Қазақстан Республикасының индустриялды инновациялық даму жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 11:18, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.

Содержание

Кіріспе
Нарықтық экономикадағы индустриялық инновациялық қызметтің аспектілері
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының жағдайы мен мәселелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 37.95 Кб (Скачать)
 

Жоспар 

Кіріспе

  1. Нарықтық экономикадағы индустриялық инновациялық қызметтің аспектілері
  2. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының жағдайы мен мәселелері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық  компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі  тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан  Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі  ғана емес, оның құрылымдық жағынан  атқарады. Оның үстіне олардың бір  бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің  экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің  артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты  дамуына байланысты екені шындық.Бүгінгі  таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси  міндеттерді табысты  шешуде басқа елдерге үлгі болатын  деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті  мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік  беріп отыр. ХХІ ғасыр  білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу  ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген  мемлекеттер  үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз  және кәсіби шеберлігі жоғары білімді  кадрларсыз, жаһандану талаптарына  сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған  басты  міндет – білім мен ғылымды  халықаралық деңгейге көтеру.

Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық  шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын  индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен  басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы  сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен  байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия  мен азық-түлік және текстиль индустриясы  өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты  салалардың салмақ үлесі айтарлықтай  мөлшерде артты. Жалпы алғанда, қазіргі  таңда ЖІӨ көлемінің 25,6% мен халықтың 22,2%-ын жұмыспен қамтып отырған индустрия  өндірісінде елдің шаруашылық белсенділігі арта отырып, өндірістік-техникалық потенциалын  күшейтерліктей деңгейде жұмыс жүргізіле  бастады.

Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен  перспективасын, қазіргі әлемдік  шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен  қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын-энергетикалық  ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы  қазбаларды табудың және өңдеудің күшті  индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда  машина құрылысының көп профильді  жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.

Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері  ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия  мен қызмет көрсету саласындағы  шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.

Курстық жұмыстың өзектілігі - Индустриалдық  дамыған елдерде экономиканың нақтылы  секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік  деңгейде дамыту мақсатымен индустриялық-инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен  қатар, кез-келген елдегі индустриялық-инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Курстық жұмыстың  негізгі мақсаты –  Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге    негізделген жаңа ақпараттық технологияларды  игеру, республикамыздың   индустрия  және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту

Курстың жұмыстың негізгі міндеті – Индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыру және қорландыру көздерін жаңару және даму мәселелерін қарастыру 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Нарықтық  экономикадағы индустриялық инновациялық қызметтің аспектілері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Инновация дегеніміз белгілі бір қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін жаңашыл жаңалықтарды кешенді құру процесі, таралуы және қолданыс табуы.Әртүрлі ғалымдар, әсіресе  шетелдік (Н.Мончев, И.Перлаки, В.Хартман, Э. Мэнсфилд, И.Шумпетер және т.б), инновация  түсінігін өзінің зерттеу объектісі  мен саласына байланысты тұжырымдар айтты. Мәселен, Б.Твисс инновацияны  ғылыми ашылымдар немесе идея экономикалық мазмұнға ие процес ретінде анықтайды. Ал, Б.Сантоның пікірінше, инновация  – бұл қоғамдық, техникалықжәне экономикалық процесс, яғни идеялар  мен ашылымдарды практикада қолдану  арқылы қасиеттері жақсы өнімдер  мен технологияларды құруға жеткізеді. Ал егер де инновация экономикалық табысқа, пайдаға негізделсе, онда оның нарықта пайда болуы қосымша  табысты әкелуі мүмкін. И.Шумпетер инновацияны  кәсіпкерлікпен тығыз байланысты өндіріс  факторлардың жаңа ғылыми-ұйымдастырылған  комбинациясы деген анықтама ұсынған.Инновацияның әртүрлі анықтамаларын талдау нәтижесінде, инновацияның спецификалық мазмұнын өзгерістер құрайды, ал инновациялық қызметтің  негізгі функциясы өзгеріс функциясы  болатынын анықтадық.Сонымен халықаралық  стандарттарға сәйкес инновация - (инно-қызметтің  соңғы нәтижесі) жаңа немесе жетілдірілген  өнімге айналған, жаңа немесе жетілдірілген  технологиялық процесс нарығына ендірілген, тәжірибе жүзінде пайдаланылатын немесе әлеуметтік қызметтерге қатысты  пайдаланылатын инновациялық қызметтердің соңғы нәтижесі.

Инновациялық  процесті жаңашылдарды өткізу поцесінде  болатын ғылыми-техникалық, технологиялық  және ұйымдастырушылық өзгерістердің  жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ал жаңашылдарды құру, тарату және пайдалануды инновациялық цикл деп атайды.

Инновацияның  негізгі мақсаттары келесілер:

1. мәселенің  жаңа техникалық шешімін табу-өнер  табыстарын құру;

2. ғылыми-зерттеу  және тәжірибе конструкторлық  жасалымдарды өткізу;

3. өнімнің  сериялық өндірісін бір қалыпқа  келтіру;

4. өткізуді  дайындау және ұйымдастыру;

5. нарыққа  жаңа тауарды ендіру;

6. технологияларды  үнемі жетілдіру жолымен жаңа  нарықтард аорнығу, өнімнің бәсеке  қабілеттілігін жоғарылату.

Инновацияның  негізгі кезеңдері келесілер:

1. Келіп  түсетін идеяларды бір жүйеге  келтіру;

2. Идеяларды  сұрыптау және жаңа өнім туралы  идеяны өңдеу;

3. жаңа  өнімнің экономикалық тиімділігін  талдау;

4. жаңа  өнімді құру;

5. нарықта  тестілеу

6. өнім  жөнінде маркетинг бағдарламасы  негізінде өндіріске жаңа өнімді  енгізу туралы шешімді қабылдау.

Инновациялық  поцесс циклдық сипатқа ие

- мақсаттар қою және стратегияны таңдау

- циклдық 4 кезеңі:

1 жоспарлау

2 шарттарды  анықтау және ұйымдастыру

3 Орындау

4 басшылық  ету

Мақсаттар қою және стратегияны таңдау

Циклдың әрбір кезеңінде белгілі бір  мәселелер шешіледі.

1. Жоспарлау  - стратегияны жүзеге асыру жоспарын  құру.

2. Шарттарды  анықтау және ұйымдастыру- инновациялық  циклдың әртүрлі фазаларын жүзеге  асыру үшін қажетті ресурстарды  анықтау, қызметкерлер алдында  мәселелерді қою,жұмысты ұйымдастыру.

3. Орындау  - зерттеулер мен жасауларды жүзеге  асыру, жоспарды іске қосу.

4. Басшылық - бақылау және талдау, іс-әрекеттерге  түзетулер енгізу, тәжірибе жинақтау. Инновациялық жобалардың, инновациялық  басқару шешімдерін, жаңалықтарды  қолдану тиімділігін бағалау.

Инновацияның  жаңа идеясының инновациялық әлеуетінің дәрежесі бойынша 3 түрі бар:

1.Радикалды  инновациялар - әдетте жаңа өнімдер  мен технологиялар.

2.Комбинаторлы  инновациялар - белгілі элементтердің  жаңа үйлесімі. Комбинаторлы инновациялар  тұтынушылардың жаңа топтарын  тарту немесе жаңа нарықтарды  игеруге бағытталған.

3.Модификациялық  инновациялар - нарықта бар өнімдерді  жақсарту немесе толықтыруға  бағытталған.бұл инновациялар кәсіпорынның  нарықтағы орнын сақтауға немесе  күшейтуге негізделген.Сонымен инновациялық  поцесс, ол жаңалықтарды жүзеге  асыру барысында болатын ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық  өзгерістер жиынтығы.

Индустрияландыру  дегеніміз - ең алдымен өнеркәсіпті  дамыту деген сөз. Ал оның түрлі саласы бар: ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі және тағы басқа.

Индустрияландыруды  мемлекеттік қолдау макро- және секторалдық  деңгейлерде экономикалық саясаттың  жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын қаржылық қолдаудың  селективті шараларын және қаржылық емес қолдау шараларының құрастырылған  пакетінің негізінде жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру, қолайлы макроэкономикалық  орта қалыптастыру; Бағдарламаны қолдаудың  қаржылық құралдарын кеңейту; инфрақұрылымдық, ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету; бизнес-ортаны жақсарту; технологиялық  жаңғырту, инновацияларды және ғылымды  дамыту; тікелей инвестициялар тарту  үшін қолайлы жағдайлар жасау; тиімді сауда және тариф саясаты арқылы жүзеге асырылатын болады.

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына  және өндірістің басқа да салаларындағы  шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын  айтады.Бүгінгі күні қолда бар  ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті  дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде  немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік  табыс табу болып табылады.

Инновациялы индустрияландырудың негiзгi мақсаттары: кәсiпкерлiк пен мемлекеттiң күштерiн  біріктіру және елдiң резервтерін  экономиканың басты секторларын  дамытуға шоғырландыру; қолайлы кәсiпкерлiк  орта мен инвестициялық климатты қалыптастыру; ұлттық экономиканың қарқындылығы мен өнiмдiлiгiн арттыру. 

Индустриялды-инновациялық саясат – бұл, мемлекет арқылы бәсекеге қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті  және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы  жағдайлар жасау мен қолдау көрсететін шаралар кешені.

Қазіргі кезде Дүниежүзілік Банктің зерттеулері  негізінде анықталған мемлекеттің  индустриялық саясатына арналған үш тәсіл бар 

Әлемдік тәжірибені ескере отырып, елімізде индустриялды-инновациялық саясатты іске асыру үшін инвестицияларды  үйлестіру мен іскерлік ынты-мақтастықты  дамыту жөніндегі бастамаларға негізгі  күшті жұмсау қажет. Бірақ Қазақстанда, жалпы нарықтық экономикалы елдерде  бюджеттік қара-жаттар жеке меншіктегі кәсіпорындарға қаржылықжәне инвестициялық  қолдау көрсетуге бағытталмаған. Сол  себепті, мемлекет нақты компанияларды  тікелей қаржылық қолдай алмайды, дегенмен ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерінде катализатор, яғни бастамашы бола отырып, жеке меншіктегі кәсіпорындарды инновациялық процестерге  тартады. Сонымен қатар, өндірістік және бәсекелі әлеуетті құрып, оларды одан әрі жақсарта отырып, жаңғыртуға ықпал етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының индустриялды инновациялық даму жолдары