Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:47, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым–қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым – қатынастардың ахуалына тәуелді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті – қаржы жүйесінің категориясы ретінде
4
1.1
ҚР Мемлекеттік бюджеті туралы жалпы түсінік
4
1.2
ҚР Бюджет Кодексіне сипаттама
7
2
Бюджеттік жүйенің қызметі
10
2.1
Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету
10
2.2
Қазақстанның қаржы саласындағы бюджеттің ролі
13
3
Қазақстан Республикасының «Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры
16

Қорытынды
21

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовая мемлекеттик бюджет.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

   3    

1

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік бюджеті – қаржы  жүйесінің категориясы ретінде                                                                     

   4      

1.1

ҚР Мемлекеттік бюджеті  туралы жалпы түсінік

   4

1.2

ҚР Бюджет Кодексіне  сипаттама

7

2

Бюджеттік жүйенің қызметі

10

2.1

Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету

10

2.2

Қазақстанның қаржы  саласындағы бюджеттің ролі

13

3

Қазақстан Республикасының  «Самұрық-қазына»  Ұлттық әл-ауқат  қоры

16

 

Қорытынды

21

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

25


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Егеменді Қазақстан Республикасында  нарықтық экономиканы қалыптастырып, оны одан әрі тереңдете дамытуда шешуші тұтқалардың бірі мемлекеттік бюджет болып табылады.

Экономиканың дамуы  көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің  жағдайына байланысты. Мемлекеттің  дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік  қарым–қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым – қатынастардың ахуалына тәуелді.

Қазақстан Республикасында  экономикалық реформаларды жүзеге асыру  үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым–қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым–қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет. Елімізде нарықтық экономика жағдайында тиімді мемлекеттік бюджет пен салық жүйесінің қалыптасуының ерекше мәні бар.

 Бүгінгі таңда Қазақстан  өз дамуында сапалық жағынан  жаңа сатыға аяқ басты. Республикамыздың  әлемдік бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарынан орын алуы  және отыз корпоративтік көшбасыларын  қалыптастыруы, экономиканың жаңаруы мен өсуінің жаңа бір бастамасы деп қарауға болады.       Нарықтық экономиканың даму жолын таңдаған кез келген мемлекеттің шынайы тәуелсіздігі мен егемендігі үшін мықты әрі тұрақты қаржылық негіздің болуы міндетті. Ал, салықтар мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің қайнар көзі болып қана қоймай, материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде қарама-қайшылығы мол, күрделі құбылыс, әрі тауар өндірісінің барысына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті –қаржы

жүйесінің категориясы  ретінде 

1.1 ҚР Мемлекеттік  бюджеті туралы жалпы түсінік 

 

Бюджеттік процес маңында  заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік  органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс әрекеттерді қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процес өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді. Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол бюджеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңнамалы нормативтік актілерімен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді.

1) Тұтастық оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларынын бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;

2) Дербестік оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қайнар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамассыз етуіне;

3) Теңгерушілік оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына;

Жоғарыда айтылған принциптердің  талаптарын сақтау бюджет тұрақтылығы  мен аймақтар және іс әрекет салалары аралығындағы ақша құралдарын бөлудің  қажетті пропорцияларын қамтамасыз етуге тиісті. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақтау қажет ол мемлекеттің барлық қаржы саястының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтер құру.

Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық орта мерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің фунцияларын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер арқылы көрнеді:

1) Мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттарының әрекеттесуінде;

2) әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде;

3) салықты фискалдық құралдарды жетілдіруінде;

4) бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда;

5) бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемі мен құрылымын тағайындағанда;

6) республикалық бюджет тапшылығының көлемін анықтағанда;

7) жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде;

8) мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын бағалауда;

Бюджеттік процесті ұйымдастыру бойынша  бюджеттік іс әрекеттің барлық сатыларында  келесі негізгі мақсаттар шешіледі.

1) жеке салықтық пен басқа түсімдер бойынша және әлеуметті экономикалық даму болжамдары мен арнаулы бағдарламаларға сәйкес бюджет кірістерін анықтау;

2) бюджет шығындарын арнаулы және адрестік белгілер бойынша тағайындау;

Ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету мен экономикадағы  инфляциялық тенденцияны жеңуге бағытталған қаржылық құқықтылықтын  тұрақтылықтын жалпы бағдарламасымен бюдждетті қиыстыру;

3) экономиканы ақталған қайнар көздер арқылы бюджет тапшылығын қысқырту мен жою;

4) әр деңгейдегі бюджеттер теңгерушілігі мақсатында мемлекет кірістерінің қайнар көздерін сол бюджеттер және аймақтар мен іс әрекет салалары арасында қайта бөлу арқылы бюджеттік реттеуді іске асыру;

5) әр түрлі үлкен ауқымдағы әлеуметтік экономикалық бағдарламалардың пропорционалдығы мен теңгерушілігін қамтамасыз ету үшін болашақ бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлін жоғарылату;

6) заңды және жеке тұлғалар өздерінің салықтық міндеттемелерін орындау кезінде олардың қаржылық әрекеттері мен кірістерін бақылау.

Бюджеттік процестердің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау  бойынша өкілетті орган ол Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрлігінің келесі қаржы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайланған қаржы жоспарының жобасын дайындаудан басталады.

Жоба жыл сайын Қазақстан  халқына арналған Республика Президентінің  Жолдауы, орта мерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспары, аумақтардың даму бағдарламалары, бюджетті атқарудың ағымды бағалауы, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, ақша несиелік пен фискалдық саясатттың негізгі бағыттырының негізінде жасалады.

Ұсынылған құжаттар ұйғарымды  болған кезде Республика Үкіметі бюджет жобасын қалыптастыру мен өкілетті органға ұсыну тәртібі және мерзімі жөнінде Қаулы қабылдайды. Сонымен қоса, барлық бюджеттік процеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру мен атқару тәртібімен басшылық етеді.

Елдің бюджеттік жайластырушылық  пен бюджеттік құқықтарға негізделген  бюджеттік процесс мазмұнымен оның іс әрекет кезеңдері анықталады. Жалпы айтқанда бюджеттік процесті іске асыру бюджеттік іс әрекеттің келесі кезеңдерін құрайды:

1. Бюджет жобасын құрастыру;

2. Бюджетті қарау және бекіту;

3. Бюджетті атқару

4. Бюджетті атқару жөніндегі есеп беруді құрастыру мен оны бекіту.

Бюджет жобаларын құрастыру  толығымен Республика Үкіметі мен  жергілікті биліктің тиісті атқарушы органдарына жүктелгендіктен, республикалық және жергілікті бюджеттер жасаудың тәртібі мен мерзімі және бюджет жобасымен бірге міндетті түрде тапсыратын қажетті құжаттармен жұмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік билік органдарына ресми түрде тапсырғанша құпия сипатта болады.   
          Бюджеттік жыл аяқталғаннан кейін әрекеттейтін бюджет процесінің ақырғы кезеңі ол бюджет атқару жөніндегі арнайы органдардың есеп беруді құрастыруы. Арнайы органдар ол республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық өкілетті орган (Қаржы министрлігі) және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі тиісті органдар (әкімшілік). Есеп биліктің өкілеттік органдарына ұсынылады, мұнда ол белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі.

2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық  бюджет  тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер – 3 948 087 032 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша  – 2 543 733 998 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша – 78 639 307 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан  түсетiн түсiмдер бойынша–14 523664 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша – 1 311 190 063 мың теңге;

2) шығындар – 4 311 619 409 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредит беру – 39 099 011 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер  – 140 103 892 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 101 004 881 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен  жасалатын операциялар бойынша  сальдо –199 826 332 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу – 200 186 332 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы  активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер –360 000 мың теңге;

5) тапшылық – - 602 457 720 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,8  процентi;

6) бюджет тапшылығын  қаржыландыру – 602 457 720 мың теңге.

Салық қызметі - бұл қаржылық бақылауды жедел жүзеге асыратын органдар. Салық органдарын Қаржы министрлігінің Салық комитеті басқарады. Салық комитеттері тек өзінен жоғары тұрған органға ғана бағынады.

Салық қызметтерінің  жұмысы болып мыналар табылады:

а) салықтар туралы заңнаманың орындалуын бақылау, өз уақытында бюджетке салықтық төлемдердің төленуін және толықтылығын қамтамассыз ету;

ә) ведомстволық бағыныштылығына  және ұйымдық-құқықтық нысанына тәуелсіз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайын тексеру;

б) салық салынатын  табыстың дұрыс анықталуын бақылау;

в) барлық субъектілерді, сондай-ақ нақты салық салу объектілерін тіркеу;

г) мемлекет меншігіне  өткен иессіз, тәркіленген мүліктерді есепке алу, бағалау, өткізу.

Салық қызметінің құқықтарына мыналар жатады; меншіктің әр түрлі нысанындағы ұйымдардан заң бойынша комерциялық құпияны білдіретін ақпарлардан басқа құжаттар мен мәліметтер алу; азаматтардың кәсіпкерлігі туралы заңнаманың сақталуын бақылау; табыс табу үшін пайдаланылатын ғимаратты зерттеу; құжат ұсынбаған жағдайда азаматтар мен кәсіпорындардың барлық операцияларын тоқтату; табыс жасырғанын куәландыратын құжаттарды алу;санкция мен айыппұлқолдану; мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін кәсіпорынды жою туралы сот пен арбитражға талап беру.

Салық қызметінің қызметкерлері үстінен шағымдануына болады. Қаржылық заң бұзушылықтармен, сондай-ақ , қаржы полициясы айналысады. Олар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, мемлекеттік қаржы ресурстарына ысырап жасау фактілерін анықтайды. Тауар–ақша қатынастарының дамуы әр түрлі меншік түрлерін туындатады, қаржы бақылауының әр түрлі нысандары мен құралдарының пайда болуы мен дамуын анықтайды қаржы нарығының қалыптасуына ықпал етеді.

 

 

1.2 ҚР Бюджет  Кодексіне сипаттама

Информация о работе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті