Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы, мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:45, реферат

Описание работы

Еңбек қашан да адамның аса қадірлеп, құрмет тұтатын игіліктерінің біріненен саналып келді. Ол материалдық және рухани байлықтарының ғана көзі емес, сонымен қатар адамның аса маңызды өмірлік қажеті мен құқығы, оның жеке басының дамуы үшін қажетті қуатты құралы болып табылады. Адамның қабілеті еркін де мазмұнды еңбек үстінде көрініп, жетіле түседі. “Жұмыссыздықтың індетінің” қазіргі бұрқ ете түсуі “бар жұртты жарылқайтын қоғам” жайындағы ағымның күлін көкке шығарды. Жаппай жұмыссыздық еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының нашарлап тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып, рухани азап шегуінің басты себебіне айналып отыр.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері.....................................................5
Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы, мәселелері.............13
Қорытынды........................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер...............

Работа содержит 1 файл

Реферат по ГРЭ.docx

— 44.26 Кб (Скачать)

Мазмұны:

Кіріспе.................................................................................................................3

Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері.....................................................5

Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы, мәселелері.............13

Қорытынды........................................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Еңбек қашан да адамның аса қадірлеп, құрмет тұтатын игіліктерінің біріненен саналып келді. Ол материалдық және рухани байлықтарының ғана көзі емес, сонымен қатар адамның аса маңызды өмірлік қажеті мен құқығы, оның жеке басының дамуы үшін қажетті қуатты құралы болып табылады. Адамның қабілеті еркін де мазмұнды еңбек үстінде көрініп, жетіле түседі. “Жұмыссыздықтың індетінің” қазіргі бұрқ ете түсуі “бар жұртты жарылқайтын қоғам” жайындағы ағымның күлін көкке шығарды. Жаппай жұмыссыздық еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының нашарлап тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып, рухани азап шегуінің басты себебіне айналып отыр. Жұмыссыздық тек әлеуметтік қақтығыстарды ғана емес, сонымен бірге адамзат арасындағы қайшылықтарды да асқындыра түседі. Жұмыстан айрылу еңбекшілер үшін нағыз қасіретке айналуда. Ол тек материалдық жоқшылыққа, кедейшілік пен қайыршылыққа ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-психологиялық күйзеліске, өздерін өздері қандай қыруға, қылмыстың, маскүнемдік пен наша шегудің құжылап көбеюіне душар етуде. 
       Жұмыссыздықтың тауқыметін тек оған душар болған еңбекшілер ғана тартып қоймайды. Бүкіл жұмысшы тобының халі мүшкілге айналады. Еңбекшілердің қалың тобы арасында ертеңгі күнге деген сенімділік өрбіп, келешектен қорқып-үрку сезімі пайда болады. 
       Осы заманғы жұмыссыздықты – оның құрамы мен сұрапыл өсу себептерін, еңбекшілердің жағдайына тигізетін әсерін мемлекеттің еңбекке араласуды реттеу әдістерін және жұмысшы тобының еңбек ету құқығы жолындағы күресті өрістету тәсілдерін практикалық, теориялық және тәжірибе жүзінде дәріптету қажет. 
        Қазір дүние жүзі елдерінің халықаралық жағдайда асқындыруына байланысты жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы, жанталаса қаруланудың еңбекке араласуға әсері, жөніндегі мәселелер ерекше маңызға ие болып отыр. Ақыр аяғында, жұмысшы тобының жалпы білімі мен мамандық дәрежесінің артуы, оның қажеттерінің өсіп, түрлерінің өзгеруі еңбекке араласудың сан мөлшерінің ғана емес, сонымен бірге сапа белгілерінің де маңызды роль атқаратынын анықтайды. 
        Кескілескен идеологиялық күрестің түйініне айналып, отырған осы мәселелерге талдау жасау еңбекке араласу мен жұмыссыздықтың теорияларын сынау үшін қажет. Ал бұл теориялар қоғамның дамуындағы жаңа құбылыстарды тануда дәрменсіздік көрсетіп отыр. Мұндай талдау жұмыссыздық үшін күнәні жұмысшылардың өздеріне аударуға тырысушы “үлкен бизнестің” насихаттық ақпараттарының екі жүзділігін, сондай-ақ бюджет қаржыларын “үнемдеуді”, инфляцияны тежеуді желеу еткен үкіметтің сұрқиялығы мен өтірігін әшкерелейді. 
        Экономикалық дағдарыс та, тағы да жұмыстан босату қаупі де еңбекшілердің жаппай бас көтеруін тежей алмады. Мұнда жұмыссыздыққа қарсы, еңбек ету правосы үшін күрес шешуші орындардың біріне ие болуда. Жұмыстан босатуға қарсы бас көтерулер көбіне өндіріске қоғамдық бақылау жасау және басқару ісіне қатысу жолындағы күреске ұласады. Еңбек ресурстарын пайдалануды жақсарту үшін ішінара, жартылай шаралардың жетімсіз екенін жұмысшы тобы барған сайын сезінуде. Еңбекке араласу мен жұмыссыздық мәселелерін тек түбірлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жолымен ғана шешуге болатынын еңбекшілердің қалың тобы жете түсінуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыссыздықтың  мәні, түрлері, себептері

Жұмыссыздықтың пайда болу теориялары

Жалпы жұмыссыздық термині  бірінші рет 1911 жылы Ұлыбритания  энциклопедиясында 1915 жылы АҚШ-тың  Минтруд әдебиетінде қолданған. Қазіргі кезде жұмыссыздық дүние  жүзінің барлық елдерінде әр түрлі  формада, көлемде, ұзақтықта қатысуда.

Жалпы жұмыссыздықты түсіндіруді  бүгінгі кезде “қарабайыр” деп  атауға болады: бұған еңбектегі баға мен еңбекке ұсыныстың өзара  қарым-қатынасы деп айтуға болады. Жалақының  төмендеуі еңбекке деген сұранысқа  жағдай жасайды және де осыдан жұмысбастылық; жалақы өсімі еңбекке деген ұсынысты көбейтеді, бірақ сұраныс өсімін тоқтатады. Жұмыссыздықтың себептерін талдауды көптеген экономикалық мектептер береді. Ең алғаш жұмыссыздықты түсіндіру туралы ағылшын экономисті Т. Мальтустың “Халықтың өсу тәжірибесі” еңбегінде көрсетілген. Мальтустың айтуы бойынша жұмыссыздық демографиялық себептерге әкеліп соғады, соның нәтижесінде халықтың өсуі қарқыны өндірістің өсу қарқынынан асып түседі.

Ал Марксистік әдебиетте  Мальтустың теориясын “тұрпайы”  және дәрменсіздік деп қарап тұрақты  дәстүр қалыптасқан. Мұнда айтылады: “жұмыссыздықтың түп негізін  өзінен іздеу емес, оны дәл экономикалық шаруашылық жүйеден іздеу керек” дейді.

Жалпы К.Маркс жұмыссыздықты  өзінің “Капитал” еңбегінде зерттеп  қарастырған. Ол айтып кеткен, техникалық өрлеумен өндіріс жабдықтарының  көлемі мен бағасы өседі, жан басына шаққанда 1 жұмысшыға. Бұл жағдай Марксті  сенгіздіреді, экономикалық өркендеу капиталды жинақтау қарқынынан еңбекке  деген сұранысқа әкеп соғады, осыдан келіп жұмыссыздық себептері  көрінеді. Бұл трактовка байланыссыз  болып есептеледі, егер жұмысшы күшіне сұраныс өссе, онда жұмыссыздық жойылады, немесе ең болмаса қысқарады, капитал  жинақтаудан одан әрмен жоғары қарқынмен (нақтаудан одан әрмен) болады.

Бұл жұмыссыздықтың түсіндіруін  толық деп санауға болмайды. Маркс  және де басқа себептеріне болжам жасады.

Рыноктік шаруашылықтың  дамуы, оны өркендеген рыноктік шаруашылықтың  серігі жасайды.

Экономикалық циклдің  дамуынан жұмыссыздықты тұжырымдау Маркстен кейін экономикалық теорияда тұрақты дәстүр болып қалыптасты. Егер, экономика циклдік дамыса, өсу мен кему шаруашылық дамуымен келіссе, бұдан жұмысшы күшін босату және өндірісті тоқтату деп тұжырымдайды, жұмыссыздық армиясы көбейеді.

Ағылшын экономисті А.Пигу “Жұмыссыздық теориясында” мынадай  тезис дәлелдеді, - “еңбек рыногында  бәсекелестік жүреді ”. Бұл, еңбекке  бағаның көтерелуін әкеп соғады. Сондықтан  көптеген экономистердің айтуы бойынша  кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті маманға төлеу, егер сол  маман өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен еңбекке жоғары өнімділігі нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын қысқартуға мүмкіндігі болады. Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді:

“Ыңғайлысы, 1 жұмысшы ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен  жалақы беруге қарағанда. Пигу өз кітабында  көп жақсы, нақты өз ойын былай  деп қарастырған: “Жалпы ақшалай  жалақының қысқаруы жұмысбастылық  жағдай жасай алады. Мұндай трактовканы  дәлелсіз деп қарастырамыз, ол жалақысы аз жұмысшылардың жұмыссыздық армиясына  қосылуы”, “толуы” дегенді растайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыссыздықтың  мәні

Жұмыссыздық нарықты экономиканың айырылмас серігі деуге болады.                        Белгілі экономистер пікірлері  бойынша жұмыссыздықтың белгілі  бір деңгейден аспауы нарықты  экономикаға тән табиғы құбылыс  деп бейнеледі. Мысалы, кейбір экономистер: Дж. Кейнс 3-4%, М. Фридмен 5-6% жұмыссыздықты табиғи мөлшер деңгейі деп белгілеген. Ал осы деңгейден жұмыссыздық аса бастаса онда амалсыз, еріксіз жұмыссыздық пайда бола бастайды.  
        Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. 
         Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық. Мальтузиандық мектептің ірі өкілі  
Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.  
          Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді. Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.  
         Жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы адамның қанша жұмыссыз жүрген уақытын көрсетеді. Жұмыспен қамтылған адам деп – жұмысы барлары, ал жұмыссыздар деп – жұмысы жоқ немесе соны іздеп жүрген адамдар деген мағынада қарастырып, жұмыссыздықтың бірнеше мәніне тоқталып өттім. Енді мен сол адамдардың санақ бойынша зерттелген, немесе зерттеу құрамына кіретіндер қарастырып, және сол санақ бойынша біраз мысалдар мен еліміздің тәжирібелерін қарастырайын. Халықтың бір бөлігі санақ бойынша жұмысшы күші құрамына кірмейді (оқушылар, зейнеткерлер және т.б.) адамдар. Мұндай көзқарас әділетті саналуда, себебі көптеген жұмысшылар жұмыс табудан әбден күдер үзеп, еш жерде тіркелмей де, сөйтіп жұмыссыздар армия есебіне кірмей қалады. Мұндайлардың саны 200 жылы 18,1 пайызға жеткен. Қызметінен төмендегендер мен толық жұмыс күнімен естімейтіндер де ресми түрде есептелмейді.

Жұмыссыздықтың түрлері,себептері

 

Әйелдердің де, еркектердің  де жұмыссыздықтарының негізгі себептері  оқу орнын бітіргеннен кейін  жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып  табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің  себебі – олар еркектерге қарағанда  штат қысқартуға байланысты  жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша  жұмысты тастайды.

Жасқа қарай жұмыссыздық  сипаттамасы да сондай-ақ еңбек рыногындағы  әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздікті айғақтайды.

Жұмыссыздық себептері, 2002 жыл

 


 



 








 


  


 

Өнеркәсібі дамыған елдердегі  жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып шетел авторлары олардың жекелеген  түрлерін тудыратын нақты факторларын  қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссияның  жүргізген зерттеуі жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше “себептері” бар. Экономистер  барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен  екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына – “жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен” туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – “жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін” жатқызамыз.

 

Жұмыссыздықтың  негізгі формалары:

  • Жасырын жұмыссыздық – өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.
  • Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.
  • Құрылымдық жұмыссыздық–өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
  • Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Батыс елдерінің мамандары  жұмыссыздықты екі топқа бөледі:

  • жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;
  • жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

Қазақстанда экономикалық реформалардың  бастауынан ашық жұмыссыздық өсе  бастады, бірақ онымен қатар жасырын  жұмыссыздық та орын ала бастады.  
        Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады. 
         Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады. 
         Жалпы жұмыссыз деп статистиклық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институтционалды, ерікті, жасырын тағы басқа. 
        Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік ақпаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

Институтционды жұмыссыздық  еңбек рыногының институтынан, құрылысынан, ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады.

Ерікті жұмыссыздыққа  әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін адамдар жатады.

Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы: бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе қайта өрлеу өнеркәсібінде т.б.

Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

Жұмыссыздық – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің  еңбек рыногында талап етілмеулерінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс; адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табылмайтын хал-жағдай.

Жалпы жұмыссыздық –  үш критерийге қатар жауап беретін  адам жұмыссыз болып есептелетін  кездегі жұмыссыздық, олар:

а) істейтін жұмыс (табысты  жұмыс) жоқ,

б) белсенді түрде іздеп  жүр,

в) белгілі бір уақыт  аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша, екі аптаның ішінде)

Ресми жұмыссыздық – маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.

Жасырын жұмыссыздық (бүркемелі) – жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыссыз ретінде тіркелуді, әдетте, жәрдемақы алуға құқылы еместігінен пайдасыз көретін жұмыссыздардың жалпы саны.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы, мәселелері