Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:16, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс, өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі құралдарын, оның ішінде құрал-жабдықтарын тиімді пайдалау, жетілдіру, оны жаңарту және жаңғырту процесіне қатысты жазылған. Жұмыс негізгі үш бөлімнен және әр бөлім бойынша тақырыпшаларға бөлінген. Мысалы, алғашқы бөлімде негізгі құралдардың, құрал-жабдықтардың жіктелуі, олардың пайдалануы турасында болса, екінші бөлім өндіріс құралдарын жаңарту, жаһандандыру жайында болмақ. Сондай-ақ, өндіріс процесіне жаңа құрал-жабдықтарды енгізе отырып, тұтас өндіріс жүйесін автоматтандыру, жүйелеу бойынша зерттеулер мен теориялық дәйектер берілген. Ал соңғы үшінші бөлімде – кәсіпорын мысалында құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау және жаңартуға қатысты материалдар енгізілген. Біздің басты нысанымыз – «СП ЕРКА» ЖШС.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................5
1.1 Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі................................5
1.2 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар...................................................................................................................7
1.3 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштерді..........................................................................................................17
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ................................................................................20
2.1 Өндіріске жаңа негізгі құрал-жабдықтарды енгізу қажеттілігі..........20
3.2.Өндіріс процесін жаңғырту және автоматтандыру..............................22
3 “СП ЕРКА” ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ...................................................................................26
3.1 “СП ЕРКА” ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы......................26
3.2 “СП ЕРКА” ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау.........................................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................36

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc обменяла.doc

— 276.00 Кб (Скачать)
  1. бұрынғы конструкицядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ одан арзандай;
  2. бұрынғы конструкциядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ содан өнімділеу және үнемділеу;

Негізгі құралдардың  тозуын есептеу. Негізгі құралдар өндіріс  процесіне қатыса отырып біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи (физикалық) және сапалық (моральдық), яғни заман талабына сай келмеуі.

Негізгі құралдардың  физикалық тозуы. Негізгі құралдар, өндірістік процеске қатыса отырып, оларды тұтынудың және табиғи жағдайлардың әсер етуінің нәтижесіне  байланысты біртіндеп өзінің бастапқы қасиеттерінен айырылады. Физикалық тозу болып ол- негізгі құралдардың өзінің бастапқы қасиеттерінен айырылуы табылады.

Негізгі құралдардың  табиғи тозуы – негізгі құралдардың  бастапқы сапасына, оларды тұтыну деңгейіне, негізгі құралдар қызмет ететін қоршаған ортаның жағдайына, қызмет көрсететін персоналдың білім дәрежесіне, жөндеулердің уақытылы өткізілуіне және т.б. байланысты болып келеді. Кәсіпорында осы факторларды ескеру, негізгі құралдардың физикалық жағдайына үлкен әсеін тигізуі ықтимал.

Негізгі құралдардың  физикалық тозуын сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер пайдаланылады.

Негізгі құралдардың  физикалық тозу коэффициенті

 

К ф.т. = Т/Бқ*100

 

Т- негізгі құралдарды тозу сомасы

Бқ – негізгі құралдардың бастапқы сомасы

Негізгі құралдардың  физикалық тозу коэффициенті жекелеген  инвентарлы объектілері бойынша  және олардың нақты қызмет ету  мерзімі туралы мәліметтерге сүйене отырып та есептелінеді.

 Нақты қызмет  ету мерзімі нормативтіден төмен болған объектілер үшін ол келесі формуламен есептелінеді

 

Кф.т. = Тн/Тнор*100

 

Тн мен Тнор – берілген инвентарлы объектінің нақты және нормативті қызмет ету  мерзімі

Ал нақтылы  қызмет ету мерзімі нормативтіге тең, немесе одан асып түсетін объектілер үшін физикалық тозу коэффициенті келесі формуламен анықталады

 

Кф.т. = Тн/ Тн+Тм*100

 

Тм – мүмкін болған берілген объектінің қызмет ету  мерзімінің қалдығы. Әдетте ол сарапшылық жолмен анықталады.

Негізгі құралдардың  жарамдылық коэффициенті – негізгі  құралдардың берілген датаға жалпы физикалық жағдайын көрсетеді және келесі формула арқылы есептелнеді

 

Кж = Бқ-Т/Бқ*100

 

Сонымен қатар  негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті физикалық тозу негізінде  де анықталуы мүмкін

 

Кж = 100 –Кф.т.

 

Осы формулалардың  барлығы негізгі құралдардың біркелкі тозуын қарастырады, біріақ ол шындықпен тура келе бермейді. Осы оның ең басты кемшілігі болып табылады.

Негізгі құралдардың  сапалық (моральды) тозуы. Негізгі құралдардың  сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.

Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың  барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген  түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсатырылған  өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің  түрлері мен сорттарын өндіріске  енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.

Негізгі құралдардың  сапалық тозуы дегенді кең  мағынада қолдану мына факторлардан туындайды:

  • өндірісте немесе жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру);
  • технологиялық процесті жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтарды тұтыну мүмкін емес;
  • шығарылатын өнім номеклатурасын жаңарту және өзгерту, мұндайда жаңа өнім шығару үшін ескі машиналар мен жабдықтар жарамайды;
  • жекелеген тауарларға сұраныстың азаюы субъектіден бұл тауарларды шығаратын машиналар мен жабдықтар санын қысқартуды талап етеді;
  • жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігіндегі, ө ндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін;
  • өндірістің өңдеуші саласындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.

Моральдық тозудың  әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі  келгенге дейін негізгі құрал  – жабдықтар объектілерін жаңа, неғұрлым үнемді түрлерімен ауыстырады.

Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал  – жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркемтуында құндылықтарынан, кітапханалар кітаптарынан, фильм қорларынан, сәулет және өнер ескерткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.

Жер өндіріс  құралы ретінде, еңбектің маңызды заттай факторларының бірі – еңбек процесінің қажетті материалдық шарты ретінде, сату бағасы бола тұра және субъект  балансында есептелінгенімен тозуға жатпайды.

Барлық субъектілер  меншік түріне қарамастан, тозуды кітапхана қорларын, фильм қорларын, мұражай және көркем туынды құедылықтарын, сахналық қойылым құралдарын, сәулет және өнер ескрткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттарды, өнім беретін малды, өгіздерді, буйволдарды және бұғыларды, пайдалану жасына жетпеген көп жылдық өсімдіктерді, хайуанаттар паркіндегі және осыған ұқсас мекемелердегі хайуанаттар әлемінің экспонаттаррын, үлгілерді, қолданыстағы және қолданылмайтын модельдерді, кабинеттер мен лобараториядағы және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын макеттер мен құралдарды қоспағанда, негізгі құралдардың барлық түрлері бойынша есептейді.

Негізгі құралдардың  жекелеген объектілері бойынша  тозу сомасы қажеттілігіне қарай, мүліктік карточкаларда көрсетілген объектінің бастапқы құны, оның пайдалануда болған нормативтік уақыты және амортизациялық аударымдардың қолданылған нормаары негізінде белгіленеді. Толықтай амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизация есептелмейді.

Егер негізгі  құралдар объектілері бойынша тозуды есептеу доғарылған болса, онда негізгі құралдарды есептейтін мүліктік карточкаларда түрлі түсті қарандашпен амортизация нормасы және қай кезден бастап амортизация есептеу тоқтатылғаны көрсетіледі. Негізгі құралдардың сақтау немесе пайдалану орындарындағы мүліктік карточкаларда «тозды» деген белгі жасайды.

Негізгі құралдардың  тозуы субъект қабалдаған амортизацияны  есептеу нормалары мен әдістеріне қарап көрініс табады. Есепте қолданылатын «тозу» терминін табиғи тозу деп немесе осы уақыт ішінде объектінің нарықтық құнының төмендеуі депемес, пайдалы қызмет еткен уақыты ішінде активтердің құнын есептеп шығару деп түсінген жөн. Термин негізгі құралдардың құнын өндіріс шығындарына немесе айналымға біртіндеп апаруды белгілеу үшін қолданылады.

Сондай –  ақ тозудың ұлғаюы субъек балансына бұрын пайдаланылған негізгі құралдар объектісі түскен жағдайда, ал азаюы – негізгі құралдар объектілерін жойған, басқа субъектілерге сатқан, тегін берген (сыйлаған) кезде болады.

Амортизациялық  аударымдар өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмысалатын шығынның және жалпы табыстың көлемінің бұзылуына әкеледі.

Амортизация ( латынның өтеу деген сөзінен) – тозуына  қарай негізгі құралдардың құнын олардың көмегімен өндірілетін өнімге аударатын объективті процесс; арнайы ақша қаражаттарын – негізгі құралдарды ( негізгі капиталды) қарапайым және кеңейтіп өндіру үшін өндіріс немесе айналыс шығындарына енетін амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек құралдарының өндіріс процесіне және құн жасауға қатысе ерекшеліктері объективті негіз болады. Негізгі құралдардың қызмет мерзімінің ұзақтығы нәтижесінде олардың құны өнімге бір циклда толықтай емес, олардың табиғи және сапалық тозуына қарай бөлек – бөлек өтетін болады. Өнімгің құнының бөлігі ретінде амортизация бірнеше кезеңнен өтеді: бітпеген өндіріс, дайын және сатып - өткізілген өнім элементі болып қызмет етеді. Оның бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдеріндегі қозғалысы айналым қаражаттарының аванстандырылуын (алдын – ала ақша жұмысалуын) талап етеді.

Амортзациялық аударымдар қатардан шыққан құралдарды қайта қалпына келтіру үшін жұмысалады. Сондықтан да қызмет етуінің бүкіл  кезеңіндегі амортизациялық аударулар мөлшері жоюдан түскен таза түсімді алып тастағанда, олардың бастапқы құнына тең болуы керек.[5. 127б]

Тиімді пайдалану  мерзімі – бұл негізгі құралдарды пайдалану, шаруашылық етуші субъектіге пайда әкелуге немесе оның мақсатына  жетуге бағытталған кезеңі болып табылады. Жекелеген негізгі құралдардың түріне ол өнімнің көлеміне немесе атқарылған қызметтердің көлемінің натуралды көрсеткіштері арқылы анықталады.

Амортизациялық  аударымдар амортизация нормалары  бойынша жүзеге асырылады. Амортизация  нормасы – амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың орташа жылдық құнына  процентпен көрсетілген қатынасы. Нормалар еңбек құралдарының өтелуінің нормативтік мерзімін көрсететін экономикалық тиімді қызмт мерзіміне қарай белгіленеді. Олардың деңгейі техникалық – құрылымдық және материалдық – заттық ерекшеліктеріне қарай бағаланатын негізгі құралдардың қанша мерзімге арналғанына және табиғи тозуына; негізгі құралдардың, әсіресе пайдаланудағы машиналар мен жабдықтардыың, нақты жасына; қолданылып жүрген еңбек құралдарының моральдық жағынан тозуына тікелей қатысты.

Қызмет ету  мерзімі пайдалы қазбалар қорларын өңдеу мерзіміне қатысты және қорларды өңдегеннен кейін күрделі  қайта жабдықтаусыз басқа мақсаттарға  қолданыла алмайтын тау – кен  өндірісі ( көмір, сланец, тау кендері, сирек кездесетін асыл метелдры, алмастар мен кен емес қазбаларды өндіру) салаларының негізгі өндріс қорлары бойынша амортизациялық аударымдар нормасы өтелетін қорлардың (қазып алу мен пайдалануға кеткен шығындар) бір тоннасына теңгемен және тиынмен белгіленеді.

Мынандай негізгі  құралдар бойынша амортизация есептелмейді: өнім беретін малдарға, буйволдарға, өгізге, бұғыларға; кітапхана қорларына; қаланы көріктендіру ғимараттарына; ведомстволық әкімшіліктерге; ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына; белгіленген тәртіппен тоқтатылған қорларға; бюджеттік ұйымдардың қорларына.

Кәсіпорындар  негізгі құралдардың белгіленген  амортизациялау нормасына және баланстық  құнына сүйеніп субъект балансында тұрған жекелеген топтар немесе мүліктік объектілер бойынша ай сайын аморртизациялық аударымдар жасап отырады.

Мұнай скважиналары бойынша толық қалпына келтіру  үшін амортизациялық есептеу белгіленген  норма бойынша 15 жыл жүргізіледі, ал газ скважиналары бойынша нақты  қызмет ету мерзіміне тәуелсіз 12 жыл бойы төленеді. Жойылатын және амортизацияланбаған мұнай және газ скважиналары бойынша толық қалпына келтіру үшін амортизациялық аударымдар алдын ала, олардың баланстық құны  өндірілетін мұнай, газ және басқа өнімдерге көшкенше есептелетін болады.

Есептелген амортизация сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өзіндік құнына апарылады; маусымдық өндірістерде амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынның жыл ішінде жұмыс істеу кезеңінің  өндірістік шығындарына қосылады.

Бір жыл ішінде осы ай үшін амортизациялық аударымдардың  мөлшерін айқындау өткен есептелген амортизациялық аударымдар сомасына сүйеніп, ілгерідегі айдағы негізгі құралдар құрамындағы өзгерістерге, сондай-ақ толығымен амортизацияланған негізгі құралдардың нормативті қызмет ету мерзімі өтуіне байланысты белгіленген нормаларға сай реттеліп жасалады.

Жаңадан пайдалануға  берілген негізгі құралдар бойынша  амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші  күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Негізгі құралдардың  амортизациясын есептеудің әдістері.

«Негізгі құралдардың  есебі» бухгалтерлік есеп стандаттарына (БЕС) сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілері өзінің есептік саясатында амортизациясын есептеуде келесідей әдістердің бірін қолдануға құқылы:

    1. сызықтық
    2. өндірістік
    3. қалдық құн
    4. кумулятивтік

Негізгі құралдардың  құны бойынша амортизацияны бірқалапты есептеу әдісі, яғни объектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі апарылады.

Информация о работе Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі