Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:16, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс, өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі құралдарын, оның ішінде құрал-жабдықтарын тиімді пайдалау, жетілдіру, оны жаңарту және жаңғырту процесіне қатысты жазылған. Жұмыс негізгі үш бөлімнен және әр бөлім бойынша тақырыпшаларға бөлінген. Мысалы, алғашқы бөлімде негізгі құралдардың, құрал-жабдықтардың жіктелуі, олардың пайдалануы турасында болса, екінші бөлім өндіріс құралдарын жаңарту, жаһандандыру жайында болмақ. Сондай-ақ, өндіріс процесіне жаңа құрал-жабдықтарды енгізе отырып, тұтас өндіріс жүйесін автоматтандыру, жүйелеу бойынша зерттеулер мен теориялық дәйектер берілген. Ал соңғы үшінші бөлімде – кәсіпорын мысалында құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау және жаңартуға қатысты материалдар енгізілген. Біздің басты нысанымыз – «СП ЕРКА» ЖШС.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................5
1.1 Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі................................5
1.2 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар...................................................................................................................7
1.3 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштерді..........................................................................................................17
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ................................................................................20
2.1 Өндіріске жаңа негізгі құрал-жабдықтарды енгізу қажеттілігі..........20
3.2.Өндіріс процесін жаңғырту және автоматтандыру..............................22
3 “СП ЕРКА” ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ...................................................................................26
3.1 “СП ЕРКА” ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы......................26
3.2 “СП ЕРКА” ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау.........................................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................36

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc обменяла.doc

— 276.00 Кб (Скачать)

Негізгі құралдардың  құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатаны өнім құны, оның жалпы  көлемі, автоматтандыру және механикаландыру  деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кісіпорын орналасуыың климаттық және географиялық жағдайлары және т.б.

Негізгі құралдардың  жағдайын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер бар, олар үш топқа бөлінеді:

  1. Пайдалану деңгейін сипаттайтын:
  • негізгі құралдардың орта жылдық құны;
  • қор қайтарымы;
  • қор сыйымдылығы;
  • қормен қарулану.
  1. Жылжуын сипаттайтын:
  • жаңару коэффициенті;
  • шығу коэффициенті;
  1. Нақты жағдайын сипаттайтын:
  • тозу коэффициенті;
  • жарамдылық коэффициенті.

Экономикалық  талдауда, есепте және жоспарлауда  біріншіден еңбек құралдарының қозғалысын және жағдайын, екіншіден, оларда дұрыс пайдалану тиімділігін анықтау үшін көптеген көрсеткіштер жүйесін қолданады. Оларды екі топқа бөлуге болады: жинақтаушы және жеке көрсеткіштер.

Негізгі құралды қолдану  деңгейінің тиімділігін айқындайтын негізгі бір жинақтаушы көрсеткіш-қорқайтарымдылық.

Қорқайтарымдылық дегеніміз  жалпы өнім құнының негізгі өндірістік қордың  ортражылдық құнына қатынасы.

Қорқайтарымдылық (Ққ) көрсеткіш төмендегі формуламен есептеледі:

 

                                         ҚҚ=Жө/Нқ*100%

 

Мұнда Жө-жыл бойы өндірілген өнімнің табиғи немесе құндай есептелгендегі құны;

Нқ-негізгі өндірістік қордың ортажылдық құны;

Қорқайтарымдылық  көрсеткішінің кері қатынасы өнімнің  қорсиымдылығын көрсетеді:

Қор сыйымдылық көрсеткіші дегеніміз негізгі өндіріс қорының орта жылдық құнының жалпы өнім құнына қатынасы.

 

                                        ҚС =Нқ/Жө*100%

 

Мұнда ҚС-өнімнің қорсиымдылығы.

Негізгі өндіріс қорының  белсенді бөлігін қолдану деңгейін тікелей сипаттайтын және өндіріс қуаттылығын, сонымен бірге оларды пайдалану мүмкіндігін жақсартатын жеке көрсеткіштеріне жататыны:

А)жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті коэффициенті-негізгі  өндіріс қорының белсенді бөлімін  пайдалану деңгейін уақытпен сипаттайтын  көрсеткіш, немесе жабдықтардың нақты істеген жұмыс сағат санының, жоспар бойынша оның жұмыс сағат санына қатынасымен анықталады.:

 

                                       КЭКСТнжт

 

Мұнда, УН-машина және жабдықтардың нақты жұмыс жасаған уақыты;

УЖТ-жұмыс тәртібіне сәйкес машина және жабдықтардың жұмыс атқару уақытының режимдік қоры.

Өндірісте негізгі  қорды пайдаланудың экстенсивті  тобында төмендегідей коэфициенттерді  қолданады:

- жабдықтарды алмастыру коэффициенті;

- жабдықтарды жүктеу коэффициенті;

- жабдықтардың жұмыс тәртібінің алмасуын пайдалану коэффициенті.

Б) жабдықтарды  пайдалануда интенсивті коэффициентінің  маңызы өте зор. Ол машинаны және жабдықтарды  пайдалану деңгейін қуаттылықпен сипаттайтын  көрсеткіш. Бұл көрсеткішті есептеу  үшін төмендегі формуланы қолданады:

 

                                        КИНТнм

 

Мұнда ӨН-машина және жабдықтардың нақты өнімділігі;

ӨМ-машина және жабдықтардың техникалық мүмкінділік өнімділігі (жабдықтардың паспорты бойынша анықталады).

В) жабдықты интегралды пайдалану коэффициенті-машина және жабдықтарды пайдалану деңгейін уақытпен және қуаттылықпен сипаттайтын кешенді көрсеткіш.

Оны мына формуламен анықтауға болады:

 

                                     Кинтегэксинтен

 

Негізгі өндіріс  қорларын пайдалануда белгілі өлшемдері бар келесі көрсеткіштер қолданылады:

Кәсіпорынның  барлық мүлкінің рентабельдігі (Рм) жеке құрал рентабельдігі (Ржқ) және өндіріс қорларының рентабельдігі (Рөқ).

Рм=пайда/баланс активінің орташа жылдық құны*100%

Ржқ=пайда/жекеліктегі  құралдардың орташа жылдық шамасы*100%

Негізгі өндіріс  қорын пайдалану деңгейін сипаттайтын  көрсеткіш-оның рентабельді болуы (РҚОР)

Р=пайда/негізгі  өндіріс қорының орташа жылдық қалдық құны*100%

2.КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ

 

 

2.1.Өндіріске жаңа негізгі құрал енгізу қажеттілігі

 

Ұлттық экономика  шикізатты өндіруде техниканың жаңа үлгілерін пайдаланып, автоматтандырылған – механикаландырылған еңбекті  қолдансам, шикізатты өңдеуден өнім өндіруге, содан кейін тұтынушыға дейін өнімді жеткізуге дейін барлық технологиялық тізбектілік жаңа техника, технологияға, алдыңғы қатарлы инновациялық жетістіктерге негізделуі тиіс. Жаңа техникамен қаруландыру әртүрлі жолмен кәсіпорынға белсенді түрде капиталдарды тарту, инновациялық үрдістерді басқарудың жаңа нысандарын енгізудің қажеттілігі туып отыр.

 Еңбек, қор,  капиталдың пайдалану деңгейлерін  жақсарту еңбек өнімділігінің  артуына, өндіріс тиімділігін  көтерудің ең басты факторы  болып табылады. Өндіріс тиімділігін  көтерудің басты шартына өндірістің техникалық деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін шикізат, материал, энергия, тауарлар өндіретін салаларды жедел турде дамыту жатады.

  Негізгі  қорлардың ұдайы түрде жаңаруы,  кәсіпорында бәсекеге қабілеттілігі  жоғары өнім өндіруге ықпалын  тигізеді, өндіріске инвестиция салудың тұрақты түрде өсуі өнім өндірудегі ағымдық материалдық шығындардың төмен қарқыны мен капитал және қор сыйымдылықтарының тұрақты түрде өсіп отыруымен тығыз байланысты. Қазқстан экономикасының шикізаттық бағыты капитал және қор сыйымдылығы жоғары саладарды дамытуда экстенсивті дамуға бағытталуы тиіс.

Қазіргі кезде  Қазақстан Біріккен Сауда Ұйымына мүше 144 елдің 135 елімен сауда қарым-қатынастарын жасауда. БСҰ-на мүше болу өнеркәсіпте жаңа технология мен өндірісті ұйымдастыру әдістерін пайдалануға, ішкі нарықта бәсекелестікті дамытуға, шетелдің инвестиция ағымын оған мұқтаж өндеу өнеркәсібіне инновациялық қызметке пайдалануға жол ашады. Қазіргі таңда елімізде мысалы, машина жасау саласында станоктар паркінің табиғи тозуы негізгі қорлар бойынша 55 пайызды, ал оның ішінде белсенді бөлігі 90 пайызды құрайды. Бұл отандық өнімнің сыртқы нарықта бәсеке қабылеттілікке шыдай алмайтындығын көресетеді. Мамандардың есептеуі бойынша, зауыттарды жекелей модернизациялау үшін және 7000-нан астам станоктарды ауыстыру үшін 75-тен 100 млрд дейін теңге қажет болады екен. Әрине мұндай қаржыны бюджет көтере алмайтыны белгілі. Сондақтан дамаған мемлекеттерде қолданылатын негізгі қорларды лизинг арқылы жаңарту механизмін қолданған жөн. Батыста оның сегіз бөлігі жағдайында өнеркәсіптік құралдарды лизингтік компаниялар сатып алып, содан кейін оларды кәсіпорындарға жалға өткізеді. Ал Қазақстанда техника мен агрегаттарды лизингке алу 1 пайызды ғана құрап отыр. Жалға алған өнеркісіптік құралдарды өтеу үшін 5-7 жыл керек.

Өндірістік  әлеуеттің жағдайы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының негзгі қызметінің тиімділігін арттырудың негізгі факторы. Кез-келген кәсіпорын өзінің негізгі құралдарының жағдайын, құрамын және пайдалану тиімділігін бақылап отыру қажет. Өйткені бақылау арқылы негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың жолдарын іздестіруге болады, сонымен қатар кәсіпорынның жақсы жұмыс істеуіне кері әсерін тигізетін жағдайларды ертерек байқауға болады. Сол себептен де кәсіпорынның негзгі құралдарын тиімді пайдалану әрбір кәсіпорынға маңызды. Негізгі құралдарды тиімсіз пайдалану нәтижесінде өндіріс көлемі азаяды, әрине ол табысқа әсер етеді.

Кәсіпорынның  негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін  жетілдіру өте маңызды мәселе. Ресейде басты проблемалардың бірі осы негізгі құралдардың тиімділігін арттыру жолдарын табу. Кәсіпорынның өнеркәсіптік өндірістегі орны , оның қаржылық жағдайы, бәсекеге қабілеттілігі негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуына тікелей байланысты болып келеді.

Негізгі құралдардың  өндірістегі нақты рөлін анықтау арқылы, оны пайдалану тиімділігін арттыруды, шығындарды төмендетуді және өндірісті жоғарылату жолдарын іздестіруге болады.

Бухгалтерлік  есептің халықаралық стандарты (IAS) негізгі құралдарды материалдық  активтер ретінде анықтайды, олар:

- тауарларды сатуға немесе өндіруге, қызмет көрсетуге, жалға беруге және әкімшілік мақсаттарға кәсіпорын арқылы қолданылады;

-  бірнеше кезең бойы қолдану болжанады;

- одан басқа IAS негізгі құралдарды анықтаудың екі критериін бөліп көрсетеді:

- осындай активтер кәсіпорынға болашақта экономикалық табыс әкеледі деген болжам бар;

- кәсіпорын үшін актив құны дұрыс анықталуы мүмкін.

Бірінші критерий, болашақта экономикалық пайда әкелу мүмкіншілігі, ол сол негізгі құралдарды пайдаланудың арқасында түскен пайда болуы мүмкін.

Екінші критерий, негізгі құралдардың құнын тиімді анықтауды, негізгі құралдардың  бағасы жазылған құжаттарды алуды білдіреді. Егер де негізгі құралдар шаруашылық тұрғыдан жүзеге асырылса: құжаттар, материалдардың пайдаланылуы, жұмысшы күшін жалдау және басқа да шығындар арқылы оның бағасын нақты анықтауға болады.

Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін өсіру  резервтері. Кез-келген кәсіпорын өзінің өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін  жоғарылатуға тырысуы қажет екендігі айқын. Бұл өнім өндіру көлемін өсірудің кепілі болып табылады. Ал өнім көлемін өсіру табыстың табыстың өсуіне алып келеді, бұл, өз кезегінде рентабельділік деңгейін өсіреді. Сондықтан негізгі құралдарды пайдалну тиімділігін максималдау кез-келген ұйым үшін ең негізгі мәселе болуы қажет. Сонымен қатар, негізгі құралдарды тиімді пайдалану оларға деген қажеттілікті азайтады, бұл үнемдеуге, яғни шығындар минилизациясына әкеледі, ал шығындардың аз болуы, өз кезегінде, өндіріс үрдісіндегі рентабельділік деңгейін жоғарылатады, қолданыстағы негізгі құралдар физикалық тозады және моральды ескіреді. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін өсіру және олардың тозу деңгейін төмендету үшін кәсіпорын келесідей шараларды жүзеге асыра алады:

  1. құрал жұмысының ауысымдылығын көбейту;
  2. құралдың өндірістік қуатын пайдалану деңгейін өсіру;
  3. ауысымішілік тұрып қалуларды азайту;
  4. пайдаланушылардың біліктілігін жоғарылату;
  5. құралды күту-баптау жұмыстарын ұйымдастыру деңгейін жоғарылату;
  6. түбегейлі жөндеу жұмыстарын, жоспарлы-алдын-алу шараларын өз уақытында істеу;
  7. еңбек тәртібін жақсарту;
  8. станоктар паркінің оптималды құрамы;
  9. өндірісті жеткілікті жұмысшылар санымен қамтамасыз ету;
  10. материалдармен қамтамасыз ету.

Аталған шаралардың барлығы кез-келген шаруашылық әрекеттің  маңызды құраушысы болып табылатын  негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға бағытталған.

 

 

2.2.Өндіріс процесін автоматтандыру

 

Қазіргі кезде  кәсіпорын өндірісті өндірістік процесті толықтай автоматтандыру арқылы жетілдіру бағытымен қозғалып келеді. Кәсіпорынның ғылыми – техникалық саясаты игерілген өнімнің сапалық сипаттамаларын үнемі жақсартып отыруға бағытталған және бағдарламаларды құрастырудың негізінде жүзеге асырылып отырады.

Өндірісті шығарылатын  өнімді техникалық жаңартуға арнап  бағыттау әрекеті өнімді жаңарту  және бәсекелес фирмалар шығаратын балама өнімдердің техникалық – экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында өзгерістер мен жетілдірулерді енгізудің тиімділігі тәрізді мәселелерді шешуді ескереді.

Өндірісті жақсартылған қасиетке ие бұйымдарды шығаруға арнап  бағыттау өндіріс шығындарын азайту мен өндіріс технологиясын жетілдірудің тұрақты қажеттілігін ескерумен мұндай іс - әрекеттің мақсатқа лайықтылығы мен тиімділігін анықтауды қажет етеді.

Мұндай саясатты жүзеге асыру НИОКР-ға салыстырмалы түрде аз шығындарды, бұйымдардың көптеген түрлерін шығару кезінде стандартталған бөліктері мен бөлшектерді қолданудың арқасында салыстырмалы түрде жоғары болмайтын өндіріс шығындарына негізделген жақсы пысықталған технологияны қажет етеді.

Мұндай саясат тауарлардың меншікті әзірлемелеріне – нарықта пайда болған жаңа заттардың баламаларына негізделумен жасалған немесе лицензияларды, ноу – хауларды сатып алудың нәтижесінде өзге фирмалардың ғылыми – техникалық жетістктерін пайдалану арқылы жетілдірілген өнімді шығаруды, сондай – ақ бұйымдардың жаңғыртылуы мен олардың техникалық – экономикалық сипаттамаларының жақсаруын қамтамасыз ететін жаңа құрылымның компоненттері мен бөлшектерін алу арқылы өнімді фирмааралық кооперацияға негізделумен шығаруды ескеруі мүмкін.

Өндірісті құрылымды  жаңғыртудың арқасында қасиеттері жақсартылған және жаңа пішінімен ерекшеленетін бұйымды шығаруға бағыттау НИОКР – ға жаңадан қаржы бөлуді қажет етпейді, оның орнына құрылымдылық базаны, дизайнерлер мен инженерлердің жұмысын үздіксіз түрде жетілдіріп отыруды ескереді.

Бұйымдарды  жаңғырту әрекеті бұйымдарды пайдалануды  ыңғайлы ететін аздаған өзгертілерді енгізумен және өзінде оларға ұқсас  бұйымдар жоқ нарықтың алдын –  ала белгіленіп қойған сегменттеріне  енгізумен де жүргізііп отыруы мүмкін. Былайша айтқанда, шығарылатын бұйымдарды нақты нарықтарға қатысты жаңғырту ісі жүргізілуде.

Информация о работе Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі