Қазақстан Республикасының индустриялды инновациялық даму жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 11:18, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.

Содержание

Кіріспе
Нарықтық экономикадағы индустриялық инновациялық қызметтің аспектілері
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының жағдайы мен мәселелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 37.95 Кб (Скачать)

Операторлар рөлін ӘКК-ларға жүктеу жоспарлануда, олар өңірлік Үйлестіру кеңесінің  жұмыс органының функцияларын, субсидиялау  және кепілдік беру үшін жобаларды  іріктеуді және қарауды жүзеге асырады, индустриялық инфрақұрылымды дамытуды үйлестіруді, сервистік қолдау мен  кәсіпкерлік үшін кадрлар даярлауды  қамтамасыз ететін болады.

Кәсіпкерлік секторды сауықтыру шеңберінде мынадай  қолдаулар көрсетіледі: берешек  кәсіпорынды Банктердің қазірдің өзінде бар кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау және берешек  кәсіпорынның салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерін өтеуін өсімпұлдар мен айыппұлдар салмастан 1 жылға кейінге қалдыру.Кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау экономиканың басым секторларындағы қосылған құны жоғары жаңа өндірістерді жаңғыртуға, кеңейтуге және ұйымдастыруға бағытталған жобалар бойынша жүзеге асырылады.Ең жоғары субсидиялау мерзімі 3 жыл болып, ол мерзімді 10 жылға ұзарту мүмкіндігімен іске асырылып отырған жобалар бойынша жаңа және бұдан бұрын берілген кредиттер субсидияланады.Өтінім берушінің жобаға кемінде 15 % мөлшеріндегі өз қаражатымен қатысуы қолдаудың міндетті шарты болып табылады.Кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау ӘКК мен екінші деңгейдегі банктердің оң қорытындылары негізінде өңірлік Үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес жүргізіледі мониторинг жүргізуді әкімдіктер, екінші деңгейдегі банктер мен қаржы агенті арасында жасалатын Бас келісім шеңберіндегі тиісті рәсімдерді орындай отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қаржы агенті жүргізеді.

Агенттік  қызметтерінің құны бюджеттен өтеледі.

Сыйақы  ставкаларын субсидиялау тетігін, тәртібі мен шарттарын Үкімет айқындайды.

Ең көп  мөлшері кредит сомасының 50 %-і болатын  және кепілдік беру мерзімі кредит шартының әрекет ету кезеңінен аспайтын жаңа өндірістерді ұйымдастыруға бағытталған  кәсіпкерліктің кредиттеріне кепілдік беруді ӘКК мен екінші деңгейдегі банктердің оң қорытындылары негізінде  өңірлік Үйлестіру кеңесінің  шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген қаржы агенті жүзеге асырады.

Өтінім  берушінің жобаға кемінде 15 % мөлшеріндегі өз қаражатымен қатысуы қолдаудың  міндетті шарты болып табылады.

Қаржы агентінің шығындарын жабуға арналған резерв осы бағдарламаның қаражаты есебінен қалыптасады.

Кредиттерді кепілдендіру тетігін, тәртібі мен  шарттарын Үкімет айқындайды.

Индустриялық  инфрақұрылым осы бағдарламаға енгізілген жобаларды іске асыруды қолдау, сондай-ақ өңірлік Үйлестіру кеңесінің  шешімі негізінде перспективалы  әлеуетті жобаларды іске асыру үшін берілетін болады.

Кәсіпкерлік үшін кадрлар даярлау, оның ішінде, біліктілігін арттыру және жұмыс  орындарын ұйымдастыру Қазақстан  Республикасының Үкіметі бекітетін  ережелер мен өлшемдер негізінде  әкімдіктердің қаражат бөлуі  жолымен қаржыландырылатын болады.Бұл бағдарламаның мониторингі «Атамекен» ҮӘК-мен және бизнестің басқа да қоғамдық ұйымдарымен бірге жүргізіледі. 

Бағдарламаның нәтижелері

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі  бағдарламаны табысты іске асыру  оны әртараптандыру және ұзақ мерзімді кезеңде бәсекеге қабілеттілікті арттыру  арқылы орнықты және теңгерімді өсуді  қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Өндіріс факторлары өнімділігінің өсуі, ұлттық инновациялық жүйенің дамуы және нығаюы, экономиканың шоғырлану деңгейінің төмендеуі, индустрияландыру үдерісінде шағын және орта бизнес рөлінің күшеюі, индустриялық сектордың өндіргіш күштерін ұтымды ұйымдастыру, адами капитал  сапасының өсуі Бағдарламаның негізі сапалы нәтижелері болады.

Индустрияның  экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторлары кейінгі бөліністі өндірістерді дамыту және экономиканың салалас секторларына оларды дамытудың мультипликативтік  кең ауқымды әсерін қамтамасыз ету  есебінен индустрияландырудың локомотиві рөлін атқарады.

Өнеркәсіптік  өндірістің жаңа кіші салаларының кәсіпорындары - мұнай-химия, ғарыш өнеркәсібі, инфокоммуникация, тыңайтқыштар, фармацевтика, мамандандырылған машина жасау, керамика өндірістері, шыны өндірісі орнықты дамиды.

Агроөнеркәсіп кешенін және жеңіл өнеркәсіпті  инновациялар енгізу негізінде үдемелі  дамыту тұтыну сұранысы тауарларының импортына экономиканың тәуелділігін азайтады және сыйымдылығы 170 млн. адам болатын Кеден одағының нарығын  ескере отырып, олардың экспорттық әлеуетін кеңейтеді.

«Болашақтың экономикасы» секторларының ғылымды  қажетсінетін технологиялары мен бәсекеге қабілетті өнімін жасау және енгізу Қазақстанға постиндустриялық экономиканың негізін құруға мүмкіндік береді.

Шикізат емес экспорттың үлесі экспорттың жалпы  көлемінің кемінде 40 %-ы деңгейіне  дейін өсуімен экономиканың құрылымында  шикізат емес секторлардың үлес салмағы ұлғаяды.

Энергетикалық, көлік, инфокоммуникациялық инфрақұрылымның  басып оза дамуына қол жеткізіледі.

Әкімшілік кедергілерді азайту, еркін бәсекелестіктің  дамуы үшін жағдай жасау, қазақстандық қамтуды ұлғайту, тиімді тариф саясатын жүргізу, ірі өнеркәсіптік өндірушілердің маңында шағын және орта бизнес кәсіпорындары  желісін мақсатты түрде құру есебінен отандық кәсіпкерліктің дамуында шешуші бетбұрыс болады.

Инновациялық  инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сапа инфрақұрылымын құру, энергия үнемдеу  саласында нормативтік құқықтық база қалыптастыру, экономиканың басым  салаларына ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізу есебінен стандартты технологиялар  трансферті және отандық өнеркәсіптік инновациялық әзірлемелерді игеру  үшін жүйелі жағдайлар жасалатын  болады.

Теңгерімді  фискалдық жүктеме есебінен Қазақстанның экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізат емес өндірістегі  инвестициялық тартымдылығының  деңгейі жоғарылайтын болады.

Арнайы  бюджеттік бағдарламаларды қамтитын мемлекеттік қолдау құралдары мен  шараларының қалыптастырылған бірыңғай жүйесі мемлекет пен бизнестің күш-жігерін  үйлестіріп, шоғырландыруға мүмкіндік  береді  және елді индустрияландыруда синергетикалық тиімділікке алып келеді әрі Бағдарламада қойылған мақсаттарға  қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Үдемелі индустриялық-инновациялық саясатты белсенді жүргізу отандық экономиканың тізбекті дағдарыстарға қатысты орнықтылығын жоғарытылады және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырады.

Қорыта  айтқанда, елімізде даму институттары болашақта игерілетін барлық инновациялық жобалардың қаржыландырушысы болып, ал мемлекет өз тарапынан тек қолдау көрсетеді. Осы ретте екінші деңгейлі банктер мен жеке меншік секторларыда өздеріне негізгі тәуекелді алады.

Жалпы, индустриялды-инновациялық саясаттың  көбінесе даму институттарының қолдауымен іске асатындығын дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдеп отыр. Әлемнің  алдыңғы қатарлы елдері. 
 
 
 

Қорытынды

Қазақстанның  жаңа индустрияландырылуы әлемдік  экономиканың қазіргі даму ғұрпына  сәйкес болуы тиіс    

Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың  дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды  игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан  тезірек құтыламыз.

Индустриялық  өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны  дамыту мәселелерін кешенді түрде  шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына  кешендік сипатты бере отырып, осы  саланың даму деңгейі мен қазіргі  жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында  қателіктер мен кемшіліктердің пайда  болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі  мен  ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда  инновациялық үрдістердің  даму сатысымен айқындалады. Осы  мақсатта қабылданған Қазақстан  Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке  ұмтылғандығының  айғағы.

Информация о работе Қазақстан Республикасының индустриялды инновациялық даму жолдары