Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 14:43, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

Содержание

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------3
I бөлім. Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын орны
1.1. Шаруашылық есептің қазіргі таңдағы мақсаты мен міндеттері------------- 4
1.2. Бухгалтерлік есеп және оның атқаратын қызметі, тұжырымдамалары мен принциптері---------------------------------------------------------------------------------13
II бөлім. Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу
2.1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесін мемлекеттік реттеу------17
2.2. Бухгалтерлік есеп жүйесін мемлекеттік емес реттеу-------------------------20
2.3. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту---------------------------------------------------------------------------------------23

Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------25
Қолданған әдебиеттер-------------------------------------------------------------------27

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу.doc

— 199.00 Кб (Скачать)

     2 ЕСЕП – ҚР заңдары талаптарының  заңдық нормативтік құжаттар  фондаларын қолдануларын бақылауға  мемлекеттік орындарға қажетті мәліметтермен қамтамасыздандыру.

     3 ЕСЕП – Халық шаруашылық жоспарының  орындауын бақылап, тексереді,  дұрыс жолға қойып, шаруашылықты  жүргізуде кездесетін қателікке  жол бермеуді қарастырып, оны  іс жүзіне асырады.

     4 ЕСЕП – Мемлекеттік меншікті  сақтау мен бақылауды және тексеруді жүзеге асырады.

     5 ЕСЕП – Әр қызмет орындарында  үнемді шаруашылық есепке көшіру, оның нәтижесінен алынған әлеуметтік-экономикалық  жағдайларды күшейту жолын басқарып, бақылау мен тексеруді жүзеге  асырады.

     Жоғарыда  келтірілген мақсаттарды орындау мемлекеттік есептің ең маңызды қызметі. Осыған байланысты әр мекеме өз саласында есепке көптеген міндеттер жүктейді, яғни әр түрлі қимыл тәсілдерін қолдана отырып, өзін-өзі қаржыландырумен өз шығынын тапқан пайдасы есебінен жауып, пайдалы қорытындыға шығады.

     Мемлекеттік есеп алдына қойылатын талап түрлері:

     - есеп пен жоспардың көрсеткіштері  бірыңғай болады. Осы екі шаруашылық  басқару механизмдерінен алынған  көрсеткіштерді салыстыра отырып, маңызды қорытынды шығарады. Содан  кейін ғана әр сала өз қызмет іс орындарында есептен алынған көрсеткішті жоспар орындау жолына қолданып отырады;

     - есеп көрсетілген уақытында дайын  болуы керек. Есептен алынатын  мәлімет көрсеткіштер уақытында  дайын болса ғана ол қажет  көрсеткіш болады. Сонда ғана  есеп өзіне жүктелген қызмет ісін атқара алады. Уақытынан кеш қалған мәлімет еш уақытта тексеру, басқару қызметіне жараған емес. Мысалы, тауар айналымы жоспарының орындалу мәліметі уақытында дайын болмаса, онда есеп жоспардың қалай орындалғанын білмейді, ол жағдайда есеп қажетті шара жасап, оның орындалуына көмек көрсете алмайды;

     - есеп көрсеткіштері дәлме-дәл  және ақиқат болуы тиіс.

     Есеп  орындалған шаруа ісін, болған оқиғаны, процестерді көрсетіп, есеп жүргізуі қажет.

     - есепте болған теріс бұрмалау  мен артық жазу – мемлекеттік қылмыс, қылмыскер заң алдында жауапқа тартылады. Есеп мамандары шыншыл адам болулары керек;

     - есепті қарапайым және түсінікті  етіп жазуға өте маңызды талап  қойылады. Есеп көрсеткіштері басқару  мен тексеру жолдарында басшыларға  қажет болса, онда бұл есеп қорытындысы тегіс жалпы қарапайым жұртшылықтарға да түсінікті болулары қажет. Оларға есептің түсінікті болуын әр уақытта қарастырып отыру керек. Барлық есептің нәтиже қорытынды көрсеткіштері бухгалтерлік баланыста және қаржылық есеп беруде көрсетіліп отырады. [1, б.15]

     - Үнемділік. Есеп жүргізу шығындары ең аз (минимальды) болуы қажет.  Бұл талап есеп жүргізу процестерін автоматтандыру жолдарына аударуды қарастыруды қажет етеді.

     Санау техникаларын қолдану тәсілдерін оқып үйреніп, іс жүзінде көрсете алған есеп мамандарының алдына қойылатын үлкен міндеті болып табылады.

     Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есеп беру» Заңы, нарықтық экономикалық өзгерістер талаптарына  жауап бере алатын бухгалтерлік есептің  ұйымдық, заңдылық, әдістемелік және басқада жаңа жүйелерінің негіздеріне байланысты, есептің негізгі принциптерін, қаржылық есеп берудің мінездемелерін, жалпы ұйымдастыру ережелерін тұжырымдап берді.

     Нарықтық  шаруашылық есеп еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын іздестіруге қажетті жаңа ақпараттық үлгілермен қамтамасыз етуді талап етеді, өйткені шаруашылық есептің аталған сапалық сұраныстарына деген талап үздіксіз өсіп отыр, сондықтан да ол үнемі жетілдіру үстінде болады.

     Біртұтас  мемлекеттік халық шаруашылығының есебі статистикалық, оперативтік-техникалық, бухгалтерлік болып үш түрге бөлінеді.

     Статистика – қоғам құбылыстарының сан жағын зерттейтін ғылым. Сан есебін жүргізеді. Статистикалық есеп әлеуметтік өмірдің көптеген бір түрлі салалы құбылыстары мен процестерін зерттейді, талдайды және жинақтап қорытады.

     Мысалы, өндіріс көлемін, заттың өзіндік  құнын, тауар айналымының көлемін, ауыл шаруашылық шикізаттарының дайындау көлемін, халық санағын, өлім, туу, олардың  динамикасын т.б. жағдайларды көрсетіп, зерттеп отырады.

     Статистика есебі өзіне тән тәсілдерін қолдана отырып (жалпы немесе жеке байқау, мәлімет құрастыру және топтастыру, орташа сандар, индекстер, динамикалық қатарлар т.б.) өлшеуіштің үш түрлерінде пайдаланады.

     Статистикалық есеп басқа шаруашылық есеп түрлерінің де шаруашылық мәлімет көрсеткіштерін де өзіне пайдаланады.

     Оперативті-техникалық есеп – шапшаң, тез, қолма-қол басшылық жасауға қолданылатын шаруашылық есеп түрі. Бұл есепте қолданылатын мәліметтер шаруашылық жұмыс қызметінің бөлімшелерінде жинақталынып, дайындалады да, өте қажет көрсеткіштер дайын түрінде, басшылық қызметінде қолданылуға беріледі. Ол шапшаң іс жүзінде қолданылып, қолма-қол тексеру, басқару жұмыстарын жүргізеді. Бұл есептің басқа есеп түрлеріне қарағанда өзгешелігі болып табылады.

     Оперативті-техникалық есептің артықшылығымен қатар кемшілігі де кездеседі. Алынған мәліметтің нақты болмауы мүмкін, құжат жүзінде көрсетілмейді (телефон арқылы, ауызша тауар айналымының көлемі, дайындық жоспарының орындалу шамасы, жұмысқа шығу жағын тексеру). Оперативті-техникалық есеп міндеттемелері бір мекеме мен оның бөлімдері ішінде және жоғары тұрған мекемелер ішінде де қолданылып басшылық, тексеру жұмыстарында қолдана беріледі.

     Бұл есеп түрінде өлшеуіштің үш түрі де қолданылады. Бұл есептің мәліметін  статистикалық-бухгалтерлік есепте де қолдануға болады.

     Бухгалтерлік  есеп – үзіліссіз және бір-біріне байланысқан байқау мен бақылау жүйесі. Мекемелер мен олардың бөлімдерінің және мекемелеріндегі шаруашылық қызмет істерін күнделікті және қорытынды жинақты мәліметтер береді.

     Мысалы, әртүрлі түсті материалдар, бұйымдар, ақша қаржыларының көлемдері, басқа  мекемелермен есеп айырылысу жағдайларын, жалпы дайындықтардың жиынтығын, өндіріс  және сату көлемдерін, шаруашылықтың  қорытынды нәтижесін, барлық ресурстардың көлемін, пайда мен шығын көлемдерін шаруа қызмет ісінің рентабельдік деңгейінде мәліметтер арқылы есептеп көрсетіп отырады. [3, б.47]

     Бухгалтерлік  есепте барлық өлшеуіштердің натуралдық, еңбектік, ақшалық түрлері қолданылады. Бірақ та, бухгалтерлік есепте ақшалық  өлшеуіш, өте маңызды орын алады. Сол арқылы бухгалтерлік есепте барлық көрсеткіштер бүкіл шаруашылықтың қаржысы мен құрал жабдықтары және сонымен қатар шаруашылық процестері есепке алынып көрсетіліп отырылады. Бақылау, тексеру жұмыстары әр мекемеде, оның бөлімдерінде болып жатқан құрал-жабдықтар қозғалысын көрсетеді. Бухгалтерлік есебінің ерекшеліктері:

     1. Жаппай (тұтас) барлық шаруашылық  операцияларын есеппен қамтып  көрсету;

     2. Әр шаруашылық операциялары бухгалтерлік  есебінде құжатталып барып есепке  алынады. Барлық шаруашылық операцияларының мәліметтері құжатталып заңдастырылғандықтан бухгалтерлік есеп көрсеткіштері дәлме-дәл болуына мүмкіншілік туады;

     3. Бухгалтерлік есепке тән ғана  тәсілдер мен методолгиялық тәжірибелер  қолданылады. Барлық тәсілдер  жүйелері бухгалтерлік есептің үзілмеген өз араларында байланысты шаруашылық көрсеткіштерін есептеп көрсетуіне жол береді.

     Шаруашылық  қызметтің бүкіл бөліктерінің серпімді өзара байланыстағы ауқымдарын көрсете  алатын тек қана бухгалтерлік есеп. Өйткені, іс қызметті құрайтын алуан түрлі фактілердің кез келгені бірден немесе біршама уақыттан кейін тікелей немесе жанама түрде, бірақта міндетті түрде кәсіпорынның қаржылық ресурстарына белгі береді. Яғни, оның жалпы ауқымын өзгертеді немесе оның шынайы ұйымдастыру үлгісін, әйтпесе бағыныштылығын өзгертеді.

     Кәсіпорындардың қаржы ресурстарының қозғалысы  мен жағдайы туралы ақпарат алуды  қамтамасыз етіп отыратын жұмыстарының (іс қызмет әрекеттерінің) жиынтығы бухгалтерлік есеп деп аталады.

     Сөйтіп, бухгалтерлік есеп дегеніміз – экономиканы, пайданы бақылап және оны дамытып отыруға ықпал жасау мақсатындағы фактілер мен құбылыстарды тұтастай үздіксіз және құжаттар негізінде түбегейлі көрсетіп отыру.

     Бухгалтерлік  есепті пайдаланушылардың талаптарына  сәйкес ол: бухгалтерлік есеп принциптері; қаржылық; басқарушылық (өндірістік); салықтық есеп болып бөлінеді.

     «Бухгалтерлік есеп принциптері» – бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік және тәжірибелік негіздері.

     Қаржылық  есеп – шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі.

     Қаржылық  есеп арқылы іс қызмет атқарушы кәсіпорындардың  мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпараттар топтастырылды (қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаты, қысқа мерзімді қаржы инвестициялары, қысқа мерзімді дебиторлық берешек, қорлар т.с.; ұзақ мрзімді активтер: қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері, салықтар бойынша міндеттемелер т.с.; капитал мен резервтер; кірістер, шығыстар)

     Қаржылық  есеп деректерін іс қызмет атқарушы кәсіпорындардың ішінде әр түрлі деңгейдегі басшылар басқару шешім қабылдауда және қазіргі немесе болашақтағы ішкі, сыртқы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы қолданылады, солар арқылы басқару шешімге келеді.

     Басқару (өндірістік) есеп – өнімнің (жұмыстар мен көмектердің) нақты өзіндік құны туралы деректер жинастырып өңдейді. Бұл есеп ақпараты кәсіпорынның коммерциялық құпиясы, сондықтан ол ақпарат тек тиісті басшы адамдар өз ішінде ғана пайдалануларына арналады.

     Өндіруге  және өткізуге жұмсалған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру жолында кәсіпорын өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады.

     Салықтық  есеп – салық салуға қажетті ақпаратты зерттеп, жинақтайды. Салықтық сеепте жинақталып тіркелетін ақпарат бухгалтерлік және жедел (оперативтік) есептерден алынады.

     Бухгалтерлік  есептің басқару (өндірістік), қаржылық, салықтық болып бөлінуі, нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір  ерекшілігі болып табылады. Бірақта  ол кәсіпорында міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құру керек дегенді білдірмейді. Алайда, маңыздысы ақпарат қандай мақсатқа, кім үшін жинақталады.

     Шаруашылық  есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің  бірлігі және органикалық өзара  байланысы мынада: экономикалық фактілерді ахуалдың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екінші фазада есептің осы түрлері  арқылы экономикалық көрсетікіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай-ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістмелік принциптер жүйесіне келтіріледі.

     Техникалық  жағынан есептің осы үш түрі де бір-бірімен тығыз сабақтас. Оперативті есеп арқылы жинақталған деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; оперативтік есептің дұрыстығын бухгалтерлік есеп жүйелері арқылы мезгіл бақылау тәсілдері жасалады; оперативтік және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі.

     Кез келген басқару жүйесі – мейлі ол әкімшілік немесе нарыктық жүйе болсын, бәрібір, тиісті ақпараттық жүйеге мүқтаж болады. Ақпаратты жинайтын, қорытып, өңдейтін неғұрлым маңызды тетіктердің бірі –бухгалтерлік есеп. Алайда әр алуан басқару жүйелеріндегі бухгалтерлік есеп әртүрлі қызмет атқарады, сондықтан бір экономикалық система екіншісіне ауысқанда бухгалтерлік жүйе де өзгереді. [4, б.56]

     Нарықтық экономикада бухгалтерлік есеп мүлде өзгеше міндет атқарады. Ол мынадай жағдайларға бойланысты.

     - нарықтық    жағдайда    меншік    түрі    өзгереді.  Мемлеттік меншікке қоса көптеген меншік иелері пайда болады, олар өз қаржысын салған шаруашылық қызмет кәсіпорынының шаруашылық қызметінің нәтижесіне мүдделі;

Информация о работе Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу