Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 16:33, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда еліміздің ішкі экономикасында нарықтың қалыптасуы мен Қазақстанның халықаралық жүйедегі мәдениетті нарықтық қатынастарға көшу процесі жүріп жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу мен бәсекені дамыту барысында көптеген өндірістік кәсіпорындарда жалпы шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында айналым қаражаттарының жетіспеуі, ескірген технологиялар, өз жұмысын толық атқарған негізгі қорлар және мемлекет жанынан дұрыс ақша-несие саясатының болмауы сияқты әртүрлі қиындықтармен ұшырасады.Яғни әр адамда қалыптасқан ой – бұл әр істің бастауында ақша – қаражат керек

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорын жалпы анықтамасы, ұйымдастырылу процесі, формалары
1.1 Өндіріс – кәсіпорынның бастапқы негізі...............................................................4
1.2 Өндірісті ұйымдастыру процесі...............................................................................6
1.3 Өндірісті ұйымдастыру формалары........................................................................7
ІІ – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы
2.1 Өндірістік кәсіпорын – экономиканың ажырамас құрамдас бөлігі.....................8
2.2 Нарықтық жағдайда өндірістік кәсіпорындар шаруашылық қызметінің ерекшеліктері.................................................................................................................11
2.3 Өндірістік кәсіпорын қызметінің экономикадағы пайдалылығы.......................12

ІІІ – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорынның ұйымдастырылуы және қазіргі жағдайы, оны жетілдіру саясаты
3.1 ҚР өндірістік кәсіпорынның қазіргі жағдайы......................................................14
3.2 ҚР өндірістік кәсіпорынның дамуы мен әрі жетілдіру саясаты.........................16
3.3 Өндірісті ұйымдастыру – экономиканың бастапқы бөлігі..................................21


Қорытынды..................................................................................................................23

Пайдаланған әдебиеттер............................................................................................24

Работа содержит 1 файл

Өндірістік кәсіпорын жалпы анықтамасы, ұйымдастырылу процесі, формалары.doc

— 195.50 Кб (Скачать)

     Кәсіпорынның  ұйымдастыру нысандарының түрлері

       Қазақстанда «меншік туралы»  Заңға сәйкес кәсіпорындар мемлекеттік,  жеке меншіктік, сол сияқты  меншіктің аралас нысанасы түрінде  құралады және іс істей алады.

     Мемлекеттік кәсіпорындар  мұнда негізгі құралдар мемлекеттің меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.

     Мемлекеттік холдинг - Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерінің сақталуына акциялардың бақылау пакеті арқылы бірыңғай бақылау жасауды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстанда  мемлекеттік акционерлік кәсіпорындары құрылғанда халық шаруашылығы салаларында көптеген холдингтер көріне бастады. 
 
 

3.3 Өндірісті ұйымдастыру – экономиканың бастапқы бөлігі 
 

           Қосудың – еңбек затын, құралын ниенсивті қолдануға ең алдымен өңдіріс процесін үздіксіздігі ықпал етеді.

           Мыс: қара металлургияда донна пештері бірнеше жыл қатарынан үздіксіз жұмыс жасайды. Жабдықтардың көпшілік бөлігі өнімнің бірнеше түрін өңдеуге қолданылады. Мыс: кептіру, құрғату, сақтау, араластыру процестері, шикізаттан бірнеше пайдалы компоненттерді алумен бір уақытта жүреді. Ал оларды бөлек жасаған кезде қосымша жабдықтар керек және өңдіріс процесі қайталануы тиіс.

         Өндірістерді қосуда еңбек заттары тиімді қолданылады, оларды кешенді қолдану арқасында қалдық қалмайды. Қалса да, әрі қарай пайдалануға болады.

«Қосуды»  дамыту жаңды, еңбекті тиімді қолдануға  мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігі өседі. Қосылған өңдірістерде жұмыстардың бір бөлігі бір емес бірнеше өнім өндіреді. Сондай – ақ автоматтандырылған өндіріс өнім өнімділігін арттырады. Жаңды және затқа айналған еңбекке қалдық материал сыйымдылықпен капитал сыйымдылықты төмендету арқасында өндірістерді қосу өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.

        Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.                                    

        Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы(мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.                                                                                                                  

         Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.                                                                                  

       Өндірістік кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығында-ғы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, соны-мен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. 

       Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.                                                                                     

       Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:                                                                                                                                    

•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;                                                                             

•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;                                                                          

•төленген жарғылық капиталдың мөлшері;                                                                           

•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динами-касы;                                                                                                           

•қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;                                                                    

•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.                                                                                               

        Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады.Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша мы-найдай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің құрастыру көздерінің сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға негізделеді.Айта кеткен жөн, қаржылық тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсе-тілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай оты-рып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рен-табельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет. Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражат-тарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі  коммерциялық және банктік несиелер болып табылады. Стратегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны іске асыруға қажетті қаржы қаражаттарының бар болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.Кәсіпорынның стратегиясы қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс. Өндіріс кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау  оның өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті. Өндіріс кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

   И.А.Бланк  өз еңбегінде іскерлік белсенділікті  арттырудың мынадай жолдарын атап көрсетеді:

   1. Айналымдағы табыстың үлесін  арттыру, яғни бұл негізінен  шығындарды азайтуға бағытталады.  Осы мақсатта шығындардың қалыптасуына  үнемі бақы-лау жасалынып отырады.

   2. Активтердің айналымдылық жылдамдылығын  арттыру, яғни кәсіпорын қызметінің рентабельділігін арттыру болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

          Қоғамды өндіру күштері өңдірістік қатынастардың даму денгейі еңбек бөлінісімен оны қоғамдандыру дәрежесімен сипатталады. Өндірістік процестерде еңбек бөлінісімен оны қоғамдандыру болып табылады. Өнімді жасау бойынша операцияларды жіктеумен шоғырландырудан көрінсе, қоғамдық өндіріс денгейінде өндірісті салалық жіктеундірумен шоғырландырудан көрінеді. Шоғырландыру қоғамдық өндірістің негізгі формасы болып табылады және барлық ірі кәсіпорындарда өндірісті топтау процесін білдіреді. Жалпы өндірістік кәсіпорынды талдап келгенде. Көптеген факторлар өндірістік кәсіпорында экономикалық қатынастардың даму жағдайында негізгі шаруашылық өнімнің сапасын басқару экономикалық өсудің, табыс табудың, кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігінің маңызды факторларының бірі. Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау үшін мынадай көрсеткіштер пайдаланылады: жалпы өнім мөлшері, жалпы табыс, тауарлы өнм, өзіндік құн, баға, пайда, рентабельдік, еңбек өнімділігі т.б. Кәсіпорын экономикасы басқару үрдісінде    адамдардың  өзара  қатынасын  зерттейтін   басқарудың  маңызды  бөлігі    болып табылады. Қазақстан Республикасында қандай да болмасын кәсіпорынды дұрыс құрып, оның қаржысын дұрыс басқаруы – экономиканың тұрақты дамуына, яғни қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарта беруге ықпал етеді. Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтіп, нәтижесінде өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты.Саудада жоспарлау мен есеп жүргізудің практикасында жалпы табыс деп сауда үстмелерінің сомасын, қоғамдық тамақтануда сауд үстемелері мен қымбаттанудың сомасын айтады. Бұл анықтама бостан босқа келтірілген емес, себебі ең алдымен табыс, пайда, өнім. Осындай нәтижелер күтілуде. Сол үшін дарынды басқарушы ізделінуде, оқытылуда. Осындай нәтижелер әлемнің ең күшті деген елдерімен тең жағдайда сөйлесе алатын Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыру және нарық жүйесінің мөлдірлігін қамтамасыз ету негізгі факторлар болуы тиіс. Бұл міндеттерді шешу Президенттің биылғы Жолдауының басты мақсаттарының бірі болып табылады. Өтпелі кезеңде жаңа экономиканы құру күрделі мәселенің бірі болып келетінін өткен жылдар анық көрсетті. Елбасы, Үкімет пен Парламент экономика қарқынының өсуі мен оның дамуы үшін аянбай атсалысты. Басты мақсаттар мен міндеттерді, сонымен бірге оларға жету жолдарын айқындайтын Даму стратегиясының уақытында әзірленгені дәлелденіп, қол жеткен табыстардың кепілі болды. Ұлттық экономиканың шаруашылық жүргізу субьектісінің бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктері, сапалы жаңа деңгейге жетуі Қазақстанның әлем қоғамында әйгілі болғанын көрсетті. Бүкіләлемдік банк елімізді инвестицияларға ең қолайлы әлемдегі 20 мемлекеттердің тізіміне қосты. Алғашқы кезде экономикамыздың белсенділігі бүгінгі күнде үлкен табыстардың кепілі болғанын айтып кету орынды. “2003-2015 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясының” бірінші кезеңін іске асыру экономикамыздың өсу көрсеткіштерін өзгертуге ықпал етті. 

Пайдаланған әдебиеттер 
 
 

  1. «Менеджмен  негіздері» Ахметов К., Сағындықов Е.Н.., Ақтөбе 2005 ж – 519 бет
  2. «Кәсіпорын экономикасы» Мейірбеков А.Қ. Алматы 2003 - 252  бет
  3. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
  4. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
  5. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
  6. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж.  «Экономика».
  7. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.

  М.Б.  Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік  негіздері»

8.  А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.

9. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.

10. В. М. Власова, «Основы предпринимательской деятельности», Москва 1996ж.

11.  Р.Елемесов, Е. Жатқанбаев, «Государство и рынок», Алматы, «Қаржы-қаражат», 1997ж.

12. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы «Инкар», «Тұлға», 1993ж.

13. К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов, «Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы, 2001ж.

14. Б.Сабырбаев «Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі», Алматы «Қазақстан» 1993ж.

15. Н. К. Мамыров, «Менеджмент и рынок: Казахстанская модель», Алматы 1998ж.

16. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.

17. «Кәсіпкерлік негіздері»  Бисенғазиев.М.Б., Хамитов А.Ш. Орал  2001 – 242 бет 
 

Информация о работе Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы