Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 16:33, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда еліміздің ішкі экономикасында нарықтың қалыптасуы мен Қазақстанның халықаралық жүйедегі мәдениетті нарықтық қатынастарға көшу процесі жүріп жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу мен бәсекені дамыту барысында көптеген өндірістік кәсіпорындарда жалпы шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында айналым қаражаттарының жетіспеуі, ескірген технологиялар, өз жұмысын толық атқарған негізгі қорлар және мемлекет жанынан дұрыс ақша-несие саясатының болмауы сияқты әртүрлі қиындықтармен ұшырасады.Яғни әр адамда қалыптасқан ой – бұл әр істің бастауында ақша – қаражат керек

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорын жалпы анықтамасы, ұйымдастырылу процесі, формалары
1.1 Өндіріс – кәсіпорынның бастапқы негізі...............................................................4
1.2 Өндірісті ұйымдастыру процесі...............................................................................6
1.3 Өндірісті ұйымдастыру формалары........................................................................7
ІІ – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы
2.1 Өндірістік кәсіпорын – экономиканың ажырамас құрамдас бөлігі.....................8
2.2 Нарықтық жағдайда өндірістік кәсіпорындар шаруашылық қызметінің ерекшеліктері.................................................................................................................11
2.3 Өндірістік кәсіпорын қызметінің экономикадағы пайдалылығы.......................12

ІІІ – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорынның ұйымдастырылуы және қазіргі жағдайы, оны жетілдіру саясаты
3.1 ҚР өндірістік кәсіпорынның қазіргі жағдайы......................................................14
3.2 ҚР өндірістік кәсіпорынның дамуы мен әрі жетілдіру саясаты.........................16
3.3 Өндірісті ұйымдастыру – экономиканың бастапқы бөлігі..................................21


Қорытынды..................................................................................................................23

Пайдаланған әдебиеттер............................................................................................24

Работа содержит 1 файл

Өндірістік кәсіпорын жалпы анықтамасы, ұйымдастырылу процесі, формалары.doc

— 195.50 Кб (Скачать)

ІІ  – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы 

2.1 Өндірістік кәсіпорын – экономиканың ажырамас құрамдас бөлігі 

     Экономиканың  қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп - жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын  өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды. 
 

Өндірістік  кәсіпорын ішкі орта 

Адамдар Өндіріс қаржысы

   

 
 

 
 
 
 
 
 
 

   Қаншалықты  кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байлаыста болады. Оның негізгі белгілі мыналар:

  • ұйымдық бірлік: кәсіпорын - бұл белгілі түрде әшкә құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
  • белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;
  • мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;
  • мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
  • кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік формасына негізделеді;
  • шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
  • оперативті - шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәмәлелерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.

  Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл - әміршілдік экономика жағдайында мына тәсілмен жұмыс істейді:

 

             Бұл тәсілде ең негіздісі - ресурстар, атап айтқанда, олар  шектеулі өнім шығарылымның көлемі  болып саналады. Сонымен жоспарлы  экономика жағдайында кәсіпорындарда  өнім  шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады.Қазақстан кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бұл жөніндегі жағдай түбірінен өзгерді. Кәсіпорындар бүгінде бүтіндей қарама - қарсы басқа тәсілде жұмыс істеуге мәжбүр болды: 
 

 
 
 

       Бұл тәсілде негіздісі - сатып  алушылардың ұранысы, яғни өзінің  өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық  жағдай, сатып алушылардың сұрау  салуларын, нарық сиымдылығын,  әлеуетті бәсекелес өнімдері  сапалылығының және т.б. нарықтық эономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену қажет. Жасыратыны жоқ, көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептермен аталған тәсілмен жұмыс стеуге қабілетсіздігін көрсетті және де дайын демес еді, олардыңішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге, ал кейбіреулері өтіп жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбеді,қайтадан жоспарлы экономика дәуіріне қайтып келуіне үміттенді жіне күтті де.

  • КСРО - ның ыдырауы өндірістік және кооперативтік байланыстардың бұзылуына әкеліп соқтырды;
  • Нарықтық қатынастарға өту инфляцияға және шектен тыс инфляцияға жалғасып, кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне, әсіресе оларды айналым қаражаттарымен қаматамасыз етуге айтарлықтай жағдай жасалынбады;
  • Көптеген отандық кәсіпорындардың өнімдері бәсекеге жарамсыз болды;
  • Көптеген кәсіпорындар әлі де болса нарықтық қатынастарға бейімделе алмады;
  • Қазақстанның рыногындағы импорттық тауарлардың молықтырылуы аз болды;
  • өтпелі кезеңде мемлекет Қазақстандағы өркениетті рыноктың жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасай алмады.

Міне, осы  және басқа да себептер ақырында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайын нашарлатуға және елімізде экономикалық дағдарысты ұзартуға әкеліп соқтырды.

Өтпелі  кезең біздің республика үшін тек  жағымсыз салдармен ғана емес, сонымен  қатар кейбір онды мезеттермен сипатталады. Атап айтқанда:

  • кәсіпорындар бірте - бірте рынокқа бейімделіп, шыныныда сатып алушылардың мұқтажын қанағаттандыра алатын өнімдерді өндіре бастады;
  • көптеген кәсіпорындар инфляцияның құлдырауы жағдайында өндіріс шығындарын азайту, өнімдерді өкізу, оның сапасын жақсарту - қаржылық сәттілікті дұрыс шешудің бірден - бір жолы екенін түсіне бастады,
  • рыноктар тауарлармен толықтырылып, кейбір экономикалық салаларда кәнәтарсыз бәсеке пайда болды.

Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеннің ерекшеліктерін ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап,бұл дамуды шапшандату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды экономикалық тұтқыларын пайдалану болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2 Нарықтық жағдайда өндірістік кәсіпорындар  шаруашылық қызметінің ерекшеліктері 
 
 

            Жоғарыда айтылғандай, кез келген өндірістік кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.

            Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бенесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндттеріне жататындар.

  • Жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету,
  • өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік рсурстарды ұқыпты пайдалану;
  • кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
  • ғылыми - техникалық  жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
  • өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңызыдылығы, олардың тіршілік денгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси - психологиялық ахуалды жақсарту;
  • кәсіпорыннң шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау,
  • баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды әске асыру.

          Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межеленген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн.

          Қазіргі заман жағдайында көптеген отандық кәсіпорындардың алдында кәмілдік басқа мақсаттар мен міндеттер тұр, ал пайда табу бірінші орында болмай отыр. Көптеген кәсіпорындардың басшылары бұл кезеңдегі негізгі мақсаттары олар үшін - өнімді өткізу, кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақыларын уқтылы төлеу деп есептейді.

           Осы кезенгдегі қиындық жағдай  Қазақстан экономикасы үшін жақын  арада бастан өтеді, кәсіпорындар бірте - бірте қалыпты жұмыс істейді, нарықтық  экономикаға тән алға қойылған мәндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді, үдемелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда, кәсіпорындарында оғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үміттенуге болады. 
 
 
 
 
 

2.3 Өндірістік кәсіпорын қызметінің экономикадағы пайдалылығы 
 
 

Тиімділік деп өндіріс кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:

  • Өндірістік кәсіпорынның тапқан пайдасының өндрістің негізгі және айнымалы қорларының құнына қатысы;
  • Өндірістік кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы.

      Кәсіпорын қызметінің тиімділік денгейін бағалау  үшін алынған нәтижеге кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.

          Практикада пайдалылық мөлшерін  өлше екі нұсқада пайдаланады.  Бұл пайданың ағымдағы шығындарымен  қатынасы немесе аванстық жұмсау. Бұл екі өлшеуші аванстық жұмсау айнаоымы жиынтығының көрсеткішіне өзара байланысты. Кәсіпорынның пайдалылылқ мөлшерін мына төмендегі формуламен есептеуге болады:

                                        (Б – Қ)

                           Пм

                                       Нқ - Ақ 

Мұнда: Ө - өнім көлемі;

               Б - өнім өлшемнің базасы;

               Қ - өзіндік құн;

            Нқ - негзгі өндірістік қорлардың  құны;

      Ақ - айналмалы қаражаттың көлем. 

            Практикада кәсіпорын қызметінің бірнеше пайдалылылық көрсеткіштері қолданылады.

            1.Өнімнің пайдалылығын барлық  сатылған өнімнің және оның  жеке түрлерінесптегенде ғана  мүмкін болады.  Бірінші жағдайда  ол өңімді сатқандағы пайданың  және оны өндіруге және сатуға  кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылғын тауарл өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады; баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім; таза пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарынының тиімділігі және өнммді сату табысы жөнінде түсінік блдіреді.

             2. Өндіріс қорларының пайдалылығы  баланстық пайданың негізгі өндірістік  қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да септеуге болады.

              3. Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы  оның қарауындағы мүліктердің  құны арқылы есепелінеді. Еептегенде  баланстық жне таза пайданың  көрсеткіштерін пайдаланады.

Кәсіпорынның  жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.

      Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие  бойынша процент мөлшерлемесі:

  • Басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түскен табыстар;
  • құнды қағаздардан  түскен табыстар;
  • алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.

              Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету - шаруашылықты жүргізудің әртүрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр.

             Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

              Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық  резервтерін тауып, пайдаланудың  негізгі бағыттарын қорытындылауға  талпыныс жасалса, онда оларды үш опқа бөлуге болады.

             Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдаланаылуын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижеллігін жақсартудың есебінен арттырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорынның ұйымдастырылуы және  қазіргі  жағдайы, оны жетілдіру  саясаты

3.1 ҚР өндірістік кәсіпорынның қазіргі жағдайы

           Өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі2008 жылғы II тоқсанда 840 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарынан астамы, тоқсандық сұраулар нәтижелері бойынша, осы экономикалық салада салыстырмалы қолайлы экономикалық конъюнктураның сақталғанын көрсетеді. Нақтылап айтқанда, респондерттердің көпшілігі (81%-дан астамы) өнеркәсіптік кәсіпорындарда экономикалық жағдайды «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп бағалады. 2008 жылғы II  тоқсанда зерттелген кәсіпорындар басшыларының көпшілігі сұраныс пен өнімнің негізгі түрі шығарылымының өзгерісін бағалаулары, 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нашарлады. Осылайша, 2008 жылғы  IІ тоқсанда сұранысты бағалаудың өзгеру балансы (+7)% құрады, 2007 жылғы сәйкес кезеңде (+13)% болған, өнім шығаруды бағалаудың өзгеру балансы – тиісінше (+7)% және (+14)%. Өндірістік қуаттарды қосудың орташа деңгейі 2008 жылғы IІ тоқсанда 2007 жылғы  ІI тоқсанмен салыстырғанда өзгерген жоқ және 65% деңгейінде қалды.  2008 жылғы ІІ тоқсанда зерттелген өндірістік кәсіпорындары басшыларының сұраныс жағдайына және өндірістік келешекке қатысты келесі тоқсанға болжамдық бағалауы 2007 жылғы ІІ тоқсанға қарағанда төмендеу болды. Кәсіпкерлік сенімділік индексі 2008 жылғы ІІ тоқсанда жалпы зерттелген кәсіпорындар бойынша 2008 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсіп, (+8)% құрады, бұл 2007 жылғы ІІ тоқсанда алынған көрсеткіштен 2 пайыздық тармаққа төмен.  2008 жылғы ІI тоқсанда  2007 жылғы ІI тоқсанмен салыстырғанда кәсіпкерлік сенімділік индексінің төмендеуі өңдеу және кен өңдіру өнеркәсібі кәсіпорындарында  тиісінше 4 және 3 пайыздық тармаққа байқалды, сол уақытта электр энергиясы, газ бен суды өндіру және бөлу кәсіпорындарында бұл көрсеткіш 2007 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа өсті.

Информация о работе Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы