Қазақстан Республикасының индустриялды инновациялық даму жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 11:18, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.

Содержание

Кіріспе
Нарықтық экономикадағы индустриялық инновациялық қызметтің аспектілері
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының жағдайы мен мәселелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 37.95 Кб (Скачать)

 Мемлекеттік индустриялық саясатына арналған дамыту бағыттары. Инвестицияларды үйлестіру

Жеткілікті  дамымаған нарық жағдайында фирмалар өндірістің кеңеюіне қарай құрылатын  жаңа және неғұрлым сапалы өнімге сұраныстың шамасын бағалайтындай жағдайда болмайды.

Мемлекет  өзіне инвестициялық жобаларды  бірлесіп жүзеге асыру кезінде ғана компанияларға пайда әкелетін инвестицияларды  үйлестіру функциясын алады.

Инвестицияларды үйлестірудің осы моделін қолдану  мемлекеттік және жеке институттарда  белгілі бір әлеуеттің болуын болжайды, бұл көптеген дамушы елдер  үшін қол жетімсіз.

Іскерлік  ынтымақтастықты дамыту

Іскерлік  ынтымақтастық жөніндегі белсенді мемлекеттік саясат шеңберіндегі бастамалар кәсіпкерлермен іскерлік байланыстарды  нығайтуға мынадай бағыттарда тікелей  бағытталуы мүмкін:

- сатып  алушылардың мамандандырылған санаттары  жаңа нарықтық орындарды қалыптастырады  және өнім стандарттары бойынша  ақпарат көзі болып табылады;

- жабдықтарды  берушілер сонымен бірге өндірістік  тәжірибе береді;

- ресурстарды  берушілер өндірістің жаңа идеялары  мен әдістерінің пайда болуына  ықпал етеді, ал бәсекелестер  жаңа идеялардың бай көзін  ұсынады.

Фирмалар, сатып алушылар, жабдықтарды және ресурстарды, қызметтерді берушілер  топтары, салалық қауымдастықтар, конструкторлық бюролар және кооперация қағидатында  жұмыс істейтін басқа да мамандандырылған ұйымдар бір ғана өңірдің шеңберінде бірлесіп әрекет етеді.

Нарығы  жеткілікті дамыған елдерге нарықты  тереңдетудің және іскерлік ынтымақтастықты  дамытудың кумулятивтік процесін қозғалысқа келтіру үшін катализатор (құрылуы  бойынша ол мемлекеттік немесе жеке болуы мүмкін) қажет болуы мүмкін.

Нарықты алмастыру

Бұл тәсіл  елдердің үкіметтерінің нарықты  толығымен ығыстырып шығару ұмтылысына байланысты. Өнеркәсіптік өсуге дем  беру үшін мемлекеттер нарықтық бағаны ақпаратпен және мемлекеттік секторда генерациялайтын бағамен алмастыру  қызығушылығына бой ұсынуда. Бұл  іс-шара өз нәтижесін сирек береді.

Қазіргі заманғы әлемдік тәжірибеде ҚҚТ  ретінде экономиканың салаларын  қарауға негізделген даму стратегиясын талдау мен пысықтау әдісі әзірленіп, кеңінен қолданылуда. Бұл әдістің  мәні әрбір саланы түпкі өнімнің  құнын дәйекті түрде қосатын  өндірістер тізбегі ретінде қарастыру  болып табылады. ҚҚТ арқылы салаларды  талдау әдістемесі ҚҚТ-да қозғалыста немесе басым болатын күштерге қарай  екі негізгі түрге бөлінеді. Олар: тігінен-тік және көлденең. ҚҚТ-ның  тігінен-тік құрылымдарындағы экономикалық белсенділік, әдетте, бір компнаия шеңберінде шоғырландырылған. Мысалы, бір ғана компания шикізат шығарады, оны қайта  өңдейді, өздігінен қосалқы бөлшектер шығарады және өнімдердіжинақтауды жүргізеді. ҚҚТ-ның көлденең құрылымдарында белсенділік көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлінген: бір компания өнімнің дизайнымен айналысады, басқалары жинақтаушыларын жасайды, үшіншілері жинақтауды жүргізеді.Тұтастай алғанда ҚҚТ-ға кім барынша ықпал ететін болса, сол неғұрлым жоғары қосылған құн алады деп тұжырымдауға болады. ҚҚТ-ның өндірістік және сатып алу құрылымын талдап көрсек. Мәселен, автомобиль саласының қазiргi ҚҚТ автомобильдiң қосалқы бөлшектерi мен бөлшектерiн шығарушылардан, автомобильдi әзiрлеп шығаратын (дизайн) және жинайтын кәсiпорындардан, сондай-ақ дистрибьюторлардан тұрады. Бұл ретте машиналар жинайтын кәсiпорындар тiзбекке негiзiнен ең жоғары қосылған құнды алу нысанында барынша зор ықпал етедi.

Қазіргі уақытта елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты экономикалық өсу  қарқынымен анықталады. Елдің бұл  экономикалық өсуіне макроэкономикалық  жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету  саласы мен өндіріс құрылымының  технологиялық деңгейі, мемлекеттік  институттардың сапасы сияқты факторлар әсер етеді.Ғылым мен технология да елдің экономикалық өсуіне әсер ететін маңызды факторларының бірі болып келеді. Оны қолданыста жүрген ресурстарымыздың басым бағыттарының өзгеруінен, яғни шикізаттық бағытта ғана жүруден бас тартып,  интеллектуалдыққа немесе білімге қарай ауысқанымыздан көруге болады. Әлемді шарқыған білімнің бәсекеге қабілеттілігі идеясы елдің даму стратегиясының негізі ретінде қалыптасты. Қазақстанның дамуының стратегиялық мақсаты - ғылым мен технологияны дамыту, яғни олардың нәтижелерін жаңа бағытта дамытуы мен коммерциялық пайда әкелуі арқылы, және де, экономикалық өсуді қолдайтын қолайлы инновациялық ортаны құру арқылы «білім экономикасын» қалыптастыру болып табылады. Ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуы және экономиканың барлық секторының ақпараттық-коммуникациялық технологияларының дамуы да, осы аталған мақсатта жетуге жағдай туғызады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының  индустриялық-инновациялық дамуының жағдайы  мен мәселелері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық саясатының басты мақсаты өнеркәсіпті  тұтастай тұрғыдан да, сондай-ақ жекелеген  өндірістер тұрғысынанда қайта құру болып табылады. Бұл өнеркәсіп  өндірісінің құрылымында оңды өзгерістерге қол жеткізуге, бүгінгі заман  талабына сәйкес корпоративті құрылымдарды дүниеге әкелуге және ұзақ мерзімдік  ыңғайда сервисті-технологиялық  экономикаға көшу үшін негіз әзірлеуге  тиіспіз дегенді білдіреді. Отандық  өнеркәсіп өнімінің әлемдік нарықта  бәсекелесуге қабілеттілігіне қол  жеткізу ең елеулі міндеттің бірі ретінде алға тартылып отыр. Бұл  мәселелерәлемдік қаржы дағдарысына  қарсы іс-шаралар қабылданған  сайын айқындала түсуде.

Қазақстан көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар нарығын тұрақты  түрде қалыптастырды. Ендігі мәселе, экономика салаларын әрта раптандыру, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен  жаңа технологияларды қолдануға  бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады. Сонымен, қазіргі кезде ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ ғылымды қажетсі-нетін және жоғары технологиялық өндірістерді құру күн тәртібінде тұрған өзекті шаралардың бірі болып табылады. Аталған шара экономиканың әр түрлі салаларының кәсіпкерлері үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетілдіруге, сыртқы нарыққа бағдарланған жаңа өнім түрлерін жасауға мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі таңда, экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған бәсекеге қабiлеттi өндiрiсті құру және оны дамыту индустриялды-инновациялық саясаттың негізгі бағыты болып отыр.

Қазақстан индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес экономиканың шикізаттық бағытынан, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қойғаны баршамызға белгілі.Сондықтан да, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру жөнінде келесідей атқарылуға тиісті міндеттер қойылуда:

- елдегі  индустриялық-инновациялық күштерді  қалыптастыру және нығайту. Бұл  саладағы іс-шаралар Қазақстанның  Даму банкі мен Қазақстандық  инвестициялық және инновациялық  қор мемлекет тарапынан жоспарланған  жұмыстарды қаржыландыратын болады;

- мемлекеттік  мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық  дамудың мақсаттарына сәйкес  қайта құру. Бұл – білім, ғылым,  қаржы фискалдық және тарифтік  саясатты жетілдіруді қажет етеді.  Мұндағы көзге көрініп тұрған  жаңа бағыт –экономиканың индустриясы мен инновациясын дамытуға жағдай жасау саясаты;

- индустриялық-инновациялық  дамуды халық арасында насихаттау, мемлекеттік және жеке құрылымдар  арасындағы түсіністік механизмін  қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы индустриялды-инновациялық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттің  негізгі күш-жігері әріптестік, мемлекеттік  қолдау мен айқындылыққа тең қол  жетімділік қағидаттарына негізделетін нарықтық тетіктер аясында, мемлекетпен  жеке меншіктегі бизнес арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың тиімділігін  арттыруға бағытталуда. Сондай-ақ, елімізде нарықтық және сараптамалық орталықтар мен инжиниринг, технологиялық трансферт  пен ғылыми қор құру жайында шешімдерде қабылданды. Индустриалды-инновациялық саясат – бұл әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі, ғылым аясындағы, техника және техника мен ғылым жетістіктерін өткізу, ҚР мемлекеттік билік органдарының қызмет формалары, бағыттары, мақсатын белгілейтін инновациялық қызметке мемлекеттің қатынасын білдіреді.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып  табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарлама  экономиканы әртараптандырудың  жүргізіліп отырған саясатының қисынды  жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы»  бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық  құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.

Ірі жобаларды  ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік  қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының  ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар  болып табылады.

Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.

Мемлекет  озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға  бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.

Индустриядан  кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары  бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.

Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық  деңгейлерде экономикалық саясаттың  жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды  қолдаудың селективті шараларын  іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Экономикалық  саясаттың жүйелі шаралары қолайлы  макроортаны және инвестициялық  ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға  шоғырланатын болады.

Селективті  шаралар басым секторлар мен  жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады.

Мемлекет  өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын  республикалық және өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын  қалыптастыру негізінде жүйелі түрде  құрады.

Экономиканың  объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық  шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы  әртараптандыруды және технологиялық  жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің  жүйелік сипаты:

қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;

бизнес-ахуалды  жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;

жаппай  технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;

адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Экономиканың  басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің  интерактивті процесімен, мониторингтің  қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.

«Бизнестің  жол картасы - 2020» бюджеттік бағдарламасын  іске асыру кәсіпкерлікті, бірінші  кезекте, шағын және орта бизнесті дамытуға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға  бағытталатын болады. Бұл бағдарламаны қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша мемлекет бюджетінен жүзеге асырылады:

кәсіпкерлік секторды сауықтыру; кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау; кредиттерге кепілдік беру; индустриялық инфрақұрылымды дамыту; бизнес жүргізуді сервистік қолдау; кәсіпкерлік үшін кадрлар даярлау.

Кәсіпкер  осы бағдарламада, сондай-ақ Бағдарламада көзделген басқа да бюджеттік  бағдарламаларда көзделген мемлекеттік  қолдаудың аралас пакетіне үміттене алады.

Қолдаудың негізгі өлшемдері:

экспортқа бағдарлану және/немесе кейіннен сыртқы нарыққа шығумен қазақстандық қамтуды  арттыру;

жаңа  жұмыс орындарын құру.

Әрбір өңір үшін Үкімет айқындаған орталық  атқарушы орган әзірленген әдістеме негізінде өңірдің экономикалық әлеуетін ескере отырып есептелетін  қаржыландырудың жалпы лимитін  белгілейтін болады.

Әкімдіктер  осы бағдарламаның бағыттары  бойынша қаржыландырудың жалпы  лимитін дербес бөледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының индустриялды инновациялық даму жолдары