Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 07:12, курсовая работа

Описание работы

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселелерінің бірі - өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Работа содержит 1 файл

Қазақстамдағы кәсіпкерлікті басқару.doc

— 170.00 Кб (Скачать)

          Мемлекеттің  агробизнес  жүйесіне  араласуының  қажеттілігі   бақылау  мен  реттеуге  жататын   негізгі  параметрлері,  тіпті   дамыған  нарық  жағдайында  да  орын  алатын  объективті  факторлармен  анықталады.

          Кез  келген  экономикалық  жүйеде  нарыққа  бағынбайтын,  мемлекеттің  араласуын  қажет   ететін:  бюджеттік,  несиелік,  салықтық, инвестициялық сферасында  мемлекеттік  реттеу  проблемалары  бар.

          Жалпы  кәсіпкерліктің  экономикалық  белсенділігі  мен  әлеуметтік  бағдар  ұстауының  кепілі  оның  өздігінен  қоғамның  орташа  таптарына  жататындығы  емес,  оның  дәулеті  мен  тұрмысының  нақты  шынайы  меншікке  негізделуі  болып  табылған  барлық  шаруашылық  жүргізуші  субъектілерінің  80  пайызын  құрайды.  Республикада  шағын  бизнеспен  бір  миллионнан  аса  адам  айналысады.

         Шағын  бизнесті  дамыту  үшін  үш  факторлық  жайдайды  ескеру  қажет.  Олар:

  • кәсіпкерлердің  құқығын  қорғайтын  жүйе  жасау;
  • тексеруші  органдардың  санын  азайту;
  • рұқсат  беруші  құжаттардың  санын  азайту.

    Шағын  және  орта  бизнестің  күрделі  проблемаларының  бірі  несиелік  ресурстарды  алудың  қиындығы.

            Кәсіпкерлер  банктен  несие   алудан  бес  түрлі  себеппен  бас  тартады:

  • пайыздық  өсімнің  жоғары  болуы;
  • кепілдік  талаптың  тым  қатаң  болуы;
  • ақпараттың  жетіспеушілігі;
  • несие  алу  мүмкіндігіне  сенімнің  жоқтығы;
  • банктердің  кәсіпкерлерден  аймақтық  алшақтығы.

       Шағын   кәсіпкерлікті  мемлекеттік   қолдаудың  негізгі  қағидалары: 

- шағын   кәсіпкерлікті  дамытудың   басымдылығы;

- шағын   кәсіпкерлікті  мемлекеттік   қолдаудың  кешенділігі;

- инфрақұрылымды  дамытуда  және  кәсіпкерліктің  ұйымдастырушылық  формаларын  таңдауда  жағдай  туғызу;

- алдыңғы   қатарлы  шетелдік  тәжірибені  қолдану.

       Қазақстан  Республикасының   шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  жөніндегі  агентігі  Экономикалық  зерттеулер  институты  және  Кәсіпкерлер  форумы  кеңесімен  бірлесіп,  Қазақстан  Республикасында  Шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  мен  қолдаудың  1999-2000   жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  жобасын  жасады.  Бағдарламада  бірқатар  шараларды  жүзеге  асыру  белгіленген:

           Шағын   кәсіпкерлікті  қаржы  – несиелік  және  инвестициялық   қолдау.  Кәсіпкерлікті  қаржылай  қолдау  едәуір   шығындарды  талап  етеді,  ал  мемлекеттік  бюджеттің  мүмкіндігі  шектеулі.   Мұндай  жағдайда  қаржыны  пайдаланудың  коммерциялық  механизмдеріне  көшу  қажет.  Қазір  банктер  сату-сатып  алуды  несиелейді  немесе  ірі  тауар  өндірушілерді  несиелеуді  қолайлы   көреді.  Шағын бизнес  өтімді  кепілдік  базаның жоқтығынан  несиелік  ресурстарға қолы  жете  алмай тұр.  Осыған  байланысты  шағын кәсіпкерлікке   лизингтік несиелер,  сақтандыру,  франчайзингті дамыту  қажет. 

           Салық  салу  және  кеден   саясаты.

           Шағын  бизнес  субъектілеріне  салық  салудың  әділ  жүйесін   құрудың  негізгі  принципі  жалпы  экономикалық  мүдделерден   басым  болуы  тиіс.  Шағын   бизнес  субъктілеріне  салық   салудың  әділ  механизмі кәсіпкерлердің  табысын анықтаудың  байыпты   тәртібінің  болуын  көздеуі  керек.  Кәсіпкерлердің  табысына  біріңғай  жеңілдікті   мөлшерлеме    енгізу  немесе  патенттік  төлем  кәсіпкерлердің  жұмысын  жеңілдетеді.  Ағымдағы  және  аванстық  төлемдер  төлеудің  қазіргі  тәртібін  жою  керек.   Өндірісті  дамытуға,  бәсекеге  түсе  алатын  экспортқа  бағдарланған  немесе  импортты  ауыстыратын  өнімдер  шығаруға  қаржы  жұмсайтын  шағын  кәсіпкерлер  үшін  табыс  салығын  есептеген  кезде  салық  салынатын  табысты  осы  қаржыға  кеміту  қажет. 

            Шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың   басты  бағыттарының  бірі- кеден   баждарын  төлеу  кезінде   шағын  кәсіпорындарға  жеңілдіктер   беру.  Қазақстанда  өндірілмейтін   шикізаттарды  импорттаған  кезде  қосымша  құн  салығын  салуды  кейінге  қалдыру  қажет. 

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару