Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 07:12, курсовая работа

Описание работы

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселелерінің бірі - өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Работа содержит 1 файл

Қазақстамдағы кәсіпкерлікті басқару.doc

— 170.00 Кб (Скачать)

    Шағын   және  орта  бизнестің  күрделі  проблемаларының  бірі  несиелік  ресурстарды  алудың    қиындығы.

            Кәсіпкерлер  банктен  несие   алдан  бес  түрлі  себеппен  бас  тартады:

  • пайыздық  өсімнің  жоғары  болуы;
  • кепілдік  талаптың  тым  қатаң  болуы;
  • ақпараттың  жетіспеушілігі;
  • несие  алу  мүмкіндігіне  сенімнің  жоқтығы;
  • банктердің  кәсіпкерлерден  аймақтық  алшақтығы.

 Шағын   кәсіпкерлікті  мемлекеттік   қолдаудың  негізгі  қағидалары:

  • шағын  кәсіпкерлікті  дамытудың  басымдылығы;
  • шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдаудың  кешенділігі;
  • инфрақұрылымды  дамытуда  және  кәсіпкерліктің  ұйымдастырушылық  формаларын  таңдауда  жағдай  туғызу;
  • алдыңғы  қатарлы  шетелдік  тәжірибені  қолдану.

Қазақстан  Республикасының  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  жөніндегі  агенттігі  Экономикалық  зерттеулер   институтты  және  Кәсіпкерлер  форумы  кеңесңмен  бірлесіп,  Қазақстант  Республикасында  Шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  және  қолдаудың  1999 – 2000 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасады.  Бағдарламада  бірқатар  шараларды жүзеге  асыру белгіленген: 

Шағын  кәсіпкерлікті  қаржы  – несиелік 

және инвестициялық   қолдау.

           Кәсіпкерлікті  қаржылай  қолдау  едәуір  шығындарды  талап  етеді,  ал  мемлекеттік  бюджеттің  мүмкіндігі  шектеулі.  Мұндай  жағдайда  қаржыны  пайдаланудың  коммерциялық  механизмдеріне  көшу  қажет.  Қазір  банктер  сату – сатып  алуды  несиелейді,  немесе  ірі  тауар  өндірушілерді  несиелеуді  қолайлы  көреді.  Шағын  бизнес  өтімді  кепілдік  базаның  жоқтығынан  несиелік  ресурстарға  қолы  жете  алмай  тұр.  Осыған  байланысты  шағын  кәсіпкерлікке  лизингтік  несиелер,  сақтандыру,  франчайзингті  дамыту  қажет.

          Кәсіпкерлік  қаржылай  қолдау  саясаты  орташа  және  ұсақ  мерзімді  несиелеуді,  аймақтық  деңгейде  кепілдік  қорлар  мен  несие  серіктестіктерін  құруға  бағытталуы  қажет.

                     Салық  салу  және  кеден  саясаты.

        Шағын бизнес  субъектілеріне салық салудың әдл жүйесін құрудың негізгі принцпі жалпы экономикалық  мүдделердің фискальдық  мүдделерден басым болуы тиіс.  Шағын бизнес  субъектілеріне  салық салудың әділ  механизмі кәсіпкерлердің  табысын анықтаудың  байыпты тәртібінің  болуын  көздеуі керек.   Кәсіпкерлердің  табысына  бірыңғай  жеңілдікті  мөлшерлеме  енгізу  немесе  патендік  төлем   кәсіпкерлердің  жұмысын жеңілдетеді.  Ағымдағы  және  аванстық  төлемдер  төлеудің  қазіргі тәртібін  жою керек.  Өндірісті дамытуға,  бәсекеге  түсе  алатын  экспортқа  бағдарланған  немесе  импортты  ауыстыратын  өнімдер  шығаруға  қаржы  жұмсайтын  шағын  кәсіпкерлер  үшін  табыс  салынған  есептеген  кезде  салық  салынатын  табысты  осы  қаржыға  кеміту  қажет.

        Шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың  басты  бағыттарының  бірі  - кеден  баждарын  төлеу  кезінде  шағын  кәсіпорындарға  жеңілдіктер  беру.  Қазақстанда  өндірілмейтін  шикізаттарды  импорттаған  кезде  қосымша  құн  салығын  салуды  кейінге  қалдыру  қажет. 

       Салалық  бағдарламаларды  жетілдіру.

        Шағын кәсіпкерлікті дамытудың  маңызды жағы салалық минстрліктітер  мен ведмоствалар, сондай – ақ ірі отандық кәсіпорындар  тарапынан қолдау бағдарламасы  транспорт  және коммуникация салаларында , сондай – ақ жекелеген кәсіпорындарда жасалынған.

        Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын дамыту.

         Шағын кәсіпкерлікті қолдау  мен  дамытудың  инфрақұрылымдарын қалыптастыру үшін  болашақта Шағын  кәсіпкерлікті дамыту қорының  жұмысын  қайта қарау қажет.

        Нарық  инфрақұрылымын  дамыту  шағын  кәсіпкерліктің  дамытудың   маңызды  бөлігі  болып  келеді.  Шағын  бизнестің  тиімді  қызмет  етуін  қамтамасыз  ететін  нарықтық  инфрақұрылымға  мынадай  элементтер  жатады:  аудиториялық ,  консалтингтік,  бухгалтерлік  және  басқа  қызмет  түрлері,  қаржы – несие  институттары,  сақтандыру  компаниялары  әр  түрлі  оқу  орындары  жатады.  Сонымен  қатар  бұл  нарық  инфрақұрылым  субъектілерінің  өзіндік  проблемаларын  шешу  қажет.  Қазақстанда  кәсіпкерлер  мүддесін  қорғайтын  жетілген  ұйымдар  бар.  Олар:  Қазақстан  кәсіпкерлер  конгрессі,  Кәсіпкерлер  мен  өңдеушілер  одағы.

           Лизинг  және  франчайзингті  қалыптастыру.

     Бүгінгі  таңда  шағын   кәсіпкерлікті  дамыту  саласында   жедел  және  қаржы  лизингі  іс  жүзінде  дами  алмай  отыр.  Мұндай  жағдайға  лизингтің  заңдық  және  нормативтік  базасының  жоқтығы  басты  себеп  болып  табылады.  Лизингтік  қатынастарды  тезірек  енгізу  мақсатында  олардың  дамуын  қолдау  жөнінде  бірқатар  шараларды  қабылдау  қажет.

           Франчайзинг  шағын  кәсіпкерлік  өкілдерінің  ірі  бизнеспен  қарым – қатынасының  тиімді  үлгісі  ретінде  өз  дамуының  мүмкіндіктеріне  ие.  Қазақстанда  франчайзингтің  дамуы  үшін:  франчайзинг ассоциациясын,  франчайзингтің  оқу – консультациялық  орталығын  құру  қажет.

  Ақпараттық  қамтамасыз  ету.

   Бұл   орайда  бағдарлама  бойынша   шағын  кәсіпкерлікті  ақпараттық  қамтамасыз  етудің ұлттық  жүйесін жасау жоспарланған.  Осы жүйе  шеңберінде  заңдық – нормативтік  актілер,  оқу  орталықтары,  заңгерлік  фирмалар,  адвокаттық  кеңселер,  ирфрақұрылымның  басқа  да  объектілері  бойынша  деректердің  ақпараттық  базасы  құрылады.  Шағын  кәсіпкерліктің  Республикалық  ақпараттық   көрме  орталығы  бұл жүйені  іске  асыруға негіз болуы тиіс.

       Шағын  кәсіпкерлік  субъектілерін  қорғау  инфрақұрылымын  құру.

          Бүгінгі  таңда  кәсіпкерлік  өзінің  құқықтық  мәртебесі  жағынан  жеткілікті  қорғалған  институтқа  жатпайды,  бұл  әсіресе  шағын  бизнеске  қатысты.  Шағын  бизнестің  ортақ  мүдделерін  және  әр  субъектінің  мүдделерін  қорғау  мемлекеттік  емес  ұйымдардың  рөлін  күшейту  мақсатында,  әр  түрлі  заңдарды  жүзеге  асыру  керек.  Кәсіпорынды тіркеу  процесі бастаушы  кәсіпкерлерге  өз  ісін  бастауда  үлкен  кедергі  келтіреді.  Жаңадан  құрылып  жатқан  кәсіпорындардың  тағы  бір  проблемасы – бұл  жарғылық  қорды  төлеу  мәселесі.  Жарғылық  қорды  төлеу  заңмен  бекітілмесе  де,  Президент  Жарлығы  негізінде  жүргізіледі.  Кейбір  кәсіпкерлер  бұл  талапты  орындай  алмайды.  Лицензия  беру  мәселесін  де  заңдық  жағынан  қайта  қарау  қажет.

          Шағын  және  орта  бизнесті  қаржыландыру  мәселелері.

     Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік   қолдау  бағыттарының бірі -  ол  мемлекеттің қаржы – несиелік  және  инвестициялық саясаты.  Қолайлы инвестициялық климат  жасау және  несиелеу  жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады.  Республикамызда шағын кәсіпкерлікті тиімді  қаржыландыру  үшін  қажетті  ресурстарға  деген  үлкен  тапшылық  орын  алып  отыр.  Қаржы  бойынша   бірқатар  мәселелер  шешімін  таппай  тұр:

- несие   алудың   шектеулігі;

- коммерциялық  банктердің  кепілдік  міндеттемені  жоғары  деңгейде  ұстауы;

- берілетін   несиенің  пайыздық  мөлшерлемесінің  жоғары  болуы  және  қысқа  мерзімділігі;

- шағын   кәсіпкерлікке  микро  несие   берудің  заңдылық  негізінің   жоқтығы;

-банктердің  шағын  кәсіпкерлікті  несиелеу  саясатының  анықсыздығы. 

         

 

 Қолданылған  әдебиеттер 

1.Экономикалық  теория  бойынша  практикалық   оқу  құралы.  Е. Б. Жатқанбаев. Алматы 2006ж.

2.Коммерциялық  кәсіпкерлік  негіздері.

С. Н. Нысанбаев.  Ж. Т. Қожамқұлова. Алматы 2004ж.

3.Бизнесті  бағалау. Ж. А. Асқарова.  Алматы 2006ж.

4.Қазақстан   экономикасын  басқару  негіздері. 

К. Б. Бердалиев.

5.Салықтық  құқық. С. М. Найманбаев.

6.Шағын   кәсіпкерлікке  арналған  салық   режимі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      

 

 

 Жоспар:

       Кіріспе.

І.Негізгі  бөлім.

1.1 Қазақстандағы   кәсіпкерлікті  басқару.

1.2.Кәсіпкерлік  қызметті  дамыту.

1.3.Шағын   бизнестің  мазмұны.

1.4.Қазақстанда   шағын  бизнестің  қалыптасуы  мен  дамуы.

      Қорытынды.

      Қолданылған  әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Шағын  кәсіпкерліктің  әлеуметтік – экономикалық дамуы.

 
 

 
 
 
 

                                                                                                                    
 

     Қорыта  келгенде  жалпы  өркениетті  елдердің  қай  қайсысын  алсақ  та  өздерінің  экономикалық  және  әлеуметтік  мәселелерін  шешуде  кәсіпкерлікке  арқа  сүйейді.  Себебі  кәсіпкерлік  халықтық  әл-ауқатын  арттырумен  қатар,  қосымша  жұмыс  орындарының  ашылуына  да  себебін  тигізеді.  Кәсіпкерліктің  осындай  және  басқа  да  экономикалық  және  әлеуметтік  функциялары  оны  дамыту  мәселесін  маңызды  мемлекеттік  міндеттер  қатарына  жатқызуға  және  экономиканы  реформалаудың  ажырамас  бөлігі  деп  қарастыруға  негіз  береді.  Техникалық  прогресс,  тұтынушы  сұранысын толық қанағаттандыру  кәсіпкерліктің   тиімділігіне  байланысты  болады. 

      Кәсіпкерліктің  түрлі  формаларының  өзара  тиімді  ынтымақтастық   құруы  келешегі  зор  бағыт.  Шағын  кәсіпорындар  ғылыми  техникалық  жетістіктерді   қабылдауға  анағұрлым    қабілетті,  нарықтағы  сұраныс  өзгерісіне  оңай  бейімделеді.  Сондай-ақ  ірі  кәсіпорындарға  тауарлар  жеткізу  мен  қызмет  көрсету  құқығы  үшін  өзара  бәсекеге  барады,  мұның  өзі  олардың  тұрақты  табыстарына  кепілдік  береді. Олар  ірі кәсіпорындардың орнықтылығын  және  өндірісдік  диверсификациясын қамтамасыз  етіп,  монополистік  бағытқа қарсы әрекет  етеді. 

       Жалпы  кәсіпкерліктің  экономикалық  белсенділігі  мен  әлеуметтік  бағдар  ұстауының  кепілі  оның  өздігінен  қоғамның  орташа  топтарына  жататындығы  емес,  оның  дәлеті  мен  тұрмысының  нақты  шынайы  меншікке  негізделуі  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  шағын  кәсіпорындар  жұмыс  істеп  тұрған  барлық  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  80 пайызын  құрайды.  Сонымен  бірге  кәсіпкерлікті  дамытуға  бағытталған  шешімдерді  орындауда  іркіліс  байқалады.  Бұл  жерде  басты  себеп- бюрократиялық  қысымдар.  Осындай  және  басқа  да  себептерге  байланысты  кәсіпкерлер  бөлігі  жасырын  салаға  өтіп  жатыр.  Осы  жағдайда  ескеретін  жәйт,  кәсіпкерлердің  құқығын  қорғайтын  жүйе  жасау,  тексеруші  органдардың  және  рұқсат  беруші  құжаттардың  санын  азайту.  Кәсіпкерлердің  жетпіс  пайызы  оларды  қолдайтын  аймақтық  программа  туралы  хабары  жоқ.  Мұның  өзі  әкімдер  жұмысы  формальді  сипатта  жүретінін  көрсетеді.  Кәсіпкерліктің  күрделі  мәселелерінің  бірі- несиелік ресурстарды  алудың  қиындығы.  Себебі  несие  алу  үшін  кепілге  қоятын  мүлік,  бизнес-жоспар  жоқ.  Осы  себептен  банктерде  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  қаржыландыруға  асықпайды.     
 
 
 
 
 
 
 
 

 Шағын   бизнес  бірқатар  экономикалық  және  әлеуметтік  проблемаларды   шешуде  маңызды  рөл  атқарады.  Шағын  бизнес  қалыптасуы  мен   дамуы  барысында   мемлекеттік  қолдауды  талап  етеді.  Себебі  ірі  кәсіпорындардың  монополиялық  әрекетінен,  экономикалық  өзгерістер  кезінде  шағын  бизнес  қиын   хал – жағдайда  болады.  Мемлекет  бизнестің  алдында  тұрған  кедергілерді  жоюға,  құқықтық  жағынан  көмек  көрсетуге,  өркениетті  нарықтық  қатынасты  орнатуға  ықпал   етуге  тиіс.

          Республикада  қабылданған  «Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік   қолдау  туралы»  заңға  сәйкес  ел  экономикасының  маңызды   салаларының  бірі  -  ауыл  шаруашылығында  бизнесті  дамытуда  орындалуы тиіс  шараларды атап  өткен қажет.

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару