Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 14:43, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

Содержание

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------3
I бөлім. Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын орны
1.1. Шаруашылық есептің қазіргі таңдағы мақсаты мен міндеттері------------- 4
1.2. Бухгалтерлік есеп және оның атқаратын қызметі, тұжырымдамалары мен принциптері---------------------------------------------------------------------------------13
II бөлім. Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу
2.1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесін мемлекеттік реттеу------17
2.2. Бухгалтерлік есеп жүйесін мемлекеттік емес реттеу-------------------------20
2.3. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту---------------------------------------------------------------------------------------23

Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------25
Қолданған әдебиеттер-------------------------------------------------------------------27

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу.doc

— 199.00 Кб (Скачать)

                                              Мазмұны 

 

                                                Кіріспе

 

      Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

     Бухгалтерлік  есепті жүргізу әртүрлі құзыретке тиісті нормативтік актілермен жүзеге асырылады. Олардың бірі пайдалануға міндетті, ал басқалары тек ұсыныс беру сипатында болады. Нормативтік құжаттарды өз дерінің бағытталуына және құзыретіне байланысты мынадай жүйеде көрсету міндетті болып табылады:

     1- деңгей - заңның: «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» ҚР заң күші бар Заңы және басқа да заңдар;

     2- деңгей - бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша стандарттар (ережелер);

     3- деңгей - әдістемелік ұсыныстар (жарлыңтар), нұсқаулықтар, қысқаша шолу, ҚР Қаржы министрлігінің және басқа да ведомстволардың хаттары;

     4- деңгей - кәсіпорынның өзінің бухгалтерлік есеп бойынша жұмыс бабындағы құжаттары.

     Бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заң бухгалтерлік есептің құқықтың негіздерін және оның мазмұнын, негізгі қағидаларын, ұйымдастырылуын, бухгалтерлік қызметтің негізгі бағыттары мен есеп берудің құрылуын, бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есеп беруге міндетті шаруашылық субъектілерінің құрамын анықтайды.

     Есеп  стандарты есеп тәртібін белгілі бір объектілерді немесе олардың жиынтықтарын бағалауды бекітетін негізгі ережелердің жиынтығын айқындайды.

     Есеп  стандарттары бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңды нақтыландыруға арналған.

     Әдістемелік ұсыныстар салалық ерекшеліктеріне байланысты есеп стандарттарын нақтыландыруға арналған. Оларды ҚР Қаржы министрлігі және әр түрлі ведомстволар дайындайды.

     Кәсіпорынның  өзінің жұмыс бабындағы құжаттары ондағы есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері мен жүргізілуін қамтамасыз етеді. Олардың ең негізгілері болып табылатындар:

  • Есеп саясаты бойынша құжат;
  • Басшы бекіткен алғашқы құжаттардың нысандары;
  • Құжат айналымының кестесі;
  • Басшы бекіткен бухгалтерлік есепшоттарының жұмыс жоспары;
  • Басшы бекіткен ішкі есеп беру нысандары.

     Көптеген  ұйымдарда есеп саясаты туралы бұйрықпен ғана шектелетінін де біз ескеруіміз керек.

     Есеп  саясаты - бұл бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді ашудың негізгі қағидаларына және негіздеріне сәйкес жүргізу үшін субъектінің басшысы қабылдайтын әдістердің жиынтығы.

     Шаруашылық әрекеттерді, активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, қызметтің нәтижесін және т.б. бейнелеудің балама (альтернативті) әдістерін жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп стандарттары есеп саясатын құрудың базасы болып табылады.

     Есеп  саясатының құрылуы әрбір стандартта ұсынылатын бір әдісті таңдаумен, бухгалтерлік есепті жүргізу әрі қаржылық есеп беруді ұсынудың негіздері ретінде қабылдаумен және олардың субъектінің қызмет жағдайларынан шыға отырып негізделуімен түсіндіріледі.

     Есеп  саясатын құру қаржылық есеп берудің дайындығына және ұсынылуына әсер ететін аса маңызды және жауапты рәсім болып табылады. Есеп саясатын құруға жауапкершілікті субъектінің басшысы өз міндетіне алады. Қалған жұмыс бабындары құжаттар не мүлдем болмайды, не оларды басшының өзі бекітеді.

     Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеуде қабылданған нормативтік құжаттардың оңтайландырылған, әрі кәсіпорындардың дұрыс жұмыс атқаруына кепіл болуы өте маңызды мәселе, осыған байланысты курстық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.

     Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті нормативтік-құқықтық реттеу болып табылады.

     Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • шаруашылық есептің қазіргі таңдағы мақсаты мен міндеттерін анықтау;
  • бухгалтерлік есеп және оның атқаратын қызметі, тұжырымдамалары мен принциптерін қарастыру;
  • бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу;
  • бухгалтерлік есеп жүйесін мемлекеттік емес реттеуді қарастыру;
  • бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;
  • бухгалтерлік есепке алуды дамыту проблемлары мен перспективаларын анықтау.

     Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, әдістемелік ұсыныстар және нұсқаулықтар құрады.

 

     

I. Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын орны

       1.1 Шаруашылық есептің қазіргі таңдағы мақсаты мен міндеттері.

    

     Материалдық өндіріс процесі адам қоғамының негізі мен оның дамуы, сондықтан адамдар тұтыну бұйымдарын және еңбек құрал-жабдықтарын жасайды. Материалдық өндірісте жасалынған қазына байлықтар бөлінеді: жеке тұлғалар меншігіне айналады, өндірістік тұтыну процестерінде қолданылады.

     Өндіріс процесінде бөліну, айналу, тұтыну үзілмей қайталанады, олар кеңейтілген мемлекеттік ұдайы өндіріс процесінің маңызын құрайды.

     Осы процестерді басқару үшін олар туралы керекті мәліметтер алып отыру өте қажет. Сондықтан есеп және тексеру жұмыстары жүргізіліп тұрулары керек.

     Табиғатта кездесетін құбылыстарды тексеру және басқару үшін жасалатын байқау, өлшеу, жазу және топтастыруды есеп деп атайды.

     Топтастыру  нәтижесінен және басқа да мәліметтерден шаруашылық сапасының жиынтық көрсеткіштері шығады.

     Есептің сондай көрсеткіш жинақтары жоспармен  салыстырылып, шаруашылық қызметінің қорытындысы шығарылады.

     Басшылық  жүргізудегі кемшіліктерді жою  үшін шаруашылық есептен алынатын мәліметтерді қолдану керек.

     Сонымен, есеп міндетті түрде шаруашылықты басқару мен басшылықта қолданылатын механизм.

     Есеп  біріншіден, шаруашылық өзгерістерінің санын көрсете отырып, олардың  сапасында бейнелей сипаттайды.

     Шаруашылық  есеп дегеніміз – шаруашылық құбылысының сан көрсеткіші мен сапа сипаттамасын тексеріп және оларға әсер ету үшін жасалатын тәсіл. Есеп материалдық өндірістің қажеттілігінен шығады, ол адам қоғамының ертедегі кезінде пайда болған. Бірақ, қоғамның өндіргіш күшіне және өндірістегі қарым-қатынасының өзгеруіне байланысты, есептің мағынасы, мақсаты, міндеті өзгере берген. [1, б.7]

     Өндірістің  қоғамдық түрінің дамуына байланысты есептің мағынасы мен маңызы да өзгеріп  отырады.

     Нарықтық  экономикаға көшу кезінде есептің  маңызы ерекше.

     Оның  көмегі арқылы материал, еңбек, қаржы ресурстарын ұтымды және үнемді жұмсау жолдары көзделіп, әр мекемелермен оның салалары, бөлімдері үнемді шаруашылық есеп орнату жолдарын қарастырып, іс жүзінде қолданып келеді.

     Адамзат қоғамының тіршілігі мен дамуының негізі материалдык өндіріс процесін құрайды, соның барысында тұтыну заттары мен еңбек құралдары жасалады. Өндірісте жасалынған   материалдық   игілік   жеке   адамдар мен өндірістік тұтыну кезінде бөлініске түсіп, пайдаланылады. Осы процестерге басшылық жасау үшін олар туралы ақпаратқа ие болу керек. Шаруашылық қызметтің шынайы жағдайын сипаттайтын ақпарат шаруашылық есеп  жүйесінде пайда болып, беріледі және ол экономиканы басқарудың, демек ұдайы өндіріс процестерін басқарудың маңызды функциясына жатады.

     Шаруашылық  жүргізудің қазіргі заманғы жағдайында дер уақытылы, әрі шынайы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін басқару қиын.

     Шаруашылық  есептін алғашқы құрамы – кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің шаруашылық кызметтерінің фактілері мен құрылыстарын бақылау болып табылады. 

     Бақылау дегеніміз – осы жүмыстың мақсатынан туындайтын объективтік шындықты түсіну.

     Шаруашылық  қызметтегі болып жатқан шынайы құбылыстар мен процестерді бақылай отырып біз басқаруға кажетті қаржылык экономикалық анық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыра ала-алатын олардың сапалық сипаттамасын аламыз. Сондықтанда шаруашылық есеп бақылауға коса  шаруашылық қызметіндегі фактілер мен құбылыстарды өлшеуге тиіс, яғни олардың сандық сипаттамасын анықтауға тиіс. Шаруашылық есепті жүргізудің осынау екі кезеңі бір-бірімен ажырамас бірлікте болып, бастылықты есеп обьектілері туралы қажетті деректермен қамтамасыз етіп тұруға тиіс.

     Бақылау мен өлшеу арқылы алынған мәліметтерді есте ұстап, сақтап қою қажет. Шынайы кызметтің фактілері мен құбылыстарының сапалық және сандық сипаттамалары туралы деректерді тіркеп отыру кажеттілігі туады және осы кезеңдерге шаруашылық қызмет туралы алғашкы ақпарат қалыптасады.

     Шаруашылық  есептің тарихи шарттылығы. Шаруашылық есепті шаруашылық қызметті басқаруға ақпараттык база жасайтын жүйе ретінде түсіну бүкіл коғамды-экономикалық формациялар үшін ортақ. Алайда шаруашылық есепті ұйымдастырудың нақты мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ түрлері мен принциптері жалпыға бірдей емес, тарихи сипат. Бүкіл экономика сияқты, олар да қоғамдық құрылысқа түбегейлі тәуелді.

     Тарихи  категория ретінде шаруашылық есеп материалдық өндіріс қажетінен туындайды. Ол адамзат коғамы дамуының ерте сатысында пайда болған. Пифагор: бастама – тұтастың жартысы деген. Салыстырмалы түрде мұны есептің пайда болуына да айтуға болған. Ол адамзат өркениетімен бірге 6-мың жыл бұрын пайда болған. Шаруашылық өмірінің мұқтаждары есептің дамуын туғызды, ал есептің дамуы өркениеттің, әсіресе жазу мен математика сияқты ажырамас бөліктерінің өсуіне ықпал жасады.

     Шаруашылық  өмір фактілерін тіркеу техникасы көптеген білімді адамдардын назарын аударған. Соның қатарында математиктер ерекшеленіп шықты. Бухгалтерлік есеп жолындағы алғашқы баспадан шыкқан кітапты 1494 жылы атақты математик Лука Пачоли (1445-1515) жазды. «Есеп пен жазбалар туралы трактат» бөлімінде қайталанбалы бухгалтерияны енгізу тәсілдері түсіндірілді.

     Есепті ұйымдастыруды 1 Петр кезінде елеулі өзгерістер болды. Ол арнаулы мектептерде есеп жүргізе білетін және есеп кітабын толтырып отыра білетін сауатты адамдар даярлауға аса көңіл бөлді.

     Шаруашылық есеп нарықтық қатыныстардың, яғни нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде ерекше маңызды.

     Ал 1494 ж. итальяндык белгілі математик, монах Лука Пачоли (1445-1517) жазған «Есептер мен жобалар туралы трактат» атты бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашкы кітап басылып шықты. Италияда, Францияда, Германияда, Англияда ол бірнеше ғасыр бойы бухгалтерлік есеп бойынша негізгі басшылық ретінде пайдаланылады. Екі жақты жазылу тәсілі (мұның жәрдемімен материалдарды, дайын өнімді, негізгі қаражат пен тағы басқа кұндылықтарды сақтауға қойылған бақылау жүзеге асты) әлі күнге дейін өзінін, мәнін жоғалтқан жок.

     Лука Пачолиден кейінгі көрнекті автор – Жак Савари (1622-1690). Ол «Нағыз көпес туралы» жұмысын жариялады, шоттарды синтетикалық және аналитикалық деп бөлді, сауда калькуляциясын түсіндірді, мүліктік (өзіндік құны бойынша бағалау) және конкурстық (ағымдағы бағалар бойынша бағалау) баланстарды жіктеді, соңғысына меншік иесінің жеке мүлкі де кіреді. Ол басқару есебін құрушылардың бірі болып саналады. [2, б.25]

     Шаруашылық  есептің талаптары мен мақсаттары

     Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есептік» туралы заңына сәйкесті есеп алдында басты талаптар, олар:

     1 ЕСЕП – Кәсіпкерлермен барлық кәсіпорындарға қызметтерін бақылап басқаруға және солар арқылы басқару шешім алуға қажетті есеп мәліметтерді толық және шынайы көрсету.

Информация о работе Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу