Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:47, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым–қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым – қатынастардың ахуалына тәуелді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті – қаржы жүйесінің категориясы ретінде
4
1.1
ҚР Мемлекеттік бюджеті туралы жалпы түсінік
4
1.2
ҚР Бюджет Кодексіне сипаттама
7
2
Бюджеттік жүйенің қызметі
10
2.1
Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету
10
2.2
Қазақстанның қаржы саласындағы бюджеттің ролі
13
3
Қазақстан Республикасының «Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры
16

Қорытынды
21

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовая мемлекеттик бюджет.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

Ұлттық қорды басқару  мен жыл сайынғы сыртқы аудитті  жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы  сомасы 2 898 030 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»  Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы № 189 Заңына сәйкес 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 843 100 000 мың теңгенің 843 100 000 мың теңгесі аударылды, ол жоспардың 100 % құрады.

«Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан берілетін 2009 жылға  арналған нысаналы трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 777 Жарлығына сәйкес 2009 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықтың елеулі өсу деңгейін болдырмау және дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға жағдай жасау үшін мақсатты трансферт түрінде жоспарланған 347 900 000 мың теңгеден 261 500 000 мың теңге аударылды, ол жылдық жоспардың 72,2%-ын  құрады.

Ұлттық қордың сенімгерлік  басқарудың қорытындылары бойынша            2009 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 919 317 487 мың теңгені құрады.

Ұлттық қордың басқаруға  байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2009 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді.

Өсімқорлық қызметті заңнамалық түрде реттеу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Отандық сақтандыру ұйымдарының  қайта сақтандыру қызметінің тиімділігін  арттыру, оларды капиталдандырудың  өсуін ынталандыру мақсатында жеке қайта сақтандыру шарты бойынша, сол сияқты тұтастай алғанда сақтандыру сыныбы бойынша да сақтандыру тәуекелдерінің мөлшері мен сипатына байланысты резидент еместерден қайта сақтандыру кезінде меншікті ұстау бойынша сараланған лимиттер енгізіледі. Сондай-ақ қаржы жылы аяқталғаннан кейін резидент емес қайта сақтандыру ұйымдарына берілген қайта сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі бойынша лимиттер қайта қаралады.

Кредиттік тарихтарды қалыптастыру жүйесін жетілдіру мақсатында коммерциялық емес ұйым нысанында кредиттік тарихтардың  бірыңғай деректер базасын құру, кредиттік тарих субъектілері бойынша ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету, кредиттік бюроның лауазымды тұлғаларының ақпараттық қауіпсіздікті бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту жөніндегі кредиттік бюроның мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет ету жөніндегі жұмысын жүзеге асыру, кредиттік бюроға ұсынылатын ақпараттың тізбесін кеңейту қажет.

Осылайша, реттеу шаралары өсу мен тұрақтылықтың оңтайлы  арақатынасын қамтамасыз етуге бағытталады, бұл қаржы секторы мен экономиканың теңдестірілген дамуына, ондағы «сабынды көпіршіктердің» пайда болуына жол бермеуге және қаржы ұйымдарының қызметінде «домино» теріс әсерлерінің алдын алуға ықпал етеді. Жүйелік тәсілді қамтамасыз ету және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында қаржы ұйымдарының алуан түрлерін реттеу мен қадағалау практикасы қажетті деңгейде қаржы нарығындағы қызметтің түрлері бойынша қажетті дәрежеде бірегейлендірілетін болады.

Қаржы ұйымдарының лауазымды  тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде  қазақстандық қаржы ұйымдарының активтерін әкетуді болдырмау және алдын алу мақсатында қаржы ұйымдарының күмәнды операцияларды жасауына қатысты алдын алу шараларының мониторингі, анықтау мен қабылдау жөнінде құқық қорғау органдарының қаржылық мониторинг органдарымен өзара іс-әрекет және үйлестіру тәртібі мен тетіктері заңнамалық деңгейде айқындалады. 

Қадағалау органы шетелдік инвестицияларды және кредиттеуді  жүзеге асыру бойынша шешімдер қабылдау процесінің айқындылығын қамтамасыз ету  жөнінде қаржы ұйымдарына қосымша  талаптар белгілейді. Қаржы ұйымдарының құқықтық тәуекелдердің жоғары деңгейі және инвесторлар мен кредиторлардың құқықтарын қорғаудың төмен деңгейі бар елдерде операцияларды жүзеге асыруына байланысты тәуекелдер шектеледі. Осыған байланысты осындай заңсыз операциялар жасағаны үшін қаржы ұйымдарының лауазымды тұлғаларына қатысты мүліктік және қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

Сонымен қатар активтерді шетелге заңсыз әкетудің алдын алу  мақсатында меншік иесі (бенефициар) туралы, сондай-ақ шетелде орналасқан (тіркелген) активтерге ауыртпалықтың болуы туралы ақпараттың айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады. Бұл ретте осындай ақпарат болмаған жағдайда, қадағалау органы осындай активтердің сақталуын қамтамасыз ету және пайдаланылуын (басқарылуын) шектеу бойынша, оның ішінде оларға ауыртпалық салу арқылы шаралар қолданылады. Қазақстанның қаржы жүйесі нарықтық шоғырландырудың барынша жоғары деңгейімен сипатталады. Әсіресе, бұл елдің банктік және зейнетақы секторларына қатысты. Осындай үрдістердің болуы және Қазақстанның қаржы секторы үшін қазіргі дағдарыстың салдарлары аса ірі қаржы институттарының тәуекелдері бүкіл қаржы жүйесінің жай-күйіне жүйелік қысым көрсететін дәстүрлі теорияны тағы да растайды.

Мұндай жағдайларда  дағдарыстан кейінгі дамудың  негізгі басымдықтарының бірі қаржы секторындағы бәсекелестікті ынталандыру болып табылады. Мұның өзі тікелей шара ретінде бірінші кезекте банктердің капиталының ең төменгі мөлшерін біртіндеп ұлғайту қажеттілігін көздейді. Оларды ірілендіру және топтастыру не қаржы институттарының басқа түрлеріне қайта құру жаппай өнімдер бойынша ірі банктерге тиісті бәсекелестік көрсетуге қабілетті орташа банктердің нарықтық үлесінің өсуіне себепші болады. Сонымен қатар банктерді және банк өнімдерін дамытудың неғұрлым табысты шарты олардың бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Бұл сонымен қатар, әсіресе, аймақтарда банктік қызмет көрсетудің барынша ауқымды тізбесін қамтуды кеңейту және халықтың қол жетімділігі тұрғысынан алғанда маңызды.

Қазіргі заманғы бөлшек қаржы қызмет көрсетулерін ұсыну, ең алдымен тиісті банкаралық инфрақұрылым жасау арқылы бүгінгі күні халық барынша талап ететін төлем қызмет көрсетулерін ұсыну бойынша банктердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін жағдайлар жасауға көңіл бөлінетін болады. Осы міндеттің шеңберінде негізгі күш-жігер тиімділікті және технологиялық үйлесімділікті арттыруға қол жеткізу мақсатында бөлшек төлемдердің қазіргі уақыттағы жекеленген және өзара әлсіз байланысқан инфрақұрылымының құрамдас бөліктерін шоғырландыруға бағытталады.

Қажет болған жағдайда қаржы секторына шетелдің қатысуын қаржы секторының әрбір сегменті бойынша жеке-жеке жиынтық жарғылық капиталдың 50%-ынан аспайтын мөлшерде шектеу жөніндегі мәселе қаралатын болады. Адал бәсекелестікті дамыту мақсатында қаржы нарығының барлық бөліктерінде бәсекелестіктің жеткілікті деңгейіне қол жеткізген кезде оның толық шығуына дейін мемлекеттің қатысуын қысқарту қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленеді және:

-макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын, әлеуметтік параметрлердің болжамын, Қазақстан Республикасының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен басымдықтарын;

-бюджеттік параметрлердің үш жылға арналған болжамын қамтитын құжат болып табылады.

Бюджеттік параметрлердің болжамы:

-Қазақстан Республикасының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын;

-мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдарын;

-республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтуы тиіс.

-Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша көрсеткіштерін енгізуі мүмкін.

Бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес айқындалады.

Республикалық бюджеттік  бағдарламалардың әкімшілері бойынша  шығыстардың болжанатын көлемін  айқындау мынадай кезеңдерді:

1)республикалық бюджет шығыстарының болжанатын көлемін айқындауды;

2)республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін айқындауды қамтиды.

Республикалық бюджет шығыстарының болжанатын көлемі:

1 жалпы сипаттағы трансферттердің бекітілген көлемдеріне және жалпы сипаттағы трансферттер туралы тиісті заңмен қамтылмаған олардың жылдарға арналған болжанатын көлемдеріне; 

2 мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге;

3 Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар мен келісімдерді орындауға;

4 мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындауға;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып айқындалады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің болжанатын көлемін айқындау кезінде есепті және ағымдағы қаржы жылына белгіленген резерв көлемі ескеріледі.Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды.Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осы тақырыпты қорытындылай келгенде, Қазақстан Республикасының басқару жөнінде заңында бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру және реттеу жөніндегі арнайы ережелерде анықталады. Мемлекет және оның аумақтық бөлімдерінің бюджетті – құқықтық мәртебесі негізі – ол осы құқықты іске асыруға пайдаланатын кең таралған бюджеттік уәкіліктікті құрайтын дебестік бюджет жөніндегі құқық.

Биліктің әрбір деңгейіндегі уәкіліктікте өз ерекшеліктері бар, бірақ бюджетті қалыптастыру, оны  атқару және бөлінген бюджеттік ақша беруді пайдалануын бақылау процестері биліктің атқарушы органдарының уәкіліктігінде болады. Нарық экономикасы жағдайында қаржылық бақылаудың дамуы шаруашылық субьектідерінің бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі қаржыларын заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында мемлекеттік, қоғамдық және әр түрлі жеке салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың жүйесін реформалау үшін бірнеше нормативтік – құқықтық актілер қабылданды.

Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесін қаржылық бақылаудың негізгі міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады.

“Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит” ревизиялық –  бақылау органдарының мамандарын даярлауды  жақсарту туралы және INTOSOL, IFAC, ЮСАЙД, ТАСИС халықаралық ұйымдарының ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып, әзірленген. Ұсынылған кітаптың тиісті бөлімдерінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Австрия, апония, Финляндия, Швеция, Италия, Канада тәрізді дамыған елдердің бюджеттік – қаржылық бақылауының ілгершіл тәжірибелері пайдаланылған.

Нарықты экономикасының нақтылығында жүйелі сараптама негізінде  қаржылық бақылау мен тереңдетілген  аудиттің қажеттілігі мен оның белгіленуі негізгі екені анықталды. Соған  орай мемлекеттік, қоғамдық, шаруашылық, мекемелік және тәуелсіз қаржылық бақылаудың нысандарына, үлгілеріне, түрлене жіктелу жүргізілді. Қаржылық бақылау органдарының нысандары, обьектілері,функциялары, мақсаттары мен міндеттерінің жаңа талапқа сай үлгілері берілген. Салық және кеден саясатын реформалау күллi экономикалық жаңару саясатының маңызды құралы болуы керек.

Экономикамыздың жаңа салаларын  әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл салаларға шетел капиталы мен соны iлiмдi тарту мақсатында икемдi салық және бюджет саясатын пайдалану маңызды.

Өндiрiстi дамыту мен кеңейту  мақсатында қосымша құн салығының  мөлшерлемесiн төмендету қажет деп санаймын.

Iрi салық төлеушiлерден  түскен салық түсiмдерiн жинауды  тексеру үшiн Қаржы министрлiгiнiң  Салық комитетiнде арнаулы бөлiм  құруды ойластыру керек. Ол бөлiм тексеру iсiне мүдделер қайшылығынан ада халықаралық аудиторлық фирмаларды тартуға тиiс.

Қатаң бюджет және салық  тәртiбi сақталуға тиiс. Үкiмет мемлекет активтерiн басқарудың ашық және айқын  жүйесiн жасауы қажет. Мемлекеттiң  меншiгiне түгендеу жүргiзiп, күллi елiмiз үшiн бiртұтас деректер базасын жасаған жөн. Медетшілік жасау немесе банкроттық туралы шешiм шығарған кезде бiртұтас өлшемдер қолданылуы керек. Банкроттық шығынды мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн қалпына келтiру мүмкiндiгi қалмаған жағдайда жасалатын соңғы қадам болуға тиiс.

Банкроттықты мемлекеттiк  мүлiктi басқарудың өзi үшiн ең ұтымды тәсiлi санайтын белгiлi бiр конкурстық басқарушыларды қайталап қатыстыру  тәжiрибесiнен арылып, бұл салада барынша бәсекелестiк туғызуды ойластырған дұрыс. Қажеттiгiне қарай, мемлекеттiң неғұрлым iрi активтерiн басқару үшiн халықаралық компанияларды да жалдау керек. Онда әр түрлі жекеменшік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептемелері мен бухгалтерлік есептерінің ішкі жағдайларына қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит жүргізудің әдістемелік негіздері мен тәртіптері қаралған.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті