Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 07:12, курсовая работа

Описание работы

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселелерінің бірі - өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Работа содержит 1 файл

Қазақстамдағы кәсіпкерлікті басқару.doc

— 170.00 Кб (Скачать)

    -мемлекеттен  тиімділігі және  табысы аз  кәсіпорындарды

    сатып  алуы немесе қолға алуы.

    Шағын бизнестің  осындай , басқа  да экономикаллық  және

    әлеуметтік  функциялары шағын бизнесті  дамыту мәселесін

    маңызды мемлекеттік  міндеттер қатарына  жатқызуға

    және  экономикалыны  рефермолаудың ажырамас  бөлігі деп  қарастыруғанегіз береді.

    Шағын  және орта кәсіпорындардың  ірі ұйымдармен тиімді  ынрымақтастық құруы келешегі зор бағыт.Шағын кәсіпорындар

    ғылыми техникалық  жетістіктерді қабылдауға анағұрлым

    қабілетті,  нарықтағы  сұраныс  өзгерісіне  оңай  бейімделеді.  Сондай-ақ  ірі  кәсіпорындарға  тауарлар  жеткізу  мен  қызмет  көрсету  құқығы  үшін  өзара  бәсекеге  барады,  мұның  өзі  олардың  тұрақты  табыстарына  кепілдік  береді.  Олар  ірі  кәсіпорындардың  орнықты-

    лығын  және  өндірістік  әртараптандырылуын  қамтамасыз  етіп,  монополистік  бағытқа  қарсы  әрекет  етеді.  Шағын  бизнес  нарықта  консалтингтік,  брокерлік,  маклерлік,  делдалдық,  жарнама,  қолдан-

    балы  зерттеу  жұмыстары  бойынша  қызмет  көрсетумен  қамтама-

    сыз  етіліп,  белсенді  рөл  атқарады.

             Соңғы  уақытта  дамыған   нарықтық  экономикасы  бар   мемлекеттерде  шағын  бизнестің  дамуы үлкен орын  алып  отыр.  Егер  1950  жылдары АҚШ-та  орташа  шамамен жыл сайын 130  мың фирма тіркелсе,  60  жылдары – 220  мың,  ал  70  жылдары – 350 мың,  ал90  жылдары жыл сайын 600 мың фирмаға дейін орташа  шамамен тіркелген.  Бқұбылыстың  себебі  шағын  бизнестің  дамып  отырған  қоғамдық  тұтынушылықты  дер  кезінде  қанағаттандыра  алу  қабілетімен,  ғылыми  техникалық  прогресс  барысында  өндірістік  құрал-жабдықтардың  жетілділігімен  және  аралас  э әр  түрлі  меншік  формаларының  біркелкі  мүмкіндігімен  түсіндіріледі.  Шағын  бизнес –

    Шешім  қабылдау    мен  оны  жүзеге  асырудағы  еркіндік,  іскерлік,  нәтижелерге  толық  экономикалық  және  құқықтық  жауапкершілік,  сондай-ақ  шығармашылық  ынта  және  жігермен  сипатталады.

              Нарықтық  экономиканың  субъктісі  ретінде  шағын  бизнестің  артықшылықтары  мен  кемшіліктері  де  бар.  Шетелдік  және  отандық  шағын  бизнестің  сипатын  зерттей  келе,  келесі  артықшылықтарды  атап  өткен  жөн:

               -жергілікті  жерде  шаруашылықты  жүргізу  жағдайына  тез  бейімделу;

               -шағын  бизнес  субъктілерінің  іс-әрекет  жасаудағы  тәуелсіздігі;

               -шешімдер  қабылдауда  және  оны   іске  асыруда  бейімділік  пен  оперативтік;

               -салыстырмалы  түрдегі  аз шығындар,  әсіресе  басқаруға  жұмсалатын;

               -жеке  тұлғаның  өз  идеяларын   іске  асырудағы  зор  мүмкіндіктері,  кәсіпкерліктің  дамуы;

               -қорға  деген  аз  сұраныс,  өнімге  және  өндіріске  өзгерістерді  тез  енгізу  мүмкіндігі;

               -капитал  айналымының  жоғары  болуы.

               Халықаралық  еңбек  бюросының   баяндамасына  шағын  және  орта  кәсіпорындардың  бірқатар  бәсекелестік  артықшылықтары  аталған.  Бір  қызметкерге  шаққандағы  қажетті  қор  мөлшерінің  аз  болуы,  шағын  кәсіпорындар  жергілікті  еңбек  және  материалдық  ресурстарды  ірі  кәсіпорындарға  қарағанда  кеңінен  қолданады.  Табысқа  жету  жолында  жеке  ынтаның  басым  болуы,  кәсіпорын  жұмысына  да  үлкен  әсер  етеді.  Шағын  бизнес  субъектілері  жергілікті  нарықтағы  сұранысты  өте  жақсы  біледі,  кей  кезде  нақты  тұтынушының  тапсырысы  бойынша  тауар  шығарады,  кәсіпқой  мамандарды  даярлайды.  Кейбір  мемлекеттерде  тауар  өндірісі,  қызмет  көрсету  деңгейі  бойынша  шағын  бизнес  алдыңғы  орында  тұрады.

            Шағын  бизнес  субъектілерінің   бірқатар  кемшіліктері  де  бар.  Негізгі  кемшіліктері:

  • тәуекелдің  жоғары болуы;
  • нарықтағы  тұрақсыздықтың  жоғары  деңгейі;
  • ірі  кәсіпорындарға  тәуелді  болу;
  • басшылықтың  біліктілігінің төменгі деңгейі;
  • қаржы  ресурстарын  тартудағы  қиындықтары;
  • істі  басқарудағы  жетіспеушіліктер.

    Әрине,  шағын  бизнес  субъектілерінің  сәтсіздіктері  ішкі  және  сыртқы  факторларға  байланысты  болады.

             Тәжірибе  көрсеткендей,  шағын   кәсіпорындардың   сәтсіздікке  ұшырауы  басқарушылық  білімнің  төмен  болуына  байланысты.  Жұмыстың  сәтсіз  аяқталуның  басты  себептері:

  • біліктіліктің  төмен  болуы;
  • тәжірибенің  жоқтығы;
  • коммерцияда,  қаржы  мәселесін  шешудегі  тәжірибенің  аздығы;
  • бизнеске  салқын  қарау;
  • кәсіпкер  денсаулығының  нашар  болуы  немесе  ерсі  әдет – қылықтары;
  • алаяқтық;
  • табиғи  апаттар,  өрт  және тағы  басқалар.

    Сонымен  қатар  өндірістік  және  сауда  кәсіпорындары  дебиторлық  қарызды  өтеудегі  қиындықтарды  көрсетеді.  Сауда  саласына  жоғарыда  аталғандармен  бірге  дұрыс  орынның  болмауы  және  қойма  шарушылығын  басқарудағы  қиыншылықтар  жатады.

             Қазіргі  уақытта  шағын   бизнесті  жүргізу  үшін  арнайы  білім  қажет.  Кей  кезде   шағын  бизнестің  басшысы   жақсы  коммерсант  болғанымен,  өндірістік  мәселерде  ешқандай  тәжірибесі  жоқ  болады  және  керісінше  жағдай  да  болуы  мүмкін. 

    1.4 Қазақстанда  шағын   бизнестің   қалыптасуы  мен дамуы.

           Республикамызда нарықтық  қатынастарды  қалыптастырудағы  маңызды міндеттердің  бірі  -  шағын кәсіпкерлікті дамыту.  Шағын кәсіпорындар  экономиканың  құрылымдық  қайта құруын  жеделдетеді,  тұтынушылардың  сұранысына  жедел  әрекет  етеді.  Республикада  шағын  бизнестің  дамуы  мен  қызмет   жасауына  қажетті  ұйымдастырушылық,  экономикалық  және  құқықтық  шарттарды  қалыптастырудың  алғашқы  қадамдары  жасалуда.  Оған  келесі  жағдайлар  бекітілген:

  • шағын  кәсіпорындар  кез  келген  халық  шаруашылығының  саласында,  кез  келген  меншік  формасы  негізінде  құрыла  алады.
  • өнеркәсіп  пен  құрылыста  жұмыскер  саны  200-ге  дейін;
  • ғылым  мен  ғылыми  қызмет  көрсету  саласында:  жұмыскерлер  саны  100  адамға  дейін;
  • өндірістік  сфераның  басқа  салаларында:  жұмыс  істейтіндер  саны  25  адамға  дейін;
  • бөлшек  саудада:  жұмыс  істейтіндер  саны 15  адамға  дейін.

Шағын  кәсіпорындарды  азаматтар,  мемлекеттік,  ұжымдар,  біріккен  ассоциациялары,  мемлекеттік  органдар  құрады.  Шағын  кәсіпорын  мемлекеттік  тіркеуден  өткен  күннен  бастап  заңды  тұлға  статусына  ие болады.   Кәсіпорын  шаруашылық  қызметін  жүргізуде, шығарған  өнімге,  міндетті  төлемдерді  төленгеннен   кейінгі  қалған  пайдаға  тәуесіз  иелік  етеді.  Қазақстанда  жүргізіліп  жатқан  реформалардың  түпкі  мақсаты  әлеуметтік  проблема,  ол  халықтың  өмірін  жақсарту  проблемасын  шешуге  бағытталған.  Ол  үшін  экономикагы  «тұтынушыға  қызмет  ету»  режиміне  ауыстыру  қажет.  Әлемдік   тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  бұл  мақсатқа  экономикалық  қатынастардың  кәсіпкерлік  типі  сәйкес  келеді.  Оның  негізгі белгілері:  батыл инициатива,  толық еркіндік  пен жауапкершілік,  нарық коньюкатурасын  бақылау мен қажеттілікті  іздеу,  бәсекелік күрес тактикасы   мен инвестициялау мәселелерін талдау.

           Республикамыздағы  шағын  бизнестің  экономикалық  мәнін  тереңнен  түсінуге  «Қазақ  КСР – індегі  шаруашылық  қызмет  еркіндігі  мен  кәсіпкерліктің  дамуы»  туралы  заңның  қабылдануы  жол  ашты.   Бұл  заң  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  кәсіпкерлік  қызметінің  еркіндігін  қамтамасыз  ететін  негізгі  құқықтық ,  экономикалық ,  әлеуметтік  шаралар  мен  кепілдіктерді  анықтап  берді.

           Қазақстанда  шағын  кәсіпорындар  Одағы  құрылды.  Бұл  орган  шағын  кәсіпкерлікті  қорғау,  қолдау  қызметін  атқарады,  олардың  қызметін  жүйелейді.

   Ол  мынадай  бағыттар  бойынша   жүргізіледі:

  • Қазақстанда  шағын  кәсіпорындарды  қолдау  қорын  құру;
  • жеңілдік  жағдаймен  несиелесу;
  • шағын  кәсіпкерлікті  қаржыландыратын  инвесторларға  төмендетілген  салық  мөлшерлемесін  қолдану;
  • шағын   кәсіпорындарды  несиелеу  және  сақтандыру  бойынша  кепілдіктер  беру;
  • шағын  кәсіпорындар  мемлекеттік  тұрақты  бағалар  мен  тарифтерді  қолданған  кезде,  олардың  орнын  толтыру  үшін  қаржыландыру;
  • шағын  кәсіпорындарға  сыртқы  экономикалық  қызметпен  айналысуға  көмек  көрсету.

Кәсіпкерлікті  қолдаудың,   дамытудың  жоғарыда  аталған  бағыттардан  басқа  шағын  кәсіпкерлікке  көмек  көрсетуге  арналған  аймақтық  құрылымдар  құрылған.  Ол  құрылымдарға  кәсіпкерлікті  қолдаудың  территориялық  орталықтары  мен  инновациялық  орталықтарды  жатқызуға  болады.

        Республика  Президенті  Н.Ә.Назарбаев   кәсіпкерлікке  барынша  қолдау  көрсету  мәселелеріне  айрықша   көңіл  бөлуде.  Оның  «Шағын  кәсіпкерлікті  дамытуға  мемлекеттік  қолдауды  күшейту  және  оны  жандандыру  жөніндегі  шаралар  туралы»  Жарлығы    осы  мәселеге  арналған.  Мемлекет  басшысы   құқықтық  және  қаржы  -  материалдық  базаны  одан  әрі  жетілдіріп,  жер – жерге  азаматтарды  шағын  бизнеске  тарту  үшін  қолайлы  жағдай  жасалуына  жоғары  талап  қойып,  бұл  мәселені  ұлттық экономиканың  стратегиялық  аса маңызды секторы ретінде қарастырып  отыр.  Алайда,  қабылданған шаралардың  іс  жүзінде нақты жүзеге  асуы  жеткіліксіз болып отыр.  Шағын  бизнеске  қолдау  көрсетуге  бөлінетін  қаржы  мардымсыз  болып  тұр.  Шағын  кәсіпорындарды  қаржыландырудың  ықтимал  көздерін  іздестіру  жұмысының  жолға  қойылуы  да  қанағаттанғысыз.  Екінші  деңгейдегі  банктердің  шағын  және  орта  кәсіпорындарға  бірінші  кезекте  несие  беру  тәртібі  баяу  енгізілуде.

           Шағын  бизнесті  дамыту  мемлекеттік   маңызы  бар,  күрделі  іс  болып  саналады.  Бұл  арада   халықпен  тығыз  байланыс  жасамай,  оның  қолдануына  сүенбей   ілгері  басу  мүмкін  емес.  Жеке  және  шағын  бизнестің  дамуына  заңдық  база  жасау  және  оған   мемлекеттік  қолдау  көрсету  шағын  бизнеске  үлкен  серпін  береді.       

Қазақстанда  шағын  бизнесті  мемлекеттік  қолдауды  жетілдіру.

      Шағын  бизнес  бірқатар  экономикалық  және  әлеуметтік  проблемаларды  шешуде  маңызды  рөл  атқарады.   Шағын  бизнес  қалыптасуы  мен  дамуы   барысында  мемлекеттік  қолдауды  талап  етеді.  Себебі  ірі  кәсіпорындардың  монополиялық  әрекетінен,  экономикалық  өзгерістер кезінде шағын бизнес  қиын  хал – жағдайда  болады.  Мемлекет  бизнестің алдында тұрған  кедергілерді  жоюға,  құқықтық  жағынан көмек көрсетуге,  өркениетті  нарықтық  қатынасты орнатуға  ықпал етуге тиіс.

      Республикада  қабылданған  «Шағын  кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау  туралы» заңға сәйкес  ел экономикасының  маңызды салаларының бірі  -  ауыл  шаруашылығында  бизнесті  дамытуда  орындалуы тиіс  шараларды атап  өткен қажет.

          Мемлекеттің  агробизнес  жүйесіне  араласуының  қажеттілігі  бақылау  мен  реттеуге  жататын  негізгі  парметрлері,  тіпті  дамыған  нарық  жағдайында  да  орын  алатын  объективті  факторлармен  анықталады.

         Кез  келген  экономикалық  жүйеде  нарыққа  бағынбайтын,  мемлекеттің  араласуын  қажет  ететін:  бюджеттік,  несиелік,  салықтық,  инвестициялық  сферасында  мемлекеттік  реттеу  проблемалары  бар.

          Жалпы  кәсіпкерліктің  экономикалық  белсенділігі  мен  әлеуметтік  бағдар  ұстауының  кепілі  оның  өздігінен  қоғамның  орташа  топтарына  жататындығы  емес,  оның  дәулеті  мен  тұрмысының  нақты  шынайы  меншікке  негізделуі  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  шағын  кәсіпорындар  жұмыс  істеп  тұрған  барлық  шаруашылық  жүргізуші  субъектілерінің  80  пайызын  құрайды.   Республикада  шағын  бизнеспен  бір  миллионнан  аса  адам  айналысады.

         Шағын  бизнесті  дамыту  үшін  үш  факторлық  жағдайды  ескеру  қажет.  Олар:

  • кәсіпкерлердің  құқығын  қорғайтын  жүйе  жасау;
  • тексеруші  органдардың  санын  азайту;
  • рұқсат  беруші  құжаттардың санын азайту.

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару