқаша айтқанда, егер жұмыс күшін ұсыну басқа   өндіріс факторларын ұсынумен  салыстырғанда шектеулі болатын  боса, онда жалақының өсуі орын  алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:

            -      халықтың мөлшерімен;

  • тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабілеті бар халықтың үлесімен;
  • жұмысшының бір жыл ішінде атқарған жұмыс  сағатының орташа санымен;
  • жұмсалатын еңбектің саны және сапасымен, жұмысшының  мамандық деңгейімен / квалификациясымен /.

       Жалақының тепе – теңдік деңгейін орнықтырудың  автоматты тенденциясы болады. Тепе – теңдікке жету механизмі болып, жұмыссыздық көлемінің өзгеруінің ықпалымен және тауарлардың нарыққа әсер етуімен болатын жалақының ақшалай мөлшерінің ауытқуы қызмет етеді; ақшалай жалақы өскен жағдайда бағаның жалпы деңгейі өседі, төмендеген жағдайда азаяды. Барлық экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген, жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және территориялар бойынша бөлінеді. Бір сегменттен басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе – теңдік жағдайы көбінесе  мемлекеттің араласуымен анықталады. жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді.  

1.3 Еңбек нарығы және  еңбек биржасы 

     Жұмыссыздық  проблемаларын шешуде  еңбек биржалары (тұрғын- дардың жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары  дамыған елдерде еңбек  биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру  мақсатында  адамгершілік  институттары  ретінде пайда болды.

       Еңбек биржаларының негізгі атқаратын  қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы  сұраным мен ұсынымды анықтау;  жұмыссыздарды  есепке алу және бос жұмыстарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар  беру жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты  жәрдемақы  тағайындау.

Информация о работе Қазақстан республикасының еңбек нарығын дамыту