Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 16:33, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда еліміздің ішкі экономикасында нарықтың қалыптасуы мен Қазақстанның халықаралық жүйедегі мәдениетті нарықтық қатынастарға көшу процесі жүріп жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу мен бәсекені дамыту барысында көптеген өндірістік кәсіпорындарда жалпы шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында айналым қаражаттарының жетіспеуі, ескірген технологиялар, өз жұмысын толық атқарған негізгі қорлар және мемлекет жанынан дұрыс ақша-несие саясатының болмауы сияқты әртүрлі қиындықтармен ұшырасады.Яғни әр адамда қалыптасқан ой – бұл әр істің бастауында ақша – қаражат керек

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорын жалпы анықтамасы, ұйымдастырылу процесі, формалары
1.1 Өндіріс – кәсіпорынның бастапқы негізі...............................................................4
1.2 Өндірісті ұйымдастыру процесі...............................................................................6
1.3 Өндірісті ұйымдастыру формалары........................................................................7
ІІ – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы
2.1 Өндірістік кәсіпорын – экономиканың ажырамас құрамдас бөлігі.....................8
2.2 Нарықтық жағдайда өндірістік кәсіпорындар шаруашылық қызметінің ерекшеліктері.................................................................................................................11
2.3 Өндірістік кәсіпорын қызметінің экономикадағы пайдалылығы.......................12

ІІІ – ТАРАУ. Өндірістік кәсіпорынның ұйымдастырылуы және қазіргі жағдайы, оны жетілдіру саясаты
3.1 ҚР өндірістік кәсіпорынның қазіргі жағдайы......................................................14
3.2 ҚР өндірістік кәсіпорынның дамуы мен әрі жетілдіру саясаты.........................16
3.3 Өндірісті ұйымдастыру – экономиканың бастапқы бөлігі..................................21


Қорытынды..................................................................................................................23

Пайдаланған әдебиеттер............................................................................................24

Работа содержит 1 файл

Өндірістік кәсіпорын жалпы анықтамасы, ұйымдастырылу процесі, формалары.doc

— 195.50 Кб (Скачать)

Зерттелген  кәсіпорындардың  өндірістік қызметі

     2008 жылғы ІІ тоқсанда 2007 жылғы ІІ тоқсанмен салыстырғанда зерттелген кәсіпорындардың өнімдеріне сұраныстың төмендеуі байқалды. 2008  жылғы ІІ тоқсанда өнімге сұранысты бағалаудың өзгеру балансы (+7)% құрады, 2007 жылғы ІI тоқсанда (+13)%.  Сұраныстың елеулі көтерілуі өңдеу кәсіпорындары өнімдерінде болды, ал неғұрлым көп қысқаруы электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу кәсіпорындарында тіркелген. Сұраныс деңгейіне келсек, онда сұралған кәсіпорындардың жартысынан астамында (54%) ол өзгеріссіз қалды (2008 жылғы I тоқсанда – 58%).Сұраныстың қалыпты деңгейі сақталған кәсіпорындардың көп саны кен өңдіру және электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу өнеркәсібінде тіркелген. Жалпы зерттелген кәсіпорындар бойынша өнім шығаруды бағалаудың өзгеру балансы 2008 жылғы ІI тоқсанда (+7)% құрады (2007 жылғы ІI тоқсанда – (+14)%).  Көрсеткіштің жағымды серпіні кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде байқалды. 2008 жылғы IІ тоқсанда дайын өнім қорлары деңгейінің жоғарылағаны тіркелді. Сонымен, көрсеткішті бағалаудың өзгеру балансы 2007 жылғы ІІ және 2008 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда тиісінше  2 және 5 пайыздық тармаққа көбейіп, (+3)% құрады.    2008 жылғы ІІ тоқсанда 2008 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда жеке алынған барлық салаларда да, тұтастай өнеркәсіпте де негізгі капиталға және жабдықтарға салынған инвестициялардың өскені байқалды. Бірақ, 2007 жылғы ІІ тоқсанмен салыстырғанда өнеркәсіптің барлық салаларындағы кәсіпорындарда негізгі капиталға және жабдықтарға салынған инвестициялардың азаюы байқалады.    Респондерттердің жартысынан астамы (68%) негізгі капиталға және жабдықтарға инвестицияларды жұмсау үшін қаржыландыру көздерінің жетіспеуін, 18%-нан астамы – коммерциялық несиенің жоғарғы пайызын, 9%-ы – инвестициялық жобаның жоғарғы құнын белгіледі. Сонымен қатар, үштен бірінен азы (26%) өздерінің кәсіпорындарында инвестициялық қызметін шектейтін факторлар жоқ екенін айты.2008 жылғы ІІ тоқсанда кәсіпорындардың көбінде (65%) жұмыспен қамтылғандар саны  іс жүзінде өзгеріссіз қалды. 2008 жылғы ІІ тоқсанда жұмыспен қамтылғандар санын бағалаудың өзгеру балансы (+1)% құрады, 2007 жылғы ІІ тоқсанда ол (+5)% болған. Осыған ұқсас жағдай өнеркәсіптің барлық салаларында қалыптасқан.

Бағалардың  өзгеруі

     2008 жылғы IІ тоқсанда, кәсіпкерлер  бағалауы бойынша, өткізілетін  өнімге бағаның қарқынды өсуінің  үрдісі сақталды. Көрсеткішті бағалаудың өзгеру балансы (+39)% құрады,  2008 жылғы I тоқсанда (+38)%. Мұның өзінде, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу кәсіпорындарында бағалардың ең ауқымды өсуі байқалды. Сұралған кәсіпорындар басшыларының жартысынан астамы (60%), әдеттегідей, шикізат пен материалдарға бағалардың өсуін белгіледі. Шикізат пен материалдарға бағалардың ең үлкен өсу қарқыны өңдеу өнеркәсібі және электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу кәсіпорындарында байқалды. Кәсіпкерлердің жақын кезеңге инфляциялық болжамы ағымдағы жылғы І тоқсанмен салыстырғанда өзгерген жоқ. Сонымен ағымдағы тоқсанда өткен тоқсандағыдай респонденттердің үштен бірінен астамы 37%-ы жақын арада өткізілген өнімге бағаның өсуін болжамдады. Жалпы сұралған кәсіпорындардың жиынтығынан өткізілген өнімге бағалардың өсуін, жиі электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу өнеркәсібі кәсіпорындарының басшылары күтуде.      

 Қаржы-экономикалық жағдай

     2008 жылғы ІІ тоқсанда сұралған  кәсіпорындардың көбінде (62%) меншікті  қаржы қаражатымен қамтамасыз  етілу жағдайында елеулі өзгеріс болған жоқ. Меншікті қаржы қаражатымен қамтамасыз етілуді бағалаудың өзгеру балансы 2008 жылғы ІІ тоқсанда 0% құрады (өткен тоқсанда - (-4)%), бұл 2007 жылғы ІІ тоқсанға қарағанда 7 пайыздық тармаққа төмен.Осы көрсеткішті бағалаудың өзгеру балансының оң мәні 2008 жылғы ІІ тоқсанда зерттелген кен өңдіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында қалыптасты.Сұралған кәсіпорындардың 25%-нан азы елдің түрлі банктерінде кредитор және қарыз алушы болып табылады, 63%-ында кредит пен қарыз алуымен қамтамасыз етілуі өткен тоқсанмен салыстырғанда өзгерген жоқ, 19%-ында өсті және 18%-ында кредиттер мен қарыздар азайды.  

3.2 ҚР өндірістік кәсіпорынның дамуы мен әрі жетілдіру саясаты 

     Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан  үшін өндірістік кәсіпорынды дамыту мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы фактордардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар, іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі. Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Өндіріс кәсіпорынды осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады. Кәсіпкерліктің түрі формаларының өзара тиімді антымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта колсалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөль атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке  өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ біртұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш, маңызды фактор болып есептелінеді. Сонымен қатар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.

     Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды  жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті  дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды. Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – «кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталды. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды. Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Өндіріс кәсіпорынды, яғни кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен хұқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет. Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы жағынан әр түрлі болып келеді. Құқықтық және өндірістік жағынан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді. Олар: шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, сондай-ақ мемлекеттік секторында – мемлекеттік немесе ұлттық және муниципалдық кәсіпорындар. Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты бағыттары мен мақсаттары айқындалады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз – аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады. Республикада «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту» Қоры құрылып, Президент жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту жайындағы» мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Жалпы бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың 1994-1996жж. арналған бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты – экономикада жеке меншіктік секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел Президентінің «Азаматтар жөніндегі хұқығын қорғау туралы» жарлығының қабылдануы мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін республика кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форумында да осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып, оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен оларды жою бағыттары қарастырылады.

     Әрине, кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдастырушылық негізін құруда әлі де болса шешімін  күткен мәселелер айтарлықтай. Оның үстіне лицензия беруші, тексеруші органдардың көптігі, кеден және салық заңдарының жетілмегені, кемшіліктер, несие алудың қиындығы, кәсіпкердің мүддесін қорғайтын органның болмауы, бюрократия кәсіпкерлікті дамытуға елеулі кедергі жасайды. Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерінің сандық үлесі артса да, одан түсетін салықтық кіріс мөлшері аз. Бюджетке салықтың аз түсуі салық жүйесінің жетілмегені де әсер етеді. Себебі салықтың жоғары болуынан кәсіпкерлер табыстарын жасырады.

     Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

  • мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;
  • мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;
  • жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;
  • кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;
  • кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;
  • тексеруші органдар санын қысқарту;
  • заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.

     Жоғарыда  аталған факторлар кәсіпкерлік  субъектілерін «көлеңкелі экономикаға», салық төлеуден жалтаруға итермелейді. Қазіргі кезде бизнестегі кризистік процестер оның жүйесіз және хаостық түрде құрылғандығымен айқындалады. Бұл жағдайдың басты себебі – несие алудың жоқтығы ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының жоқтығы. Бұл шараның көмегімен шағын және орта кәсіпкерлік нарықта өз арнасын, жаңа нарықтарды, жаңа тауар түрлерін алады, сонымен қатар экономикада бәсекені жақсартады.

     Нарықтық  экономика жағдайында кәсіпкерлік  – шаруашылық қызметінің маңызды  түрі. Оның рөлін Адам Смит былай  деп бағаланған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.

           Жоғарыда айтылғандай, кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кәсіпорынды дамытудағы стратегиялық басқару 

 
 
 

 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          

  Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бенесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндттеріне жататындар.

  • Жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету,
  • өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік рсурстарды ұқыпты пайдалану;
  • кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
  • ғылыми - техникалық  жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
  • өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңызыдылығы, олардың тіршілік денгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси - психологиялық ахуалды жақсарту;
  • кәсіпорыннң шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау,
  • баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды әске асыру.

          Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межеленген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн.

          Қазіргі заман жағдайында көптеген отандық кәсіпорындардың алдында кәмілдік басқа мақсаттар мен міндеттер тұр, ал пайда табу бірінші орында болмай отыр. Көптеген кәсіпорындардың басшылары бұл кезеңдегі негізгі мақсаттары олар үшін - өнімді өткізу, кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақыларын уқтылы төлеу деп есептейді.

           Осы кезенгдегі қиындық жағдай  Қазақстан экономикасы үшін жақын  арада бастан өтеді, кәсіпорындар бірте - бірте қалыпты жұмыс істейді, нарықтық  экономикаға тән алға қойылған мәндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді, үдемелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда, кәсіпорындарында оғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үміттенуге болады.

Информация о работе Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономиканың байланысы