Маржиналды табысты таладу

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 15:24, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмыстың мақсаты кәсіпорында маржиналды табыс көлемін дұрыс шығару болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
кәсіпорынның техникалық­экономикалық көрсеткешін зерттеп, талдау жасау
кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттеу
кәсіпорынның экономикалық жағдайын бағалау
маржиналды табыс көлемін анықтау
маржиналды табысты есептусуді жетілдіру

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................

1 «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ¬НЫҢ ҚАРЖЫ¬ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА........................................................................................................ 5
1.1 «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ¬НЫҢ қазіргі жағдайы: қызметі, құрылымы...... 5
1.2 Кәсіпорынның экономикалық жағдайын бағалау......................................... 5

2 «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ¬НЫҢ МАРЖИНАЛДЫ ТАБЫСЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ................................................................................................................ 8
2.1 Маржиналды табыс туралы түсінік................................................................8
2.2 Маржиналды табыс көлемін талдау...............................................................10
2.3 Маржиналды табысты есептеуді жетілдіру...................................................16

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................23

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................24

Работа содержит 1 файл

МФА Маржиналды табысты талдау.docx

— 56.98 Кб (Скачать)

Шаруашылық қызмет тиімділігінің  негізінде өндірісті интенсификациялау  қажет. Ұйымның  экономикалық дамуының экстенсивтік және интенсивтік көрсеткіштерінің сан қатынасы өндірістік және қаржылық ресурстарды пайдалану көрсетіштері арқылы көрсетіледі.

Өндірістің техникалық –  ұйымдастырушылық деңгейінің қарқындылығы өндірістік және қаржылық ресурстар  пайдалануының интенсификациялау  көрсеткіштері арқылы көрінеді, яғни басқарудың жетілдіруі еңбек өнімділігінің, материал қайтарымының, негізгі өндірістік қорлардың қор қайтармының және айналым қаржылар айналымдығының қарқындылығында көрсетілуі тиісті. Осы көрсеткіштердің қарқындылығы бойынша нарықтық экономикаға бағытталған басқару реформалауының тиімділігін сипаттауға болады. Бұл маржиналдық табыс әдістемесі негізінде қарастырылады.   

 

2.3. Маржиналды табысты  есептеуді жетілдіру

 

 

Нарық экономикасының маңызды  санатының бірі-табыс (пайда) болып  саналады, соған қарамастан мемлекеттерде  пайда таппайтын ұйымдар да бар. Кәсіпорындардың дамуында табыс  басты рөлді атқарады. Табыс санаты капиталмен, пайызбен және көптеген басқа  санаттармен үздіксіз байланысты. Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндірістің тікелей мақсаты-табысты жоғары деңгейге жеткізу. Бұны шешуде маржиналдық  табыстың аудиті мен талдауының маңызы зор.

Маржиналдық табыстың  талдауын жан-жақты кешенді зерттеу негізінде  мынадай қорытындылар шығарылуы  мүмкін:

    1. Қазақстан Республикасы бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру жағдайын жоспарлап отырғанда аудит пен талдаудың рөлі жоғарылайды, мұнда бастапқы  орын табыстың аудитіне беріледі, ал оның ішінде маржиналдық табыстың, себебі оның талдау нәтижелері бойынша оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылданады. Осы жағдайларда әрбір жеке кәсіпорын өзіндік құны төмен, сапасы жоғары, ассортименті кеңейтілген өнім шығаруға тиісті. Бұл іске асырылмаған жағдайда кәсіпорын тіршілік ете алмайды, яғни банкроттыққа ұшырауы мүмкін.
    2. Маржиналдық табыстың талдауын іске асыру үшін кәсіпорын есебіне «директ-костинг» жүйесін енгізу қажет, себебі отандық кәсіпорындарда әлі де толық өзіндік құнның есебі жүргізіледі, яғни үстеме шығындар өнім түрлері бойынша таратылады. «Директ-костинг» жүйесін біздің Республикада бухгалтерлік есеп реформалауына дейін тәжірибеде қолданбайтын. Бұның себептерінің ішінде экономиканың барлық салаларында бір тәртіп бойынша шығындардың жіктелуін, ақырғының салық заңымен тығыз байланыста болуын, табыс салғын азайту мақсатымен өнімнің өзіндік құнына кәсіпорындар шығындарды максимальді деңгейде енгізгілері келетінін айтып кетуге болады. Қазіргі уақытта кәсіпорындардың экономикалық мәртебесі жоғарылаған жағдайда және шығарылатын өнімнің көлемі мен ассортиментін өзі жоспарлағанда, бағаларды өзі анықтаған уақытта, бухгалтерлік есепке өзгертулер енгізу қажет болды. Халықаралық стандарттар негізінде қаржылық есеп беруге көшу кәсіпорындарда «директ-костинг» жүйесін пайдалануға мүмкіндік береді. Тұрақты және ауыспалы шығындардың жіктелуінде негізделініп, басқарушылық есептің жүйесі ретінде «директ-костинг» түрлері, қалыптасу орындары бойынша шығындар есебінен, өндірістік қызмет қортындыларының  есебінен, өндірістік  қызмет қорытындыларының есебінен, шығындар мен нәтижелерді талдаудан және  басқарушылық шешімдерді қабылдаудан тұрады. Нарық экономикасының етеулі белгісі болғандықтан ет өнекәсібінің кәсіпорындарына бұны енгізу қажет.
    3. «Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының  »   2003 жылға арналған негізгі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша ҚР ауыл шаруашылығын министрлігі Қазақстан Республикасының  2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын әзірледі. Осы бағдарламаның мақсаты  - агроөнеркәсіптік тиімді үйлесін қалыптастыру және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  Бағдарламаның мақсатына жету үшін кейбір міндеттерді шешу көзделеді: халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; аграрлық бизнестің қамтамасыз ету; аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру; ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға сату көлемін ұлғайту; ауыл шаруашылығы өндірісін мемелекеттік қолдау шараларын ұтымды ету. Қаржыларды қайнар көздерінің ішінде Қазақстан Республикасының жне жергілікті бюджеттердің қаражаты, қарызға алынған қаражат, тікелей инвестициялар, гранттар, қаржы институттарының қаражатын айтып өтсек артық болмайды. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже -  халықтың  тұрмыс деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін экономика саласының серпінді өсуіне қол жеткізу. Қазақстан Республикасы бойынша технологиялық құрал-жабдықтың құатын арттыру жне жаңарту, шикізат сатып алуды жетілдіру есебінен 2005 жылы өнеркәсіп өндірісі 2001 жылғы деңгеймен салстырғанда: ет  пен қосымша тағам өнімдері бойынша 3,7 есе, ал шұжық өнімдері 2,9 есе ұлғайды. Ішкі нарықта қайта өңдеу саласыөнімнің жеке түрлерінің үлес салмағы кейбір өнімдер бойынша 2005 жылы 330 жұмыс орыны қайта қалпына келеді деп жоспарланп отыр. Бұны іске асыру үшін маржиналды табыс аудиті мен талдауның мүмкіншіліктері қолдануға тиісті. Экономикасы жетілдрілген мемлекеттерде маржиналды табыс әдістемесі кеңейтіліп қолданылады. Отандық кәсіпорындарда осындай талдауды пайдалану арқылы өндірістік қуатталақтардың өзгерісіне, өнімні ассортиментіне, баға саясатына және шғындарды минимизациялауға байланысты басқарушылық шешімдердің оңтайлы нұсқасын негіздеуге болады.
    4. Кәсіпорындарда табыс сомасына факторлардың әсер етуін нақты есептеу қажет. Бұнң негізінде оны көлеміні қалыптасу мен болжау үдерісімен тиімді басқару мүмкін болады. Қазақстан Республикасы бойнша шұжық өнімдерінің өсуі жоспарланған: 2004 жылы 29 мың тонна, 2005 жылы 34,6 мың тоннаға жеткізуге тиісті. Осы жоспарды іске асыру үшін ксіпорындарда ауыспалы шығындарға, бақылау жүргізіп, бағаны реттеп шығарылатын өнімнің құрылымын  оңтайлы өзгертіп, кәсіпорынға ең жоғарғы көлемде табыс әкелетін өнім түрлерінің үлес салмағы көбейтіледі. Қосымша алынған табыс қайта құрылысқа, кәсіпорын қызметін ұлайтуға, леуиеттік жадайларды жақсартуға жіберіледі. Шғындар ауыспалы мен тұрақты түрлерге бөлінуіне байланысты табысқа әсер ететін  факторлар саны да өседі; дәстүрлі  дісті қолданған жағдайда барлық шығндар әсері ғана есептелетін, ал «директ-костинг» жүйесін енгізген жағдайда жеке ауыспалы шығындардың әсері, ал сонан кейін тұрақты шығындардың әсері де анықталады.  өндіріс қажеттілігіне қарай шығындардың бөлінуі іске асрылады. Яғни өндірістік өзіндік құнға өндірістік үдеріс пен тура байланысты, оларсыз ө ндіріс болмайды деген шығындар ғана кіреді. Ал өндіріс көлеміне тәуелді емес шығындар және өткізілген өнімнің нақты түрлерімен байланысты емес шығындар кезең шығындарына жатады, осы себептен олар қалыптасқан есептегі кезеңде істен шығарылады. Маржиналды әдіс тәсілі бойынша тұрақты шығындарды тартуға болады. Бұны табыстылық деңгейін үлестіру үшін және өндіріс тиімділігін жоғарлатудың сенімді әдісі ретінде қолданылады.
    5. Кәсіпорынның бағалық саясатына байланысты басқарушылық шешімдердің оңтайлы нұсқасы негізделінеді. өнім сұраны бойынша өзгерістер кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижелеріне әсер етеді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өзі даму стратегиясын өңдейді, мұнда зиян шегетін жағдайлар да пайда болуы мүмкін. Тәуекел кәсіпкерлік қызметтің кемшіліктеріне жатпайды, оны басқару керек, тәуекел зиянның орнына пайда келуге тиісті. Осыған байланысты оның себептерін, мүмкін болатын қорытындыларын анықтау қажет. Кәсіпорынның өнімінен тұтынушы бас тартқан жағдайда қалыптасады  және осы себептен келтірілген мүмкін болатын маиериалды және моральді зиян көлемімен анықталады. Өндірілген өнімді болжауланған баға бойынша өткізу үшін кәсіпорын алдын-ала кімге және қандай өнімді шығару керектігін белгілейді, сонымен қатар өнімнің өткізілмеген жағдайында зиян мөлшерін қандай болатындғын білуге тиісті. Өнімнің сұраныссыз қалу нтижелерін болдырмау үшін өндіруші-кәсіпорын онң себептерін талдайды. Ішкі себептерді ішінде: персоналдың жеткіліксіз білктілігі, өндірістік үдерістің дұрыс ұымдаспауы, маиериалдық ресурстармен кәсіпорынн дұрыс қамтамасыз етілмеуі, дайын өнім өткізуді дұрыс ұйымдастырмау, кәсіпорынды тиімсіз басқару; ал сыртқы себептердің ішінде: тұтынушыны төлемдік қабілетсіздігі, қаржылық жүйе жағдайының дұрыс ұймдаспауы, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, саяси себептерін атап кетсек артық болмайды. Қазіргі кезеңде баға қалыптасуды іске асырған кезде сұранысқа жататын факторлар есепке алынады, яғни біріншіден сатып алушы тауар үшін қанша ақша төлей алатындығы анықталады. «Директ-костинг» жүйесінде және маржиналдық табысты тексеру жағдайында суранысты талдау әдісі яғни салалсыздықты талдау өсу сұранысын және жоспарланған табыстын алуын қамтамасыз ету үшін қандай баға бойынша өнімді сатуға болатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Егер кәсіпорын жаңа  өнім өндірісіне көшетін болса, ол өндіріс, өткізу және басқару шығындарын жабу үшін минимальді өткізу бағасын  белгілейді. Бәсекелестік жағдайында өткізу айналымдарын азайтпау үшін кәсіпорындар бағалар деңгейін төмендетуге барады.
    6. Маржиналдық  табысты талдау негізінде қауіпсіздік аймағы анықталады. Өнім сұранысының өндірушіден немесе сауда ұйымынан тәуелді емес көптеген факторлар әсер етеді, болжау қортындылары және сұраныстың бағалануы кейде дәл келмейді. Осы жағдайда зиян шекпей өткізу көлемін кәсіпорынқандай мөлшерге азайта алатынын білуге тиісті, бұны іске асыру үшін іс жүзіндегі, жоспарлық және өткізудің залалсыздық көлеміні арасындағы айырмашылықтың талдауын жүргізу қажет. Бұны қауіпсіздік иегі, қауіпсіздік табалдырығы деп атайды. Сұраныстың  жеткілікті емес немесе нақты талдауын өткізбеу артық қуаттылықтардың пайда болуына және олардың тиімсіз пайдалануына әкеледі. Кәсіпорынның шаруашылық айналымына барлық дайын өнім қалдықтары енгізілуі керек. Шектен жоғарғы өнімдерді жою қаржылық ресурстардың босатылу жағдайын тудырады. Яғни залалсыздық нүктені анықтау арқылы басқарушылық шешімді дұрыс қабылдау үшін кәсіпорындар пайда аймағын білуге тиісті. Егер қаржылық тұрақтылықтың  деңгейі жоғары болса кәсіпорын жаңа нарықтарды игере алады, қажыларын бағалы қағаздарға сала алады және өндірісті дамуына жібереді.
    7. Шұжық өндірістеріндегі  өнімнің өзіндік құнында материалдық шығындардың үлес салмағы жоғары. Өндірістік өзіндік құнға кіретін материалдық шығындар ауыспалы, себебі өнімнің көлемінен тәуелді, осыған байланысты маржиналдық табысқа әсер етеді. Нарық экономика жағдайында маиериалдар қорларын қалыптастыру қиын шешілетін мәселелердің бірі болып отыр, бұның негізгі себебі материалдар бағаларының өсуі. Қазіргі кезеңде материалдық қорлармен басқаруда оларға деген капиталдың оңтайлы салымына жету, материалдық қорлардағы ақшалай қаржылардың жұмыссыз қатып қалу жағадйын болдырмау, себебі бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері сер етеді. Материалдық ресурстардың тиімді пайдалануын талдау арқылы кәсіпорындағы пайдаланылмаған резервтер анықталады.
    8. Айналым капиталдың құрамындағы негізгі элементті бірі- дебиторлық қарыз бен ақшалай қаржылар. Кәсіпорындар шаруашылық есепте жұмыс істей отырып, дебиторлық қарызды қысқартуды ойластырады, себебі бұның негізінде қаржылардың айналымдығы жылдамдатылу нәтижесінде айналым капиталы тиімді пайдаланылады. Тауарлық операциялар бойынша дебиторлық қарыз көлемдеріні азаюы келісім шарт бойынша жабдықтау жоспарларының орындау көрсеткіштерін, пайда мен табыстылық бойынша кәсіпорын  көрсеткіштерін жақсартады. Осыған байланысты әрбір жеке кәсіпорын  айналымдағы  айналым қаржылардың көлемін максимальді мүмкінболатын деңгейде барлық  резервтерді қолдану арқылы қысқартуы тиіс. Бұл резервтердің ішінде:  есеп-төлемдік тәртіпті нығайту, кәсіпорындар арасында тура айналым шаруашылық байланыстарды дамыту, келісім-шарттық тәртіпті нығайтуға және міндеттемелерді орындау, тәжірибеде есеп-айырысудың жетілдірілген нысанын  қолдану. Дебитордағы қаржылар кәсіпорынның  айналымынан қаржыландырудың уақытша алынуын растайды,  бұның нәтижесінде ресурстардағы қосымша қажеттілік пайда болуы мүмкін  және бұл қаржылық жағдайдың нашарлануына әкеледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның өтілдігінің және төлемдік қабілетінің көрсеткіштері айналымактивтерге қаржылардың нақты ақшаға ауысу жылдамдығынан тәуелді.  Маржиналды табысты талдау  шегінде тұрақты шығындардың өтелу мерзімін кәсіпорындарға есептеу керек. Өтелу мерзімі қысқаратын болса, кәсіпорынның пайда алу мерзімі көбейеді. Айтылған көрсеткіш залалсыздық нүкте және тұрақты шығындар арқылы анықталады. Айналым қаржыларын тиімді басқарудың маңызды көрсеткіштерінің бірі – айналым активтерінің жоғарғы айналымдығы. Осы себептен тиімді басқарудың негізгі мақсатының бірі болып айналым қаржыларыны айналымдық кезеңін қаысқарту болып саналады. Айналымдық көрсеткіштің кәсіпорынны қаржылық жағдайын  бағалау барысында маңызы зор, себебі айналым қаржылардың ақшалай нысанға ауысу жылдамдығы кәсіпорынның төлемдік  қабілетіне тікелей әсер етеді. Ағымдағы активтер айналымының жылдамдағын өсіру кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарлатады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Қорытындылай келе, талдау үрдісінде  маржиналдық табыстың капитал табыстылығына әсер етуін  анықтауға болады. Өткізулердің табыстылығын айналым интенсивтілігіне көбейту  нәтижесінде капитал табыстылығының деңгейі есептеледі. Айналымның интенсивтілігі өткізу көлемінен және кәсіпорынның барлық капиталынан тәуелді. Егер кәсіпорынның өткізу көлемі көбейетін болса, айналым  интенсивтілігі де өседі, ал өткізу көлемі өнімнің көлемінен және өткізу бағасынан  тәуелді. Өткізулердің табыстылығына  табыс сомасы және өткізу көлемі әсер етеді. Табыс сомасын өткізу көлеміне бөлу нәтижесінде өткізулердің табыстылығы  ақшалады. Өткізулерді табыстылығы  өнім өткізу көлемінен, өнім көлемінен, өнім бірлігігің бағасынан, ауыспалы шығындар сомасынан тәуелді болады. Кәсіпорынның капитал табыстылығының деңгейін өсіру  үшін материалды, еңбек, ақшалай ресурстардың  тиімді пайдалануын жоғарлату керек, оны іске асыру мақсатында кәсіпорында  «директ-костинг» және маржиналдық  талдауға басты назар аудару қажет.

Маржиналды табыс арқылы пайданы максимализациялау кәсіпкерге болашаққа бәсекелестік қабілетті  жоғары өнім өндірісінің  шаруашылық жетістіктеріне қарай пайданың өсу  мөлшерін жоспарлауға және ауыспалы мен тұрақты шығындардың мөлшерін өзгерту жөнінде алдын ала  шаралар қолдануға мүмкіндік  береді. Пайданы көбейту залалсыздық  нүктені анықтау, ауыспалы және тұрақты  шығындарды үлес салмағын өзгерту, қаржылық тұрақтылық қорын белгілеу арқылы іске асырылады. Пайданың болжаулық есептері өнім шығаратын кәсіпорындардың  өздері үшін ғана емес,  осы кәсіпорынмен байланысты, оның жарғылық капиталының  қалыптасуына өз қаржыларымен қатысатын  акционерлер, инвесторлар, жабдықтаушылар, кредиторлар, банктер үшін маңызды  болып табылады. Осыған байланысты қазіргі экономикалық жағдайларда  пайданы оңтайлы мөлшерін болжау кәсіпорындардың ұтымды кәсіпкерлік  қызметіні маңызды факторы ретінде  қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Маржиналды табысты таладу